Биоценоздың трофикалық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:32, реферат

Описание работы

Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы.

Работа содержит 1 файл

Климат.docx

— 20.19 Кб (Скачать)

Климат (гр. κλίμα (klimatos) — еңкейіс) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің  туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

         Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.

 Атмосферадағы озонның  мөлшері бар болғаны 0,004%-ды  құрайды. Стратосферада (10-50 км  биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді  құрайтын қабат. Атмосферада электр  зарядтарының, Күннің ультракүлгін  радиацияларының әсерінен оттегінің  молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның  жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда  тіршілік нышаны білінбейді. Жер  бетіндегі барлық организмдердің  тіршілігіне қауіпті Күннің өте  қысқа ультракүлгін сәулелерін  сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты  озон қабатын «қорғаныш қабаты»  деп те атайды. Озон қабатының  50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды  10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан  күннің ұзын толқынды ультракүлгін  сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз  мөлшерде тіпті бұл сәулелер  адам үшін пайдалы да: терімізді  қарайтып күйдіреді, организмнің  қорғаныштық қызметі артады. Тал  түсте ультракүлгін сәулелердің  концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін  шаңқай түске дейін жүргізген  жөн.

Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке  жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы  планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына  алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген  зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген  атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың  үстіндегі «озон тесігі» барынша  үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері  қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның  басқа кездерінде озонның мөлшері  нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері  Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық  мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде  жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының  айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.

Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен  өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние  жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна  озон ыдыратушы заттар өндіріліп  отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.

 Озон қабатының бұзылуы  адам денсаулығы мен қоршаған  ортаға өте зиян екендігі ресми  түрде де айтылуда. Озон қабатын  сақтау үшін халықаралық келісімдер  қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында  фреондарды өндіру және пайдалануды  бақылау жайында 70 мемлекет арасында  келісім жасалды. Ол құжат бойынша  озон қабатына қауіпті фреондарды  өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы  керек болатын.

       Қышқыл жаңбырлар.

 Ғаламдық негізгі экологиялық  проблемалардың бірі атмосферадағы  ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға  тасымалдануы. Алғашында бұл проблема  радиоактивті заттардың үлкен  қашықтықтарға таралуына байланысты  пайда болды. Негізінен күкірт  диоксиді және оның қосылыстары,  азот оксиді және оның қосылыстары,  ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер,  радиоактивті заттар сияқты улылығы  жоғары заттардың таралуына баса  назар аударған жөн.

 Күкірт диоксиді мен  азот оксидтерінің жуылуы күкірт  жөне азотқышқылдарының түзілуіне  әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы  табиғи ортаның жалпы қышқылдануына,  айтарлықтай экологиялық өзгерістерге  алып келді. Түзілген қышқылда  р және олардың қосылыстары  жауған жауын- шашынның құрамында,  қардың, жер бетіндегі су айдындарында  және топырақтың құрамында кездесіп  экожүйелерге жағымсыз әсер етуде.  Күкірт диоксиді және азот  оксидтерімен болатын қышқыл  жаңбырлар орман биоценоздарына  үлкен зиян әкелуде. Қышқыл  жаңбырлардан жалпақ жапырақ  ты ормандарға қарағанда қылқан  жапырақты ормандар қатты зардап  шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ  қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде  минералдық тыңайтқыштардың пайдасы  азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін  топырақтарда қатты байқалады.  Адам организміндегі алғашқы  жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы  сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде  пайда болады. Бұл қосылыстарды  әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде.

 Атмосфераны күкірт  диоксидінен қорғау, оларды ауа  бассейнінің жоғары қабаттарында  шашырату арқылы жүзеге асыруға  болады. Ол үшін жылу электр  орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы  керек. Одан басқ а жолы - отынды  пайдаланбас бұрын құрамындағы  күкіртті отынды бөліп алу  қажет.

Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс - улы туман (тұман мен  түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар үш түрлі - ылғалды, құрғақ және мұзды болып  келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық  тип) - газтәрізді ластаушы заттар, шаң  және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен  химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда  болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы  жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ улы  тұман (Лос-Анджелестік тип) - озонның  пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың  тұман емес, көкшіл түтін түзеді. Улы тұманның үшінші түрі - мұзды  улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика  мен Субарктикада антициклон кезінде  төменгі температурада пайда  болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі  мұздың майда кристалдарынан тұратын  қалың тұманның пайда болуына  алып келеді. Сондай-ақ улы тұман  шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға, мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк, Братск, Мехико және т.б. тән. Улы тұман  кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың  ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық реакциялары нәтижесінде қосымша  улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.

 Атмосфералық ауаның  тұмандануы қала микроклиматының  нашарлауына - тұманды күндердің  көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына,  мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы, 1948 жылы 26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында қалың тұман мен  түтіннің қосылуынан (улы тұман)  жолдың көрінуі өте нашарлап  қаланы қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс алуы қиындап,  тамақтары ауырып, көздері ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр  жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен қатар көптеген құстар, иттер мен мысықтар да өлген. 1952 жылы желтоқсанда Лондон қаласында улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам қайтыс болды. Себебі ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті ангидридтің мөлшері қатты көбейіп кеткен. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес қаласында да жылдың ЖЫЛЫ маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялык, тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары (ит, құс) еле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап, көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша, астық тұқымдастар, жүзім және сәнді өсімдіктерге де зияны көп. Алдымен жапырақтары ісініп, біраз уақыттан кейін жапырақтың төменгі жағы ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.

      Шөлейттену

Экожүйедегі тепе-теңдіктің  бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына  алып келетін табиғи және антропогендік  процестердің жиынтығы, яғни, адамның  қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын  үнемсіз пайдалану және т.б. пайда  болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде.

Қазіргі таңда әлемнің  әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің  басты себебі - табиғи ресурстарды  шаруашылықта пайдалану құрылымының  сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің  көлемі 9 млн км²-ге жеткен және жыл  сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі  жалпы жер көлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралияда - 45%, Оңтүстік Америкада - 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.

Орта Азияның таулы  аудандарында, Арал және Балқаш төңірегінде, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның биік зоналы геожүйелерін қоса (Тянь-Шань, Памир-Алай) шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Амудария мен Сырдария өзендерінің  суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз  жерлерінде сортаң, тақыр жазықтықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал төңірегі ландшафтарының деградацияға ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы  табиғи кешендердің тұздың жиналуы  молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.

==Тұрмыстық және өнеркәсіптік  қалдықтар==

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында  өнім ретінде немесе қайта өңдеу  арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар  адам өміріндегі заттарды (монша, кір  жуу, асхана, емхана және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға  аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің  көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса  қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде  қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады.

Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай  қалған улы химикаттар, құрамында  канцерогенді және мутагенді заттары  бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп  ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер  және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі  тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға  ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар  көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО, Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар.

 


Информация о работе Биоценоздың трофикалық құрылымы