Экология - жаңа, жас ғылым саласы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 13:22, реферат

Описание работы

Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.

Содержание

1. Планетаның әр түрлі аймақтарындағы экологиялық мәселелердің өршу себептері
2. Климаттың өзгеруі, озон қабатының азаюы

Работа содержит 1 файл

экология.doc

— 50.00 Кб (Скачать)

1. Планетаның әр түрлі аймақтарындағы экологиялық мәселелердің өршу  
                                                             себептері

 
Қазақтар - тумасынан табиғатты  сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен  ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді. 
 
Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. 
 
Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз. 
 
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. 
 
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. 

                        2. Климаттың өзгеруі, озон қабатының азаюы 
    

        Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Аймақтық Конвенциясы қол қою үшін (БҰҰКӨАК) 1992 жылы ашылды. Ол адамзаттың бу газдарының климат жүйесіне қауіпті антропогенді әсерге жол бермейтіндей болатын деңгейде шығаруын анық көрсетті. Бұл шаралар азық-түлік өндірісіне қауіп тудырмауға және әрі қарай экономикалық дамуды тұрақты түрде қамтамасыз ететін   климаттың өзгерістеріне эко жүйелерді табиғи бейімдеу үшін жеткілікті мерзімде қол жеткізулері қажет. Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Аймақтық конвенциясы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 4 мамырда бекітілді. 1997 жылғы 11 желтоқсан Киот жапон қаласында БҰҰ қамқорлығымен өткізілген халықаралық саммитте климаттың жаппай өзгеруі жөніндегі БҚҚ Конвенциясының Хаттамасына 159 ел қабылдады және қол қойды. Киот хаттамасы – бұл 1990 жылмен салыстырғанда бірінші есепті кезеңде (2008-2012 жж.) атмосфераға газ шығынын азайту бойынша іс-шараларды қабылдау туралы келісімді қарастыратын халықаралық келісім-шарт. Бүгінгі күні Киот хаттамасының тараптары 192 ел болып табылады. Қазақстан климаттың өзгеруі туралы Киот хаттамасын 2009 жылғы 26 наурызда бекітті. Қазақстанның Киот хаттамасының мақсаттары үшін 1-ші Қосымшаның Тараптары мәртебесі бар. Келе жатқан климаттық дағдарысқа қарсы әрекет етуге әлемдік одақтың үдеп отырған қажеттілігін есепке ала отырып, Қазақстан халықаралық деңгейде халықаралық конвенциялардың, келісімдер мен жобалардың белсенді қатысушысы болады. Климаттың жалпы өзгерістерімен күрес бұл Бизнес үшін мүмкіндіктердің бизнесі. «КазахКарбон» ЖШС бу газдарын шығаруды қысқартудың қазақстандық нарығында әрекет ете отырыпжобаларды әзірлейді және енгізеді, түрлі компаниялар үшін бу газдарын шығаруды басқару жүйесін құрайды. Бұл әрекеттер бизнес пен қоғамның дамуы үшін жағдай жасауға жол береді. Осылайша, КазахКарбон» «климаттың жаппай өзгеруімен күреске өз үлесін қосады».

 

    Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен арақашықтыққа орын ауыстыру,басқа сферамен, әсірісе мұхитпен байланысы жатады. Адам атмосфераны әр түрлі параметрлеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру электромагниттік және тағы басқасы әсер ететін. 
  Атмосфераның озон мәселесі адам қызметтеріне қатысты өзара байланысты екң аспектісі бар;жоғары қабаттағы бұзылу және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы. 
  Озон қабаты полюстерде 9-30 км,экваторда -18-32 км биіктікте орналасқан.Ондағы озонның концентрациясы 0,01-0,06мг/м.Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса,оның қалындығы 3-5 мм құрайды.Озонның мөлшері сантаметрмен немесе Дапсон бірлігімен есептеледі. 
  Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегң молекуласының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі.Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі.Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап ,оттегіге айналу процесі жүреді.Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сәулелердің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады. 
  Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшері кемуі байқалады.Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему үш пайызды құрайды.Мәліметтер бойынша озонның бір пайызға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін бес-жеті пайызға арттырады. 
  Озонның  ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған.Мұңда соңғы отыз жылда озонның мөлшері қырық-елу пайызға кеміген.Озонның концентрациясы кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті озон тесіктері деп атайды.Тесіктің көлемі жылына төрт пайызға артып отыр.Қазіргі кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық.Сонымен қатар,көшіп жүретін тесіктердің пайда болуы жиілеп барады.Озон тесігінің пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған.Олар алғаш рет осы ғасырдың сексенінші жылдары байқалған.Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүнкіндік бермейді. 
  Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып табылады.Бұл хлорфтар –көміртектер бөлме температурасында қайнайды.Олар тоңазытқыш құрылғыларда,әр түрлі балландарда тасымалдаушы –газ ретінде қолданылады.Қазіргі кездегі фреондардың мөлшерін кеміту және болашаққа өңдіруді тоқтатуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін елу пайыз кеміту және оларды басқа пропилленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.Бірақ,жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады.Бірқатар елдерде АҚШ,Ұлыбритания,Франция фреондар гидрохлорфтор көміртек немесе гидрофтардың алмастырылуда. 
  Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды.Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі.Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады. 
  Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшеріе жабылуымен түсіндіріледі.Соңғы жылдары ғалымдавр озон тесіктерінің пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр.Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек  табиғи процестерге байланысты,соның ішінде күн белсенділігінің он бір жылдық циклімен ,екені туралы жорамал айтады. 
  Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі, ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады.Сонымен қатар ,Антарктиданың үстінде озонның тарлуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда. 
  Атмосфераның төменгі қабаттарындаозон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады.Ол жағымсыз иістерді,кейбір канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті.Бірақ,жоғары концентрацияда күшті у болып табылады.Адамда ол тыныс алуды қиындатады,көзді тітіркіндіреді,өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап,хлорофиллді бұзады. 
  ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалады.Мәселен,1987-шы жылы Антарктида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып,ол жеті млн км2 аумақты қамтыған.Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды.Нәтижесінде, оның негізгі көзі – хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды.Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырып, хлор тотығын түзеді.Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады.Нәтижесінде озонның жұқару процессі басталып, костостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. 
  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлеметі бойынша атмосферадағы  озонның бір пайызға азаюы ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған, адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол ашатыны дәлелденген.Осыған орай 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конфенция қабылданды.Оның мақсаты – озон қабатың бүлдіретін заттарды шығаруды тоқтату, осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде.  
 


Информация о работе Экология - жаңа, жас ғылым саласы