Қоршаған ортының адамға зияны

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 19:45, реферат

Описание работы

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Атмосфераның ластануы .......................................................................................4
Судың табиғи және антропогендік ластануы ....................................................10
Радиоактивті ластану ...........................................................................................12
Қатты және қауіпті қалдықтар ............................................................................14
Қорытынды ...........................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................16

Работа содержит 1 файл

Реферат ТКН.docx

— 43.62 Кб (Скачать)

Судың ластанудың антропогендік  сипаты көп жағдайда өндірістік қалдықтарды  төгу, ауылшаруашылық территориялардағы  ластану көзі, сонымен қатар атмосфералық жауын шашынмен антропогендік заттардың  әсерінен ластану болып табылады.  Бұл процестер жер үсті суларымен  қоса жер асты суларын да ластап жатыр. Сонымен қатар дүниежүзілік мұхитты да континенттегі өте  көп жерге жоғарғы сулы горизонтар беріледі, оларды шаруашылықта тіршілік көзі болып оны ішімдікке қолданады.

Мұнай танкерлерінің авариясы, мұнай өндірісінің жарылулары тез  арада экологиялық жағдайдың  және теңіз жағалауларындағы және акваториялардағы, ішкі континенттік су жүйесінің нашарлауына  әкеледі, оның соңғы онжылдықта көп  мөлшерде болуы бекітілген.

Барлық жағдай жағымсыз әреекттерді  жөндеуге бағытталуы қажет. Әсіресе  су объектісін бағалауда оған табиғи және антропогендік процестердің әсері  барысында өте қиын. Ондай жағдайлар  шексіз емес,

 

Радиоактивті  ластану.

Бұл ластану адамзат үшін  және оны қоршаған орта үшін өте  қауіпті болып табылады. Оның себебі тірі организм үшін радиация кері әсерін тигізеді, ал оның шығу тегі – қоршаған ортада кең тараған.

Қазіргі уақытта дүние  жүзін радиацияға байланысты үрей жайлаған. Жапониядағы атом электр станцияларындағы апат салдарынан радиоактивті тозаң АҚШ, Ресей, Қытай жерлеріне түсіп жатыр. Ол желмен, жаңбырмен жетеді. Құдай бетін аулақ етсін, ондай тозаң Қазақстанға жетпейтінін Қоршаған ортаны қорғау министрі мен «Қазгидромет» мекемесінің директоры айтып отыр.

Мамандардың айтуынша, радиоактивтік  сәуле адамның денесіне ешбір  кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады. 

 

Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім. Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді.

Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке душар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бастайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар артып, оның соңы аты жаман ауруға алып барады.

Иммундық жүйе адам ағзасына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зардап шеге береді. Күнделікті өмірде адам өте аз мөлшерде болса да сәулелеленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, табанымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өндіріс орындарынан енеді.

Жай тұрмыста аз мөлшердегі сәуледен қорғануда йодтың пайдасы бар. Оның дәрі түріндегі күнделікті мөлшері болады. Йодты ең көп қолданатындар – жапондар. Олардың түрлі тағамдар мен сусындарына да йод қосылады. Жапондар йодты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген күндік мөлшерден 108 есе артық қолданады. Ағзаға енген қоздырғыш таяқшалары йодқа төтеп бере алмайды. Жапондардың интеллектуалдық деңгейі жоғарылығы мен ұзақ өмір сүруінің себебі осы йодқа байланысты болуы да мүмкін.

Жапонияның зерттеушілері 1945-жылы атомдық шабуылға ұшыраған Хиросима және Нагасаки тұрғындарының иммундық жүйесі 35 жылдан кейін де қалпына келмегенін анықтаған. Ал Қазақстандағы Семейдің осы күнгі тұрғындарының қанында ағзаның қорғанысы үшін өте қажетті ақ жасушалар жетіспейді. Ол аймақтағы қатерлі ісік ауруына шалдыққандарға лейкоз, яғни қан ісігі тән. Зерттеулер көрсеткеніндей, лейкоз ауруы әлі 10 жылға дейін көбейе береді, ал алдағы 40 жыл бойы семейліктердің ісік ауруының өзге де түрлеріне шалдығу көрсеткіші арта түсетін көрінеді.

Украинада іштегі шараналардың омыртқаларынан радиация табылыпты. Бұл – әлдеқашан өтіп кеткен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдары. Сол шараналар өмірге келеді-ау, бірақ есейгенде қатерлі ісік ауруларына шалдығатынын мамандар осы бастан болжап отыр. Шарананың сүйегіне жүргізілген зерттеу нәтижесі Чернобыль аймағында радионуклидтер омыртқаға, тіске және қабырғаға өте тез жиналатынын көрсеткен. Болашақ сәбилердің үлкейгенде ісік ауруларына шалдығу мүмкіндігінің жоғары екені жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатып отыр. Украинада қалқанша без қатерлі ісігі ауруының көбейгені Чернобыль АЭС-інде болған апатпен тікелей байланысты екен.

Сәулеленуден күнделікті өмірде қорғанып жүруде көк шайдың да пайдасы бар. Сондай-ақ апельсин жемісі де өте аз мөлшердегі радиоактивтік сәуленің бетін қайтаруға септігін тигізеді. Мамандар осылай деп жатыр.

 

Қатты және қауіпті  қалдықтар.

Қалдықтар қатты, сұйық және газды күйде болады, оны сақтауда өзгерістерге ұшырайды, ішкі физико-химиялық процестер нәтижесі мен сыртқы ортаға байланысты болады. Осының нәтижесінде  полигондағы қалдықтардың көмілуіне  оны сақтау жаңадан экологиялық  басқа заттардың түзілуіне әкелді. Ол биосфераға енген жағдайда адамзаттың тіршілік ортасына қатерлі сипатқа  ие болады.

Қатты қалдықтар құрылымы бойынша әр түрлі болып келеді. Тамақ қалдықтары, қағаз, металалом, резина, әйнек, ағаш, мата, синтетика  және т.б. заттар. Тамақ қалдықтары құстарды, кеміргіштерді, ірі жануарларды  қызықтырады. Ол өлген органикалық  зат бактерия мен вирус көзі болып  табылады.

Ауыл шаруашылығының қауіпті  қалдықтары – көң сақтау, улану  химикаттарының қалдықтары, химиялық тыңайтқыштар питицидтер т.б. заттар болып  табылады.

Бұл заттардың сипаты тұрақты  болғанымен қоршаған ортаға әсері үлкен  болып табылады.

 

 

 

 

Қорытынды

Адамзаттың табиғатқа  әсері өте ауқымды, атмосфераға, гидросфераға және де биосфераға әсері  өте кең және әр түрлі. Адамзат  өзінің әсерінің арқасында, келешек  өмір сүру ортасын өзі анықтайды, оның экологиялық проблемаларда  шешуде және де оны туғызуда өзіне  байланысты, ол табиғатқа әсер ете  отырып жануарлар мен  өсімдік  өміріне әсер етеді ал ол болса  тікелей адамға яғни ауа құрамына, су құрамына оның сапасына әсер етеді. Ал адамзат шығаратын қалдықтар  өте ауқымды шешілмеген проблемаларының  бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 168 б.
  2. «Табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар

       туралы»  Қазақстан  Республикасының   Заңы, 5.07.1996.

  1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құалы. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. Алматы қ, 2004. 240 б.
  2. Суровцев А.А., Мельников Е.Н., Малеваный С.В., Медведева Н.М., Шарипханов С.Д., Хурсанов С.К., «Тіршілік қауіпсіздігі»  Алматы,  2004.
  3. В.Ситникова. Основы безопастности жизнедеятельности. М., 1997.

Информация о работе Қоршаған ортының адамға зияны