Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайы

Автор: a*****************@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – инвестицияның пайда болуын,құрылуын, құрылымын,түрлерін,жалпы айтқанда Қазақстандағы инвестициялық жағдайды талдау.
Инвестицияның экономиканы тұрақтандырудағы орны,қызметі,шетел инвестицияларын тартудағы перспективалары қарастырылған.

Содержание

Кіріспе
1 Инвестицияның мәні және қызметі
2 Экономиканы тұрақтандырудағы инвестициялық қызмет және орны
3 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың
жолдары мен және перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдай.docx

— 97.20 Кб (Скачать)

6-7 жылдың  ішінде аяғынан тік тұрғызып  қана қоймай, республикалық бюджетке  де көп мөлшерде салық төлеуде. 

       Қазақстан қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерден инвестиция тартуда.Жалпы, инвестиция мәселесі ел дамуы үшін үлкен маңызды мәселе. Ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның тәуелсіздіктен бері қарай өз экономикасы үшін тікелей тартқан инвестициясы 108 миллиард долларды құрайды. Орталық Азиядағы барлық шетелдік инвестицияның 80 пайызы да Қазақстанның еншісіне бұйырған. Жан басына шаққан көрсеткіште бұл өте қомақты деңгейді білдіреді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан инвестиция мәселесінде табысты мемлекеттердің біріне айналып отыр. Расында, дағдарыс кезеңінде де бұл салаға қаржының жол табуы Қазақстан экономикасының салмағын білдіретіндей. Ресми мәліметтерге сүйенсек, еліміздің сыртқы қаражаттық қолдаулар үшін ұзақмерзімді инвестициялық тартымдылықты сақтап қалғанын аңғарамыз. Мәселен, 2009 жылғы қаңтар-қараша айларындағы негізгі капиталға салынған инвестиция ауқымы 3897,1 миллиард теңгені құраған. Бұл 2008 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 2,3 пайызға артық көрсеткіш болып табылады. Есепті кезеңде басқа да капиталдандыру жұмыстарына және шығындарға қатысты инвестициялық салымдардың 42,4 пайызға артып отырғаны да байқалған. Бұл ғаламдық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан үшін аса жағымды көрсеткіштердің бірі болып табылады.     Еуроодақ - Қазақстанның жетекші инвестициялық серіктесі. Шамамен 56 миллиард доллардай қаражат (шетелдік капиталдың жалпы мөлшерінің үштен бірінен астамы) Қазақстан экономикасында Еуроодақ мемлекеттерінің инвестициясына тиесілі. Өз кезегінде Қазақстан Еуроодақ елдерінің экономикасына 10 миллиард доллардан астам инвестиция салды.

    "Қазақстанның Италиямен тауар  айналымы Еуропалық Одақпен тауар  айналымының 30 пайызын құрайды, бұл 14 миллиард доллардан астам. Италияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы айтарлықтай, 6-7 миллиард доллар көлемінде. Бүгінгі күні 97 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

    Румыния Қазақстанның орталық  және шығыс Еуропадағы жетекші  серіктесі болып табылады. 2009 жылдың  қорытындысы бойынша өзара сауда  көлемі 878 миллион долларды құрады. Қазақстанда румыниялықтардың қатысуымен  геологиялық барлау, мұнай мен  газ өңдеу, ЖЭК үшін жабдықтар  жеткізу, құрылыс және сауда  салаларымен айналысатын 35 бірлескен  кәсіпорын жұмыс істейді.. мәнге  ие. Қазақстанның инвестициясының  көлемі 3,5 миллиард долларды құрайды.         Қытай Қазақстан экономикасының  ірі инвесторларының бірі атанып  отыр, оның біздің елге салып  отырған инвестициясының жалпы  жиынтығы 8,4 миллиардтан астам АҚШ  долларын құрайды.1992 жылдан бері  Қазақстан мен Қытайдың арасындағы  екіжақты сауда-саттықтың көлемі 25 есеге өсіп, 2008 жылы рекордтық  көрсеткішке - 17,5 миллиард долларға  жеткенін айтты.

 Қазақстанға  Ресейден $2,3 миллиард көлемінде тікелей инвестиция, Беларусь Республикасынан $6 миллион көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Өз кезегінде Қазақстанның Ресейге құйған инвестициясы $1,1 миллиард, Беларусь еліне $6,1 миллион көлемінде инвестиция салынды.

Қазақстандағы испан инвестициясының үлесі - $1 миллиард болды.

Кореяның  инвестициясының көлемі 4,5 миллиард долларды құрайды.

Біріккен  Араб Әмірліктері Қазақстан экономикасына  өз инвестициясын құйып келеді. Әмірлік  компаниялары Каспий теңізіндегі "Блок Н" мұнай кен орнын игеруге  қатысуда. Бірлескен "Фаллах" тікелей  инвестициялар қорын құру туралы екі ел арасында келісімге қол  жетті. Қазақстанда елордадағы зәулім "Әбу Даби Плаза Астана" құрылыс  кешені және Кастий жағалауында "Ақтау  Сити" біріккен жобалары жүзеге асырылуда. Қазақстан мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ энергетика, инфрақұрылым, өнеркәсіп  салаларына араб инвестициясын тартуға  БАӘ-мен ынтымақтасудан мүдделі.ермания  ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ірі  экономикалық әріптестерінің қатарында.

Қазақстанда Германия капиталының қатысуымен 540-тан  астам кәсіпорын құрылған. ГФР-дың  Қазақстан экономикасына салған инвестициясының жалпы көлемі шамамен 3,5 миллиард долларды құрайды. Біздің рынокта жұмыс істейтін компаниялардың қатарында "Фольксваген", "Сименс", "Даймлер", "МАН", "РВЕ", "ЕАДС", "Байер", "БАСФ", "Бош" сияқты әлемге танымал концерндер бар.

 Қазақстан  Бүгін" - Түркияның Қазақстанға  салған тікелей инвестициясы  кейінгі 15 жылда $1,36 миллиард жетті.

 Люксембургтың  Қазақстанға салған жалпы инвестициясы $103 миллион болды.

 Қазақстан  экономикасына құйылған француз  инвестициясының көлемі 4 миллиард АҚШ долларын құраған. Франция Қазақстанның сауда-саттықта бесінші орындағы әріптесі болып табылады. Франция экономикасына Қазақстанның жұмсаған инвестициясы $260 миллион асады.

 Оңтүстік  Кореяның тікелей салған инвестициясы $262 миллион, Жапония - $405 миллион Қазақстанның экономикасына тартылған Болгария инвестициясының көлемі $12,5 миллион құрайды, оның $1 миллион ткелей инвестиция. Қазақстанда 26 бірлескен кәсіпорын және құрылыс, фармацевтика, косметика саласында 6 болгарлық сауда өкілдігі бар.

Польшаның Қазақстанға салған инвестициясының  ауқымы 30 миллиард доллардың тікелей инвестициясын жұмсады.

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан  экономикасына 264 милилон евро көлемінде инвестиция салды, бұл Орталық Азия аймағындағы инвестициясының жалпы үлесінің 89,5 процентін құрайды. 54 инвестициялық жобаға қол қойылды.

Экономикалық  өзара іс-қимылда инвестициялар маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта бұл ресурстар 31 еуропалық елден, сондай-ақ Кипрдан және британдық 4 аумақтан (Виргиния, Бермуд, Кайман аралдарынан, Гибралтардан) тартылуда. Қазақстан экономикасына еуропалық инвестициялар көлемі 2000 жылғы 1,1 миллиард доллардан 2008 жылғы 12,5 миллиард долларға дейін өсті. Олардың үлесіне Қазақстанға тартылған барлық инвестициялардың 62,9 пайызы келеді. Барлық көлемнің 79,8 пайызы үлестеріне тиетін Нидерланды, Ұлыбритания, Виргиния аралдары, Франция ірі инвесторлар болып табылады. Кайман аралдарынан, Ресейден, Италиядан, Германиядан мол инвестициялар (22,8 пайыз) тартылуда. 11 елдің инвестициялары көлемі жағынан (6 пайыз) орташа болып табылады. Қалған 14 елден келетіні шағын.

Шетелдік  саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен  анықталады. Шетел капиталын тарту  саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін  маңызды көлемде көтеруге қол  ұшын беру қажеттілігінен туындайды.

Жоғарыда  айтылған шаралар, мемлекеттің шетел  капиталын тарту саласындағы  саясатын жүргізуге жол ашады. Ол шетел инвесторлары мүддесімен ұлттық мүдделердің байланыста болуына көмек береді.

                                    

                                                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                Қорытынды

     Жалпы, инвестиция мәселесі ел дамуы үшін үлкен маңызды мәселе. Ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның тәуелсіздіктен бері қарай өз экономикасы үшін тікелей тартқан инвестициясы 108 миллиард долларды құрайды. Орталық Азиядағы барлық шетелдік инвестицияның 80 пайызы да Қазақстанның еншісіне бұйырған. Жан басына шаққан көрсеткіште бұл өте қомақты деңгейді білдіреді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан инвестиция мәселесінде табысты мемлекеттердің біріне айналып отыр. Расында, дағдарыс кезеңінде де бұл салаға қаржының жол табуы Қазақстан экономикасының салмағын білдіретіндей. Бұл ғаламдық дағдарыс жағдайындағы Қазақстан үшін аса жағымды көрсеткіштердің бірі болып табылады.Ал ағымдағы жылдан бастап, қолға алынған жедел индустрияландырудың бесжылдық жоспарын орындауда инвестициялардың ағылуына септігін тигізеді. Яғни, ел әлеуетіне, болашақ экономикалық қадамдарға қарағанда әлі де сырттан қаржы тартуға мүмкіндіктер жоғары. Дегенмен де, бұған дейінгі қол жеткен нәтижелерді сараласақ, Қазақстан негізінен шикізатқа бай мемлекет ретінде инвесторлардың назарына көбірек іліккен. Инвестицияның негізгі көзі де сол секторға жолданғаны анық көрінеді. Ендігі мақсат шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар тарту болып табылады. Бұл ретте сарапшылар көбінесе қазақстандық индустрияландыру жобасына, сондай-ақ жаңадан іске кірісіп отырған Кеден одағының әлеуетіне назар аудартып келеді. Өйткені, шикізаттық емес секторды дамытып, оған инвестиция тарту үшін ең әуелі тұтыну рыногының қаншалықты ауқымды қамтитындығына назар аударылатыны сөзсіз.

     Инвестиция тарту қаншалықты әлеуетті мәселе болса, қолда бар қаражатты дұрыс салаға бағыттай білу одан да әлеуетті шара. Ал, елдің бәсекелестігін дамытуда білім-ғылым саласына басымдық беру - бұл болашаққа ақыл-ой инвестициясын салумен бірдей. Яғни, келешектің қамын адами капитал арқылы белсендіре түсу. Жалпы алғанда, білім-ғылым сапасы кез-келген мемлекет үшін тұрақты әрі орнықты дамудың негізгі факторы болып табылады. Соның ішінде білім саласындағы адами капитал ілгерішіл өзгерістердің, инновацияның және елдің өнімділігін арттыратын басты қозғалтқышы екені даусыз. Расында, жаһандану заманында әрі ұлттар мен мемлекеттердің өзара бәсекелестігі мен ықпалдастығы артып отырған жағдайда, ең бірінші кезекте, адамның «ақыл-ойына», оның біліміне көп күш салынатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысы соңғы жылдардағы халыққа жолдауларында білім саласын реформалауға қатысты мәселелерді дүркін-дүркін алдыға қойғаны мәлім. Оның үстіне саналы түрде басқарылатын дамудың ұзақ мерзімді көрінісін қамту үшін де бүгінгі ұрпақтың заман ағысынан кейін қалмай, сапалы білім нәрімен сусындай түсуі қай кезде де өзекті мәселенің бірі болып қала бермек.

   Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы  инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

        Инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды көздейді.  

       Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе, ұсынысым:  экономиканы  инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға  қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің  қаржылық  инвестицияларға  қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету  жолдарын іздестіру  қажет. Жинақтаушы зейнетақы  қорларының активтерін нақты экономиканы  қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.

      Шетелдік тікелей инвестицияның өсу себептері және күтілетін үрдістері түралы мыналарды айтуға болады.

    Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін  елдерге емес,нарықтық үдерістер  белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар  келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің  ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу  және қолдануға жағдай жасайды.

      2000-2010 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына  сәйкес, «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды.

     Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді.     Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен.

    Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел  инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 миллион АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .

    Үкіметіміз  шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы  саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 миллион АҚШ долларын  қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады.

    Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан  болар, Астананың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып.

    Еліміздегі  негізгі капитал көздерінің ең қомақты  инвестициялық жобалары деп мыналарды  айтуға болады :

    Нидерланды  – 580 миллион АҚШ доллары «Испат Кармет» ААҚ;

    Корея – 25.1 миллион  АҚШ доллары «LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы;

    Түркия  – 39 миллион АҚШ доллары «Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы;

    Лихтенштейн – 17 миллион  АҚШ доллары «АБС орталығы» ААҚ;

    Ұлыбритания – 11.7 миллион  АҚШ доллары «Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   2000-2010жылдар аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім- шарт бойыншат  86000 мыңнан  астам жаңа жұмыс орындары ашылды , 1168.5 миллонн АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 миллион АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі түсімдері түскен.

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайы