Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 22:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржылық лизингтің теориялық негіздерін, лизингтің құқықтық негіздерін зерттеу, лизингтік операциялардың механизмдерін қарастыру, сондай-ақ Қазақстандағы лизинг дамуының ерекшеліктері мен даму келешегін зерттеу. Лизингтің теориялық және тәжірибелік негіздеріне сүйене отырып, оның нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру үшін маңыздылығы мен рөлін анықтау болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................... 3
І Бөлім. Қаржылық лизингтің теориялық негіздері
1.1 Қаржылық лизинг түсінігі, ерекшелігі................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің заңды қамтамасыз етілуі.............................................................................................................................9
ІІ Бөлім. Екінші деңгейлі банктің лизингтік операцияларының элементтерінің есебі
2.1 Лизингтік төлем есебінің әдістері. Қаржылық лизинг бойынша операциялар есебі.............................................................................................................................14
2.2 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қызметі мен есебі ......................17

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы
3.1 Қаржылық лизингтің несиелік аспектілері.......................................................26
3.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің дамуы: іске асырылуы және болашағы...........................................................................................................28
Қорытынды .............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................34
Қосымшалар............

Работа содержит 1 файл

Жоспар 1.docx

— 88.35 Кб (Скачать)

      Өз  қызметін жүзеге асыру үшін олар жоғары пайыздық мөлшерлемемен несиелерді жұмылдырады (18-23%), ал олардың өтемақысы   бойынша шығындарды лизинг алушыларға салады, бұл жалға алынған техниканың құнын  айтарлықтай қымбаттатады. Шаруалардың көпшілігі үшін лизинг әлі  қолайлы емес екендігінің себебі де осында жатыр.

      Айналым қаражаттарының шектеулілігінен қолдағы  бар қаржы қорларының  көп бөлігін ауыл кәсіпорындары ағымдағы шығыстарға аударуға мәжбүр, бұл қаржы лизингісі жағдайында төлемдерді қайтармау тәуекелдігімен ұштасқан. Қазіргі кезде лизингілік компаниялар қамтамасыз ету шартына алушылармен лизинг шартының өтімді жылжымалы және жылжымайтын мүлікті  немесе ақшаны кепілдікке салу туралы тармақтарын орындалуын, банк кепілдігін, лизинг затын сақтандыру және тағы басқаларын енгізе отырып, бұл тәуекелдіктерді азайтуға тырысады.

      Кепілдік  – кепілдікпен, алайда тек солар  арқылы ғана қарыз  қаражаттарын қолайлы деңгейге дейін төмендетуге  болмайды. Астық шықпай қалса ше немесе кейінгі кезде жиі кездесіп жүрген шегіртке жеп қойса ше? Ауыл шаруашылық тауар өндірушінің кепілдікке салған мүлігін сатып болғанша айлар, жылдар өтеді,  әрбірдесін әлеуметтік қопарылысқа

ұрындыратын мұндай сатуға мемлекет рұқсат берер  ме? – бұл аса маңызды сұрақ …

      Тәуекелдік  деңгейінің азаюына және агролизинг шарттары құнының төмендеуіне, мамандардың  айтуынша, алушылардан ақша қаражаттарының түсуін қамтамасыз ету және лизингілік келісім-шарт талаптарын орындау бойынша коммерциялық лизингілік компаниялар мен олардың тапсырыскер -

леріне  мемлекеттік кепілдіктер беру өз ықпалын тигізуге тиіс.

      Кепілдік  мөлшерін саралап, қарыз сомасына байланысты,  лизинг алушылар мен олардың тапсырыскерлерінің ақырына дейін алынбаған төлемдерінің 70-90% жабатындай етіп есептеп, белгілеуге болады.

      Бұл үшін конкурстық негізде лизингілік компаниялар мен екінші деңгейлі банктер арқылы құрылған ең тартымды,  бизнес-жобалар таңдалынып алынады. Тек осы жағдайда ғана коммерциялық банктер лизингке бері қарап, мұндай жобаларды мұқият дайындай бастайды.

      Лизингілік  шарт міндеттемелерін орындау бойынша  қаржы тәуекелдіктерін қамтамасыз ету үшін мамандандырылған сақтандыру агенттіктерін құрған орынды.

      Оларды  құруға мемлекет арқылы, экономикалық өлшемдермен, мысалы салық салудың  ең  жеңілдікті тәртіптемесі арқылы ынталандырылуға тиісті. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, мұндай өлшемдер агроөнеркәсіптік кешені саласында коммерциялық лизингті дамытуда өте тиімді болып саналады.  

 

      ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасы қаржы лизингінің экономикалық дамуы 

      3.1 Қаржылық лизингтің несиелік аспектілері

      Қаржы лизингі несиенің бір нысаны ретінде  қарастырылады. Халықаралық тәжірибеде қаржы лизингі – капиталды  лизинг немесе лизингке берілетін активтің толық өзін-өзі өтейтін лизинг ретінде сипатталды. Қаржы лизингі  жалгерлік, саудалық, несиелік және өзге де экономикалық қатынастар жиынтығын  білдіреді. Бұл жерде қаржы лизингін несиенің нысаны ретінде, яғни оның қызмет етуімен және басқарылу ерекшелігімен  байланысты несиелік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырамыз.

      Қаржы лизингінің несиелік қатынастары көп  аспектілі және кең мағыналы болып  келеді. Мұндай қаржылық лизингтің  несиелік аспектілері мыналармен сипатталады: 

        
 
 
 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Сурет 1 –  
 
 

      Қаржылық  лизингтің несиелік аспектілерінің сипаты

      Сәбитов Арман Сәбитұлымен құрастырылған.

1. Қаржылық лизинг бұл ұзақ мерзімді несие түріндегі заемдық капиталға деген қажеттілікті қанағаттандырады. Қазақстанның бүгінгі экономикалық даму жағдайында кәсіпорындарды ұзақ мерзімді банктік несиелеу мәселесі орын алып отырғаны белгілі. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың айналымнан тыс активтерін жаңартуға және олардың құрамын кеңейтуге байланысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруды тежеуде.  Сондықтан да осындай мақсаттарға қаржы лизингін пайдалану кәсіпорындардың ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттіліктерін біршама қанағаттандыруға тиіс.

2. Қаржылық лизинг кәсіпорындардың заемдық қаражаттарға деген нақты да мақсатты қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандырады. Қаржы лизингін кәсіпорындардың айналымнан тыс активтерін жаңартуға және олардың құрамын кеңейтуге байланысты пайдалану, кәсіпорынға меншікті және қарыздық қаражаттар есебінен аталған үдерісті қаржылдандыру мәселесін толығымен шеше отырып, кәсіпорынның банктік несиелеуге деген тәуелділігін азайтады.

3. Қаржылық лизинг автоматты түрде несиені толық қамтамасыз етеді және шығынды азайтады. Ондай қамтамасыз ету нысанына лизингке берілетін актив жатады және оны кәсіпорын банкротқа қаржылық тұрақсыздыққа ұшырай қалған жағдайда несие беруші төленбеген лизингтік төлемдердің бір бөлігін және мәміле бойынша тұрақсыздық ақысын өндіріп алу мақсатында сатып жібере алады. Сонымен қатар мұндай қамтамасыз етудің қосымша нысанына лизинге берілген активтің лизингке алушының тарапынан міндетті түрде сақтандырылуы жатады. Мұндай мәмілеге сәйкес несиелік тәуекелдің төмендеуі тәуекел үшін алынатын сыйақыны төмендетіп, банктен алынатын несиеге қарағанда аталған несие формасын тарту құны азаяды.

4. Қаржылық лизинг бойынша тартылатын несиенің барлық көлемі салықтық жеңілдіктерге ие болады. Лизингтік төлемдер тартылатын несие бойынша негізгі қарыздың барлық сомасы аммортизацияны сипаттайтындықтан, олар кәсіпорынның салық салынатын пайда көлемін азайтады. Сонымен бірге лизингтік мәміледе лизинг берушіге қатысты салықтық жеңілдіктер де қолданылады.

5. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты кең көлемді төлемдерді қамтамасыз етеді. Банктік несиеде негізгі қарыз ақшалай нысанда жүзеге асатын болса, ал қаржы лизингінде ақшалай төлемдермен қатар, өзге де нысандарда, айталық лизингтік активтік қатысумен алынған өніммен жабдықтау нысанында да жүзеге асуы мүмкін.

6. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты төлем мерзімдерінде үлкен икемділке ие. Банктік несиеге қызмет ету және қарызды өтеу тәжірибесімен салыстырғанда қаржылық лизинг кәсіпорынға лизингтік төлемдерді лизингтелетін активтің қызмет ету мерзімінен байланысты кең көлемді диапазонды пайдалану мүмкіндігін береді. Осындай сипатына қарай қаржы лизингі кәсіпорын үшін ең жақсы несиелік құрал ретінде саналады.

7. Қаржы лизингі банктік несиеге қарағанда несиенің оңайлатылған рәсімделу процедурасын сипаттайды. Отандық және шетелдік тәжірибе көрсеткендей, лизингтік келісімшарт бойынша шығын және қажетті қаржылық құжаттар тізімі банктік несиелеуге қарағанда біршама аз болып келеді. Оған алынған несиенің көзделген мақсатқа қатаң пайдалану мен сенімді қамтамасыз етуінің болуы ықпал етеді.

8. Қаржылық лизинг лизингтелетін активтің жойылу құны есебінен несиенің құнын төмендетуді қамтамасыз етеді. Себебі, қаржылық лизинг бойынша лизингтің мерзімі аяқталғаннан кейін лизингтік актив толығымен лизинг алушының меншігіне өтетіндіктен, және оның толық амортизациясы жасалғаннан кейін лизинг алушы ол активті жойылу құны бойынша сатып жіберу мүмкіндігіне ие болады. Сөйтіп, лизингтік келісім-шарттағы несие бағасынан жойылу құнының сомасы шегеріледі.

9. Қаржылық лизинг бойынша кәсіпорын лизингке алатын активтің біртіндеп аммортизациясын жасайтындықтан да ондай актив бойынша негізгі қарызды қайтару қорын құру қажет етілмейді. Өйткені қаржы лизингінде негізгі қарызға қызмет ету және оның амортизациясын жасау бірқатар жүзеге асырылатындықтан да лизингтік мерзім аяқталған кезде лизингтік актив бойынша негізгі қарыздың сомасы нолге тең болады. Бұл кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен қарызды қайтару қорын құру мәселесінен толық босатады.

      Қаржы лизингінің жоғарыда аталған несиелік аспектілері кәсіпорынның экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған заемдық  капиталды тарту үдерісінде біршама  тартымды несиелік құралы ретінде анықтайды.

      Қазақстандағы лизингтің дамуы көп қырымен  Еуропадағы лизингтің қалыптасуына ұқсас. Қазақстандағы алғашқы лизингтік  компаниялар да Еуропадағы секілді  қаржыландыру жобасы бар банк қарамағында  пайда болды. Лизингтік компаниялардың  негізгі клиенттері даму сатысында  банктің  корпоративтік  клиенттері  болды.

      Қазіргі  таңда Қазақстанда 20 лизинг компанияларының  реті жұмыс  істейді, олардың  сегізі жергілікті  банктердің компаниялары болып  табылады   және  олардың  үлесіне лизингтің жалпы үлесінің 51%  тиеді  де, 26% «ҚазАгроҚаржы»  лизинг  компаниясының   үлесіне  тиеді. 

      3.2 ҚР қаржылық лизингтің дамуы: іске асырылуы және болашағы

      Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей еліміздегі  80%-ға дейін тозығы жеткен құрал-жабдықтарды алдағы жылдары алмастыра отырып, оны шешудің жолы ретінде жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар – сыртқы экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.

      Қазақстан Республикасында лизингті дамыту негізгі  мәселелердің бірі болып отыр.

      Осы мәселені елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 18 ақпан 2005 жылы жолдаған жолдауында атап өткен болатын.  Яғни лизинг – ол шағын және орта бизнесті дамытумен қатар ел экономикасын дамытудың бірден - бір жолы болып табылады.

      Лизингтің көмегімен жылжитын және жылжымайтын мүліктерді қомақты

қаржы жұмсамай пайдалануға болады, яғни ғимарат және құрылысты, машина мен  қондырғыны көлік құралдарын және тағы басқаларын өз игілігіне пайдалануға мүмкіншілік алады. Лизинг біздің елде 1989 жылы, банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. Лизингтік операцияны іске асыратын коммерциялық банктік мекемелер машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын-ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингтік фирмалар болады. Бүгінгі таңда сатып алынатын негізгі құралдардың жалпы көлемінде лизинг үлесі Америка Құрама Штатында 50%, Европада - 40 %, Азияда 80% құрады. Елімізде соңғы жылдары инвестициялық қызметтің бір түрі – қаржылық лизинг даму үстінде. Өкінішке қарай, экономикалық прогресс және нарықтың дамуы нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің өсуіне жаңа мүмкіндіктер беретін қаржы құралы – лизинг туралы жалпы көпшілік жақсы біле бермейді.

      Қаржылық  лизинг – бұл өзінің іс-әрекет ету  уақытында төмендегі төлемді  қарастыратын келісім-шарт түрін, жабдықтың  амортизациясының толық құнын және оның құнының 90% құрайтын лизингілік төлемдер. Бұл лизингтің түріне мынадай сипаттама беріледі: келісімге қатысушылар құрамына мәміленің объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын үшінші жақ кіреді. Сонымен қатар бұл мәміленің объектісін жалға алу мерзімі оның қызмет көрсету мерзімінің 80% құрайды. Бұл мәміленің объектілері өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің қалдық құны, лизингті өтеген жағдайда лизингтік келісім - шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның бастапқы құнының 20% құрауы керек.

      Қаржылық  лизингі шұғыл лизингтен ерекшелігі елеулі түрде мүлік иесінің тәуекелін  төмендетеді, оның шарты көбіне ұзақ мерзімді  банк несие алуда түзілетін келісім-шартқа ұқсас, өйткені құрал жабдықтың құнын толық өтеуді, құрал жабдық құны мен қожайынның кірісі қосылатын кезеңдік төлемді еңгізу; оның келісімді орындауға қабілетсіздігі жағдайында жалгерді банкрот деп жариялау құқығы, тағы басқа.

      Бүгінгі таңда Қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәскелестік қабілеттілігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапалы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70 - 90% тозған құрылғылар пайдалануда.

      Қазақстанда кәсіпкерлік саласында лизингтік  қарым – қатынастарды дамытуға сәйкес 2000 ж. 5 шілдесінде «Қаржылық лизинг туралы» Заң қабылданды. Бұл заң  негізінен Қазақстан Респкбликасы лизингті қаржыландыруды нақты дамытуға арналған басты нысан болып табылады.

      Қаржылық  лизинг - банктік несиелеудің альтернативі болып табылатын күрделі қаржыны  қаржыландырудың ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға көп  шығын жұмсамай – ақ қажетті тауарларды алуға немесе өндірістік құрал –  жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді.

      Қаржылық  лизингтік қызметтерді тұтынушылардың ішінен экономикалық нақты секторларын, соның ішінде шағын және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп қарастырудың маңыздылығы зор. Бәрімізге белгілі шағын және орта кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары өндіріске қажетті мүліктерді сатып алу үшін жеткіліксіз. Ал, алғашқы қаржылық жағдайлардың және кепілдік қабілеттіліктерінің төмендігі банктік несиелерді алуда кедергілер туғызады. Міне, осындай жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорындар үшін – лизинг құтқарушы құрал ретінде көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің шағын және орта формаларын қолдауға қызығушылықтары бар лизингтік компаниялар құрылғыларды сатып алуға кететін алғашқы шығындарды өздеріне алады. Шағын кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін, өсімдік майларын, сусындарды дайындайтын кіші зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы