Қазақстандағы жанармай энергетикалық ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 14:51, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда әлем халқы жылдан жылға өсіп келеді. Осынша халықтың материалдық жағдайын қолдауға мол мөлшерде энергия қажет. Осы тұрғыдан алғанда жанармай энергетикалық ресурстарының әлем экономикасында да Қазақстан үшінде маңызы зор. Жыл сайын елімізде жаңадан табылып жатқан кен орындары зерттеуді қажет етеді. Себебі, бұл ресурстар ел болашаы үшін өте қажет. Сондықтан жанармай энергетикалық ресурстары Қазақстан үшін маңызды экономикалық фактор болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ____________________________________________________________3
1 тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАНАРМАЙ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1 Жанармай энергетикалық ресурстарының Қазақстанда тұтынылу аясы____5
1.1.1 Жетібай кен орыны______________________________________________6
1.2 Жанармай энергетикалық ресурстарының түрлері______________________8
1.2.1 Мұнай. Мұнайдан алынатын шикізат көздері________________________9
1.2.2 Қара мұнай өнімдері____________________________________________11
1.2.3 Ірі жанармай өндіруші компаниялар мен Қазақстанның басты кен орындары__________________________________________________________12
1.2.4 Теңіз және Корольдік кен орындары_______________________________13
2 тарау. ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢАДАН ТАБЫЛҒАН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНУІ
2.1 Жанармай энергетикалық ресурстарынан алынатын сұйық отын түрлері және оларды өзге елдермен статистикалық салыстыру____________________16
2.1.1 Жанармай энергетикалық ресурстарының химиялық құрамы__________18
2.1.2 Табиғи газ_____________________________________________________22
2.1.3 Көмір_________________________________________________________25
2.1.4 Жанармай энергетикалық ресурстарының экономикалық тиімділігі____26
ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________28

Работа содержит 1 файл

жанармай энергетикалық ресурстары.docx

— 79.59 Кб (Скачать)

     Қазақстан  Республикасы Білім және Ғылым  Министрлігі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

                        Жаратылыстану факультеті

                              Экология кафедрасы

 

 

 

                                                 «Қорғауға жіберілді»

                                               Кафедра меңгерушісі:______________

                                                                                    Есенаманова М.С

                                               «____» ______________ 2012 ж

 

 

            Курстық жұмыс

  Қазақстандағы жанармай  энергетикалық ресурстары

 

 

                                             Орындаған:

                                             Тексерген:

 

 

 

 

 

 

                  

                                                 МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ____________________________________________________________3

1 тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ЖАНАРМАЙ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ  МАҢЫЗЫ

1.1 Жанармай энергетикалық ресурстарының Қазақстанда тұтынылу аясы____5

1.1.1 Жетібай кен орыны______________________________________________6

1.2 Жанармай энергетикалық ресурстарының түрлері______________________8

1.2.1 Мұнай. Мұнайдан алынатын шикізат көздері________________________9

1.2.2 Қара мұнай өнімдері____________________________________________11

1.2.3 Ірі жанармай өндіруші компаниялар мен Қазақстанның басты кен орындары__________________________________________________________12

1.2.4 Теңіз және Корольдік кен орындары_______________________________13

2 тарау. ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢАДАН  ТАБЫЛҒАН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ  ҚОЛДАНЫСҚА ЕНУІ

2.1 Жанармай энергетикалық ресурстарынан алынатын сұйық отын түрлері және оларды өзге елдермен статистикалық салыстыру____________________16

2.1.1 Жанармай энергетикалық ресурстарының химиялық құрамы__________18

2.1.2 Табиғи газ_____________________________________________________22

2.1.3 Көмір_________________________________________________________25

2.1.4 Жанармай энергетикалық ресурстарының экономикалық тиімділігі____26

ҚОРЫТЫНДЫ_____________________________________________________27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________28

 

 

 

                                                          

                                                

                                                   КІРІСПЕ

Курстық жұмыс  тақырыбының өзектілігі

      Бүгінгі  таңда әлем халқы жылдан жылға  өсіп келеді. Осынша халықтың  материалдық жағдайын қолдауға  мол мөлшерде энергия қажет.  Осы тұрғыдан алғанда жанармай  энергетикалық ресурстарының әлем  экономикасында да Қазақстан  үшінде маңызы зор. Жыл сайын  елімізде жаңадан табылып жатқан  кен орындары зерттеуді қажет  етеді. Себебі, бұл ресурстар ел болашаы үшін өте қажет. Сондықтан жанармай энергетикалық  ресурстары Қазақстан үшін маңызды экономикалық фактор болып табылады. 

Мақсаты мен міндеттері

     Курстық жқмыс «Қазақстанның жанармай энергетикалық ресурстары» тақырыбына арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстанның жанармай энергетикалық ресурстарына кеңірек тоқталу. Қазақстанның және өлкеміздің кен байлықтарын зерделей отырып, ел экономикасындағы орнын айқындау. Бұл мақсаттарға жету төмендегі шешуді көздейді.

  - Қазақстанның жанармай энергетикалық ресурстарының басқа ресурс түрлерінен айырмашылықтарын көрсету.

    -  Жаңадан табылған энергетикалық ресурстарды зерттеу. Олардың химиялық құрамына тоқталу. Экологиялық тазалығына мән беру.

    - Жанармай энергетикалық ресурстарының Қазақстанда жинақталған қорын анықтау. Ел экономикасына тигізер пайдасына назар аударту.

Теориялық және практикалық  маңызы

     Елімізде және жалпы әлемдәк экономикада жанармай энергетикалық ресурстарының алар орыны ерекше. Бүгінгі күні жыл сайын дамып келе жатқан қоғамның техникалық, ғылыми прогрестерін қанағаттандыру үшін орасан зор энергия қажет. Осы олқылықтың орынын толтыруда бізге көмекке келері, әрине, жанармай энергетикалық ресурстары. Олардың экологиялық таза түрлеріне назар аудара отырып ғаламшарымызда бүгінгі таңда орын алып жатқан ластанулардың алдын ала аламыз.      Қазақстан экономикасының басты назары осы жанармай энергетикалық ресурстарында болып отыр. Себебі бұл ресурстар тасымалдауға жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді. Осының арқасында елімізге бұл ресурстардван келетін пайда ұшан-теңіз. Қазақстан жанармай энергетикалық ресурстарымен тек өз халқын қамтып қана қоймай, әлем елдерінің тұтыну аясына дем беріп отыр.

  

       Қазақстанның жанармай энергетикалық ресурстарына мұнай, табиғи газ, көмір, жанғыш қазбалар, торф және тағы басқалар жатады. Жанармай энергетикалық ресурстары деп жер қойнауынан алынып жанармай есебінде пайдаланылатын пайдалы қазбаларды айтады. Халықаралық қауымдастықтың жүйелі түрде өткізіп отыратын сараптамасының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы жанармай энергетикалық ресурстарының басқа жылдармен салыстырғанда артқанын көруге болады. Соның ішінде көмір, мұнай және газ ресурстары елеулі түрде көбейген. Жанармай ресурстарының артуын жыл сайын жаңадан ашылатын кен орындары мен жаңадан табылып жатқан ұңғылардың көбеюімен байланыстыруға болады.

         Қазіргі уақытта әлемде және елімізде жанармай энергетикасының негізгі ресурсы мұнай болып табылады. Себебі, мұнай әлемдік сауда нарығының 40 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар мұнай оңай тасымалданатын өнімдер қатарына жататындықтан әлемдік нарықтағы ресурстар арасында жетекші рөлге ие болып отыр. Бұл, әрине, мұнай өндірумен және мұнай тасымалымен айналысатын елдердің экономикасына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның жанармай энергетикалық ресурстарын салыстырып түрде көру үшін өзге елдердің статистикасына да көз жүгіртуді жөн санадым. Сонымен өндірілетін мұнайдың 65 пайызы Таяу Шығыс елдеріне тиесілі болса, ал мұнайдың аса көп мөлшердегі қоры Ресей Федерациясы (әсіресе Тюмень облысында),Әзірбайжан, Түркіменстан елдерінде және әрине, біздің Қазақстанда шоғырланған.

        Қазақстанның жанармай энергетикалық ресурстры, соның ішінде, қара, қоңыр көмір, мұнай және табиғи газдар ел экономикасында маңызды орын алады. Көмір қорларының шоғырлануы Екібастұз, Қарағанды, Майкүбен, Кендірлік, Алакөл аймақтарында маңызды фактор ретінде тіркелген. Республикалық  дәрежедегі экономикалық тұрғыдан өзін өзі ақтайтын кен орындарына Қарағанды және Екібастұз бассейндері жатады. Көмірсутек концентрациясының негізгі ауданына Батыс Қазақтан, соның ішінде Маңғыстау мен Ембі мұнайлы газ бассейндері жатады. Соңғы жылдары жаңа мұнай көздері ашылды: бұл көрсеткіштер әсіресе Атырау облысында тіркеліп отыр.

     Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған және басқа да жанармай энергетикалық қорлардың жаңғырмайтын қатарына - көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады. Энергияның сан алуан түрлілігіне қарамастан, адамзат баласы, оның санаулы бөлігін ғана пайдаланады. Ғылым мен техника дамығанға дейін, негізгі энергия көзі ретінде, адамзат бұлшық етінің қимылы мен жануарлар қозғалысының энергиялары, жел энергиясы, ағаш отынның энергиясы пайдаланылып келді. Ал бүгінгі таңда әлем халқының мұнай-газ, көмір, гидроэнергияның пайдалана бастағанына да біршама уақыт болып қалды. Соңғы жылдары, атом энергиясын жүйелі түрде пайдалану жолға қойылып отыр. Сондай-ақ, жер қойнауындағы ыстық су кездерін пайдалану да маңызды болып отыр. Күн көзінің энергиясын тиімді пайдалану, оны сақтау - адамзат баласының алдында шешімін табар мәселелерге жатады.Бірақ осы мәселелер тұрақты шешімін тапқанға дейін адамзат үшін басты энергия көзң жанармай энергетикалық ресурстары болып қала бермек.

     Жанармай және отын энергетикалық ресурстарының маңыздысы табиғи газ болып табылады. Өндірістің небәрі 23 пайызын энергиямен қамтамасыз етуіне қарамастан, табиғи газдың қолданылуы үлкен әлемдік нарықтағы сұранысқа ие. Себебі табиғи газдың тұтынылуы өте қолайлы болып келеді. Нарықтағы табиғи газ өндіруде Ресей Федерациясы алдыңғы орында болса, біздің мемлекетімізде бұл салада құралақан емес.         

         Халқаралық комитеттің есептеуі бойынша,  дүние жүзілік мұнай қоры 840 миллиард. Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн м3. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венесуэллада, Мексикада, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде және Қазақстанда тіркелген. Жыл    сайын   Ресей 800-850 млрд. м3 табиғи газ өндірсе,    Қазақстанда бұл көрсеткіш 5-7 миллиард м шамасында өндіріледі.       

         Қазақстандағы жанармай энергетикалық ресурстарының ішінде басты роль атқаратын мұнай десек, осы мұнай өндіруде елімізде жетекші сипатқа ие Жетібай кен орыны. Осы алып кешенді кен орынына толығырақ тоқталғым келіп отыр.

     Көпқұрылымды ірі мұнай-газ кешені Жетібай 1961 жылы ашылды. Ал жалпы өндіріске кешен 1969 жылдан бастап кірісті. Бұл алып құрылымды кешеннің геологиялық, технологиялық сызба жоспарларын жасауға ЖҒИИ (Жоғарғы Ғылыми Инженерлік Институт), Минералдар мен мұнай өндірістерінің Министрлігі басшылары, ОМК (орталық Мемлекеттік Комитет), ҚазҒИӨИ (Қазақстан Ғылыми инженерлік Өндірістік институты) белсене атсалысты.     

     ЖҒИИ ұсынған техникалық жоспарлы нұсқаулық бойынша, 4 обьект үшін 6,7,8 горизонттары мақұлданса, обьекттің базистік горизонты 7 және 8 горизонт болып бекітілді. Нұсқаулық бойынша бірқалыпты торлау бағытында 600*600 м бұрғылау, ал үш қатарлы скважинамен бұрғылауға ені 2,4 км бұрғылау ұсынылды. 1972 жылы 3 обьекттің технологиялық-сызбалық жобасы құрастырылды.  Сызба бойынша жоғарыда аталған бірқалыпты торлай бұрғылау 600*600 өлшемі мақұлданды. 1974 жылы ЖҒИИ келісімі бойынша 5,6,8 мұнай-газ горизонттарының технологиялық-сызбалық жобасы құрастырылды. Мұнда мұнай және газы бар зоналарда орналасқан судың ішкі жүйелік қысымы да қарастырылды.

          Барлық жобаға қатысты құжаттар мен шешімдерді, ОМК әр обьект мен кен орындарындағы ұңғыларға жеке уақыт бөліп, ерекше жағдайда бекітті. 1976 жылы ЖҒИИ мен ҚазҒИӨИ ОМК тапсырысы бойынша Жетібай кен орны туралы комплексті жоба құрды. Бұл жобаны ОМК КСРО Министрлігі үш обьект (төменгі 8,7,6 горизонттары) жөніндегі нақты тұжырым ретінде бекітеді. Аталған үш обьекттің технологиялық жобалары да мақұлданады. Жобада белгіленген алты обьекттіңде скважиналарының өздігінен торлай бұрғылауы қарастырылған.

      Көп уақыт өтпей жатып ақ обьекттердің бірқатар кемшіліктері белгілі болды. Бұл кемшіліктер скважиналарды орналастыру барысында біраз қиындықтар туғызды. Сонымен қатар, кен орнын бұрғылау барсында жер асты қабатындағы флюидтердің өзгеріске ұшырағаны белгілі болды. Осының барлығы жоба бойынша құрастырылған барлық құжаттар мен шешімдерді қайтадан қарауға алып келді. Жобаны  ҚазҒИӨИ 1980 жылы қайта құрастырды. Дегенмен КСРО Орталық комиссиясы мұнай кен орындарын бақылау кезінде  (30.01.80 845 протокол) ЖҒИИ-дің 1976 жылы жасаған жобасы жарамсыз деп табылды. Осы себепті 1980 жылы, алдымен мұнай мен газдың негізгі қорын анықтауға шешім қабылданды. 1981 жылы мұнай өндіретін ұңғылардың коэфициенттері негізінде, кен орнының геологиялық құрылымының базасы жаңа сипатқа ие болды. Осыған сүйене отырып кен орнының жаңа жобасын құрастыру туралы шешім қабылданды. Аталған жұмыстар ойдағыдай орындалды.

       1982 жылы ҚазҒИӨИ «Жетібай кен орнының нақты бекітілген бақылау жобасын» құрастырды. Осыған сәйкес әр өндірістік горизонттың обьектісі белгіленді. Барлық белгіленген обьектілер үшін кен орындарын бақылауға барлығы бес нұсқа (вариант) ұсынылды. Бірақ бақылау басқармасының жиналысында белгіленген обьектілердің жұмысты орындау барысында қаралған базалық нұсқалармен салыстырылмағаны белгілі болды. Қаралған нұсқалардың балансқа алынған барлық мұнай қорларын бақылап шығуды қамтымайтыны анықталды. Дегенмен ұзақ уақыт созылмалы түрде бұрғылауда мұнай қорларының 53 жылға жететіні анықталғанмен, жылдамдатылған әдіспен бұрғылағанда 30 жылға жететіні дәлелсіз қалды. Негізгі обьекттерде (8,7,10 горизонттар) созылыңқы әдіспен тұрақты түрде сұйықтықты соруға болатыны анықталды. Бірақ атқарылған жұмыстарда ЖҒИИ мен бақылау Басқармасы жүргізген экспертиза нәтижесінде белгілі болған басқа да кемшіліктердің бар екендігі көрсетілді. Мұнай өндіру Министрлігі бақылау Басқармасының

шешімімен ҚазҒИӨИ-ға жоғарыда аталған кемшіліктерді ескере отырып, жасалған жобаны жетілдіру тапсырылды. «Жетібай кен орнының нақты бекітілген бақылау жобасы» аталған кемшіліктерді түзете отырып үш нұсқада көрсетілді: 1 нұсқа базалық деп аталды. ЖҒИИ-нің 1976 жылғы жобасы бойынша скважиналардың жалпы саны – 1643, соның ішінде нақты бұрғылау үшін – 833. 2 және 3 нұсқаларда айтылған мәселелер скважина торларының тығыздығымен ерекшеленді. 2 нұсқа бойынша бұрғылау скважинасы – 2279, нақты бұрғылауға – 1519, ал 3 нұсқада бар болғаны – 2783, соның ішінде нақты бұрғылау үшін – 2023 скважина болды.

      Жағдайдың негізгі қағидалары: ұңғылардың географиялық мінездемесі: орналастырылған обьектілердің бөлінуі; скважиналардың ұсынылған нұсқа үшін жалпы саны; мұнай өндіру кезіндегі қиындықтарды ескерту үшін сұрақтар. Аталған жағдайдың негізгі қағидаларының барлығы да жоба аяқталған соң өткізілген есеп беруде көрсетілді. Осы шаралар 1984 жылдың 17 сәуірдегі бақылау Басқармасының материалдарында тіркелген еді. Материалдардың қосымшасында өндірістің 18 жыл бойына жұмыс жасауына және бекітілген қорларды өндіруге 2 нұсқа ұсынылды.

     Қазақстан Республикасының жанармай энергетикалық ресурстарына жүргізілген 2005 жылғы есеп бойынша (осы жылғы есепті алу себебім: 2005 жылы республикадағы барлық ресурстарға күрделі түрде зерттеу санағы жүргізілген еді) елімізде  5 пен 158 миллион тонна аралығында жанармай ресурстарының қоры бар екендігі анықталды. Соның ішінде республика халқының жанармай өнімдеріне сұранысы шамамен 67,1-82,8 млн тонна болды. Ал 75,2-90,4 млн тонна жанармай қоры халық сұранысын қажет етпейді, демек артық қалады деген сөз. Бұл есептерді  Қазақстан Республикасының Минералдар және Энергетикалық ресурстар Министрі келтірді. Демек алдағы жылдарда бұл көрсеткіш өсе берсе Қазақстанның жанармай энергетикалық ресурстарын елімізден шетке экспортқа шығаруы 60 пайыздан асып жығылады деген сөз.

Информация о работе Қазақстандағы жанармай энергетикалық ресурстары