Асель курстык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АС –

ПЕКТІСІ.......................................................................................................................5

1.1Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар......... 5

1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты мүмкіндіктері.............................8

2 АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.............................................................................................10

2.1Аралас экономиканың қалыптасуының материалдық-техникалық негізі.... 10

2.2Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері..........................11

3АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ..............................15

3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері...............................15

3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер және үкіметтің
экономикалық қызметтері..................................................................................19

3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32

Работа содержит 1 файл

Асель курстык жумыс.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

    МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ................................................................................................................3 

1АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АС –

ПЕКТІСІ.......................................................................................................................5

1.1Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар......... 5

1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты мүмкіндіктері.............................8 

2 АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ  ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.............................................................................................10

2.1Аралас экономиканың қалыптасуының материалдық-техникалық негізі.... 10

2.2Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері..........................11 

3АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ..............................15

3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері...............................15

3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер және үкіметтің

экономикалық қызметтері..................................................................................19

3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,

негізгі бағыттары................................................................................................23 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................29 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 
 

    Қазіргі нарықтық экономика аралас экономика болуда. Американдық экономист Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді [1-58 б].

    Аралас  экономика экономикалық өмірдің  нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған  алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл  нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.

    Аралас  экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды.

    Адамзат тіршілігінде нарыққа өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады. Белгілі американ экономисі, «аралас экономика» теориясының өкілі Пол Самуэльсон былай деген: «Біздің экономикалық жүйе — еркін кәсіпкерлердің «аралас» жүйесі болып табылады, себебі экономикалык бақылау қоғам тарапынан жүзеге асады» [2-62 б].

    Әртүрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің экономикалық рөлі жайлы теория К. Маркс пен В.И. Лениннің еңбектерінде терең қаралған. В.И. Лениннің жаңа экономикалык саясат негізінде (НЭП) 1921-ші жылы Ресей экономикасына нарықтық қатынастарды ендіру кезіндегі мемлекеттің рөлі жайлы ойлары өте құнды.

    Жаңа экономикалық саясат еркін сауданы өндіруді межелеп, жаңа жағдайдағы мемлекеттің рөлін анықтады.

    Бұл жөнінде Т.К.Оралтаев былай деп жазған болатын: «мемлекеттің бақылауынан қашпайтын дүрыс саудадан біз қашпауымыз қажет, оны дамыту бізге ыңғайлы» [3- 522 б].

    Аралас экономиканы өте терең зерттеген ағылшын экономистері — Дж. Кейнс, Рой Харрод (1890-1978 жж.), Джоан Робинсон (1903 ж.) және американ экономисі Элвин Хансен (1887-1975 жж.) де болды.

    Әлемдік аралас экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына іәсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.

    Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел аралас экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

  1. Инфляция деңгейінің тұрақтануы.

    2.Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Соңғы жылдарда тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама аралас экономикалық өсуге қол жеткізді.

  1. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда.

    Қазіргі кезде Қазақстанда қолданып отырған  сыртқы сауда режимі, баға жасау  еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы  бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр.

    Қазақстан да дәл Ресей секілді Еуразияның орталығы, ендеше, ол да геосаяси базисті таныта отырып, болашақтағы Еуразиялық Одақтың құрылымдары айналып тұратын алтын діңгек болып табылады. Бұл құрылымдар алғашқыда әлеуметтік-экономикалық интеграцияның аймақтық орталықтары болып есептелінеді, олар болашақта қуатты саяси, аралас экономикалық бір одаққа бірлесе алады, осылайша аралас экономика бүкіл әлемдік және аймақтық экономика тұрғысынан алғанда әлемтағдырында орасан зор рөл атқаруы мүмкін.

    Сонымен, аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Аралас экономикада нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады.

    Жоғарыда  көрсетілген негіздерге сүйене отырып, курстық жұмыстың тақырыбы мемлекетіміздің экономикасының дамуындағы өзекті мәселелердің бірін қамтыған тақырыптардың бірі болып табылады деуге әбден болады.

      Ал, курстық жұмыстың негізгі мақсаты: аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғы-шарттарды, аралас экономиканың қалыптасуының материалдық-техникалық негізін, аралас экономика жүйесі оның басты ерекшеліктерін, аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің  үлгілерін, реттеудің әдістері мен негізгі бағыттарын анықтау.

Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік мәнін ашуда Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары мен жобаларын, сондай-ақ, О.Ю. Мамедов, Дж.Гелбрейт, П.Самуэльсон, Я.Әубәкіров, В.Н.Черковец, Ч.Макмиллан сияқты Қазақстан және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері мен экономикалық дамудың негіздерін реттеу мен жоспарлау туралы ұсыныстарын қолдандым. 
 
 
 
 
 

    1АРАЛАС  ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  

АСПЕКТІСІ 

    1.1Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар 
 

    Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына  ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: «Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы азаматтық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудің куәсі болар. Ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгіліктен қосуға бағытталған». Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.

    Екінші  жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі  өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын – аралас экономиканы туғызады.

    Тауарлы өндіріс – аралас экономика, өйткені  мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

    Аралас  экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік  жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан  болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болады. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализмде емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

    Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін  талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс – аралас экономиканы  сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды анықтайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің «ескертуімен» өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.

    Шаруашылықты  жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын  айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның  бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін  басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі – аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

    Әр  түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-ң немесе ГФР-ң экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-ң, ГФР-ң экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-ң немесе ГФР-ң қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капитализмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гелбрейт «Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс» деп жазды [4-60 б]. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч.Макмиллан жақтап                        К. Линбломның мына сөздерін келтіреді: «Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі – бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өндірісті дамытудағы бірден-бір мүдде – сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды, оның дамуы үшін мемлекеттік реттеуді енгізу керек»[5-87 б]. Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикада классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді. 

Информация о работе Асель курстык жумыс