Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 19:25, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс Қазақстанға, оның салық жүйесіне, қалыптасқан салықтық ахуал мен салық жүйесінің кейбір мәселелері мен қиындықтарына, негізгі салықтық көрсеткіштерге және салықтың елдегі экономикалық ықпалына арналады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Салық жүйесінің макроэкономикалық мәні....................................................5
1.1. Салық жүйесі туралы түсінік..............................................................................5
1.2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және салықтың түрлері.............9
1.3. Салықтық төлемдер мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі ретінде............13

2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайына талдау және салықтық реформалар.................................................................................19
2.1. Салық салуды реформалау...............................................................................19
2.2. Салық Кодексі және салық ставкалары...........................................................21
2.3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәселелері.........................25
2.4. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің маңызы және дамыту жолдары......................................................................................................................26

Қорытынды..............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Қосымшалар.............................................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Курсовой Индира салық.doc

— 689.00 Кб (Скачать)

4.      инфляцияның деңгейі төмендейді, яғни экономиканың бәсекелестік қабілеті артқандықтан тауар бағасы төмендеуі мүмкін;

5.      салықтан қашып отырған көлеңкелі экономиканың біраз бөлігі заңды түрде жұмыс істеуге кіріседі, ол бюджетке қосымша салық түсуіне мүмкіндік береді;

6.       жұмыс орындары көптеп ашылады [25].

Қазақстанда бүгінде Ресеймен салыстырғанда бірқатар мәселелерде зор артықшылықтар бар. Бұл алдымен жаңа салық кодексі. Дағдарыс кезінде жаңа салық кодексін енгізу өте тәуекелдік іс. Бір жағынан, мемлекет бюджетке қажетті кірісті жинай алмай қалуы мүмкін. Бірақ, көріп отырғанымыздай, бұл батыл әрі тиімді шара болып шықты. Қазақстанның күздегі күтіліп отырған дағдарыстың екінші толқыны алдындағы артықшылығы - бизнеске жүктемені  азайта түсті. Салық жүктемесін жеңілдету - бизнесті дамытуға ынталандыру шараларының бірі екені сөзсіз [23].

 

 

2.3. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәселелері

Қазақстан Республикасының салық жүйесі осы он сегіз жылдың ішінде әртүрлі сынға, өзгеріске ұшырап келбетін өзгертуде. Оны негативті жағдай деп қарастыруға болмайды. Әрине, әрбір жаңа құбылыстың жетіспеушіліктері, кемшіліктері болады.

Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюжетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Қазақстанның салық жүйесі әлі де жетілдіруді қажет етеді. Себебі ел экономикасын модернизациялау саясатының негізі осы салаға тікелей байланысты болып отыр. Яғни, салыққа қатысты заңнамалардағы кей нормалардың халықаралық стандарттарға жауап бермеуі - мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген ниетіне тұсау болуда. Мәселен, еліміздегі салыққа қатысты заңнамалардағы механизмдердің жетілмеуінен мемлекеттің экономикасы зиян шегіп отыр.

Бүгінде экспортталып жатқан шикізаттар бізден арзан бағаға алынып, сыртқа қымбат бағамен сатылады. Яғни, салық төменгі бағамен мемлекеттік қазынаға құйылуда. Бұл айырмадан мемлекеттік қазына 500 миллион теңге көлемінде зиян шегіп отыр. Дегенмен аталмыш олқылықты жою үшін елімізде заң қабалданды. Соның негізінде экспорттаушы, салық пен кеден органдарына нарық бағасы туралы толық ақпарат беріп отыру тиіс. Бірақ мұнымен бар мәселе шешілмеді.

Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік қазына кәсіпкерлер тарапынан төленбеген салықтан да миллиардтаған теңгеге зиян шегіп отыр. Бір ғана мысал жақында Алматыда аудан аралық арнаулы сот жалғыз ғана кәсіпкерден 10 миллион теңге өндірді. Алайда елімізде салық төлеушілер тарапынан болып жатқан мұндай заңбұзушылықтар салық көлемінің артуынан болуы да мүмкін [22].

Жоғарыдағы айтылғандардың бәрін қорытындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасының әлеуметтік тұрғыдағы мәселелеріне төмендегілер жатады:

        жеке табыс салығы бойынша шегерімнің айлық есептік көрсеткіш бойынша жасалынуы;

        корпорациялық табыс салығы бойынша мөлшерлеменің салыстырмалы түрде жоғары болуы;

        стипендия мен зейнетақыға салық салынуы;

        өндірістік кәсіпорынға арнайы салық жеңілдігінің қолданылмауы.

Жалпы тұжырымдай келе, Қазақстандық салық жүйесінің ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда бізде әлеуметтік – экономикалық даму жағдайымыз дамудың төменгі сатысында тұр, экономикамыз шикізат өндірісіне бағытталған, қоғамға батыс елдеріне қарағанда терең әлеуметтік мәселелер тән. Осыған орай біздіңше, салық жүйесіне өзгертулер енгізген кезде, оның әлеуметтік жағдайларға сәйкес келуіне баса назар аудару қажет [18].

Соңғы жылдары Қазақстанда салық ставкаларын азайтудың мақсатты саясаты жүргізілуде, дегенмен, көлеңкелі өндірісті қоса алғанда, салықтарды төлемегені үшін жауапкершілік жеткілікті түрде қатаң емес, ең қатаң шара айыппұл төлеу болып табылады [11].

 

 

2.4. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің маңызы

және дамыту жолдары

Дәл қазiргi кезеңде Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қатарына келесiлер жатады: Франция, Германия, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Ұлыбритания, Испания, Греция, Португалия, Ирландия.

Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық жүйесi өте күрделi болып келедi. Бiр салықтың әр түрлi мемлекеттердегi рөлi де әр түрлi болып келедi. Мысалы, Франция мемлекетiнiң бюджетiнiң кiрiс көзiнде жанама салықтар 62 пайыз алады, ал Нидерландия мемлекетiнде ол тек 41 пайыз  алады. Еуропада ең негiзгi салықтардың қатарына пайда салықтары жатады. Бұл салықтардың ставкiлерiнiң көлемi 10 пайыздан 52 пайызға дейiн тараған. Мысалы, Ұлыбритания мемлекетiнде ставканың прогрессивтi әдiсi пайда көлемiне қарай 25 пайыздан 35 пайызға дейiн қолданылады.

Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегi салықтардың үйлесiмдiлiгi жайлы сөз қозғалғанда бiрiншi еуропалық мемлекеттердiң фискалды саясатының басты элементiнiң бiрi – қосылған құн салығы.

1970 жылдың ортасынан бастап, қосылған құн салық еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық жүйесiнiң ажырамас бiр бөлiгi болып қалыптасты. Қазiргi кезде, қосылған құн салық Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салықтық үйлесiмдiлiгiнiң бiр мысалы болып табылады. 1991 жылы жазда Еуропалық зкономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң келiсiмiмен қоғамдастыққа қосылған құн салығының 15 пайыздың минимальды ставкасын белгiлеудi  ұйымдастырды. Бұған дейiн қосылған құн салығының ставкасы 9 пайыздан 19 пайызға дейiн әрекет ететiн. Бiрақ әлi салықтық үйлесiмдiлiкке толық қол жеткiздi деген сөз емес [9].

Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық  жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып  жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк-салығын  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру. ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбi қолданылатын болады.

Салық салу механизiмi кез-келген  экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып,  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.

Кез-келген  елде мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте қатты көңiл бөлiнедi.

Нарықтық экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты роль атқарады да, экономиканы басқарудың күштi ынталандырушы құралы болып келедi. Әсiресе, олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушiлер  үшiн онша қызық  iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады [2].

Қазiргi  кездегi  жағдайларға салықтардың мәнi мен рөлi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен  қаматамсыз ету  шекарасынан  шығып отыр.

Ендi салықтар  ұлттық табысты  мемлекеттендiрудiң маңызды құрамы бола бастады.  Олар макроэкономикалық  реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi  ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық  төлемдердiң салыстырмалы  мөлшерiнiң  өсуiн қамтамасыз етiп отырады.

Қоғамның даму процесінде әлеуметтік-экономикалық жүйедегі салықтардың атқаратын рөлі күн өткен сайын жаңа нысанға айнала отырып, артып келеді. Бұл әсіресе нарықтық қатынастардың қалыптасып дамуы жағдайындағы экономикадағы өрлеу кезеңдеріне тән нәрсе, өйткені салық салу жекелеген тұлғалардан бастап мемлекетке жеткенге дейін оның барлық деңгейіндегі әлеуметтік процестерге әсер ете алатын бірден бір макроэкономикалық құрал болып табылады. Бұдан да басқа, халықаралық экономикалық қарым қатынастардың ұлғаюына байланысты салық жүйесі белгілі бір жекелеген елдердің ішкі жұмысы болудан қалды. Осылайша, салық салудың бір жағынан шаруашылық байланыстарға терең бойлауы, екінші жағынан оның жалпылығы қазіргі кезде салықтардың атқаратын рөлінің жан жақты қанат жаюына жағдай жасап отыр [7].

Нарықтық экономика жағдайында қай мемлекет болмасын нарықтың жағымсыз салдарын реттеп, оңтайландыру құралы ретінде салық саясатын кеңінен қолданады. Салықтар, сондай-ақ барлық салық жүйесі нарық жағдайындағы экономиканы басқарудың қуатты құралы. Алайда кәсіпорынның бәсекелік деңгейі мемлекеттің салық саясатымен және ұлттық валюта бағамымен тығыз байланысты екендігі ескеріле бермейді.

Қазіргі кезде жер асты қазба байлығын тиімді пайдалану мақсатында салықтық заңнамаларды жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі салық кодексінде экспортты ынталандыру мақсатында біраз жеңілдіктер қарастырылған. Оның ішінде экспортқа шығарылатын тауарлар қосымша құн салығынан босатылады. Және де отандық тауар өндірушілерді қорғайтын протекционистік саясатқа байланысты импортқа кедендік баж салығы (5-20% аралығында) салынады және оған ҚҚС (13%) қосылады. Яғни, қазіргі салық саясаты экспортты ынталандырып, импортты шектейді.

Жалпы қазіргі салық саясаты отандық тауар өндірісін арттыруды көздегенімен оның да әлсіз жақтары бар. Мысалы, экспортты арттыруға бағытталған салық заңнамалары ішкі нарыққа шетелдік валюта ағымын ұлғайтады. Нәтижесінде ұлттық валютаға сұраныс артып, оның нығаюына алып келеді. Ол өз кезегінде отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондай-ақ, осындай салық саясаты нәтижесінде еркін сауда айналымы шектеледі. Сонымен қатар инфляция деңгейі артады.

Салық экономикада ең маңызды орын алуымен қатар, макроэкономикалық реттеуде негізгі құралдардың бірі болып саналады. Сондықтан салық ставкаларын дұрыс белгілеп, салық саясатын орынды жүргізу ол экономика тұрақтылығының кепілі болмақ. Салық түрлеріне ставкаларын өзгерту мен экономиканың кейбір басымды салаларына салық жеңілдіктерін қарастырудағы мемлекеттің рөлі ол үкіметтің экономиканы реттеудің негізгі тетіктері ретінде саналады [25].

Қазіргі уақытта салық әкімшіліктендірілуін жетілдіру, салық төлеушілерге мемлекет көрсететін қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыру, салық әкімшіліктендірілуін тиімді басқаруды қамтамасыз ету, салық органдарының жұмысының нәтижелілігін, сапасы мен жариялылығын жақсарту, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде сыбайластық жемқорлықты болдырмау үшін қолайлы алғышарттар қалыптасты.

Салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде салық тексерістерін жүргізу және артық төленген ҚҚС сомасын қайтару тәртібін жеңілдету құқын айқындау үшін салық төлеушілерді іріктеу мақсатында қолданылатын тәуекелдік басқару жүйесін қолдану ұғымы мен тәртібі енгізілді [6].

Отандық тәжірибеде, салық жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік саясатына икемделіп келе жатқан кездері деп соңғы бес жылдықты атауға болады. 1998 – 2005 жылдар аралығындағы салық жүйесінде болып келе жатқан үлкенді-кішілі реформалардың арқасында бүкіл әлем назар салып, бет бұрып отырған қоғам игілігі халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге, әлеуметтік жағдайдың дұрыс жолға қойылуына салық жүйесі тарапынан аз үлес қосылып отырған жоқ.

Бағалаудың негізгі көрсеткіші бюджеттің табыстарының ЖІӨ-ге қатысты салықтық ауыртпалықтың деңгейін бірқатар жылдар бойы қарастыратын болсақ, соңғы жылдары бюджет кірісі ЖІӨ-нің 25-30% құрайтынын көруге болады және ол салыстырмалы түрде салықтық ауыртпалықтың төмен екенінен хабардар етеді. Бұған әлеуметтік тұрғыда маңызы зор өзгерістердің енгізілуі оң әсерін тигізді, мысалы, соңғы жылдары қосылған құн салығы мөлшерлемесінің төмендетілуі және салықты алу әдістемесінің жетілдірілгендігі, әлеуметтік салық мөлшерлемесінің төмендетіліп, регрессивті шкаламен салынуы, кәсіпкерлерге қатысты арнаулы салық режимінің енгізілуі, әлеуметтік және коммерциялық емес ұйымдарды корпорациялық табыс салығынан босатылуы үлкен әсерін тигізді [16]. 

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік пен салық салу рейтингі бойынша Қазақстан 178 елдің ішінде 44-ші орында тұр. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан 3-ші Қазақстандық салық форумында айтылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Салық кодексінің жаңа жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ербол Орынбаевтың айтуынша, Бүкіләлемдік банктің 2006 жылға жасаған бағалауында Қазақстан үздік елудің қатарына кірді. Онда көршілес мемлекеттерден Ресей 130-шы, Өзбекстан 159-шы, Қытай 168-ші сатыда орналасқан.

Қазақстан жалпы салық жүктемесі жағынан 58-ші, салық есебін дайындау мен салық төлеуге жұмсалатын уақыт көрсеткіші жағынан 105-ші орында тұр. Көршілерімізден жалпы салық жүктемесі жағынан Ресей 131-ші, Қытай 163-ші, Өзбекстан 170-шы орында, ал салық есебін дайындау мен салық төлеуге жұмсалатын уақыт жағынан Өзбекстан 65-ші, Ресей 151-ші, Қытай 167-шы орында орналасқан.

«БЭФ-тың 2007-2008 жылға жасаған бағалауы бойынша еліміз ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 61-ші орын алады. Онда салықтық реттеулер мен салық жүктемесі Қазақстанда бизнес жүргізудегі негізгі кедергі ретінде бағаланып отыр», дейді Ербол Тұрмаханұлы [17].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, қазіргі кезде экономика  тұрақталды. Салық ел экономикасының өсуіне үлкен ықпал келтірді.

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның ерекшеліктері