Бағалы қағаз нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 19:11, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастырының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы. Біздің еліміздегі бағалы қағаздардың рыноктық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық басымдылығы және олардың дамуы, сонымен қатар бағалы қағаздардың дамуы қоғамымызға экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

БАГАЛЫ КАГАЗ НАРЫГЫ.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

Кіріспе 

    Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі  жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі  үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің  маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  Бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастырының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы. Біздің еліміздегі бағалы қағаздардың рыноктық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық басымдылығы және олардың дамуы, сонымен қатар бағалы қағаздардың дамуы қоғамымызға экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайды. 

    Бағалы  қағаздар орта ғасырлардан бастап қолданыла  бастады. Сол кезеңдегі ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты, сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлерге ірі капитал сомасына деген қажеттілік туды. Оның үстіне теңізден шалғай нарық пен шикізат көзін игерумен байланысты орындалатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар – бағалаы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары бүгінгі күнге дейін Лондон мен Торронто биржаларында сатылуда. 15-17 ғасырларда Англиядағы акционерлік компаниялары, капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

    "Бағалы  қағаздар рыногы туралы" заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарга акциялар мен облигациялар жатады.

    Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол, бір жағынан тауар және көрсетілген  қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан  қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген.

    Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасалған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.

    Бағалы  қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары  экономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл – бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ, бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, өйткені олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

    Өзінің  ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды зерттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды.

    90-шы  жылдардың экономикалық тәжірибесі  дәлелдегендей, шаруашылықты жетілдірудің  нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екені ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі  капиталға да, заттай капиталға да, меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жеке меншік иелері-халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы негізінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру, бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.

    Сонымен, бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының бір бөлігі. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық  банк болса, қарызды бір жылдан астам  уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып (акциялар, облигациялар), олардан түселтін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізі болып бөлінуі мен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы банктің несие жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді.

    Курстық жұмыстың мақсаты мен мінедеттері: Курстық жұмыстың мақсаты бағалы қағаздардың мәні және олардың түрлері, бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық қатынастарда ерекше тауар ретінде  сипатталып, әлеуметтік салалар мен экономиканы дамытудағы қызметтері және бағалы қағаздар нарығының еліміздегі дамуына талдап, теориялық білімді толықтыру.

    Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Бағалы қағаздардың теориялық даму негіздері мен бағалы қағаздардың экономикалық мәні туралы оқып-білу;
  • Бағалы қағаздардың түрлері мен атқаратын қызметтері туралы білімді толықтыру;
  • Еліміздегі бағалы қағаздардың нарықтық экономика жағдайындағы дамуын талдау,
  • Бағалы қағаздардың экономикалық қатынастарда қалыптасуы мен атқаратын қызметтерін айқындау;
  • Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі даму проблемалары мен бағалы қағаздар нарығын жетілдірудің негізгі бағыттары туралы оқып-білу.
 
 
 
 
 

     1 Бағалы қағаздардың пайда болуы 
 

         1.1 Бағалы қағаздардың пайда болу себептері және оның құрылымы 

     Бағалы  қағаздар орта ғасырлардан бастап қолданыла  бастады. Сол кезеңдегі ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты, сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлерге  ірі капитал сомасына деген қажеттілік туды. Оның үстіне теңізден шалғай нарық пен шикізат көзін игерумен байланысты орындалатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар – бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары бүгінгі күнге дейін Лондон мен Торронто биржаларында сатылуда. 15-17 ғасырларда Англиядағы акционерлік компаниялары, капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

    Ал  алғаш рет бағалы қағаздар туралы 1882 жылы профессор Бруннер жазған болатын, ол оны жеке құқық туралы құжат ретінде көрсеткен.

    Қазіргі заман әдебиеттерінің талдауы осы  көзқарастардың сол ізбен келе жатқандығын растайды.

    "Жалпы  экономикалық теория (политэкономия)" оқулығында бағалы қағаздар түсінігіне  мынадай анықтама береді: "Пайыз  немесе дивиденд түріндегі сыйақы  үшін қарызға берілген - қандай  да бір мүлікке немесе капиталға оның иесінің меншіктік құқығын куәландыратын құжат ".

    В.Д. Мельников, К.К. Ильясовта: "Бағалы қағаздар дегеніміз мүліктік құқықты куәландыратын немесе олардың иелерінің қарызға қатысын және бұндай кұжатты шығарған ұйьмдардың құқығын куәландыратын ақшалай құжат"-деп есептейді.[15, 304б]

    Г.Т. Пазылхайырова: "Бағалы қағаздар ерекше категория ретінде, яғни тауар түрінде  ішкі мәнімен және сыртқы көрінісі меншік құқын растайтын құжат  ретінде анықталады".[11.54б]

    Біздің  көзқарасымызда бағалы қағаздар категория ретінде, былайша айтқанда тауар түрінде ішкі өз қасиетімен және сыртқы көрінісі меншік құқын анықтайтын жалған өзгеше тауар ретінде көрінеді.

    Осыдан, біздің ойымызша, бағалы қағаздар әлеуметтік-экономикалық қатынастар үрдісінде (өндіруші мен  тұтынушы арасындағы) және қаржы рыногында (эмитенттер мен инвесторлар арасында) айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен көрінетін, сонымен бірге шаруашылықты тиімді жүргізуге қатысатын жалған өзгеше тауар болып табылады.

    Бағалы  қағаздардың қызметінің негізін жалған капитал қозғалысы құрайды.

    Жалпы алғанда жалған капитал қоғамдык қатынастарды көрсетеді, оның мәні осы  қаржының кейбір бөлігін ұстауда  несиелік капиталдың жекеленуінен және несиелік жүйені құрайтын арнайы институттардың құрылуынан пайда болған. Жалған капиталды нақтыдан бөлу капиталдың несиелік базасында жүзеге асырады, оның қорытындысында иеленушінің қолында меншік иесінің титулы қалады. Сол себептен, капиталдың заңды және экономикалық түрінің арасындагы үзіліс қалай толтырылса да, жалған капитал меншік түрінде көрінеді және де айналымға түсу қабілетін иеленеді.[10, 95б]

    Негізінде бағалы қағаздардың рөлі мен мәнін  былай анықтауға болады:

    Біріншіден, экономикалық қатынастар құрылымының  ажырамас бір бөлігі ретінде;

    Екіншіден, инвестицияларды тартудағы тиімді механизм ретінде. қор активтерінің жоғарғы өтімділігін қамтуда капиталды экономиканың әрбір салалары мен шаруашылык субъектілерінің арасында тиімді бөлу;

    Үшіншіден, рыноктық экономиканың барлық субъектілерінің  жұмыстарын белсендіру негізінде, бірінші кезекте тұрғындардың, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсімді үлғайтуға ықпал етуі.

    Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар капиталдық жэне ақшалық болып екі түрге  бөлінеді. Капиталдық бағалы қағаздар капитал рыногында, ал ақшалық бағалы қағаздар ақша рыногында айналысқа түседі.

         Бұл жіктеу жағдайын 1 сызбадан көруге болады.

           

         

         

           

           
     

           
     
     
     
     

    Сызба 1- Бағалы қағаздарды жіктеу үлгісі 

    Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздардың  маңызды іс-әрекеттерінің мақсаты - бос ақша қаржысын инвестицияға салғысы келетіндермен және қаржыны қажет ететіндердің арасында катынас жүргізу жолы арқылы экономиканың әрбір саласына инвестицияны тарту механизмін іс жүзіне асыру болып табылады.

    Бағалы  кағаздарды тауарға жақындату үшін әсіресе инвестициялық тауарға жатқызу қажет. Өйткені бағалы қағаздар ерекше түрдегі тауар.

    Тауар мағынасын бәрі түсінеді, ол айырбас  құнын білдіреді, яғни, олардың тұтынушылық  құны нақты тұтынушылықты қанағаттандырғанда ғана болады.

    Бұл мағынада тауар туралы жалпы түсінікпен инвестициялық тауар да түсінігі де сәйкес келеді. Бағалы қағаздар өзінен-өзі қандай да бір қажеттілікті канағаттандыра алмайды. Бағалы қағаздар заңдық мағынада бағасы өзінен өзі бола алмайтын ақшалық құжаттары болып табылады, кағаз тәрізді материалдық күйде; өздерінің табиғи қасиеттерінің күшімен, ал олардағы болатын құқық күшімен кейбір құндылықтарға жатады. Осыған сәйкес, бағалы қағаздардың тұтынушылық кұны олардың құрамында болатын табыс табу құқығына, меншікке бағаламында болады. Қағаздардың қабілеттілігі, кез келген басқа да қатынас объектілері тәрізді, тұтынушылықты және айырбас құнын алып жүрушілікте және осыған сәйкес оны қағаздың құндылығы деп атауға болады. Сол себептен, бағалы қағаздың ерекше өзгешеліктері бағалы қағаздардың тұтынушылық құны ондағы іске асқан құндылық құқығына тығыз байланыстылығында. Осылармен қатар барлық бағалы қағаздарға қатысты (акция, вексель, чек т.б) қағаздарды көрсету оған құқықтарды еңгізу үшін қажет. Сол себептен, багалы қагаздардың жалпы белгісі - оларда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру қажеттілігі болып табылады. Осы тектес анықтамалардың негізі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы Заңында (2003, 2 шілде) белгіленген.

    Тауар айырбастауға жататын нәрсе - бұл  бағалы қағаздардың және басқа да айырбас нысандары болып табылатын нәрселерге ортақ белгілері. Бірақ, жоғарыда айтылып кеткендей, бағалы қағаздарды ерекше түрдегі тауар ретінде айырып қарау қажет. Бағалы қағаздар туралы оларды тұтынылады деп карапайым тауар туралы түсінікпен айтуға болмайды. Тұтынушылық -тұтынушылықты қанағаттандырушылық ретінде бағалы кағаздар бойынша табыс алуда болып табылады, сонымен бірге бағалы қағаздың құны тұтыну нәтижесінде қарапайым тауар үшін өзіне тән сипатта азаймайды. 

    1.2 Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері 

    Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізігі және туынды болып бөлінеді.

    "Бағалы  қағаздар рыногы туралы" заңда  туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша қүқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куөліктер, жазылыс қүқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қагаздарга акциялар мен облигациялар жатады.

Информация о работе Бағалы қағаз нарығы