Экология пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 08:17, реферат

Описание работы

Экология пәні - Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі коршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастан кешіреді. Мұнымен бірге ағза туыстас және туыстас емес тіршілік иесі ретінде және тіршілік ортасына әсер етеді. Сан алуан ағзалардың орасан көп мөлшері өмір сүретін болғандықтан, тірі табиғат күрделі де тірі ағзалардың өзара және олардың коршаған ортамен байланысты үйлесімді жүйесі болып саналады. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді.

Работа содержит 1 файл

Экология пәні.docx

— 18.67 Кб (Скачать)

Экология пәні - Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі коршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастан кешіреді. Мұнымен бірге ағза туыстас және туыстас емес тіршілік иесі ретінде және тіршілік ортасына әсер етеді. Сан алуан ағзалардың орасан көп мөлшері өмір сүретін болғандықтан, тірі табиғат күрделі де тірі ағзалардың өзара және олардың коршаған ортамен байланысты үйлесімді жүйесі болып саналады. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және коршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі - экология зерттейді. Экология сөзі гректің «оіkоs» - үй-жай және «lоgos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» (1866) жөнө «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінен ғылымға енді.Мазмұны 

1 Экологияның міндеттері

2 Пайда болудың тарихи кезеңдері

3 Экология бөлімдері

4 Пайдаланған әдебиет

Экологияның міндеттері

Экология жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді. Белгілі аумақта әр алуан агзалар бірлестіктері арасындағы заңдылықтарды анықтайды.

Пайда болудың тарихи кезеңдері

Экология ғылыми пән ретінде XX ғасырда қалыптаса бастады, алайда арғы басталу тарихы швед биологы К. Линней (1707-1778) еңбектерінен, XVIII ғасырдан есептеледі. Ол түрге ғылыми атау берген кезде анықтаушы сөзі ретінде тіршілік ортасына байланысты орман, шалғын, егістік, тау, батпақ және т. б. сөздерді пайдаланды. Бұл К. Линнейдің ағзаны тіршілік ортасынан бөле қарамағанын көрсетеді. Франңуз биологы Жан Батист Ламарктың (1744-1829) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол еңбектерінде жануарлар мен есімдіктер эволюциясының ең маңызды себебінің бірі ретінде ең алғаш сыртқы факторлардың рөлін бөліп керсетті.

Өсімдік және жануарлар ағзаларының өзара бірлестіктерін, коршаған тіршілік ортасын экологтар зерттейді. Нақтылы географиялық таралу аймағы (ареалы) ағзаларды зерттейтін жаңа ғылым - биогеографияны жасаушы, неміс ғалымы және жиһанкез А. Гумбольдт (1769-1859) экологияның дамуына үлкен үлес қосты. Экологиялық идеяны одан өрі қабылдауға ғылыми бірлестікті дайындауда Ч.Дарвиннің еңбектері, ең әуелі эволюцияның қозғаушы күші ретіндегі табиғи сұрыпталу теориясы көрнекті орын алды. Дарвин микроэволюция қозғаушысы болып табылатын табиғи сұрыпталуға қоршаған орта факторының шешуші рөлін ең алғаш керсетті. Орыс биологы К. Ф. Рулье XIX ғасырдың ортасында қоршаған ортамен жануарлардың өзара арақатынасына арналған зоологияға бағыт беруді дәлелдеді. Экологияның дербес ғылым болып дамуы тек XX ғасырда басталды.

Экология бөлімдері

Экологияның негізгі болімдері - аутэкология, демоэкология және синэкология.

Пайдаланған әдебиет

Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900-шы жылы қалыптасты. «Экология» терминін 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Демек, бұл біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін басынан кешіріп отыр. Экология грекше oicos - мекен, үй және logos- ғылым деген ұғымды білдіреді. Экология сөзбе– сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым. Экология ғылымына берілген анықтамалар бар. Дегенмен, осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология – организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Мысалы, «ұзақ мерзімдік қолданыс» үшін ең қолайлысы «Экология – қоршаған ортаның биологиясы» деген анықтама болар еді.Отандық экологтардың бірі А.С.Данилевский: «Экология- экологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым» деп анықтама берген.

 Экология мынандай 3 бөлімнен тұрады:

1. Аутэкология

2. Демэкология

3. Синэкология

 Қандай да бір түрге жататын дара организмнің немесе организмдер тобының қоршаған орта жағдайларымен қарым – қатынасын зерттеу жалпы экологияның негізгі бөлімдерінің бірі – аутэкологияның үлесіне тиеді. Әдетте, аутэкологиялық зерттеулер осы күнгі ботаникалық, зоологиялық, салыстырмалы – физиологиялық және басқа да еңбектердің маңызды бөлігін құрайды. Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген тірі ағзаны – жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым – қатынасын зерттейді.

 Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған, яғни оған мұраға өткен табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді.

 Қоршаған ортаға бұл ағзаны қоршап жатқан, оның күйі мен тіршілік қызметіне тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.

 Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп атайды.

 Экологиялық фактор дегеніміз – ағза бейімдеушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.

 Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі.

 Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі. Яғни температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы.

 Биотикалық факторлар – бұл тірі ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері. Яғни қоршаған ортаның жан – жануарларға әсер етуі.

 Антропогендік факторлар – адам қызыметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы. Яғни зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы.


Информация о работе Экология пәні