Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 08:03, реферат

Описание работы

Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, соның ішінде экономикалық өмірі мен ой – санасының қалыптасуы, салты мен тіршілік тынысы, елдің шаруашылық жүргізу тәсілі – номадтардың тұрмысына ұқсас құрылған. Сондықтан көшпелі халық – номадтардың қоныс аударуы, жаз жайлауда, қыс қыстауда, сол халықтың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын саяси - әлеуметтік артықшылығы, тіпті экология жағынан да өркениетті құбылыс.
Жалпы “Номадизм” – “номасрад”, “номадес” деген грек сөзінен шыққан – малшылардың “көшпелі” өмір - салты дегенді білдіреді.

Работа содержит 1 файл

Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы.docx

— 18.78 Кб (Скачать)

Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, соның ішінде экономикалық өмірі мен ой – санасының қалыптасуы, салты мен тіршілік тынысы, елдің  шаруашылық жүргізу тәсілі – номадтардың  тұрмысына ұқсас құрылған. Сондықтан  көшпелі халық – номадтардың  қоныс аударуы, жаз жайлауда, қыс  қыстауда, сол халықтың кеңістікті, табиғатты тиімді пайдалану, өндіргіш күштер мен  өндірістік қатынастар сипатынан туындайтын саяси - әлеуметтік артықшылығы, тіпті экология жағынан  да өркениетті құбылыс.

Жалпы “Номадизм” – “номасрад”, “номадес” деген грек сөзінен  шыққан – малшылардың “көшпелі”  өмір - салты дегенді білдіреді. Ол адамдардың көшпелі, мал шаруашылығына  өтумен байланысты - номадизм  Еуразия  таулы – далалық тайпаларының ортасында біздің дәуірімізге дейінге  екінші мың жылдықтың соңы мен  бірінші мың жылдықтың басында  пайда болып, Орталық және Батыс  Азияның бірсыпыра елдерінде  сақталды.

Ғасырлар бойы біздің  ата - бабаларымыз бір – бірімен  кездескен сәтте, алдымен “мал –  жан аман ба?” деп саулық сұрасқан. Малды бірінші кезекке, содан  кейін барып жанды, денсаулықты  қойған. Бұл мысал – Қазақстан  малшыларының көшпелі өмір-салты  экономикасында номадизмінің басым  болғандығының дәлелі.

Әл - Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті  жарғы” –

 заң ескерткіші.

Шығыстың оқымысты ғұламасы, аса көрнекті философы - Әбу Насыр Мухаммед  Әл – Фарабидің (870-950 жж) ғылыми қызметі ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдени дамуына айқын дәлел бола алады. Сондықтан да, халық арасында ол “Елдің мұғалімі”, “Шығыстың Аристотелі” деген құрметті атаққа ие болды. Әл – Фараби бірсыпыра материалистік идеялардың авторы, адамзаттың  ақыл – ойы мен тұрмысының тұтастық диалектикасын ашып көрсетті. Өзінің ғылыми көзқарастарымен, уақыттан озып туған Әл – Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика т.б.) және практикалық этика, (политика, философия) деп екіге бөлді. Әл – Фараби өзінің ғылыми трактаттарында дүние мен оның мән – маңызы, сезім мен ақыл – ой органдары арқылы танылады деп дәлелдеді. Көне Қазақстан ғылымына Әл – Фарабидің қосқан үлесі аса зор және жемісті болды. Логика, медицина, анатомия, философия және юриспруденция, математика – ұлы ойшыл өзінің терең ақыл – ойымен қамтыған, оның білім салаларының шеңбері болып саналады. Оның негізгі шығармалары: “Кемеңгерлік гаммалары”, “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы  трактаттары”, “Ғалымды саралау туралы трактат”, оның оқымыстылығының, кең таным шеңберлігін және қазақ малшыларының көшпелі өмір салтын салыстыру ойлары тағы да бір дәлел.

Мысалы Әбу Насыр Әл-Фарабидің  “Ізгілікті қала  тұрғындарының  көзқарастары туралы тракттары” ғылыми тұжырымдар ретінде қазақстанның экономикалық теориясының негізі. Мұнда  бір  адамның қажетін екіншінің қанағаттандыруы, қоғамдық тұтастыққа әкеліп, өзара қарым қатынастар туғызып, адамзат қоғамын құру жолдары көрсетілген. Әл-Фарабидің экономикалық категориясында қала тұрғындары жай ғана адамдар тобы ғана  емес, өндіргіш күш және адамзат қоғамын құрушы фактордың негізі, олар бірлікке, қайрымдылыққа шақырған. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуалды, оны талдау, зерттеу, қазіргі экономистердің міндеті.

Ұлы «Жібек Жолының» Қазақстанның жерімен өтуі мал шаруашылығының дамуымен қатар, қалалардың өсуіне, басқа  елдермен сауда-саттықтың ұлғаюына, елімізде жаңа экономикалық ой-сананың  қалыптасуына, жаңа халықаралық қарым-қатынастардың  орнауына, үлкен әсері тиді. Экономика  ілім тарихы осы «Жібек Жолмен» қандай тауарлар тасылды, олардың түрлері  мен бағалары, айырбастау құны мен  әділетті сауда-жүргізуді т.б. теориялық  проблемалардың ғылыми ізденістерді жүргізуде.

Қазақстанның экономикалық тарихында және халық шаруашылығын қалыптастыруда хандар мен олардың  ақылшы, кеңесші билері қазақ хандылығының институттарың дамытушы.  Мысалы, “Қасым ханның қасқа жолының”, “Есім  ханның ескі жолының” қосындысы ретінде  Тәуке ханның (1680-1718) “Жеті жарғы” - әлеуметтік-экономикалық және құқылық  энциклопедиясы туды. Ол хан заманындағы  экономикалық ой-пікірдің, көзқарастардың нақты көрінісі. Бұған қоғамдағы  адамдардың қарым-қатынастары,  мінез-құлықтағы  кемшіліктері, құқық бұзғандары экономикалық жазалау тәсілдері кірген. Олардың  көбін осы күндері де пайдалануға  болады. Бұл маңызы жағынан Египеттегі Хаммурапи патшаның заңынан кем  емес. Қазір отандық экономикалық ғылымның міндеті – осыларды теориялық  жағынан негіздеп, қазақтың көшпелі  шаруашылығында меркантилистік, классикалық, институцианалистік экономикалық теориялар  белгілерінің бар екендігін дәлелдеу.

Бір жорамал бойынша  Тәуке хан кеңесу үшін қазақтың үш Төбе билері: Ұлы жүзден – Төле бидің, Орта жүзден – Қазыбек бидің, Кіші жүзден - Әйтеке бидің бастарын қосып, заң сипатында неғұрлым жиі кездесетін мәселелерді талдайды. Олар заң жасап  және заң ережелерін бекітіп «Жеті  Жарғыны» дүниеге әкелді.

 “Жеті жарғыда ”  орта ғасырдағы қазақ қоғамының  негізгі құқық принциптері мен  нормалары бекітілген. “Жеті жарғы”  келесі  7 заңнан тұрады:

  1. жер заңы, жайылымдар мен суаттар туралы  дауларды келістіру шешімдері;
  2. отбасы – неке заңы;
  3. әскери заң;
  4. сот процессі туралы ереже, сот талқылауларының тәртібі;
  5. қылмыс заңы. Әртүрлі қылмыс түрлеріне берілетін жазаларға қосымша түсініктер;
  6. құн туралы заң. Өлім және ауыр дене жарақатын салғаны үшін жазалар белгілері;
  7. жесірлер туралы заң. Жесірлер мен жетімдердің мүлік және құқықтардың тәртібін белгіледі.

“Жеті жарғы бойынша, ең жоғарғы билік хан қолында  болуы тиіс. Заңдардың жекелеген  тармақтарына қарағанда, хан жоғарғы  сот қызметін де атқарып, қылмыс пен  теріс қылық жасағандарды жазалап, соттай алатын, салық салу тәртібін жариялайтын болды. Хан мен билер  пайдасы үшін жиналатын алым-салықтар да заңдастырылды. Заңдардың бір  ережесінде былай делінген: “Сұлтандардан  басқа, қару алып жүретін әрбір адам ханға және халықты билеушілерге жыл сайын салық ретінде өз мүлкінің 20-дан бір бөлігін беруі  тиіс”.

Бұл заң жинақтарында қылмыстық  құқық нормаларына ерекше орын берілген. Қылмыстық іс-әрекеттер тізіміне мыналар жатқызылған: кісі өлтіру, біреуді  жарымжан ету, зорлау, тіл тигізу, балалық  ізеттілік ережелерін сақтамау, ұрлық, зинақорлық (ерлі – зайыптылардың  бір-бірінің көзіне  шөп салуы) және т.б. Бұл қылмыстар үшін жазаның  түрлері мынандай: құн төлеу, өлім жазасы, мүлкін тәркілеу (конфискация), аластау, құғындау, көпшілік алдында  масқаралау, т.б.

Азаматтық қатынастар: семьялық – некелік құқықтар және мұрагерлік мәселелері бұл заңдарда толық жетілдірілмеген. Мұның себебі, адамдар арасындағы қарым қатынастардың көпшілігі  белгілі, дәстүрлі құқықтарды реттеп отыруымен  байланысты болса керек. Тәуке заңдарының негізгі мақсаты – қазақ феодалдарының  билігін, саяси үстемдігін, феодалдық  меншігін қорғап, мұсылман дінін қолдау болды.

“Жеті жарғы” – қазақ  хандығының тарихи жазба ескерткіштері, заңдылық пен тәртіпті нығайта отырып, қазақ хандығының бүкіл аумағында  қолданылды. “Жеті жарғының” тұпнұсқасының  бірі, Қазақстанның ХVІІ ғасырдағы тарихи құжаты ретінде, былғары тыспен қапталған  Италияның тарихи Мұражайында сақталуда.

 

Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, экономикалық өмірі мен  ой – санасының қалыптасуы, салты  мен тіршілік тынысы, шаруашылық жүргізу  тәсілі- номадтар дәуірінен басталып, ренессанстан өтіп, қазіргі егеменді, бостандығы дамыған тарихи ел болдық.

Қазақ халқының экономикалық дамуы, оның мәдениеті, дәстүрі, әдебиеті, фольклоры, мақал-мәтелдері осыған ашық куә. Қазақ фольклоры - экономикалық ойлардың қайнар көзі.

Шығыстың атақты оқымысты, аса көрнекті философы Әл-Фараби, Қазақстанның мәдени дамуының дәлелі,  бірсыпыра  материалистік идеялардың авторы, адамзаттың ақыл-ойы мен тұрмысының тұтастық диалектикасын ашты, қоғамды құру жолдарын көрсетті.

Қазақстанның экономикалық тарихында шаруашылықты қалыптастыруда хандар мен олардың ақылшы, кеңесші  билері қазақ хандығының институтарын дамытуда үлкен орын алды. Дәлел  «Қасым ханның қасқа жолы» мен  «Есім ханның ескі жолының» қосындысы  Тәуке ханның «Жеті жарғы» - әлеуметтік – экономикалық және құқылық энциклопедия.

ХІХ-ХХ ғасырларда қазақтың тарихи деңгейіне орысша білім алған, еуропалық мәдениетке енген, сонымен  қатар туған жеріне қызымет етуді  мақсат қойған ұлттық қайраткерлер шықты. Олар оқымысты, ағартушы Шоқан, Ыбрай, Абай рухани төңкеріс жасады. Абай –  ақын, классик және қазақ жазба  әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыс  пен Батыс Еуропа мәдениеттерінің  арасындағы көпірі болды.

Қазақ даласында қанат  жойып, әлеуметтік экономикалық дамуды зерттеп, патриархалды – феодалдық  қалдыққа қарсы тұрған халық ағартушылары, ел үшін патшалық колониалдық саясатқа қарсы күресті. Көптеген демократ –  зиягерлер М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов,               С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы  т.б. саяси және қоғам қайраткерлері, бүкіл өмірлерін өз халқын отаршылықтың құлдық қамытынан босатуға, ел жұртына  білім беруге жұмсады.

Совет дәуірінде, қазақстанның экономикалық ойларын зерттеуде  және экономикалық дамудың заңдылықтарын  ғылыми жинақтап қортуда, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жолдары  мен әдістерін айқындаған көрнекті мемлекет және саяси характерлер, ғалымдар, академиктер Сақтаған Бәйішев, Қаныш  Сәтпаев, Дінмұхамед Қонаев т.б. ерекше орын алады.

Өмір үнемі даму үстінде. Посткеңестік құру уақытында аймақтар арасында экономикалық байланыстардың бұзылуымен, азық-түлік және өнеркәсіп  тауарларының өндірістің ыдырауы инфляцияның  күшейген кезінде де, елімізде жүріп  жатқан Қазақстандағы реформаларды одан әрі ұлғаюда және тереңделуде, рыноктыққа көшуде Президент Н. Назарбаевтың еңбегін, оның қайраткерлігін жеке бағалау  керек. Президенттің «Қазақстан-2030»  стратегиялық даму жобасы рынокқа өту  теориясын туындап, халыққа жағдай жасауда.


Информация о работе Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы