Балалардың тамақтану гигиенасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 23:47, реферат

Описание работы

Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құру үшін , сол себепті әр түрлі жағдайда емдем-терапиясы қолданылады. Су адамның бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы(1280-3000ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тканьдарды қалпына келтіріуге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар, ағзаны энергия мен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөледі. Олар құнарлықпен өлшенеді.

Содержание

1. Кіріспе
2. Өсіп келе жатқан организмдердегі энергия және зат алмасуының ерекшеліктері
3. Балалардың тамақтануының негізгі принциптері
4. Қорытынды
5. Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.doc

— 91.50 Кб (Скачать)

 

Жоспар

1. Кіріспе

2. Өсіп келе жатқан организмдердегі энергия және зат алмасуының ерекшеліктері

3. Балалардың тамақтануының негізгі принциптері

4. Қорытынды

5. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тамақтану – ағзаның  өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құру үшін , сол себепті әр түрлі жағдайда емдем-терапиясы қолданылады. Су адамның бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы(1280-3000ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тканьдарды қалпына келтіріуге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар, ағзаны энергия мен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөледі. Олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы1г ақуыздың тотығуынан -4ккал, 1г майдан -9ккал, 1г көмірсудан -4ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуіліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сійкес құрастырылуы керек. Өсімдік -40г, жануар майы-85-90г, көмірсулар-400г-500г , төрт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3кг дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыс пен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлылығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан ауруларда энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералды заттар, ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін “құрылыстық” заттар болып табылады. Сау адам қалыпты жағдайда 4 мезгіл тамақ ішіп отыруы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өсіп келе жатқан организмдердегі энергия және зат  алмасуының ерекшеліктері. Балалар организмі үнемі өсіп, даму үстінде болатындықтан олардың зат алмасу процестері елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Мұнда төмендегідей ерекшеліктерді бөліп қараған дұрыс:

  1. Балаларда өсу, даму процесі өте қарқынды жүретіндіктен, зат алмасу процесі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүреді және жас ұлғайған сайын баяулай бастайды. Бала организміндегі зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының орнын толтырумен қатар, тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, балаларда ассимиляция процесі диссимиляция процесінен жоғары, яғни анаболизм катаболизмнен жоғары болып келеді;
  2. Балалар организмінде клеткалар мен тіндердің құрлысына қажетті белоктар үдемелі түрде түзіледі. Өсіп келе жатқан организмге белок қажеттілігі ересектерге қарағанда біршама жоғары және бала неғұрлым жас болса, белок қажеттілігі соғұрлым жоғары болады. Белок жетіспеуі өсу процесінің тежелуіне ұшыратуы мүмкін;
  3. Көмірсулар бала организмінде энергетикалық қызметпен қатар, пластикалық (клетка қабығының, дәнекер тіндерінің қалыптасуы және т.б.) қызмет атқарады. Өсіп келе жатқан организмде белок қажеттілігі жоғары болғандықтан көмірсулардың ыдырауы өте қарқынды жүреді, сондықтан, жас балалардың организмдері көмірсуларға өте жоғары қажеттілікті сезінеді;
  4. Май алмасу процесі балалар организмінде тұрақсыз болып келеді. Тамақта көмірсулар жетіспеген кезде, май депосы тез таусылады. Майлар жылу энергиясының бастама көзі болумен қатар, организмді жылу жоғалтудан, органдарды жарақат алудан қорғайды;
  5. Ересектерге қарағанда балалар гидролабильді болып келеді, яғни, олардың организмдері суды тез жинап, тез жоғалтып отырады. Сондықтан балалар организміндегі су алмасу процесі жылдам бұзылады және бала неғұрлым жас болса, соғұрлым суды көп қажет етеді, бұл құбылыс, қыз балаларға қарағанда ер балаларда жақсы көрінеді;
  6. Сүйек тканьдерінің үдемелі өсіп-дамуына байланысты балаларда кальций қажеттілігі ересектерге қарағанда 1,5 есе жоғары. Кальций сүйектерде негізінен фосфор қышқылды тұздар түрінде түзетілетіндіктен, организм кальциймен бірге фосфордың қатар түсіп отыруын қажет етеді;
  7. Сүйектегі фосфор қышқылды тұздар "Д" витаминінің қатысуымен ғана түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеушілігі рахит ауруына шалдықтырады;
  8. Ана сүтінің құрамында темір жеткіліксіз болғандықтан, емшектегі кезеңдегі сәбилердің осы микроэлементке (әртүрлі жеміс-жидек шырындарына) қажеттілігі жоғары болады;
  9. Балалар организміндегі органдар мен жүйелердің дамып жетілуі аяқталмағандықтан, зат алмасу процесі көбінесе сыртқы ортаға, әсіресе, дұрыс тамақтануға бағынышты болады;
  10. Балаларда негізгі зат алмасу көлемі ересек адамдарға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болып келеді, бұл оларда тотығу процестерінің үлкен қарқынмен жүретіндігін көрсетеді.

Негізгі зат алмасудың  мөлшері баланың жасына, жынысына, өсу қарқынына, олардың конституциясына (арық балаларда зат алмасудың қарқыны жоғары болады), қимыл-қозғалыстарына, жыл мезгіліне (көктем, жаз мезгілдерінде жоғары), туып, өскен мекеніне (биік таулы аудандарда, жазыққа қарағанда жоғары) және т.б. байланысты болып келеді.

Балалардың тамақтануының  рационалды болуы, тамақтанудың тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін. Ол үшін төменде көрсетілген шаралардың орындалуы қажет:

  1. Тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын қатал сақтау;
  2. Тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы;
  3. Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тағамды мөлшері мен сапасына байланысты дұрыс бөлу;
  4. Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі.

Санитарлық дәрігер  ас-мәзірін құрастырған кезде  мынадай негізгі қағидаларды білуі керек:

  1. Тамақ рационы балалардың жас мөлшеріне сәйкес дене еңбегінің жүктемесіне, жыл мезгіліне, климатқа байланысты алынған тағамдық заттарға және энергияға қажеттілігіне сәйкес болуы қажет. Жаз мезгілінде энергия шығыны ұлғаятындықтан, тағам калориясын 10%-ға жоғарылату қажет;
  2. Ас мәзірі балалар мекемелерінің қызметінің ұзақтығына байланысты 3-5 ретке есептелінеді;
  3. Ас мәзірі әрбір типтегі балалар мен жасөспірімдер мекемелері үшін бекітілген негізгі тағамдардың түрлеріне байланысты жасалады. Ет пен балықтан жасалған тағамдарды таңертеңгі және түскі асқа ал, кешкі асқа сүт, көкөніс және жармадан жасалатын тағамдар ұсынылады. Рационның құрамында күнделікті міндетті түрде ет, балық, сүт, сары май, көкөніс, нан болуы керек;
  4. Ас мәзірі әр түрлі тағамдардан құралады. Бір күндегі тағамдардың түрлері қайталанбауы тиіс;
  5. Барлық балалар мекемелерінде, Медициналық Ғылым Академиясының тағам институты жергілікті жағдайларға байланысты ұсынған үлгі ас мәзірін негізге ала отырып, екі апталық ас мәзірі жасалады. Сонымен қатар "жазғы" және "қысқы" деген тағы екі ас мәзірі дайындалады. Тағам рационының калориясын және химиялық құрамын анықтау, арнаулы кестелер мен балалар тамақтануына арналған нұсқаулар бойынша жүргізіледі;
  6. Күнделікті үлгі ас мәзірінің негізінде, құрамында әрбір тамақтану мерзіміндегі тамақтардың тізімі және осы тағамдардың барлығының массасы мен жеке түрлері көрсетілген сұрыптама ас мәзірі жасалады. Сұрыптама ас мәзірінде тамақтанатын балалар мен қызметкерлердің де саны көрсетіледі (мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қызметкерлер тек қана түсте, ал мектеп интернаттарында 3 мезгіл тамақтанады);
  7. Ас мәзірінде көрсетілген кейбір тағамдар жоқ болған кезде, оларды бірін-бірі алмастыра алатын тағамдардың кестесін қолдана отырып, химиялық құрамы жағынан сәйкес келетін тағамдармен ауыстыруға болады;
  8. Балалар рационында, ас қорыту органының қызметін жақсарту үшін күрделі тағамдар (қара бидай наны, ботқасы, В тобындағы витаминге бай тағамдар болу керек);
  9. Рациондағы белоктардың меншікті үлесі, жылдың барлық мезгіліне тұрақты түрде болады.

Балалар мекемелерінің  асхана жұмыстарына ағымды санитарлық бақылау жүргізу жұмысы:

  1. Келіп түскен тамақтардың сапасы мен олардың тасымалдануын бақылау;
  2. Тағамдардың сақталу жағдайын бақылау;
  3. Тағамдардың таратылу мерзімінің сақталуын бақылау;
  4. Тағамдарды дайындау технологиясын бақылау;
  5. Дайын тағамдардың сапасын бақылау;
  6. Асхананың санитарлық, індетке қарсы жүргізілетін тәртібін және ыдыс-аяқтарды тазалау тәртібін бақылау;
  7. Асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауын бақылау;
  8. Тағам рационының құрамын бақылау.

 

 

Балалардың тамақтануының негізгі принциптері.Тағамның маңыздылығы – ол баланың ақыл-ой өрісінің дамуы мен қалыптасуы, орталық нерв жүйесінің дамуы, қоршаған орта факторларының қолайсыз әсеріне төзімділігіне жауап береді. Баланың жасына сай организмге қажетті пластикалық және энергетикалық материалды үйлесімді тамақпен толық қамтамасыз етілуі керек. 
Тамақтың алуан түрлі болуын қадағалау, тамақтың әр түрлі топтарынан алынған өнімдерді қолдану керек. Тамақтану өнімдерінің құрамына әр түрлі мөлшерде және пропорцияда болатын қажетті қоректік құндылықтар кіреді. Қоректік заттардың жетіспеуін болдырмау үшін, күнделікті ас мәзірінде барлық топтардан алынған өнімдерді ескеру керек: дәнді өнімдер, көкөністер мен жемістер, сүт және оның өнімдері, құрамында құнды белок бар тамақ. Тамақтың құрамында өсімдік белоктарының және мал белоктарының қоспасы болуы тиіс, себебі сонда ғана біз бала организміне қажетті амин қышқылдарының түсетініне сенімді боламыз. Белоктан басқа, үлкендермен салыстырғанда балалар кальций, фосфор және темір сияқты минералдық компоненттерді, сондай-ақ негізінде A, D, B1, B2, C, PP дәрумендерін көп қажет етеді. Балаларға ауыр қорытылатын өнімдерді – көп мөлшердегі майға қуырылған (котлеттер, фри картобы, қуырылған картоп және т.с.с.) тамақтарды бермеңіздер, сондай-ақ қырыққабатты және қырыққабат тұқымдас көкөністерді (гүлді, брюссель қырыққабаты), пиязды, ірі бұршақ өсімдіктерін, әсіресе құрғақ (тек жасыл бұршақ пен үрме бұршағы) шамадан тыс көп бермеуге тырысыңыз. Кішкентай балалар кремі бар пирожныйларды және майының мөлшері көп пісірілген тәтті нандарды (мысалы, француз бөлкелері) жемеуі керек. Сондай-ақ балаларға қуырылған картоп, «фастфуд» сияқты қатты өңдеуден өткен өнімдерді жегізбеуге тырысыңыз. Балалар тамағын әзірлеу үшін тағам концентраттар (құрғақ көжелер, сорпа текшелері, «вегета» және т.с.с.) пайдаланылмауы тиіс, себебі олардың құрамында жасанды қосындылардың, тұз бен консерванттардың мөлшері шамадан тыс. Балаларға газдалған сусындарды немесе жасанды бояғышы бар сусындарды бермеген дұрыс. Олардың көкөніс және жеміс шырындарын ішкені дұрыс. 3 жасқа дейінгі балаларға міндетті түрде сертификаты, балалар тағамына рұқсат етілген шырындарды сатып алу керек. Себебі, олардың құрамында пайдалы емес қосындылар болуына мұқият тексерістен өткеніне кепілдік береді. Мектеп жасындағы балалардың ас қорыту ағзаларының созылмалы ауруы жиі кездескендіктен, бала организміне тағаммен дәрумендер мен минералдар толық түсіп тұру керек. Сондықтан, балаларды жастайынан дұрыс тамақтану тәртібіне үйреткен жөн. Балаларға келесі тәртіппен тамақтанған жөн: 
-көп тамақ ішпеу; 
-тамақ ішіп отырған уақытта бөгде іспен айналыспау (кітап оқу, теледидар көру); 
-майлы, тәтті, ысытылған және ащы тағамдарды, газдалған сусындарды көп пайдаланбау; 
-тамақты тез ішпеу, бірыңғай құрғақ тамақтарды ғана қабылдамау, жүріп келе жатып тамақ ішпеу; 
-чипсылар «кириешкилер», шоколадты батондар, гамбургерлер, чизбургерлер, пиццалар денсаулықты бірте-бірте білдіріп бұзады. 
Дұрыс тамақтану тәртібіне мыналар жатады: 
-тамақты белгілі бір уақытта, күніне 4-5 рет қабылдау керек. Тамақтардың әр түрлі болғаны жақсы. 
-Таңертеңгі ас — міндетті түрде ыстық болсын (қарақұмық немесе сұлы жармасы), бұған қоса сүт өнімдерінің бір түрі, көкөністер салаты, қара нан. 
-Екіншіден — жеміс немесе көкөніс шырындары, болмаса сүт, айран, жемістердің (банан, алма, алмұрт, апельсин, т.б.) біреуі. 
-Кешкілік ас — жеңіл болуы керек. Оның негізінен сүт, айран өнімдерінен, жемістерден немесе көкөністерден, жармалардан болғаны жақсы. 
- Балалар тамағының аса маңызды бөлігі су болып табылды. Негізінен қолданылатын табиғи сусындар болуы керек. 
-көкөніс пен жемістердің шырындарына, компотқа, морсқа, көк шайға, болмаса табиғи ауыз суға басымдық берілуі тиіс; 
-қабылданатын тағамның температурасы қатты ыстық немесе суық болмауы керек. 
-тамақтың құрамына жеткілікті мөлшерде витаминдер мен минералды заттар болсын; 
-тәулігіне қабылданатын шикі көкөністер мен жемістердің мөлшері 400 граммнан кем болмасын; 
-балалардың тұрақты белгілі бір уақытта тамақтанғаны жөн; 
-бала тамақтанып отырғанда жазалауға мүлдем болмайды; 
-бір түрлі тамақты күн сайын ішпеген абзал; 
-қысқа үзіліс кезінде жиі-жиі әрі тез (қамырға орап пісірілген сосиска, гамбургер) тамақтар қолдану, семіздікке, зат алмасу бұзылыстарына, қан тамырларының атеросклерозы мен ағзаның ерте қартаюына әкеліп соқтырады. 
Балалар тамақтануында келесі кеңестерді сақтауға ұсынамыз: 
-Ми клеткалары В тобындағы дәрумендер мен никотин қышқылынсыз (РР) дұрыс жұмыс істей алмайды, сондықтан, тағам құрамында балық, бұршақ дақылдастар, жарма, картоп, сүт өнімдері, жұмыртқа, ірі үгітілген ұннан пісірілген нан, ашытқының болғаны дұрыс. 
-Майшабақ, нәлім, сардина, тунец балықтары балалардың ақпараттарды қабылдау қабілетін арттырады. 
-Ауыр жұмыс істегенде, жаңғақ шаршағанды басады. 
-Калий мен кальций ой қызметін жақсартады, ол минералдар кепкен өрікте, жүзімді, пісірілген алмада, йогуртте, ірімшікте, тағы басқа да сүт өнімдерінде көп кездеседі. Ас шаян, кальмар, теңіз шаяны сияқты су жәндіктері зейін қабілетін жинақтауды күшейтеді. 
-Банан баланы күйзеліс жағдайдан айықтырып, сергектік пен өзіне деген сенімділікті, ширақтылықты арттырады. 
-Есте ұстаңыздар! Тамақ дәмді, пайдалы және әр түрлі болсын. Сонда балаларға тағам күш қуат беріп, ақыл - ойды қүшейтеді. Дұрыс тамақтанған балалар – болашақтың сұлу да, сымбатты азаматы болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі

1) Суды аш қарынға  ішіңіз 

2) Ыстық шайды ас  қабылдау кезінде ішіңіз 

3) «Күніне бір алма  сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық

4) Иммунитетті күшейтіңіз 

5) Асты дұрыс қабылдаңыз 

6) Кейбір өнімдерді  қабылдауды шектеңіздер 

7) Барлық аурулар тістерден 

8) Тамақты жақсылап  шайнаңыз 

9) Өз салмағыңызды  қадағалап жүріңіз 

10) Салауатты өмір сүру  салты-ұзақ өмір сүрудің жолы!

 

Тағамды ластандыратын  бактерияларды жұқтырмау үшін:

1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер  мен көкөністерді жуыңыз.

2) Сатып алу, тамақ  əзірлеу жəне сақтау кезінде  шикі, пісірілген жəне пайдалануға  дайын тағамдарды бір-бірінен  бөлек ұстаңыздар.

3) Микроорганизмдерді  жою үшін тамақ əзірлеу кезінде  оларды қауіпсіз температураға  дейін қыздырыңыздар. 

4) Жылдам бұзылатын  тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар. 

5) Мыналарды пайдаланудаң  алшақ болыңыздар:

 

· шикі (пастерленбеген) сүттен жəне құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;

· шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан

· шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;

· пастерленбеген шырыннан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.

2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,

3. www.bonduelle.kz

4. Тағам гигиенасы (29-32бет)

5. http://salauattanu.ucoz.net

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Балалардың тамақтану гигиенасы