Агрономия

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 10:05, реферат

Описание работы

Агрономия (грекше agronomia – жер пайдалану) – ауыл шаруашылығы өндірісінің ғылыми негізі, яғни ауыл шаруашылығы барлық саласы жөніндегі білімнің жиынтығы. Агрономия деп агрономиялық ғылымдар комплексі мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің іс жүзінде қолданылатынын (жалпы егіншілік, агрохимия, агрофизика, өсімдік өсіру, селекция, тұқым өсіру, фитопотология, ауыл шаруашылық этномологиясы, ауыл шаруашылық миллерациясы т.б.) түсінеміз. Агрономия ғылымының негізгі буыны – егіншілік туралы ілім. Бұл топырақтың құнарлығын қалпына келтірудің, өсімдіктердің қоректенуін жақсарта түсудің, ауылшарушылық дақылдарының түсімін үздіксіз арттыра берудің агрохимиялық шараларын белгілейді.

Работа содержит 1 файл

Агрономия реферат.docx

— 22.49 Кб (Скачать)

Агрономия 

      Агрономия (грекше agronomia – жер пайдалану) – ауыл шаруашылығы өндірісінің ғылыми негізі, яғни ауыл шаруашылығы барлық саласы жөніндегі білімнің жиынтығы. Агрономия деп агрономиялық ғылымдар комплексі мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің іс жүзінде қолданылатынын (жалпы егіншілік, агрохимия, агрофизика, өсімдік өсіру, селекция, тұқым өсіру, фитопотология, ауыл шаруашылық этномологиясы, ауыл шаруашылық миллерациясы т.б.) түсінеміз. Агрономия ғылымының негізгі буыны – егіншілік туралы ілім. Бұл топырақтың құнарлығын қалпына келтірудің, өсімдіктердің қоректенуін жақсарта түсудің, ауылшарушылық дақылдарының түсімін үздіксіз арттыра берудің агрохимиялық шараларын белгілейді. Агрономия егістікпен де тығыз байланысты. Қазақ жерінде де диханшылық кәсіп өте ерте заманда – ақ пайда болған. Тарихи деректерге қарағанда VIII ғасырда Ертіс бойын мекендеген Қимақ тайпалары «...аң, балық аулаған, сонымен қатар олар егін шаруашылығымен де айналысқан және қалаларда тұрған... Қимақтар жерді өңдеп, арпа бидай тары, түйебұршақ жүзім өсірген» (Қ.Ақышов «Ертедегі ескерткіштер елесі», «Қазақстан», Алматы 1976 ж).

      Қазіргі кезде агрономия күрделі кешенді ғылым. Оның құрамына егіншілік (тұрақты жоғары өнім алуда топырақ пен ауыл шаруашылығы дақылдарына түрлі тәсілдермен әсер ету), өсімдік шаруашылығы (мәдени дақылдар өсіру), селекция мен тұқым шаруашылығы (дақылдардың жаңа сорттарын шығару және бұрыннан егіліп келе жатқан - сорттарды жақсарту), агрохимия (дақылдардың қоректенуі мен олардың тыңайтқыштарын қолдану), топырақтану (топырақтың түзілуі, жетілуі, құрамы мен қасиеттері және оны тиімді пайдалану), энтомология мен фитопатология (өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан корғау), жеміс және көкөніс шаруашылығы (бағ-бандық-жеміс дақылдарын баптау және көкөніс дақылдарын өндіру), мелиорация (топырақты жақсарту), метеорология (ауа-райы жағдайын зерттеу мен қадағалау) және тағы да басқа жаратылыстану ғылымдары кіреді. Агрономия осы ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдаланады.

     Аталмыш ғылымдардың қай қайсы да коғамның негізгі өндіріс құралы - жерді тиімді пайдалану және оның биологиялық өнімділігін көтеру бағытында зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін өндіріске енгізеді. Демек, егіншілік саласы -агрономия көптеген тетелес ғылымдардың тоғысатын жері.

      Агрономия кешенді ғылым болғандықтан, зерттеу  жұмыстарын зертханалық, вегетациялық, лизиметрлік және егістік тәсілдермен атқарады. Осылардың ең маңыздысы, нәтижелері табиғи өндірістік жағдайға жақын - егістік.

     Агрономиялық, зоотехникалық және инженерлік (техникалық) ғылымдар ауыл шаруашылығы өндірісінің дұрыс технологиясын әзірлеуге және іске асыруға қажет бірыңғай білім кешенін құрайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің механик-инженерлері мен электрик-инженерлері агротехникалық және зоотехникалық талаптар негізіндегі теориялық білімдерімен өсімдік және мал шаруашыльнына кешенді механизацияны қамтамасыз ететін жаңа, жоғары өнімді машиналар жасайды, сондай-ақ жоғары өнім алу мен еңбек өнімділігін көтеру және өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсаттарында техникаларды өте тиімді пайдалану тәсілдерін ұсынады. Міне, неліктен ауыл шаруашылығы өндірісінің әр инженеріне егіншілік пен мал шаруашылығының барлық процесіне техника, автоматтандыру және электртехникалық  машиналарды орынды пайдалануға ең жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін, жаңа жоғары өнімді машиналарды жасауға септігін тигізетін агрономия саласындағы білімнің қажет екендігі.

      Қазіргі кезеңде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі көлеміндегі ауыл шаруашылығы  өндірісінің үлесі айтарлықтай (8.1 – 8.7 %). Ал ауылшаруашылығы адам тіршілігіне қажетті азық-түлік өндіреді, мал шаруашылығын мал азығымен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді. Агрономияның, оның ішінде өсімдік шаруашылығының туу және даму тарихы бар және ол жалпы адамзат прогресімен байланысты. Оның ең көне тарихи жерлері – Қытай, Үнді, Мысыр елдері. ТМД – да бұдан 4-5 мың жыл бұрын қазіргі Украина жерінде, ал Қазақстанда XII-XIV ғасырларда дами бастады. Жер шарында ауылшаруашылығы өсімдіктері 1 млрд гектардан астам егістік жерлерге өсіріледі, оның ең көбі – дәнді (астық және бұршақ) дақылдар 750 млн. га, 110 млн. га , майлы дақылдар (күнбағыс, майлы зығыр, майбұршақ, қыша т.б.) 30 млн. га – дан астам талшықты дақылдар (мақта өсімдігі, талшықты зығыр т.б.) 18 млн. га картоп, 3.5 млн.га шамасында қант қызылшасы.

      Қазақстанда негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі мен жалпы түсімі.

Дақыл, өнім түрі Өнімі орта есеппен Жалпы түсімі

орта  есеппен

1996-1998 ж.ж. , ц/га 1999 – 2001 ж.ж. ц/га Соңғы  3  жылда  алддыңғыға қарағанда  % есебімен 1996-1998 ж.ж. мың  тонна 1999-2001 ж.ж. мың  тонна Соңғы 3 жылда  алдыңғыға қарағанда  % есебімен
Астық 6,9 11,5 166,7 10003,6 13908,5 139,0
Оның  ішінде бидай 6,9 11,2 169,7 7126,5 11008,5 154,5
Шитті мақта 16,9 19,7 116,6 180,7 317,8 175,9
Қант  қызылшасы 121,3 166,7 137,4 231,2 283,2 122,5
Күнбағыс 3,0 5,0 166,7 67,3 119,3 177,3
Картоп  83,0 115,7 139,4 1463,9 1859,9 127,0
Көкөніс 103,7 151,3 145,9 912,3 1538,1 168,6
Бақша дақылдары 67,7 114,0 168,4 222,8 437,1 196,2
 

Аграрлық  өнеркәсіп кешенінің алдында  тұрған ауқымды мәселелерді шешуге агрономия ғылымының ролі зор.

      Агрономия саласындағы басты бағыт –  өсірілетін дақылдарының қоршаған орта факторларына қоятын талаптарын оқып – үйрену және физиологиялық тепе-теңдік пен факторлардың айырбасқа жатпайтындығы туралы заңы (суды ауамен, жарықты сумен, қоректік заттарды жуумен т.б) минимум, оптимум және басқа заңдар негізінде барынша жетілдірген өсіру технологиясын жасау. Агрономияның жалпы сұрақтары ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тіршілік жағдайларын, агрометеорологиялық және топырақтану негіздерін, тыңайтқыш жүйесін, арам шөптер, зиянкестер, аурулар және оларға қарсы күрес шараларын, ауыспалы егістер мен топырақ өңдеу, тұқымтану негіздерін қамтылды.

      Агрономия ғылымы топырақтың құнарлығын арттыру  мен қатар, егістік дақылдарынан жоғары өнім алуға жергілікті білім  жинақтады. Бұл ғылымды дамытуға Отанымыздың ғалымдары үлкен  үлес қосты. XVIII ғасырда А.Т. Болотов (1738 – 1833) орыс агрономия ғылымының негізін салды. А.В. Советовтың «Егіс алқаптарында мал азықтық шөптерді өсіру туралы» және «егіншілік жүйелері туралы «еңбектерінде жердің неғұрлым орынды пайдалануын одан әрі дамытты. Алғашқы орыс агрохимиктерінің бірі А.Н. Энгельгарт болса (1832-1893), топырақ зерттеуші және агроном ретінде В.В. Докучаевты (1846-1903) айта аламыз. Содан кейін орыстың

П.А. Костычев, А.М. Сибирцев, К.К. Гедройд т.б. ғалымдары топырақтану ғылымын одан әрі дамытып, құнды еңбектер жазылды. Елімізде агрономия ғылымының негізін қалауда атақты оқымысты агрономдарымыз Н.Д.Глинка, В.Р.Вильямс, Д.Е. Прянишиников зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар В.П.Кузьмин, К.Бабаев, Сүлейменовтарды айта аламыз. Агрономия ғылымын дамытуда қазіргі В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік Ғ.З.И (Алматы)

А.И. Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ (Шортанды) және басқа ғылыми зерттеу мекемелері, аграрлық университеттер, оның ішінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ А.У (Астана) елеулі үлес қосуда.    

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. Агрономия негіздері

    Авторлары:  И.Сейітов

                  Т.Саудабаев

                  Ш.Әбдірашев

     Алматы  «Ана тілі» 1991

    

  1. Агрономия

    Авторлары:  Қ.Әріпов

                  А.Нағымтаев

                  М.Ысқақов 

                  Н. Серіппаев 

                  И. Жұмағұлов 

    Астана «Фолиант» 2007

Информация о работе Агрономия