Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 15:45, курсовая работа

Описание работы

Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................
I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны...............................
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................
2.2 Салық алуды ұйымдастыру.........................................................
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері..........................
2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.....................................................
Қорытынды..........................................................................................
Қосымша кесте....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның салық жүйесі.doc

— 166.50 Кб (Скачать)

Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесіндегі жеке тұлғаларға салынатын табыс салығына осындай өзгерістерді енгізетін болса, табысы өте төмен дәрежедегі азаматтарыға едәуір көмек  болар еді.

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру  қиынға соқпайды, ал олардан түсетіе  экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық.                                   

 

 

 

    

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен тақырыбымды  қорыта келсем, салық – мемлекеттік  бюджеттің түсімдерінің ең басты  көзі. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Мемлекетке түсетін  салықтардың, алымдардың, баждардың  және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары  мен әдістерінің жиынтығы салық  жүйесін құрайды.

1991ж. желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделген. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,    18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

Салық төлеушілердің  жекелеген санаттары – арнаулы салық режімі – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша  салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

Қазақстан Республикасының  қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін  анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының  салық түрлері: жанама салықтар, корпорациялық  табыс салығы, қосымша құн салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен  арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салықтар, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сызба. Салық механизмінің  элементтері

 

 


 

 


 

 

 





 


 


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Қолданылған әдебиеттер  тізімі:

 

  1. А.Д.Байдүйсенов. // Қаржы және қаражат // 2001, №4, 32-36-беттер.
  2. Ә.Е.Өтембаев.  “Экономикалық өсімге кепіл болатын құжат” // Егемен Қазақстан // 2001, 22 қараша  2-бет.
  3. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. //Нарықтық экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
  4. Б.Медешов. //Нарықтық экономика теориясына кіріспе // Алматы, 1998 ж.
  5. Г.Д.Митюгина. “Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жеңілдіктер ” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж.,  №47 қараша   6-7-беттер.
  6. Е.Б.Жатқанбаев. //Аралас экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
  7. Е.Смайлов. “Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру” //Егемен Қазақстан //  2002 ж., 7 маусым 3-бет.
  8. З.Кәкімжанов. “Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер еліміздің экономикасына оң әсер ететін болады” // Егемен Қазақстан // 2002 ж.,          22-қаңтар, 2 бет.
  9. Н.Чернягина. “Көлікке салынатын салық” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №9 ақпан 5-7-беттер.
  10. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі //Салық кодексі// Алматы, 2004.
  11. С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов. // Қаржы //  Алматы, 2003 .
  12. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев. //Экономикалық теория негіздері// Алматы, 2004, 391-395-беттер.

Информация о работе Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері