Акша теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 13:49, реферат

Описание работы

Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын едi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
Сондай-ақ қоғам дамуының әр түрлi формациясында , сол уақыттың талабына сай ақшаның бiрнеше теориясы дамыды. Олар ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теориялары болып табылады. Олардың экономикалық қызметтi жүзеге асыруда алатын орны өте зор.
Сондай-ақ елiмiздiң егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өту үстiнде екендiгi баршамызға белгiлi. Ал ақша рыноктық экономиканың басты элементтерiнiң бiрi ретiнде ол өте маңызды болып отыр.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Ақша жүйесі түрлі механизмдер арқылы реттеліп отырады.
Ақша бірнеше қызмет атқарады. Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбаста процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк – экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.

Работа содержит 1 файл

Акша теориясы Реферат.doc

— 76.50 Кб (Скачать)

     Несиелiк  механизмнiң арқасында кәсiпорындар мен халықтың ақшалары банктен берiлетiн  қарыздар түрiнде қайтадан айналыс  процесiне түседi.  Сөйтiп, ақшалар  бұл қызметiнде ұлттық табыстың қалыптасу , бөлу және қайта бөлу процесiне дәнекер болады.

     Дүниежүзiлiк  ақша қызметi.   Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы,  дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады.  Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.

     Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел  валютасы) атқарады.  1867 жылы Париж  келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн  алтынға балап бекiттi.

     Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi” , яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi. 

     Бiрақ  алтын айналысы тұсында да ағымдық  халықаралық есеп айырысуларға алдынғы  елдердiң ұлттық валюталары қызмет етедi. 1913 ж. Халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингiнде бейнеленген  аударым вексельдер көмегiмен жүзеге асырылады, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет еттi.

     Бреттон – Вудстағы (1944 ж)  мемлекетаралық келiсiмге келу,  доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар  мәртебесiн бердi.  Кейiннен дүниежүзiлiк  ақшалардың жаңа формалары:  СДР  – арнайы қарыз алу құқығы;  ЭКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi  пайда болды.  Ал 1999 ж.  1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.

     Демек,  дүниежүзiлiк ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелiк ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.

     Қазiргi уақытта дүниежүзiлiк несиелiк  ақшалардың жобалары жасалуда, бiрақ  одан әлi нәтиже жоқ.  Енгiзiлген шартты есептеу бiрлiктерiнiң ( СДР,  ЭКЮ)  өзiндiк меншiктi құндары жоқ, сондықтан  да олар толыққанды түрде дүниежүзiлiк ақшаның қызметiн атқара алмайды . Бұл қызметтi тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Жоғарыда  атап өткендей,  ақшаның өмiр сүруiндегi  объективтi қажеттiлiк  ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болуына негiзделенедi.

     Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бiрi екендiгiне көзiмiз  жеттi.  Оның бес қызметiнiң өзiнен  ақшаның қайталанбас ерекше тауар  екендiгi көрiнiп тұр.  Кез –  келген тауар айналысында ақша айырбас  құралы болып табылады.  Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi.

     Қорыта  келгенде,  ақша – жалпыға бiрдей эквивалент,  ерекше тауар,  онда барлық басқа тауардың құны бейленедi  және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер  арасында еңбек  өнiмдерiнiң  айырбасы  үздiксiз жасала  бередi. Жалпыға бердей  эквивалент  ролi  тарихи  түрде алтынға бейiм .

     Сондай  – ақ ақшаның жалпы құрылымы ,  оның теориялары қоғамның дамып,  өзгеруiмен  қатар бiрге дамып,  жан –  жақты жетiлуде.  Егер де бұрындары  сатып алу – сату процесi жалпыға бiрдей эквивалентпен  алтынмен жүргiзiлсе,  бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда,  сонымен қатар дүниежүзiлiк ақшалар пайда болып,  олардың құрылымы күннен – күнге дамуда.

     Ақшаның әсiресе мемлекет үшiн маңызы зор,  ол арқылы мемлекет бүкiл ел аумағын және сыртқы экономикалық қатынастарды қадағалап,  реттеп отырады.  Ал ақша айналысының  дұрыс жүзеге аспауы ол ел экономикасына ауыр зардаптар тигiзуi мүмкiн,  мысалы инфляцияны атап өтсек болады.  Мемлекет сондай – ақ ақшаны реттеушi құрал ретiнде де пацдаланады,  “ақша – несие саясаттарын” жүзеге асырады.  Ал бұларды орындау үшiн ақшаның жалпы теорияларын бiлу қажет, ақша айналысындағы ақша айналыс заңы,  ақша қызметтерi және ақша жүйесi болып табылады.  
 
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер 

  1. Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, - 466 б.
  2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2000ж.
  3. Деньги,  кредит,  банки:   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г.
  4. Абрамова М.А.,   Александрова Л.С.  /   Финансы,  денежные обращение и кредит.   Учебние пособие – Москва , 1996г.

Информация о работе Акша теориясы