Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:43, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады.

Содержание

КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------3
І. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ-------------------------------------------5
1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары және олардың қаржысын ұйымдастыру-------------------------------------------------------------------5
1.2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні----9
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер-------------------13
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ТАЛДАУ---------------------------------------------------------15
«Бест-Стройкомплект» ЖШС -ң халыққа көрсететін қызметтері----15
2.2 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері------23
2.3 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары-28
ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ------------------------------------------------------

Работа содержит 1 файл

касипорын каржы мазмуны.doc

— 222.00 Кб (Скачать)

Жунисбаев Н., Насирова М., Ниязова Н.,Масалимова Э. 

ЖШС құрылтайшыларының  жарнасының суммасы 30000000тенге.  

             Кәсіпорынның өзінің барлық буындарын   нақты басқару арқылы басқа  кәсіпорындарға қарағанда тасымалдау  ставкаларын төмендетуге мүмкіндік  береді.

          

 Кәсіпорынның  қызмет көрсету түрлері:

    • төмен тарифтік мөлшерлемелер мен жеңілдіктер;
    • бизнесте нақты өзара байланыс жүргізу;
    • жүкті тасымалдаумен байланысты толық қызмет кешені;
    • ашық жылжымалы құрамда жүкті тасымалдау сызбасын әзірлеу;
    • тасымалдау құжаттарын әзірлеу;
    • кедендік әзірлеу.

          Мына қызметтерді де жүзеге  асырумен айналысады:

    • тасымалдауға темір жол тарифтерін есептеу;
    • жүктің қозғалысын соңғы пунктіне дейін жеткізу;
    • вагондарды іздеу;
    • жүктерді тиеу, түсіру, сақтау, бөлу; контейнерлерді терминалды өңдеу.

«Бест-Стройкомплект» ЖШС –і ұсынады:

      • жалға қозғалмалы  тіркелген вагон  құрамы;
      • жүктерді тиеу мен түсіру үшін келу тұрағын;
      • жүктерді сақтау үшін қоймалар.

     «Бест-Стройкомплект» ЖШС қара металл сынақтарын сатып  алу, сақтау, өңдеу және өткізу үшін механизмделген базаны иемденеді.

  «Бест-Стройкомплект» ЖШС – де еңбекақыны ұйымдастырудың түрлері мен нысандары - «Бест-Стройкомплект» ЖШС –нде жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

      «Бест-Стройкомплект» ЖШС -де сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы ұжымдағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылады. (Кесте 1) 
 

    Кесте 1.   «Бест-Стройкомплект» ЖШС әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері

  «Бест-Стройкомплект» ЖШС» – дегі  жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні Мамандық

дәрежесі

Жұмыс істеген 

сағаттарының  саны

Тарифтік 

коэффициенті

Тариф бойынша 

есептелген  еңбекақы сомасы (теңге)

Қосымша табыс  коэффициенті Жұмысшыларға  есептелгенеңбекақы сомалары (теңге)
    1 2 3 4(2х3) 5 6*/4*) 6(4х5)
1 Талапбаев  Т. 1 175 1.76 308 26.1 8838.8
2 Аманжолов Б. 2 160 2.06 329.6 26.1 8602.06
3. Әлиев Ж. 3 165 2.35 187.75 26.1 10120.3
4. БақтыбаевС. 4 154 2.64 406.56 26.1 10611.2
5. Жұмашев М. 5 150 2.93 439.5 26.1 11471.0
6. Талапов Ж. 6 164 3.23 529.72 26.1 13825.7
      968   2401.13   62669.6
 

    Қосымша табыс коэффиценті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана/ 4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын = 26 теңге 10 тиын)

      «Бест-Стройкомплект» ЖШС - і  заң құқығы «Еңбек туралы» заңның 12 б., 5 т. қарастырылған. Мысалы, қызметкерге 2007 жылдың 1 мамырынан бастап 21 күнге демалыс берілген. Ол есептік кезінде толық жұмыс істеген, сондықтан ол былайша есептелінеді: 

    Кесте 2. 

Есептік кезеңге кіретін Есептік кезеңге  есептелген жалақы, тг. Еңбекақы жүйесінде қарастырылған, сыйлығы есептелінді, тг. 2007 жылдың  нәтижесі бойынша, жылдық сыйлығы  есептелінді, т.г  Еңбекақы жүйесінде  қарастырылған, сыйлық төленді, тг.  
2007 ж. 

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

2006ж.

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

 
15000

17000

17000

17000

20000

20000

20000

20000 

20000

25000

25000

25000 

 
 
 
     5000

     5000 

     6000

     6000

     6000 
 

     7000

     7000

     7000

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2400
 
     5000 сәуір айы үшін
Есептік кезеңнің жиыны  241000 49000 2400 5000
 

    Орташа  жалақының құрамын есептеу үшін мыналар енгізіледі: төлем ақы жүйесінде қаралған есептік кезеңдегі есептелген жалақысы; есептелген сыйлығы; есептік кезеңнің әрбір айы үшін есептелген жылдық сыйлығы (1/12). Бірінші кезекте есептеуге кіретін сыйлықтың сомасы анықталады: 49000+2400:12*8 –50 600 теңге.

    Әрбір қызметкерге 2008 жылдың 8 ші сәуірінен  бастап, 18 календерлық күнге еңбек  демалысы берілген. Есептік кезеңде  толық жұмыс істелмеген, яғни 14 наурыздан 21 наурызға дейін уақытқа еңбекке  жарамсыз болған. Бұл мәліметтердің  негізінде еңбекке есепті кезеңге есептелген демалыс ақысын былай шығаруға болады:

      Кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығы  негiзiнен капитал  көздерiнiң  құрылымының оңтайлылығынан (меншiктi және заемдық қаражаттардың  қатынасы) және активтердiң құрылымынан тәуелдi. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына баға беру үшін бірнеше арнайы көрсеткіштер есептелінеді  . Олардың негізгілері келесілер:

1 . Қаржылық  тәуелсіздік (автономиялық) коэффициенті

2 . Қаржылық  тәуелділік коэффициенті

3. Қаржыландыру (төлем қабілеттілік) коэффициенті

4. Қаржылық  леверидж (қаржылық тәуекел) коэффициенті

5. Қаржылық  тұрақтылық коэффициенті

6. Маневрлік  коэффициенті

      Банктер мен басқа кредиторлар үшiн клиенттiң меншiктi капиталының үлесi басым болғаны сенiмдi, бұл қаржылық тәуекел деңгейін төмендетеді. Бiрақ қазiргi күнi меншiктi капиталдың үлкен үлесi кез-келген шаруашылық субъектісінің  қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсете бермейді, керiсiнше кей жағдайларда  заемдық қаражатты пайдалану кәсiпорынның икемдiлiгiн, несие табу қабiлеттiлiгi мен iскерлiк ортадағы сенiмдiлiгiн көрсетедi.  

      «Бест-Стройкомплект» ЖШС мекемесінде табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

    • табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

    • таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

    •  табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

    - табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

    • табыстың өсу резервтерін анықтау;

    •  кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

    •  табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

    Нарықтық  экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің    негізгі   және   түпкі   мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы   көрсеткішті талдауға аудару керек.

    «Бест-Стройкомплект» ЖШС - інде табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып  тасталып көрсетіледі.

    Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

    Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден  түсетін табыс алады, оның мөлшері  өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен  және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

    Өнім  өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының  және сатып алушының жауапты сақталуындағы  тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері  белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық  құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіден - азаюына әсер етеді.

    «Бест-Стройкомплект» ЖШС - де өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты    сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің  қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының    төмендеуі,  ауыспалы   тауарлы-материалдық  қорлардың  тым   артуы  есебінен   болаты,. жағдайлар да кездеседі. 

    3 - кесте. «Бест-Стройкомплект» ЖШС-інде өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру.

N Көрсеткіштер  Есептік бағасы бойынша мың тг.
1 Өткізілмей  қалған дайын өнімнің жыл басындағы  нақты қалдығы  
8360
2 Тауарлы өнім шығару 29000
3 Өткізілген  өнімнің жыл аяғындағы қалдығы 15940
4 Өнімді өткізуден  алынуы мүмкін табыс  21420
5 Жоспар бойынша  өнімді өткізуден алынатын табыс  
20850

Информация о работе Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары