Ақшаның пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:59, курсовая работа

Описание работы

Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.

Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.

Содержание

КІРІСПЕ

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1.1.Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.

1.2.Ақша қызметтері және функциялары

ІІ АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

2.1. Ақша айналымы және ақша жүйесі.

2.2 Ақша айналыс заңы.

2.3.Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері.

ІІІ АШҚАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ

3.1. Ашқа - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi

3.2. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті

VІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ

4.1 Банктің валюта-айырбас есебі

ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Ақшаның пайда болуы курстық жұмыс.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 

Туран университеті 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 
 

Тақырыбы: Ақшаның пайда болуы және  мәні 
 
 

                                                   Орындаған: Бектимисов А.

                                               Тексерген: Салтанат С. 

                

                                                                              Алматы 2009 ж 
 
 
 
 
 
 

ЖОСПАР 

КІРІСПЕ

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1.1.Ақшаның  шығу тегі қажеттілігі  және  экономикалық мәні.

1.2.Ақша  қызметтері және функциялары

ІІ  АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

2.1. Ақша  айналымы және ақша жүйесі.

2.2 Ақша айналыс заңы.

2.3.Ақша жүйесінің құрылымы және түрлері.

ІІІ АШҚАНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРI, ҚЫЗМЕТТЕРI ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ

3.1.  Ашқа - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi

3.2.  Ақша -  тауардың жалпы эквиваленті

VІ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ  РЕТТЕУ

4.1 Банктің валюта-айырбас есебі

ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

 

      Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетедi. Қоғамның экономикалық  дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкiн емес /1, 23б/.

      Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.

      Ақша - ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметiн атқаратын  және жалпыға бiрдей болама, яғни, басқа тауарлардың жалпығңа бiрдей баламалың  құнының нысаны.

      …бiр  кәсiпкер өзiнiң жұмысында үнемi ақша бiрлiгiмен  қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлың өнiм. Ол натуралдық  шаруашылықың тауарлың шаруашылыққа ауысу кезеңiнде пайда болды. Осы ауысу кезеңiне себеп болған адамдардың шығарылған  өнiмдерiнiң артық болып, «айырбастау» процессiнiң шығуы. Айырбастау үшiн өнiм «тауарға» айналды. Сөйтiп науралдың -өндiрiстiң орнына тауарлы өндiрiс келдi.

    Ақшаның қажеттiлiгi туралы әр уақытта  әр түрлi ойлар айтылған. Мысалы, рационалистiк концепцияны (ақыл-ой талабына ғана енгiзілген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келiсiм құралы, ол айырбас кезiнде құндардың қозғалысына қажеттi арнаулы құрал деп түсiндiрдi. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзiнiң ²Никомахова этика² деген кiтабында ²Айырбасқа қатысатындардың барлығы өзара салыстырмалы болу үшiн шарттылыққа негiзделген әлдебiр өлшем болуы қажет² деп жазған /2,24б/. Бұл ой көне Рим қоғамындағы заңға енгiзiлiп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекiткен.

      Ал, XVI ғасырдың бас кезiнде (1516 ж.)  утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң ²Золотая книга о наилучшем устройстве государства и новом острове Утопия² деген еңбегiнде ²барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттiк iстердiң табысты және дұрыс шешiлуi мүмкiн болар ма екен² деп жазған /2, 24б/.

      Сондай-ақ, XIX ғасырда утопист-социалистер Прудон, Оуэн, Грейт және басқалары да ақшаға терiс көзқараста болды. Мысалы, Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Сол сияқты 1832 ж. Р. Оуэннiң тауарларды ақшасыз ²еңбек бондарын²  қолданып, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргiзуге ұмтылған әректтерi сәтсiздiкпен аяқталған.

        Сөйтiп, рационалистiк концепцияны  жақтаушылар тобы – ақша адамдар арасындағы келiсiмнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста болды.

       Ал, эволюциялық концепцияны (өрiстеу, бiрте-бiрте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл ²жұмбақты² басқаша шешкен. Бұл концепция қоғамдық тауар өндiрiсiн зерттей келiп, ақша адамдардың еркiнсiз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесiнде бүкiл тауарлар әлемiнен бөлiнiп шыққан ерекше тауар екенiн дәлелдейдi.

       Алғашқы болып ақшаның тауарлы  жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының  дамуына көп еңбек сiңiрген  К.Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым формасынан  ақшалы формасына дейiнгi ұзақ даму жолдарын зерттей келiп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ, К.Маркс ақшаның қажеттiлiгi жөнiнде ²егер ақша жойылса, бiз қоғамдық өркендеудiң не ең жоғарғы дәрежесiнде болармыз, не ең төменгi сатысына лақтырылып тастармыз² деп өз ойын қорытындылаған. Ал, коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, ақша бар және одан әрi де бола бермек /2, 25б/. 

    Ақша  айналыс құралы қызметiн атқаратын  болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады

       Ал, қазiргi кездегi нарықтық экономикада  ақшаның маңызы өте зор. Мен  өзiмнiң осы курстық жұмысымда  – ақшаның экономикада қаншалықты маңызды рөл алатынына тоқталып өттiм. Және де тек маңыздылығы на ғана емес, сонымен қатар ақшаның атқаратын қызметтерiне, оған деген сұраныстың туу себептерiне, ақша ұсынысына және ақша нарығындағы тепе-теңдiк жағдайларына да тоқталып өттiм.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Ақшаның шығу тегі қажеттілігі  және экономикалық мәні.

 

          Ақша  ерте заманда  пайда  болды, олар  тауар  өндірісінің дамуындағы  бірден-бір  шарты   және  өнімі болып  табылады. Тауар -бұл    сату  немесе айырбастау үшін жасалынған  еңбек  өнімі. Заттың  тауарға  айналуы, ақшаның  пайда  болуы  объективті  алғы  шарттарды құрастырады.  Бір  кез  келген  зат  тауар  бола  алмайды. Егер  тұтыну  құны  өз  сатып  алушысын  таппаса  немесе қоғам  тарапынан  мойындалмаса   мұндай  бұйым  тауарлы формаға  ие  емес,  өйткені  оның  қоғамға  қажеті  шамалы. Алғашқы  қауымдық  құрлыс  кезінде  бір  тауардың  басқа  бір тауарға  кездейсоқ  аййырбасталу  барысында   айырбас құнының  жәй  немесе   кездейсоқ    формалары  қолданылады.      

           Тауар өндірісінің өсіуіне байланысты  неғұрлым    жиі айырбасталатын  тауар барлық  басқа тауарлардың бір-бірімен өзара   айырбастау   құрамы   бола  бастады.  Осыдан келіп құнын   толық   немесе   кең   көлемдегі формасынан  жалпы   құндық     және осы   тауарлар  ақша  деп аталады. Бір халықтың  өзіне әртүрлі   уақытттарында және әртүрлі   халықтарда  бір мезгілде  әртүрлі эквиваленттер болады  сонымен қатар.

  1. Ірі  еңбек  бөлінісінің  нәтижесінде  мал  бағушылардың бөлініп  шығуымен  мал  айырба с құрамына  айналады.
  2. Солтүстік халықтары  ең  бірінші  тауар ретінде айырбас  үшін  жүнді  пайдаланады.
  3. Жылы  теңіздердің  жағасын  мекендегендер  айналыс құрал  ретінде  бақалшақ  пайдаланады.

        Өнермен жер  иеленушілердің  бөлінуімен эевмваленттің жетілуі  жалғасты  бөлінушлік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері  бар  эквиваленттер пайда болады. Бұл аз бұзылатын  өсімдік  өнімдері күріш,какао құйма түріндегі .Жалпы  эквивалент  ретінде металда  пайда болады .Металл ақшаның артықтылығы біркелкі төзімді ұсақтанады.Металл ақшаның кең таралуымен ақша есебінің салмақты жүйесі нақтылана түсті.Кейін келе металдың  арасында басты рөлді алтын мен күміске өте бағаланды,өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие б.ғ.д.13ғ салмағы көрсетілген құймалар болады. Монеталардың пайда болуы ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.Алтын жеке айналыс құралы болғанда монометализм леп аталады.Алтын мен күміс қатар жүрген кезле  бейметализм деп аталады.Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді кез-келген тауар айналысында ақша айналыс құралы болып табылады.Тауар және бір-бірімен бөлінбейді ақша айналысы болса онда тауар айналысында  болады.Ақша жалпы бірдей  эквивалент ерекше тауар онда  барлық басқа  тауардың құны бейнеленеді және оның делдал  ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімднрінің айырбасы үздіксіз  жасалына береді.Ақша -өндіруімен бөлу процестерінде адамдар арасында  белгілі бір экономикалық  құжаттар  қатынастарда көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық  категория болып табылады.Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның 3 қасиетінің бірігуі мен көрініс табады.

  1. Жалпыға тікелей  айырбасталу.
  2. Айырбас құнының дербес формасы.
  3. Еңбектің сырттық заттық өлшемі.

            Ақшаның пайда болуы мен мәні  жайлы біркелкі шешімін тапқан  жоқ.Экономикалық мектеп өкілдерінің  бірі ерте дүниедегі грек ойшылы  Аристотель ұсынған қағидаға  сүйене отырып, ақшаны-белгілі шарт,адамдар  арасындағы саналы келісім нәтижесі  ретінде бекіткен тауарды айыр-бастауға қажетті құрал ретінде қарастырған.Үшінші өкілдері өзінің табиғаты бойынша алтын немесе күміске жататындығын айтқан.

      Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «тауар құны қатынасында қорытындылатын,құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын ьнйнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек.Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».

        Тауардың айырбасталу кезеңінде  құнның көрінісі  төмендегідей  түрге ие болады:алғашқысы жай  немесе кездейсоқ,ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар  тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды.Бір тайпалар малмен айналысса,ал екіншілері-жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  Ақша айналымының қызметтері

      Барлық  шаруашылық  жүргізуші субъктілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті  шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін,әдетте , осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік   құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республиккасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.Банк шоттары-бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс.Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.Корреспонденттік шоттар- банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда  келесі әдістерді:қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды;чектерді беруді;вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;төлем карточкасын пайдалануды;тікелей дебеттік банкі шоттарына  аударуды;тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;инкассалық жарлығын ұсынуды;республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.                                                    

Информация о работе Ақшаның пайда болуы