Инвестиция
Реферат, 05 Мая 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін.
Содержание
Кіріспе
І-тарау. Инвестиция туралы түсінік
Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері
Тікелей инвестиция
ІІ-тарау. Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны
2.1 Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестицияның орналасуы
2.2 Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей инвестиция тартудың маңызы
ІІІ-тарау. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат,шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар және олардың болашаққа әсері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Работа содержит 1 файл
Инвестиция туралы түсінік.doc
— 204.00 Кб (Скачать) Қандай
елдің болса да экономикасына
капитал келтіру сол елде
Инвестициялық
ахуал дегеніміз күрделі қаржы
келтіруге және оны тиімді
пайдалануға қолайлы саяси,
Шетелдік
инвестициялар нарығындағы
Қазақстанға
шетелдік капиталды келтіруге
байланысты инвестициялық
Шетелдік
инвестициялардың тасқынды
Қазақстандық авиажелілердің, әуежайлардың, ондағы қызмет көрсетудің қолайлығына, жоғары дәрежелі (төрт бес жұлдызды) қонақ үйлердің, телекоммуникациялардың болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесмендерге неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік беру болуы тиіс.
Әрине, тым шашырай берудің де еш пайдасы жоқ. Мәселе, философтар айтпақшы, қарапайымнан күрделіге.
Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі арқылы бұл мәліметтер көп нәрсені айқындайды. Мұнай-газ саласы пайданың қайнар көзі. Сондықтан трансұлттық компаниялар ең алдымен соған ұмтылады. Әлемдік саясатпен экономикада басымдығын көрсетіп қалуға ұмтылатын Американың Қазақстан мұнайынан басқалардан артық үлес алуы да заңды. Бір жағынан табысты тез беретін «Қара алтын» шетелдіктер үшін арзанға түседі. Оның үстіне Қазақстанның қазіргі даму жағдайында жұмыс күші де қымбат.
Жалпы
инвестициялармен
ІІІ-тарау.
Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық саясат,
шетелдік инвестицияларды
тартудағы негізгі проблемалар
мен олрдың болашаққа
әсері.
Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде реформалар негізінен мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындауға және оны жүзеге асыруға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттің
тікелей инвестицияларды
Бүл мақсаттарға жету үшін келесі жағдайлар қажет:
- жаңа технологияларды, алдыңғы қатардағы техниканы және ноу-хауды енгізу;
- ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерге толтыру;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
- экспортқа арналған және импортты ауыстыратын өндірістерді дамыту;
- Қазақстан Республикасының шикізат базасын рационалды және кешендік пайдалану;
- менеджмент пен маркетингтің қазіргі заман әдістерін енгізу;
- жаңа жұмыс орындарын ашу;
- жергілікті кадрлардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру;
- өндірістің интенсификациясын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны жақсарту.
Инвестициялық саясаттың әлеуметтік экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтану сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады. Бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:
- Үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу ( себебі үкіметтік несие алдын ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).
- Тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
- Донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
- Елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
- Тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.
Мұның
барлығы Үкіметтің орта
- Біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
- Шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
- Акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;
- Банктік мекемелерді инвестициялау.
Бір
кеңістіктегі серіктестердің
Дегенмен,
бірқатар жағымсыздықтар да
Олар мыналар:
- Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай газ саласы қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына ықпал етеді. Шетел инвестицияларын осылайша орналастыру шетел инвесторларының (темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі және т.б.) қызмет етуін монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал етті.
- Шетелдік тікелей инвестициялар құрылымында үлкен үлесті несиелер, заемдар, ссудалар алып жатыр. Оларды негізгі инвестор кәсіпорыннан филиалдар мен еншілес компаниялар алады. Мұндай фирмааралық инвестициялау қиындап жатыр. Соның салдарынан фирмааралық қарыздар қалыптасуда және ұсынудың қатаң жағдайлары кезінде коммерциялық несиелеу кеңейтілуде.
- Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен бірге бас компаниядан қаржылану көп жағдайда инвестициялаудың өзінің көлеміне тең емес пайданың ауысуына әкеліп соғады. Мысалы, әлемдік тәжірибедегі шынайы салым жоспарланған инвестициялар сомасының 20%-нен асқан жоқ, ал пайданы қайта инвестициялаудың бұдан кейінгі процесі бухгалтерлік және басқа да әдістерсіз қаржылардың негізсіз ағылып кетуіне әкеліп соғады. Соңғылар тікелей де, жанама да табыстардың елден негізсіз шығып кетуіне ықпал етеді.
- Ел экономикасындағы өңдеуші емес, шикізат салаларын инвестициялау теріс жағдайларға әкеліп соғады, олардың ішінде ерекше орынды дивиденттер алады, олар саланың экспорттық көлемінің елеулі бөлігін құрайды. Бұл жағдайда кеден арқылы шетелге өнімнің едәуір көлемінің өтуі кезінде экспорттық валюталық түсім пропорционалды дәрежеде өспейді.
- Шетелдік инвестициялаудың басқа формаларымен салыстырғанда, тікелей инвестициялар ағымын қатаң түрде реттеу өте ауыр, нәтижесінде ол төлем балансы жағдайына белгілі дәрежеде әсер етеді.
- Бүкіл әлемдік тәжірибедегідей, Қазақстан Республикасына тікелей шетел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімдік болашақты айқындай алмайды. Тәжірибеде көптеген донорлар міндеттемелер шеңберін орындауға қабілетсіз болып келеді, тиісінше ол төлем балансына, жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақсыздығы жағдайына әсер етеді. Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жағдайларда: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын қысқартуға еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады. Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.
- Ақпараттық нарықтардың құрылымындағы-шетелдік басқаруға өту шарасының шектен тыс жабық түрде жүретіндігін алдын ала айқындайды, ол көптеген келісімдерді бақылау мен олардың жүргізуіне жауапты болуы мүмкін емес.
Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы
инвестициялық процестің
Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікке сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптаспауының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы). Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ..
Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.
Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.
Бесінші, жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталды өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалды.
Алтыншны, тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе тең қайта бағалануына әкеліп соқты.
Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.
Көптеген экономистер мемлекеттік басқаруды аз талап ететін саясаттардың жүзеге асырылуы нұсқаларын ұсынып отыр. Бірақ жоғарыда аталған факторлар Қазақстан Республикасының өзіне тән ерекшеліктері жағдайында инвестициялық белсенділікті көтеру үшін, қолайлы жағдайларды қалыптастыру әдістерін белсенді қолдану мемлекет тарапынан талап етіліп отыр (бәсекелестік қабілеті бар отандық өндірушілерді бюджеттік қаржыландыру және қолдау, балансталған сыртқы экономикалық саясатты (СЭС) жүргізу, өнеркәсіптік даму саясатын үйлесімді түрде байланыстыру және т.б.).
Әлемдік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, соның
ішінде Азия-Тынық мұхиты
Инвестициялық
белсенділікті қамтамасыз
Қорытынды
Мен бұл тақырыпты алған себебім, қазіргі уақытта «инвестиция» термины үлкен маңызға және сұранысқа ие болып отыр.Өйткені, бүкіл дүниежүзінде қандай мемлекет болмасын дамыған не дамушы елдер инвестициямен көп қақтығысады. Мемлекет экономикасында болатын елеулі өзгерістер, соның ішінде инфляция, жұмыссыздық, жалақыны уақытысында төлемеу, осының бәрі халықтың тұрмыс жағдайының нашарлануына әкеледі. Осы проблемалардың барлығымен күрес жүргізетін инвестициялық саясат. Инвестиция арқылы жаңа технологияларды енгізу, жұмысшыларды жұмыспен қамтамассыздандыру, жаңа объектілерді ашу үшін көмектеседі. Бірақ басқа елден енгізілген капитал, тек инвестордың пайдасына ғана емес, капитал салушы мемлекеттің де пайдасына шешілуі тиіс. Бұл инвестицияның ең негізгі қағидаларының бірі болып саналады. Соған байланысты инвестицияны салушы мемлекетте арнайы комитет құрылуы керек. Бұл ұйым арнайы заң жобалары арқылы капитал қозғалысын бақылап отыру қажет.
Біздің мемлекетімізде 1999 жылдың 26 сәуірінде Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі құрылды. Ол тікелей инвестицияларды ынталандырудың мемлекеттік саясатын жүргізуде уәкілдігі бар мемлекеттік орган болып саналады. Осындай ұйымдар тек біздің мемлекетімізде ғана емес, басқа да дамушы елдерде де бар. Осы комитеттер арқылы инвестицияның дамуына әкелетін үлесі зор.
Ғылыми
техникалық революция жағдайында инвестициялық
ағымдардың өсуіне ықпал етуші факторларды
дамыту белсенді түрде жүргізілуде.
Қолданылған
әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер