Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 09:41, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді.

Содержание

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАРЖЫ РЫНОГЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ-----------------------5
І. Бағалы қағаздардың түсінігі және банктегі қызметтері-------------------------5
І.1 Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және түрлері----------------------5
1.2 Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операциялары: түрлері, нормативтік құқықтық базасы-----------------------------------------------------------7
1.3 Екінші деңгейлі банктердің эмиссиялық, инвестициялық және өзге де операциялары, кәсіби қызметтері-------------------------------------------------10
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ----------------------------------------------------------15
1. 1. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын құру және реттеу---------15
1.2. Бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы----------------------------17
1.3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының заңдылық негіздері-------21
ІІІ. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ--------------------------------------------------------------------------------23
3.1. Бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері------------ --------------23
3.2. Бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары --------- ----------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------

Работа содержит 1 файл

баалы қағаздар нарығы курсовой.docx

— 674.50 Кб (Скачать)

    Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы екінші деңгейлі банктер өздеріне тиесілі банктік операциялары мен қызмет көрсетулерін осы рыноктың кәсіби емес және кәсіби қатысушылары ретінде жүзеге асырады.

    Екінші  деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129—134, 136,139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабынына), б)-тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36—2-бабымен, 36-3-бабымен, 52— 1-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6)-тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в)-тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының тиісті ережелерімен; «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазакстан Республикасы заңының 16-бабының 1, 2, 3, 4 және 8-тармағымен, 26-бабымен, 30-бабынын и), в)-тармақшаларымен, 4-тармағының а), б), б-1)-тармақшаларымен, 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабының 1, 2, 4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12, 13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44, 45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73, 74-бап-тарымен, 83, 84-баптарымен; «Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі. 
 
 
 
 
 
 
 

    1.3  Екінші деңгейлі банктердің эмиссиялық, инвестициялық және өзге де операциялары, кәсіби қызметтері 

    Екінші  деңгейлі банктердің жүзеге асыратын эмиссиялық операциялардың мақсатына өз капиталын қалыптастыру және ұлғайту, өзінің активті операцияларын жүргізуге және инвестициялауға қажетті ақша қаражаттарын тарту, сондай-ақ меншікке бақылау жасау үшін акционерлік қоғамның капиталына қатысу жатады.

    Тиісті  бағалы қағаз түрін эмиссиялау алдында банк тарапынан оның өтімділігі, айналымдығы, номиналдық бағасы, эмиссиялық бағасы және рыноктық бағамы (бағасы) есепке алынады.

    Банк  құжатты және құжатсыз нысандағы аталымды (атаулы) акциялар, тек құжатты нысандағы ұсынбалы акциялар шығара алады.

    Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер шығаратын акииялар дауыс беретін және дауыс берілмейтін акциялар, жинақтаушы және жинақтаушы емес акциялар, айырбасталатын және айырбасталмайтын акциялар болып ерекшеленуі мүмкін.

    Екінші  деңгейлі банктер тарапынан акциялар немесе облигация эмиссиялау барысында бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылданады; эмиссиялық проспектісі дайындалады; бағалы қағаз шығару және эмиссиялық проспектісі мемлекеттік тіркеуден өткізіледі; эмиссиялық проспектісі жарияланады; шығарылған бағалы қағаздар сатылады (өткізіледі); бағалы қағазды шығару қорытындысы жарияланады.                 

    Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінде:

    1) эмитент (банк) пен оның операциялық қызметінің түрлері туралы;

    2) эмитенттің орналастырылған акцияларының он және одан да көп процентін иеленуші акционерлер (қатысушылар) туралы;

    3)  банктің басшы қызметкерлері, олардың лауазымы жөніндегі соңғы   үш жыл ішіндегі, сондай-ақ банк орналастырған акциялардың оларға тиесілі саны жөніндегі мәліметтер көрсетіле отырып, банктің органдары мен құрылымдық бөлімшелері туралы;

    4) баланстық құны көрсетіле отырып, банктің активтері, сондай-ақ банк көрсететін қызметтердің жалпы құнының бес және одан да көп процентін құрайтын қызметті тұтынушылар туралы;

    5) банктің мүлкін бағалау туралы;

    6)  кредиторлардың тізбесі көрсетіле отырып, банк активтерінің баланстық құнының бес және одан да көп процентін құрайтын берешектер туралы;

    7) банктің аффилирленген тұлғалары  туралы;

    8) жарияланған эмиссиялық бағалы  қағаздардың саны, олардың түрі, төлеу тәсілдері, олар бойынша кіріс алу, оның ішінде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзімі және өтелу тәртібі туралы;

    9) айырбасталатын бағалы қағаздарды айырбастау тәртібі туралы;

    10) облигация ұстаушылардың өкілі туралы;

    11) төлем жүргізу агенті туралы;

    12) банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеуші туралы мәліметтер орын алады.

    Бағалы  қағаздарды эмиссиялау барысында екінші деңгейлі банктер эмитенттер ретінде көрініс табады.

    Мысалы: Қазақстан Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталарды (мемлекеттік бағалы қағаздарды) ұлттық валютамен де немесе шетел валютасымен де эмиссиялайды.

    Өз  қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.

    Қазақстанның Даму Банкі өз функцияларын орындау мақсатында, Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің лицензиясынсыз ұлттық валютамен де шетел валютасымен де . эмиссиялық бағалы қағаздар шығарады.

    Екінші  деңгейлі банктердің бағалы қағаздарды эмиссиялауы меншік құрылымын жақсартуға, әр түрлі тәуекелдерді төмендетуге, қаржылық орнықтылықты нығайтуға, қаржылық ағындарды тиімді басқаруға, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге, борыштық  құралдар ретінде қаражаттар тартуға септігін тигізеді.

    Сонымен екінші деңгейлі банктердің өз бағалы қағаздарын шығаруы және оларды бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастыруы ол жүргізген эмиссиялық операция болып табылады.

    Екінші  деңгейлі банктердің инвестициялық операциялары бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі операцияларды жүргізу, сатып алынған бағалы қағаздарды кепілге беру арқылы кредиттер тарту, сатып алынған бағалы қағаздармен куәландырылған құқығын іске асыру жөніндегі инвестор екінші деңгейлі банктердің операциялары, бағалы қағаздарды өтеу есебіне берілген проценттерді, дивидендтерді және сомаларды алу, банкроттыққа ұшырату рәсімдеріне кредитор немесе акционер ретінде қатысу, акционерлік қоғам эмитенті басқаруға қатысу, акционерлік қоғам таратылған жағдайда мүліктің өзіне тиесілі үлесін алу барысында айқын көрініс табады.

    Бағалы  қағаздар рыногында инвестициялық операцияларды жүзеге асыру кезінде банк өзінің өтімділігін, сондай-ақ өз қаражат-қаржысын бағалы қағаздарды сатып алуға-сатуға жұмсау арқылы табыс табуды көздейді.

    Өз  қаражатын бағалы қағаздарға салу процесінде банк алатын табыстар тікелей және жанама болып бөлінеді.

    Тікелей табыстарға банктің дивиденд және процент нысанында алған табыстары немесе бағалы қағаздарды қайта сатудан түскен пайда жатады.

    Екінші  деңгейлі банктердің жанама табыстары клиенттерінің корпоративтік басқаруына қатысу арқылы оларға тигізілетін ықпалды күшейту және бағалы қағаздар рыногындағы үлесін ұлғайту жолымен құралады.

    Бағалы  қағаздар рыногындағы инвестициялық операцияларын жүргізу барысында банк өзінің кіріс базасының ұлғаюын және диверсификациялануын, қаржылық орнықтылығын жоғарылатуды және банктік қызмет көрсету түрлерін көбейту арқылы жалпы тәуекелді төмендетуді, өзінің аса қарқынды рыноктағы орнын сақтап қалуды, еншілес қаржылық институттарды құру арқылы клиенттік және ресурстық базаны, сондай-ақ клиенттерге көрсететін қызметтер түрін кеңейтуді, бағалы қағаздарына бақылау жүргізу арқылы клиенттерге тигізілетін ықпалды күшейтуді мақсаттайды.

    Екінші  деңгейлі банктердің бағалы қағаздарға қаражат салуын талдау нәтижесінде тікелей және портфельдік инвестициялар айқындалады.

    Тікелей инвестициялар қандай болмасын компанияның (өндірістік немесе коммерциялық кәсіпорындардың) бақылау пакетін сатып алу (немесе бұрын сатып алған бақылау пакетін өзінде қалдыру) барысында бағалы қағаздарға (әдетте дауыс беруші акцияларға) салынған банктің каражаттары салымы нысанында көрініс табады.

    Өз  қызметін диверсификациялау және кіріс  базасын кеңейтуді көздеп банктің  инвестициялық және сақтандыру компанияларының, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының лизингтік компаниялардың және т.б. акцияларына салған ақша қаражаттары да тікелей инвестициялар нысаны болып табылады.

    Екінші  деңгейлі банктердің портфельдік инвестициялауы ауқымында корпоративтік бағалы кағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар (вексельдер, банктердің депозиттік сертификаттары) қамтылады.

    Портфельдік инвестициялар әрбір эмитенттің біртұтас басқарылатын бағалы қағаздарының портфелін құру нысанында жүзеге асырылады, сондай-ақ осы орайда банк портфелдегі бағалы қағаздардың бағамдық кұнының өсуінен табыс алуды және салымды диверсификациялау негізінде дивидендтер мен проценттер нысанында пайда алуды көздейді.

    ІІ. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы

    2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногын құру және реттеу 

    Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын  жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі  күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде  танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өн-дірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл  өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына  шетелдік  инвестициялар  бармай  отыр.   Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен  ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып  қарастыруга болатыны  түсінікті  болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал  бұл болса Қазақстанда  ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды  қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын  болады.

    Қорытып айтқанда, бағалы  қағаздар нарығының қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуі ұлттық табыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.

    Ұлттық  экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен  түсетін таза табыстың Қазақстан  банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал  резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгі себебін   білетін   мамандар   былай  түсіндіреді:   Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен офф-шорлық  аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары

 Қазақстан  экономикасына көптеген есепке  алынбаған және көзге көрінбейтін  зиян келтіреді екен.

      Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазакстан банкілерінің ресурстарын шектейді,  олар  өздеріне  қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.

    Соңғы кездері Қазақстан Үкіметінің құрамында  Кіріс министрлігі құрылғаны  және Салық комитетінің  міндеттері мен кұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге  қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді. 

    Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс падалана білу қажет. Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен..

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы