Қазақстан Республикасының өсімдіктер әлемін қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 20:05, реферат

Описание работы

1 Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
2 Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
3 Таулы аймақ өсімдіктері
4 Дала мен шөл өсімдіктері
5 Ормандар мен жасыл өсімдіктер
6 Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері
7 Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының өсімдіктер әлемін қорғау.docx

— 15.21 Кб (Скачать)

          Қазақстан Республикасының өсімдіктер әлемін қорғау

                                                  Жоспар

 

1 Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы

2  Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы

3 Таулы аймақ өсімдіктері

4 Дала мен шөл өсімдіктері

5 Ормандар мен жасыл өсімдіктер

6 Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері

7 Пайдаланған  әдебиет

 

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы

 

Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының  негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен  палеоген дәуірінің бас кезінен  басталады. Палеогенде бүкіл Тұран  ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір  теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға  қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары  мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты  өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.

Неогенде Торғай бұғазының  суы тартылып, құрғағаннан кейін  екі жағы қосылған. Осы кезде полтава  флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа  ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда  торғай флорасы деп аталатын өсімдік  түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.

Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған  бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері  болған.

   Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.

   Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.

 

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы

 

Қазіргі Қазақстанның өсімдік  жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл  онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде  шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық  тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан  неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл  ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық  қалыптасып үлгірмеген.

 

Таулы аймақ өсімдіктері

 

Өсімдігі жағынан бай  өлке Қазақстанның таулы аймақтары  болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің  бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау  флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан  асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек  осы ауданға ғана тән, басқа жерде  ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде  қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал  қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде  дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің  тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.

Дала  мен шөл өсімдіктері

 

 

Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км- ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен  шөл өсімдіктері басым. Шөлді  аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала, т.б.) сексеуіл, өзендер  бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары  кездеседі.

 

Ормандар  мен жасыл өсімдіктер

 

Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп  қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті  материал болып саналады.

Қазақстан дүние жүзі бойынша  орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл  аумағының 11,4 млн гектар жерін (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозийдан сақтап, оның тамырын бекітуде, егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін  бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы.

 

Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері

 

Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқанжапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразия даласы ( Еділ- Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау- Сарысу, Жайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран  ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді.

 

Пайдаланған әдебиет

 

↑ Қазақстанньң физикалық  географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.

↑ Қазақ тілі терминдерінің  салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын  басқарған – түсіндірме сөздіктер  топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа  бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002.


Информация о работе Қазақстан Республикасының өсімдіктер әлемін қорғау