Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:09, научная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Работа содержит 1 файл

Su_kodeksi.doc

— 948.00 Кб (Скачать)

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде арнайы су пайдалануға рұқсатты берудi, қолданысын тоқтата тұруды және оны қайтарып алуды жүзеге асырады;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;  

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер есебінің әдістемесін бекітеді; 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;

9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

10) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

11) суды және оның пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады;

12) су объектiлерi деректерiнiң ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделi адамдардың қол жеткізуiн қамтамасыз етедi;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) су объектiлерiн және ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимiн бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

13-1) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді

14) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

15) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су шаруашылығы құрылыстарының және су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргiзу жобаларын келiседi;

16) республикалық меншiктегi су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

18) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және iске асырады;

19) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

20) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады;

21) су қатынастарын реттеу, трансшекаралық су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шектес мемлекеттермен ынтымақтастық жасауды жүзеге асырады;

22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн әзiрлейдi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

23) су шаруашылығы баланстарын әзiрлейдi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)

24) мамандандырылған мемлекеттік мекемелердiң суармалы жерлердiң мониторингi мен мелиоративтiк жай-күйiн бағалауды жүргiзуiн ұйымдастырады.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) судың бастапқы есебінің ережелерін әзірлейді.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 26) тармақшамен толықтырылды

26) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 27) тармақшамен толықтырылды

27) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарының паспорттарын жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді.

2009.17.07 № 188-IV ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28) тармақша өзгертілді

28) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

29) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 

 

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды

37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:

1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

2) өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

3) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

4) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;

5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;

6) елді мекендердің су бұру жүйесіне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзірлейді;

7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді;

8) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен елді мекендер шегінде ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;

9) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді

38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;

2) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

4) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртібін белгiлейдi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

5) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;

2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі өңірлік бағдарламалардың жобасын бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

6) су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі бассейндiк бағдарламаларды iске асыруды жүзеге асырады;

7) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiседi;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 7-2) тармақшамен толықтырылды

7-2) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

8) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

9) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы