Арнайы экономикалык аймактар

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 00:07, автореферат

Описание работы

Арнайы экономикалық аймақтар алғашқы сатыда жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталды, бұл салалар капитал салымдарын айтарлықтай қажет етпейді және нәтижесін тез көрсетеді. Сонан соң арнайы эконмикалық аймақтардың дамуы басқа салалардан да көріне бастады, оның ішінде шикізаттық сектор да көрініс тапты. Айта кету керек, құқықтық режимдегі айырмашылық елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда аталған аймақтарда басқаша. Бұл айырмашылықтар жеңілдіктерде, елдің қалған территориясындағы шектеулерде, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын құқықтық реттеуден көрінеді.

Работа содержит 1 файл

Arnaiyi eknonomikalik Aimaktar.docx

— 19.65 Кб (Скачать)

Арнайы  экономикалық аймақтар(АЭА)

Арнайы экономикалық аумақтардың дамуы өткен жүзжылдықтың 70 жылдарынан басталады, көптеген елдерде шаруашылық жүргізудің жеңілдетілген жүйесі арқылы экономикалық өсу байқала бастады.

Арнайы экономикалық аймақтардың құрылу мақсаты:

Инвестиция тартуға жағымды жағдайларды қалыптастыру;

 Аудандарды дамытуды жеделдету;

 Нарықтық  инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті  дамыту жағдайларын қалыптастыру;

 өндіріс пен сауда, қазіргі жетілген технологияларды, әлемдік озық тәжірибелерді пайдалану. Арнайы экономикалық аймақ – капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады. Арнайы экономикалық аймақтар алғашқы сатыда жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталды, бұл салалар капитал салымдарын айтарлықтай қажет етпейді және нәтижесін тез көрсетеді.  Сонан соң арнайы эконмикалық аймақтардың дамуы басқа салалардан да көріне бастады, оның ішінде шикізаттық сектор да көрініс тапты. Айта кету керек, құқықтық режимдегі айырмашылық елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда аталған аймақтарда басқаша. Бұл айырмашылықтар жеңілдіктерде, елдің қалған территориясындағы шектеулерде, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын құқықтық реттеуден көрінеді. Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуына сай көптеген арнайы экономикалық аймақтарға тән құқықтық реттеудің төмендегідей механизмдері бар: Белгілі жағдайларға сәйкес белгіленген мерзімде инвесторларды толық және ішінара салықтан босату;өнім шығару, құрылғылар мен шикізаттар тасымалын кедендік төлемдерден босату, бұл принцип қазір кеңірек қолданылады, арнайы экономикалық аймақтар кедендік территория ретінде қарастырылмайды.

Либералдық валюталық режим, шетелдік инвесторлар табысына валюталық және салықтық шектеулердің жоқтығы;

Тіркеу, есептілік және басқа да нысандардың  жеңілдетілуі;

Сәйкес өкілеттілік  шеңберінде аймақта арнайы басқару органдарын құру;

Ғимарат пен  жерді жалдауға, әртүрлі қызмсеттерге жеңілдетілген тариф; -Аймақтағы іскерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін сәйкес инфрақұрылымды қалыптастыру.Қазақстанда барлығы 6 АЭА құрылған, оларды шартты түрде мына топтарға бөлуге болады: 1) өнеркәсіпті-өндірістік аймақтар - «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және индустриялық қосалқы аймағы бөлігінде (Астана қаласындағы ИА) «Астана - жаңа қала»; 2) сервистік - «Бурабай» және құрылыстық қосалқы аймақ бөлігінде «Астана - жаңа қала»; 3) техникалық-енгізу аймағы - «Ақпараттық технологиялар паркі». Бұдан басқа Астана және Қарағанды қалаларында екі ИА құрылған, бұл ретте Астана қаласындағы ИА «Астана - жаңа қала» АЭА құрамына енгізілген. Әлемдік тәжірибе АЭА мен ИА құру халықаралық тауар айналымын жандандыру, инвестицияларды жұмылдыру, экономикалық ықпалдастық үдерістерін тереңдету есебінен жедел экономикалық өсудің факторы болып табылатындығын көрсетіп отыр.Бүгінде Қазақстанның АЭА-ларына өз артықшылықтарын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін проблемалар бар:Оларға мынадай факторларды жатқызуға болады:

реттеу мен басқарудың тиімсіздігі;

   инфрақұрылымға инвесторлар тарту;

   аймақтардың жеке ерекшеліктері есебінің жоқтығы;

   бюрократизация;

   бюджет шығындары тиімділігінің төмендігі.

   АЭА артықшылықтарын іске асырудың негізгі кедергілерін жою және Қазақстандағы бәсекеге қабілетті АЭА құру үшін негіздер жасау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұсынылатын заң жобасының нәтижесінде АЭА құру мен олардың әрқайсысының қызметін жүзеге асыруда мынадай артықшылықтар пайда болады: Әкімшілік пен басқарушы компанияның бірігуі;

   АЭА-ға қатысушылар үшін жылжымайтын мүлікті қосалқы жалға алу;

   әрбір АЭА үшін жекелеген жеңілдіктер;

   «автоматтандырылған мақұлдау» қағидаты;

   АЭА құру мен конверсиялау рәсімі;

   қаржыландыру схемасы;

   «бір терезе» қызметі.

    «Ақтау теңіз порты» АЭА 2002 жылғы сәуірде құрылған. Құрылу мақсаты - өңірдің қарқынды дамуы үшін, республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне өнуін жандандыра түсу, тиімділігі, жоғары оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, жаңа өнімдер түрлерінің өндірісін игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сонымен қатар әлеуметтік проблемаларды шешу.Салалық бағыттылығы: 1) тұрмыстық электр аспаптарының өндірісі; 2) былғары бұйымдарының өндірісі; 3) химия өнеркәсібі; 4) резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі; 5) өзге де метал емес минералды өнімдер өндірісі; 6) металлургия өнеркәсібі; 7) дайын металл бұйымдарының өндірісі; 8) машиналар мен жабдықтар өндірісі; 9) мұнай-химия өнімдері өндірісі. 2014 жылға қарай «Ақтау теңіз порты» АЭА алты қосалқы аймақтан тұратын болады. Бірінші кезеңде, 2013 жылға қарай № 3 қосалқы аймақтың инфрақұрылымы құрылысын аяқтау жоспарлануда. Мәселен, осы қосалқы аймақ аумағында осы жылғы қазан айында байланыстыратын темір жол және тиеу жолдарын, сумен жабдықтаудың сыртқы желілері мен кәрізді, бақылау-өткізу пункттерін, қоршаулар мен электрмен жабдықтау желілерін тапсыру жоспарлануда.Қазіргі кезде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жалпы инвестиция сомасы 93 млн. АҚШ доллары болатын 3 жоба іске асырылды, оның ішінде: өнім шығару көлемі жылына 6 мың тонна болатын теңіз металл конструкцияларының зауыты («Кeppel Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);

   мұнай сортаменті құбырларын шығару зауыты («АrcelorMittal Tubular Products Aktau» акционерлік қоғамы), жобалық қуаты - жылына 60 мың тонна өнім;

   эпоксидті негіздегі әйнекталшықты құбырлар зауыты, («АЗСТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), жобалық қуаты - жылына 400 мың метр құбыр өнімдері.

   Аталғандардан басқа іске асыру сатысында тағы да 9 жоба тұр, олардың үшеуі бойынша құрылыс жүріп жатыр, бесеуі — жобалану сатысында, біреуінің іске асырылуы «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның Сараптамалық кеңесінің шешімімен мақұлданған.«Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушылары мынадай өнімдер шығарады:

   құбыр стеллаждары;

   шыны-талшықты құбырлар;

   құрылыс болат құрастырмалары.

   Бұл ретте өндіріске 1361 адам қатысады. 


Информация о работе Арнайы экономикалык аймактар