Азық-түлік проблемасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 08:15, реферат

Описание работы

Күніне 1000 килокалориялық тағам рационы ағзаға жеткіліксіз және бұл аштық жағдайында деп есептеледі, ал әлемде 1,5 млрд адам осындай аш құрсақ жағдайда өмір сүріп жатыр. Халықтың әл-ауқаты әлеуметтік қана емес, саяси-стратегиялық мәнге ие. Саясаттанушылар халықтың кем дегенде 75 пайыздайын тойындырмайынша, саяси реформа жасауға болмайды дегенді айтады Қазір әлемде азық-түлікті тұтыну жағынан теңсіздік қалыптасып отыр. Мәселен, 1960 жылы 20 пайыз ең бай елдер мен 20 пайыз ең кедей елдердің арақатынасы 30:1 болса, 1990 жылы бұл арақатынас 64:1 болған. Бұл үрдіс әлемде әлеуметтік дүмпулерді туғызып отырғаны жасырын емес. Сондықтан кез келген ел үшін халықтың тоқ болуы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің маңызды парасы ретінде қарастырылады.

Содержание

Кіріспе
1.1Дүние жүзіндегі азық-түлік проблемасы
2 . Негізгі бөлім
2.1 Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдасы
2.2 Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі
бағыттары.
2.3 Аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейту.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

азык тулик.doc

— 135.50 Кб (Скачать)

Ауылдағы шаруа қожалығының  өндірген өнімдерін ортадағы делдалдарға  тәуелді қылмай, әр ауыл, аудан көлемінде кооперативтер құрып, шаруалардың өнімдерін сақтап, өңдеп, тиімді бағаға сатып беру мәселесін шешу керек.    Көп уәде берілгенімен, бұл салада жұмыс қарқыны өте төмен. 2010 жылдың 1 қаңтарына республика бойынша барлығы 402 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған, оның ішінде Қызылорда облысында – 57, Жамбылда – 56, Алматы облысында –  55. Ал Батыс Қазақстан облысында бар болғаны төртеу, Солтүстік Қазақстан облысында алтау.

Бүгінгі таңда  шаруалар мен ауыл кәсіпкерлерін несие ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмеген. Соңғы жылдары екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің тек 4 пайызы ғана ауыл шаруашылығы саласында істейтіндерге бұйырған. Басты себебі, кепілдікке қоятын  мүліктері жоқ. Ал, арнайы агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыру бағытын дамытуға және қаржыландыруға құрылған «ҚазАгро» Ұлттық холдингі және оның қаржы институттары ауыл шаруашылығы субъектілеріне несие беру үшін екінші деңгейдегі банктердің кепілдігін сұрайды. Сол себепті, аграрлық кешенді индустриялық-инновациялық дамыту кезеңінде ауылды жерлердегі кешендерді қаржыландыруды қамтамасыз ететін  мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкінің ашылуы  аталған саладағы  көптеген мәселелердің оң шешілуіне септігін тигізер еді.

Қазір Қазақстан  аграрлық секторды жан-жақты жетілдіре  отырып, өзінің азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз етумен қатар, дүниежүзілік экономиканың өткір проблемаларын шешуге мейлінше кең ауқымда атсалысуда.

Елбасы өзінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауында аталған саланы ұтымды түрде дамытуға барын¬ша мән беріп, “Агроөнеркәсіптік ке¬шен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз”, деп ерекше атап көрсетті.

Қазақстанның  агроөнеркәсіп кешені, оның негізгі  құрамы – ауыл шаруашылығы, соңғы  жылдары дүние жүзіне кең тараған  қаржы-экономикалық дағдарыстың күшті  ықпал етуі жағдайында дамып отырғаны белгілі. Дегенмен, дағдарыс аясының кеңеюі мен күрделенуі, отандық аграрлық жүйеге дер кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің нәтижесінде кейбір елдердегідей бұл сала рецессияға ұшырамай, белгілі бір деңгейде даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сонымен қатар, соңғы жылдары ауылшаруашылық өнімдері көлемінің ұлғаюы байқалады. Өндірілген өнім ағымдағы бағалармен есептегенде 2007 жылы 1,1 трлн. теңге деңгейінде болса, 2008 жылы 1,3 трлн. тең¬ге болып 18,2% өскен, ал 2000 жылмен са¬лыс¬тырғанда 3,3 есеге өскен.

Аграрлық секторды мемлекет тарапынан қол¬дау мақсатында 2008 жылғы бөлінген қа¬ражат 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есе ұл¬ғайды, оның ішінде тікелей қолдауға (субсидия) бөлінген қаржы 2,0 есе, кредит ретінде берілгені 2,2 есеге өсті. Соның нәтижесінде аса қажетті дақылдардың егістік көлемін ұлғайтуға, агроөнеркәсіп жүйесін технологиялық және техникалық жағынан жарақтандыруға мүмкін¬діктер туды. Әсіресе елімізде жетіспейтін өнім түрлері – майлы дақылдар, қант, көкөніс, же¬міс-жидек өнімдерін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінді, яғни өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында аса қажетті дақылдардың егістіктерін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда майлы дақылдар егістігі – 35%, көкөніс, жеміс-жидек – 17%, қант қызылшасының егістігі 39% өсті.

Еліміздің азық-түлік  қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Азық-түлік  корпорациясы” АҚ арқылы дәнді дақылдарды мемлекеттік қорға отандық тауар  өндірушілерден нарықтық баға¬мен сатып  алу мақсатында бюджеттен 12,0 млрд. теңге қаражат бөлінді. Мал шаруашылығы жүйесінде де оңды өзгерістердің қалып¬тас¬қаны байқалады. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал 2,8% көбейген және сәйкесінше қой мен ешкі – 5,0%, шошқа – 1,0%, жылқы – 6,0%, түйе-3,4% және құс 10,5% өскен. Дегенмен мал ша¬руа¬шылығында асыл тұқымды малдың үлес салмағы әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр және оның деңгейі төмендегідей: мүйізді ірі қара – 4,3%, қой мен ешкі – 7,4%, жылқы – 2,6%, түйе – 10%. Ал ғылыми негізге немесе озық тәжірибеге сүйенсек, сапалы өнім алу үшін асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 30% кем болмауы қажет. Сонымен қатар, мал шаруашылығын ұтымды дамытуды тежеп отырған басқа да факторлар бар. Мысалы, 2007 жылы жүргізілген бірінші ұлттық ауыл шаруа¬шы¬лығы санағының мәліметтері бойынша ауыл¬дық өңірдегі үй шаруашылығында мүйізді ірі қараның – 85%, қой мен ешкінің – 77,0%, жылқы мен шошқаның 79,0% шоғырланған екен. Яғни бұл жүйеде заман талабына сай өнім өндіру мен оны өңдеудің өндірістік озық технологиясын ендіру үшін арнаулы орта және ірі кәсіпорындар жүйесін қалыптастырудың қажеттігі туындап отыр.

Сондықтан мал шаруашылығын әртараптандырып, одан түрлі өнімдер өндіру мен оны экспортқа шығару мақсатында “Мал өнімдері корпорациясы” АҚ және бизнес құрылымдардың қатысуымен қазіргі талапқа сай мал бордақылау алаңдарын және оған қажетті инфрақұрылым жүйелерін құру көзделген. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2008 жылы республи¬қа¬лық бюджеттен елімізде 30 сүт және ет өндіретін тауарлы ірі фермаларды құруға қажет негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға 5,0 млрд. теңге және олардың айналым капиталын толтыруға мемлекет тарапынан 5,3 млрд.теңге қаражат бөлінген. Тауарлы сүт өндіру ферма¬ларын асыл тұқымды мүйізді ірі қарамен, ал мал бордақылау алаңдарын және ет комбинаттары озық үлгідегі техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, халықаралық стандарттарға сай келетін мал өнімдерін экспортқа шығаруын ұлғайтуды жолға қою көзделіп отыр.

Айта кететін  жағдай, соңғы жылдары ауылша¬руа¬шылық өнімдерін тереңдетіп өңдеу үдерісін мемлекет та¬рапынан қолдау нәтижесінде ілгерілеу бар. Мысалы, 2007 жылы 2002 жылмен салыс¬тырғанда ауылшаруашылық өнімдерін өндірістік өңдеу¬дің үлес салмағы бойынша оларды елімізде шикізат ретінде өндірілген жалпы көлеміне шаққанда өсу тенденциясы байқалады. Мы¬салы, сүтті өңдеу 10,8%-дан 33,0%-дейін өскен, ал сәйкесінше ет – 13,6 және 24,0%, майлы дақылдар – 50,4 және 98,0%. 
Дегенмен кейбір ауылшаруашылық өнімін шетелден сатып алу, яғни импорттың үлесі әлі де жоғары болып отыр. Ол шұжық өнімдері бой¬ынша – 45,0%, консервіленген көкөніс, жеміс-жидек – 80%, құс еті – 70%, өсімдік майы – 35%. Жоғарыда аталған өнімдерді өзімізде өндіруге толық мүмкіндік болса да шетелден әкелуге мәжбүрміз. Сондықтан да азық-түлік импорты 2007 жылы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрған. 
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қазіргі орын алған экономикалық дағдарыс кезінде одан әрі шиеленісе түсуі мүмкін. Сондықтан да алда шешуін күтіп тұрған ең күрделі мәселе – бұл агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі даму деңгейін төмендетпей, одан әрі тұрақты даму үдерісін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдауды күшейту. 
Әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін 2009-2011 жылдары республикалық бюджеттен 350 млрд. теңге болу көзделген. Оған қосымша агроөнеркәсіп кешенін қолдауға және одан әрі дамытуға “ҚазАгро” холдингінен 1,0 млрд. доллар (150 млрд теңге) көлемінде қаражат қарастырылған. Бұл іс-шараларды әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен біріге отырып жүзеге асыру көзделген. Мемлекет тарапынан бөлінетін инвестицияны бірінші кезекте жұмыс істеп тұрған және өнімі экспортқа бағытталған кәсіпорындар мен салаларға жұмсау қарастырылған. 
Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету проблемасын шешудің маңызды бөлігі – ол рыноктағы тұтыну бағасын тұрақтандырып, оны халықтың басым көпшілігінің қолы жететіндей деңгейден асырмауды қамтамасыз ету болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі дегенде, біз көбінесе отандық өнімдер көлемінің халықтың тұтыну сұранысын қанағаттандыруы тұрғысынан қараймыз да, оның шешуші көрсеткіші – халықтың сол өнімдерге экономикалық тұрғыдан қол жеткізу мүмкіндігін, яғни олардың бағасының халықтың табысына сәйкес болуын ескере бермейміз. Демек, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жақ¬сартуда да экономикалық даму тетіктерін жүйелі үйлестіре жүргізу қажет.

Бұл мәселені жүзеге асыруда төмендегідей жағдайларды  ескеру қажет сияқты. Еркін рынок жағдайында кез келген тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде реттеледі деген түсінік бар екені белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жолымен дамыған елдерде эко¬номикалық жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін тек қана ерікті баға саясаты жүргізілмейді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, соның ішінде халыққа аса қажет азық-түлік түрлерінің бағалары мемлекет тарапынан тікелей де және жанама жолдармен де үнемі реттеліп отырады. Нарықтық экономика жағдайында тауар ұсынысының көлемі мен оның сұраныс деңгейінің арақатынасы бағаны өзі реттейді деген қағиданың ғаламдық интеграция мен бәсекелестіктің күшеюі жағдайында үнемі жүзеге аса бермейтін соңғы жылдардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер көрсетіп отыр. Сонымен бірге оның ішкі рынокқа, жалпы еліміздің экономикасына да кері әсерін тигізетіні анық. Осы орайда айта кететін бір жәйт – ол халық арасында тұтыну ба¬ғасының өскені ауылдағы тауар өндіруші¬лер¬дің толық пайдасына шешіледі деген үстірт пікір қалыптасқандығы. Нақты мәліметтерге жүгінсек, өнімді сату бағасы жылдан-жылға өсіп келеді, бірақ оның қарқыны базардағы, дү¬кендердегі тұтыну бағасының өсу қарқы¬нынан әжептеуір кем. Мысалы, 2008 жылы ауылдағы мал өнімдерінің бағасы алдындағы жыл¬мен салыстырғанда 17-18 % өссе, базар¬дағы сүт бағасы – 41% , еттің бағасы – 30-33%, құс еті – 42%, жұмыртқа 35 % өскен. Бұның себебі, өнім өндірушілер мен оны тұ¬ты¬нушылар арасында жүрген делдалдардың, алып¬сатарлардың көптігі, ауылшаруашылық өнімдерін орталықтандырылған жүйемен ша¬руалардан кепілді бағамен сатып алудың және көтерме сауда базарларында, бөлшек сауда орындарында ұтымды жүйенің қалыптаспауы. Қазіргі жағдайда азық-түлік базарларына өнім өндірушілер тікелей өздері шыға алмайды. Сондықтан мемлекет ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауды күшейте отырып, дамыған шетелдердегідей ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік бағасын тікелей және жанама түрде реттеу механизмдерін қолдануы керек.  
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне қарасақ, олардағы баға реттеу тетіктері тек тауар өндірушілердің ғана мүддесін емес, сонымен бірге тұтынушылардың да мүддесін қорғауға және импортты шектеуге бағытталған. Мысалы Жапония ауыл шаруашылығының негізгі өнімдерінің бірі күрішті ел ішінде өз тауар өндірушілерінен ынталандыру мақсатында әлемдік бағалардан 6-8 есе жоғары бағамен са¬тып алады. Сонымен қатар бұл өнімнің импор¬ты¬на шектеу де қойылған. Біздің республикада да азық-түліктің бағасын реттеу мен оның тұрақты қорын жасау үшін ауылшаруашылық өнімдерінің біраз көлемін (әлеуметтік маңызды түрлерін) мемлекет кепілді бағамен, өнім өндірушілерден (шаруалардан) сатып алу механизмін енгізу қажет деп ойлаймыз.

Айта кететін  жағдай, мемлекет қорына астық сатып алу жұмысын жүргізуде Азық-түлік корпорациясы соңғы жылдары тиімді нәтижеге жетіп жүр. Бірақ оның сатып алу көлемі жылы¬на 1,0 -1,2 млн. тоннадай ғана болған соң, астық рыногындағы бағаның деңгейіне үлкен әсер ете алмайды. Сондықтан, бұл мемлекеттік кәсіпорын астықты сатып алу көлемін 3 млн. тоннаға жеткізсе (оның 2,5 млн. тоннасы азық үшін, 500 мың тоннасы – астық қоры), ішкі рыноктағы астық пен астық өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақты бір деңгейде ұстауға мүм¬кіндік туар еді. 
Осы орайда, еліміздің негізгі ауылшаруа¬шы¬лық өнімдерінің бірі, астықтың мемлекеттік тұрақты қорын жасаудың маңызы зор. Өйткені астыққа елімізге қажетті ішкі сұраныс қана емес, сыртқы рыноктағы сұраныстың да өте жоғары екені белгілі. Мысалы, 2007 жылдың күзінен бастап шетелдерде астыққа деген сұраныстың көбеюінен, оның бағасы 3-4 есе күрт өсіп кетті. Соның салдарынан еліміздегі жиналған астықтың экспортқа шығарылуы шек¬тен тыс белең алып, ішкі сұранысқа қажетті ас¬тықтың тапшылығы байқала бастады. Атал¬ған жағдайды реттеуде сол кезде ішкі астық ры¬ногын мемлекет тарапынан тұрақтандырудың тиімді тетіктері жеткіліксіз болып шықты. Соның салдарынан нан өнімдерінің бағасы екі-үш айдың ішінде 2 есеге өсіп, мал өнімдерінің өзіндік құны мен бағасы 20-30% өсті. 
Жоғарыда аталған күрделі жағдайларды реттеу, шетелдерде мемлекеттік қорға астықты жеткілікті мөлшерде сатып алып, қажет кезінде тауарлық (астық) интервенция жүргізу арқылы ұтымды түрде шешімін табатыны белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Америкалық  ғалымдар Ластер Браун мен Хал  Кэйн «Лық толған үй» деген кітабында халықаралық қатынастардың басымдықтарын қайта қарауды ұсынып, осы күндері азық-түлік мәселесінің маңызы мен өзектілігі жағынан алғашқы орынға шығатынын ескертеді. Азық-түлік мәселесі ушыққан елде саяси-әлеуметтік тұрақтылық орнамайды. Бүкіләлемдік банктің есебінше, тұрақсыздық, инфляцияның шарықтауы, азық-түліктің қымбаттауы секілді қиындықтарға душар болып отырған 33 ел бар. Мәселен, 2008 жылы жаһандық дағдарысқа байланысты тамақ өнімдерінің күрт қымбаттауына орай 40 елде халықтық толқулар бел алды. Қазіргі кезде азық-түліктен мұқтаждық көріп отырған 36 елге жедел халықаралық көмек қажет болып отыр. Шамамен 88 елде табыстың төмендігінен азық-түлік жетіспейді. 
1996 жылы 13 қарашада қабылданған Рим декларациясында көрсетілгендей, «азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз – барлық адамның ұдайы белсенді және салауатты өмір сүруі үшін ас-ауқатқа физикалық және экономикалық тұрғыдан жеткілікті мөлшерде қолжетімділіктің болуы». Рим декларациясы кез келген елдің әр азаматының жеткілікті деңгейде тамақтану, денсаулығын сақтау және аштықтан ада болу құқығын қамтамасыз етуге, ұлттық тәуелсіз азық-түлік жүйесін қалыптастыруға шақырады.

1945 жылы 16 қазанда  Квебекте өткен БҰҰ-ның азық-түлік  және ауыл шаруашылығы ұйымының  негізі қаланып, оған қатысушылар  «аштықсыз әлем құруға көмектесеміз» деген ұранды басшылыққа алды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бастамасымен Рим декларациясына қатысушы елдер 2015 жылға дейін аштық деңгейін екі есеге дейін төмендетуге ниет білдірген болатын.

БҰҰ-ның жанындағы  «Халықтар қоры» Жер тұрғындарының 2050 жылға қарай 7,8 млрд адамға өсуіне орай, күрделенуі мүмкін азық-түлік мәселесіне қатысты 61,2 млрд долларға бағаланған арнайы бағдарлама ұсынды. Оның ішіне ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға – 5 млрд доллар, егістік жерді сақтауға – 24 млрд доллар, ормандарды қалпына келтіруге 6,8 млрд доллар бөлуді көздеп отыр.

Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін, алдымен, арнайы резерві жасақталуы қажет. Мәселен, БҰҰ-ның азық-түлік жөніндегі халықаралық ұйымы сарапшыларының пікірінше, егер мемлекетте астық қоры 60 күнге жетерлік болса немесе жылдық тұтынымның 17-20 пайызын құраса, жинақталған қор жеткілікті болып есептеледі. Дүниежүзінде халық саны қанша өссе де, азық-түлікпен қамтамасыз етуге қиналмайтын екі ел (Ресей мен Бразилия ғана) аталады. Осы орайда, әлемдегі мемлекеттерді азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағынан бірнеше типке жіктеуге болады. Мысалы, 1-типке азық-түлік тауарларының басты экспорттаушылары – АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Еуропалық одақтың кейбір елдері жатады. Шағын ел бола тұра, тамақ өнімдерін ұдайы экспорттайтын Венгрия, Финляндия сияқты елдер 2-типті құрайды. Ал 3- типке азық-түлік тапшылығына душар, бірақ оны еңсере алатын елдер, мысалы, Жапония жатады. Өз күшімен өз қажеттіліктерін әзер қамтамасыз етіп отырған Үндістан, Қытай, Оңтүстік Американың кейбір елдері 4-типке жатқызылады. Су және жер ресурстары болғанына қарамастан, азық-түлік тапшылығын өткізіп жатқан Мысыр, Индонезия, Пәкістан, Филиппин сияқты елдер – 5-тип, жан басына шаққанда үнемі азық-түлік тапшылығына душар Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері – 6-тип, ал ұдайы азық-түлік дағдарысынан құтылмайтын Гаити, Непал, Сальвадор секілді мемлекеттер 7-типке жіктеледі.

Елдің азық-түлік  қауіпсіздігінің деңгейін қалай  бағалауға болады? Ғалымдар бірауыздан «егер мемлекет 25 пайыз азық-түлікті сырттан алатын болса, бұл ел азық-түлік қауіпсіздігінен айырылады» деген байламға келіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан 40 пайызға жуық сүтті, 29 пайыз етті және 43 пайыз көкөністерді сырттан әкеледі. Азық-түлік қоры мол деген Ресейдің өзі тамақ өнімдерінің 40 пайыздайын шетелден тасиды. Осыдан кейін азық-түлік қауіпсіздігі туралы айту қиын. Ауыл шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шығарылады, ал технологиялық мешеулік салдарынан дайын өнім шығара алмай отырмыз. Елбасы атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңды әлі де жетілдіре түскен абзал. Әлемдік тәжірибеде Германия, Франция, Швеция, АҚШ елдері 70-80 жылдары-ақ азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша, әсіресе, фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған. Қазіргі кезде АҚШ-та азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында ондаған бағдарламалар бойынша жыл сайын 35-40 млрд доллар бөлінеді.

Информация о работе Азық-түлік проблемасы