Қазақстан Республикасында қалыптасқан экологиялық жағдайлар
Реферат, 02 Декабря 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жапппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластауын күшейітті. Екіншіден, бұл жылдарды дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген « тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ оны жеделдете «қанау» оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халық саны арттты.
Содержание
І Кіріспе.
ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы.
ІІ Негізгі бөлім.
Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы.
Егістікке пайдаланатын жерлердің нашарлауы;
Тың игеру науқанының топыраққа әсері;
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы;
Өсімдік – жер шарының «өкпесі».
Қазақстанда қалыптасқан жануарлар экологиясы.
Жануарлар - табиғат туындысы;
Адамдардың жануарлар дүниесіне тікелей және жанама әсері;
Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру;
Қазақстан аумағындағы полигондар.
Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі.
Каспий теңізінің экологиялық ахуалы.
Қалаларда кездесетін экологиялық жағдайлар.
Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері.
10. Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау
себептері.
ІІІ Қорытынды.
Работа содержит 1 файл
Экология Казахстана реферат на каз.doc
— 162.00 Кб (Скачать)Каспий
проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтың
экологиялық проблемаға айналды. Каспий
мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп,
ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема
тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзербайжан,
Түркменстан, Иран республикаларына да
тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің
фаунасы мен флорасының әртүрлілігін
сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде
көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау
қаласында «Каспий теңізінің биокөптүрлілігін
сақтаудың белсенділігін бағалау» тақырытында
өткен бірінші аймақтық семинар болды.
Мемлекет аралық деңгейде өткен кеңестің
мақсаты – Каспий жағалауындағы мемлекеттермен
біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық
проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын
қарастыру.
- Қалаларда кездесетін экологиялық жағдайлар.
Ірі қалаларда халықтың саны еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабикалардың салыну қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд³ деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе беріп отыр. Осындаң қаланың бірі – оңтүстік астана атанған Алматы қаласы. Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылқан тұрмыстық-коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын. Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып, Қапшағай су қоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай суқоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орынының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті. Суды азайтатын каналдар қалыпты жұмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақтағы су айдыны 60 км² артып, ұзындығы 15 км, ені 8км, тереңдігі 18 метрге тереңдеп, жинақталған судың көлемі 1 млрд м³ жетіп отыр. Жасанда көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле-Балқаш алабы бұрын-соңды болмаған апатқа ұшырап, 50000 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар, елді мекендер, егіс алқаптары мен шұрайлы өзен бойындағы тоғайлардың ақаба су астында қалу қаупі төнуде.
Сорбұлақ мәселесін шешуге
- Сорбұлақ көлінен канал арқылы суды Күрті суқоймасына жеткізу. Жол бойы суды тазалаудың лазерлік агрогидромодуль жүйесін қолданып, суды залалсыздандыру құрылысын салу.
- Сорбұлақ суын канал арқылы Күрті су қоймасына әкеле отырып, оны қосымша тазартып, одан соң Іле өзеніне құю. Мұны жүзеге асыру үшін суды қайтара тазалау және жасанды биотоғандар салу, суды хлорлау станцияларын іске қосу жұмыстары талап етілуде.
- Қала суын қайта тазартудың жаңа технологиясын қолдана отырып, судың сапасын жақсартып, қайта пайдалану.
Қорыта айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі қалаларға тән жағдай. Оны шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты өмір салты үшін ауадай қажет мәселелер.
Қалалардың саны мен олардың
тұрғындары тез өсуіне
- Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Қазақстан Республикасы 2717 мың шаршы км аумақты иемденіп жатыр. Қазақстанда – 14 облыс, 84 қала және 210 қала типтес елді мекендер бар. Алдын ала болжамдар бойынша, алдымыздағы ғасыр соңына қарай халықтың ¾ бөлігі өнеркәсіп орындары шоғырландырылған қалалар мен қала типтес орталықтарда, ал дамып келе жатқан елдерде, олардың жартысына жуығы қалаларды мекендейтін болады. Ал өндіріс орындары қалада шоғырланғандықтан қоршаған ортаны ластаушылырдың басты көзі сол екендігін Ж.Әділов өз еңбегінде былай сипаттайды: «Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі қалада шоғырланғандықтан, онда халық көп, әрі тығыз орналасады. Сөйтіп, ол әлеуметтік-экономикалық және экономикалық қарама-қайшылықтың негізгі буына айналады. Бір жағынан, қалала-айналадағы табиғи ортаны ластайтын басты көз, екінші жағынан, ол-ластанудан неғұрлым көп зиян шегетін және ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік-экономикалық обьект. Сондықтан, қаланың көбею процесінде, яғни қалалар пайда болғанда және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді ескеру қажет.»
Қазіргі өнеркәсіп қалалары
Қаланы адамдарды қоршаған
Ірі өнеркәсіп пен қалалар
т.б. құрылыстар кешені
Қазақстанда қалдықтарды өңдеу
проблемасы әлі шешілмей
Қалдықтарды өңдеу Қазақстан
бойынша Алматы қаласында ғана
жүзеге асырылуда.
Енді, өндірістік және тұрмыстық
қалдықтарды жоюға бола ма? өркениетті
дамыған елдерде бұл проблема
жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапонияда
қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы
жүйесі бойынша жұмыс істейтін зауыттар
бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты
технологиямен жұмыс істейді. Өңдеудің
соңғы өнімі құрылыс материалдары немесе
тыңайтқыш. Міне, осындай деңгейге жету
барлық мемлекеттердің алдағы жоспары.
Біздің республикамызда бұл бағыттағы
біраз жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Алматы
қаласында біраз зауыттар өндірістік
қалдықтардын шлакты белоктар, құрылыс
материалдарын және жол төсемдерін жасауда.
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
«Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға
қолайсыз әсерін азайту жөніндегі шаралары
туралы» және «Қоршаған ортаны қорғау
туралы» заңдары еліміздегі экологиялық
ахуалды жақсарту барысында жасалынып
жатқан игі істердің бастамасы деп білеміз.
- Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау
себептері.
Қазақстанда қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлардың туындау себептері:
- Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы – табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы, экологиялық жағдайдың шиеленісуімен қатар жүруде. Дамудың жаңа сатысы: ҒТП негізіндегі жоғары технологияға ауысуы, табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Оның өзі өз кезегінде мемелекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты қалыптастырады.
- Қоршаған ортаның ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізудә. Бүкіл дүние жүзі қоғамдастықтары мен қатар Қазақстандықтар да қалыпты салт-тұрмыс экологиялық жағдайларға қарай тұрақсыздық, алаңдауылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдай экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.
- Экологиялық жағдайлардың нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Олар – ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер.
- Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып кейбір жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттар әкелуде.
- Әлемдік климаттың өзгеруі – Қазақстанның барлық ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтірді. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауыл шаруашылық өнімдері өнімінкемітіп отыр.
- 1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. Ол 20 млн га жердің тез-тозығын шығарып, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Соның нәтижесінде, 3,4 млн адам тұратын елді мекендер қамтылды. Олар әлі зардап шегуде.
- Қазақстандағы жоғарда қысқаша тоқталған экологиялық жағдайлар туралы ақпараттар жайлы мәліметтер көпшілікке жетпейді. Тіпті полигондар қамтып отырған аймақтардың тұрғындары өзінің ауруының неден болғаны туралы хабарсыз. Оның өзі «адам құқығын» бұзғандық және үкіметіміздің жариалық- демократиялық мемлекетті құрудағы ағаттықтар деп білу керек.
- Табиғаттағы өзгерістер туралы болжамдар. Кез-келген архитектуралық, шаруашылық обьектілерін, ірі өндіріс орындарын салуда жобалау кезінде олардың экологиялық шығынының бағасын есептеумен қатар, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру қажет.
- Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау керек. Оның зардабынан сақтану, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек.
- Қорытынды.
Экология
қазіргі дәуірде адамзатты
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Авторы: Сағынбаев.Ғ.Қ.
«Экология негіздері» Алматы 1995 жыл.
2. Авторы: Бейсенова.Ә; Самақанова.А.
«Экология және табиғатты тиімді пайдалану»
Алматы 2004 жыл.
3. Авторы: Жаттамбаев.Ж.Ж.