Қоршаған ортаның химиялық ластануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 20:21, реферат

Описание работы

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түіп отырады.
Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.

Содержание

1. Қоршаған ортаның ластануы
2. Көміртегі оксиді және монооксид
3. "Озонның жұқаруы"
4. Азот оксидтері
5. "Смог"
6. Фотохимиялық тұман.

Работа содержит 1 файл

Қоршаған ортаның химиялық ластануы.doc

— 252.50 Кб (Скачать)

Қоршаған  ортаның химиялық ластануы 
 
 

ЖОСПАР: 

1. Қоршаған ортаның  ластануы 

2. Көміртегі  оксиді және монооксид 

3. "Озонның  жұқаруы" 

4. Азот оксидтері 

5. "Смог" 

6. Фотохимиялық  тұман. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

    Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып  отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түіп отырады.

     Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі.

     Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан . Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

    Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері – адамның басын айналдырыды, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер  немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Элект станциялары, түрлі-түсті метал өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өндейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.

   Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. 

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттардың бірі күкірттің қос тотығы коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамына күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.

    Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.

Қоңыр көмірді  жағудың нәтижесінде ауаға күл  бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы  мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиян келтіреді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.

     Цемент зауытынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

     Организнін осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына баланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді. Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар  және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал болып келеді.

Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде  жинала берсе, онда созылмалы улануға  ұшырайды. Оның басты белгілері: адамның тез шаршағыштығы немесе  үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмытшақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейіннің төмендеуі. Улы заттар адамның қан айналым мүшелеріне, жүйке-жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке-жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына , жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады. Дәрігерлер адамдардың әр түрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен қатар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарға қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлік ісік аурулаы сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесетін болды. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесінде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.

      Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нәрестелерінің организмінде улы газ бірінші жылы олардың қанында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық, желім, бензин, эфир, еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға шығарылады. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге түссе жүйкені, миды, асқазанды және өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мүмкін.

Ендігі жерде біз, қоршаған ортаның қазіргі заманға нақты проблемаларына тоқталамыз.

Қазіргі кезде  бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

    1. Физикалық ластану – радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
    2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозольдар.
    3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
    4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.

      Биосферадағы  ластану процеін 3 кезеңге бөлеміз:

      • Ластаушы заттардың таралуы;
      • Ластағыштардың биомассаға енуі;
      • Ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.

    Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге дейін ғана көтере алады. Ал, зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады.

Қоршаған ортаның  химиялық ластануының кейбір түрлері  қазіргі кезде глобальды экологиялық  проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған  “Жылу эффектісі”, “Озонның жұқаруы”, “Қышқыл жауындар”, “Фотохимиялық тұмшалар” және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.

Адам баласы әсіресе, атмосфера ауасының ластану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластануына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ тоқталуы жөн көрдік. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырақ, су бетінде келіп, одан адам организміне түседі.

    Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалындығы 10-18 км. қашықтықты қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз. 

     Көміртегі оксиді және монооксид. Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді – улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның қанындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп ауру туғызады.

    Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбәр 10 жыл сайын 2%-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың тууына себеп болып отырады. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т.б газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқылы газдарының қызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процетін тездетуде. Мәселен, XXI ғасырдың 20-жылдарында көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029% болса, ал 90-жылдары – 0,035%-ке жетіп, 20%-ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1 С-қа, ал 2050 жылдары екі есеге өсе түстетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компьютерлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температурасы жақын жылдары 1,5 – 4,5 С-қа жетуі әбден ықтимал.

    Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мұхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда “топан су” қаупін туғызары сөзсіз.

Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін қаупті проблема. Міне, соның бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн. 

“Озонның  жұқаруы”. XXI ғасырдың 80-жылдарында  атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында озонның мөлшері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км аумақты қамтыған. Осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында оның мөлшері 50%-ке жеткен.

    Осы жағдайға байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып “озонның жұқару” себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі – хлорфторкөмірсутектік (фреондар) қосылыстар екені анықталады. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезеңіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде, озонның жұқару процесі басталып, космостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің  еркін өтуіне жол беріп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.

    Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның 1%-ке азаюы қаупі ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталды. Сол сияқты ултракүлгін сәуленің көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін азайтып, жұқпалы аурулардың мендеп кетуіне жол ашатыны дәледеніп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданды. Оның мақсаты – озон қабатынан бүлдіргіш заттар шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД едерінің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде. 

“Қышқыл жауындар” – атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид пен азот тотығы.

Күкіртті  ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен.

Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауағы шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіре бастайды.

Сол сияқты отындарды  жаққан кезде де күкірт қышқылы түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріп отырады.

   

Азот  оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп ормандарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95%-көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40%-автокөлік, 30%-электростанциялар, 20%-өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде,жер шары бойынша жыл сайын амосфераға 60 млн тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, озот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, одан жауын құрамында жерге түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе – тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді.

Информация о работе Қоршаған ортаның химиялық ластануы