Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 08:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын зерттеу.
Курстық жұмыстың басты міндеті:
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын
Бағалы қағаздар нарығының дамуына әлемдік дамудың әсерін анықтау;
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................................

Работа содержит 1 файл

Экономика теория.doc

— 379.00 Кб (Скачать)

     Қазынашылық вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізіледі.Қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар – олар я купонсыз, я баланстағы кері қайтарылатын облигациялар.Олар тек мерзімі аяқталған соң өтеледі.

     Қайтымды  бағалы қағаздар бойынша табыс төлеу  формасы әртүрлі болады: өзгермелі  ставка бойынша (олардың табыстылық деңгейіне және инфляцияға қарай), бекітілген купондық процент немесе дискреттіқ табыс формасында (кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін).Мемлекеттік бағалы қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.

     Қайтымсыз қағаздар деген сатып алу-сатуға болмайтын мемлекеттік бағалы қағаздар.Олар бойынша тек алғашқы сатып  алушы шығынының орны толтырылады.Оларды басқаға беруге және ссуданы қамтамасыз ету үшін қолдануға болмайды.АҚШ-та бұндай бағалы қағаздар шығарылуда, әрі олардың маны ұдайы өсуде.Оларға ЕЕ және НН сериялы жинақ облигациялары жатады.

     ЕЕ  сериялы облигациялардың бағасы 50 процентке кемітіп сатылады да, ал көрсетілген құнымен (номиналымен) өтеледі.Көрсетілген құны мен сатылу бағасының арасындағы айырма бүкіл айналыс мерзіміндегі жалпы процент сомасын өтейді.Көрсетілген құны 50 ден 10 мың доллар болатын, ал айналыс мерзімі 8 жыл облигациялар болатын облигациялар шығарылады.Алайда, оларды өтеуге мерзімінен бұрын да (шығарылғаннан кейін 6 айдан соң) ұсынуға болады.Облигациялар өтелуі ұлғаймалы шкаламен шығарылады, яғни облигациялар бойынша процент инвесторлардың қолында болу мерзіміне қарай ұлғаяды.1982 жылдан бұл облигациялар бойынша процент өзгермелі ставкамен төленеді.Ол соңғы 5 жылда шығарылған барлық қазынашылық міндеттемелер бойынша орташа табыс көрсеткішіне тең.

     НН  сериялы облигациялар 10 жыл мерзімге шығарылып, шығарылған кезде көрсетілген  құнымен сатылады. Ол 50ден 10мың долларға тең.Олар бойынша төленетін проценттер нарықтық конъюктураны есептеп шығарылып, алдын ала хабарланып, жылына екі рет төленеді. Облигациялар көрсетілген құнынан төмен баға бойныша мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін.Бұл сериялы облигациялар 1982 жылдың соңынан кейін емін еркін сатылмайтын болғандықтан, оларды минимальды көрсетілген құны 500 доллар болатын ЕЕ сериялы облигацияларға айырбастау арқылы ғана алуға болады.

     Соңғы жылдары АҚШ-тағы мемлекеттік бағалы қағаздардың саны әртүрлі үкіметтік  мекемелер (Атом энергиясы жөніндегі  Агенттік, Экспорт – импорт банкі  және т.б.) шығарған облигациялары есебінен ұлғаюда.Бұл бағалы қағаздар сенімді болғандықтан, оларды инвесторлар зор ынтамен алуда.Себебі олар осы мекемелердің активтерімен ғана қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ оларды ешқашан банкротқа ұшыратпайтын АҚШ үкіметі қамсыздандырады.

     Германияда  мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өте жоғары деңгейде дамыған.Мемлекеттік  бағалы қағаздарға федералдық үкіметтің  займдары, федерацияның облигациялары, федералдық теміржолдың, почтаның, жердің, коммуналар мен қалалардың займдары жатады.Немістің қор нарығында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі зор, атап айтқанда, олардың айналымдағы үлесі 40 пайызға тең.Мемлдекет ішкі қарыздардың 50 пайызын қарыз міндеттемелерін шығару арқылы өтейді.Германияда бюджеттің шығынын өтеу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдалану пайдалырақ деп есептеледі. Сондықтан да бұл елде федералдық қарыз міндеттемелері де қарқынды шығарылуда.Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырумен Облмгациялық банктік концорциумға кіретін Бундес банк шұғылданады.1986 жылдан концорциумға шетел банктері де қатысуға (олардың үлесі – эмиссияның 20 процентіне дейін) рұқсат етілгенМемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы да нақты эмиссиялық бағаммен орналастырылады.

     Германияда  мемлекеттік бағалы қағаздармен  қатар нарықтық емес қағаздар да шығарылады.Оларға А және Б сериялы қазынашылық сертификаттар (А сериялыға проценттер жыл сайын төленеді, ал Б сериялыға проценттер жинақталып, оны өтегенде төленеді) және федералдық үкіметпен оның мекемелерінің қысқа мерзімді қаражат қажеттілігін өтеу үшін мерзімі 1-2жылға шығарылатын қазынашылық қаржылық міндеттемелер жатады. Қазынашылық қаржылық міндеттемелерді заңды және жеке тұлғалар (банктер мен несие институттарынан басқа) сатып алуына болады.Бұлар қор нарығының процентсіз құралдары болып есептеледі (олар дисконтпен сатылады).

     Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын экономикасы дамыған басқа да мемлекеттер кең қолданады.Мысалы, Жапонияда тұрғын үй және жол құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, әсіресе, энергетика корпорациялары, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыратын үкіметтік мекемелер.Ұлибританияда Англия банкінің облигациялары жалпыға кеңінен мәлім.

     Қорыта  айтқанда, әрбір елдің мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді . 

     2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар 

      Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының  пайда болуын қалыптасуын түсіну үшін оны тарихи тұрғыдан қарастырылып өтелік.Жоспарлы-әкімшілік  экономика жағдайында дамыған КСРО-да шаруашылық субъектілері өздеріне қажетті капиталды   я орталықтанған бөлу бойынша бюджеттен, я .Өкімет бекіткен несиелік жоспар бойынша мемлекеттік банктен алып дамыды.Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы кәсіпорындардың бос капиталды алатын қарыз алу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік займдардың нарықтық өтімділігі болған жоқ.Мемлекеттік облигациялар мәжбүрлі түрде халыққа сату арқылы таратылды.

      Егеменді  Қазақстанның нарықтық экономикаға  өтуі кезінде мүлікті жекеменшіктендіру  нәтижесінде мүлікке мемлекеттік  меншіктің қысқару, халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруі, инфляция деңгейінің шарықтауы және басқа да тың өзгерістер мемлекетті  бағалы қағаздарды шығаруға шарасыз әкеп соқтырады.

     Төменде мемлекеттік бағалы қағаздарға сипаттама  беріліп, оларды шығарудың мақсаты  және міндеті айқындалып, сондай –  ақ Қазақстан қор нарығындағы  мемлекеттік бағалы қағаздардың негізгі түрлері сипатталады.

     Мемлекеттік бағалы қағаз – ол мемлекеттің  ішкі қарызын білдіретін құжат формасы. Қазақстанда алғашқыда 1995 жылғы 21 сәуірдегі  «Бағалы қағаздар және қор биржасы  туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының 3 бабына сәйкес «Мемлекеттік бағалы қағаздар Қазақстан Респкбликасы заңнамалық актілеріне сәйкес ішкі мемлекеттік қарыз шамасында шығарылатын ішкі мемлекеттік займ облигациялары. Сондай-ақ басқа бағалы қағаздар» деген сипаттама берілген.2003 жылғы 1 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1 бабында «мемлекетік эмиссиялық бағалы қағаздар – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар» делінген.Заң неігінде ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың мақсаты – халықтың, коммерциялық банктердің, қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын республикалық бюджеттің кемшілігін қаржыландыруға жұмылдыру және Ұлттық Банктің Қаржы министрлігін тікелей несиелеу көлемін азайту.

       Мемлекеттік бағалы қағаздар  мәні олар мемлекеттің қаржы-несиелік  қатынастарының жиынтығы болып  саналады.Бұл қатынастарда мемлекет  қарыз алушы ретінде негізінен  халықтың уақытша бос ақша қаражатын қарызға алып, оны бағалы қағаздар шығауға жұмылдырады.Әрбір мемлекеттік бағалы қағаздың болғанымен, іс – тәжірибеде олардың әрқайсысының өз алдына тауы болады.Мемлекетік бағалы қарыздар, әдетте, бюджеттің ағымдағы кемшілігін қаржыландыру; мемлекеттік қарызды жою, атап айтқанда, бұрынғы займды өтеу; мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз ету; коммерциялық банктерді өтімді резервтік активтермен қамтамасыз ету; жергілікті әкімшілік органдарының атқаратын мақсатты бағдарламасын қаржылландыру және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында шығарылады.

     Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – Ұлттық банктен қарыз алу және ақша белгілерін эхмиссиялаумен салыстырғанда –  бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалық әдісі.Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капитал нарығын  реттеу мүмкіндігін шектейді.Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара – бар.Ол әрине, инфляцияны туындатады. Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан.Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар.Сондықтан мемлеккеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі. Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі артықшылығы бар.Біріншіден, оның жұмсаған қаражаты үшін сенімділігі өте жоғары және оған сәйкес жұмсаған негізгі капиталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен.Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқаға жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қарыздарға жеңілдетілген салық салынады.Әдетте, мемлекеттік бағалы қарыздармен жүргізетін операцияларға және олардан түсетін табысқа салық салынбайды.Мемлекеттік бағалы қарыздар шығару формасы, өтеу мерзімі, процент түріндегі  табысты есептеу және төлеу жағдайлары, айналыс сипаты және эмитенттің түрі бойынша жіктеледі .

Мемлекеттік бағалы қарыздар:

     - шығару формасы бойынша құжатты бағалы қарыздар және құжатсыз бағалы қарыздар болып бөлінеді.Құжатты бағалы қағаз – ол құжатты нысанда шығарылатын (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай – ақ бағалы қағаздардың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық берілім көзіндегі) бағалы қарыздар.Құжатсыз бағалы қарыздар – ол құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қарыздар;

      - өтеу мерзімі бойынша: қысқа мерзімді – айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі, орта мерзімді – айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі және ұзақ мерзімді – айналыс мерзімі бес жылдан артық бағалы қарыздар болып бөлінеді;

      - процент түріндегі табысты есептеу және төлеу бойынша проценттік ставкасы белгіленген, сатылы және ауыспалы бағалы қағаздар болып үшке бөлінеді.Басқаша айтқанда, бағалы қағаздарды ақшаға айналдырғанда онда көрсетілген құнынан кемітіп сатады;

      - айналыс сипаты бойынша нарықтық және нарықтан тыс болып бөлінеді.Нарықтық бағалы қарыздар биржада да, биржадан тыс нарықта да еркін сатылады және қайта сатылады.Нарықтан тыс бағалы қағаздар тек алғашқы нарықта ғана саытлады, екінші нарықта сатылмайды.Олар негізінен халыққа сату үшін шығарылады.

      Эмитентің түрі бойынша бағалы қағаздар қазынашылық, муниципалдық болып бөлініп, оларды сәйкесінше үкімет және жергілікті атқарушы орган шағарады.

Әдетте, мемлекеттік бағалы қағаздарды таратып  орналастыру:

     - біріншіден, мемлекетің Ұлттық банкі немесе Қаржы министрлігі арқылы жүзеге асырылады.Шығарылған облигациялардың түріне қарай олардың  негізгі инвесторлары болып халық, банктер,зейнетақы және сақтандыру компаниялары мен қорлары, инвестициялық компаниялар мен қорлар саналады.

     - екіншіден, құжатты немесе құжатсыз формаларда шығару бағыты өрістеуде.

     - үшіншіден, аукциондық сауда, бекітілген бағамен барлық сатып алуға тілек білдіргенде ашық түрде сату, белгілі бір инвесторларға жабық саудада үлестіру және басқа да әртүрлі әдістерді қолдану арқылы айналысқа түседі.

Ел экономикасының нарықтық қатынастарға өтуінің алғашқы  кезеңінде, яғни 1994 жылдың сәуірінде  Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 3 айлық қысқа мерзімді вексельдерді шығарды.1996 жылдың сәуірінде ол мемлекеттік қазынашылық міндеттеме деп, ал 1997 жылдың 22 сәуіріндегі №621 Үкімет қаулысымен МЕККАМ – дар – мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердеп атауы өзгертілді.1995 жылдың шілдесінен бастапҰлттық банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталарды шығарды . 
 

Бағалы  қағаздардың атауы Эмитенті  
Табыс түрі Шығарылым валютасы Көрсетілген құны Төлем мерзімі, оның түрі
МЕККАМ ҚР Қаржы  министрлігі дисконттық     теңге      100 3,6,12 ай
 
МЕОКАМ 
 
ҚР Үкіметі    
 
проценттік 
   

 теңге 

1000 
1-5жыл, жарты жылдық купон
МЕАКАМ ҚР Үкіметі   проценттік 
     теңге 
1000 Купон жылына 2 рет
ҚРҰБ  нотасы ҚРҰБ дисконттық     теңге      100 90 күнге дейін 
 
 
МЕКАВМ 
 
ҚР Қаржы  министрлігі
 
 
дисконттық
АҚШ доллары(бағамы бойынша теңгемен төленеді)  
 
       100 
 
 
3,6,9,12 ай
 
Еуроноталар
 
ҚР Қаржы  министрлігі
 
 
проценттік 
АҚШ доллары(бағамы бойынша теңгемен төленеді)  
 
    100
 
 
3 жылдан көп 
 
 
МЕИКАМ
 
 
ҚР  Үкіметі  
 
 
проценттік
      

теңге 

     

1000

3және одан  көп ай,тоқсан -дық купон
 
АВМЕКАМ
 
ҚР Қаржы  министрлігі
 
проценттік
АҚШ доллары(бағамы бойынша теңгемен төленеді  
 
      100
 
5 жыл,  жылдық купон 
    ҰЖО ҚР Үкіметі   проценттік теңге 1000 1жыл апта  сайын өзгермелі купон

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары