Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:04, курсовая работа

Описание работы

Рынок- әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі. Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар. Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын сауда - саттықты білдіреді. Екіншіден, рынок - бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері.doc

— 213.50 Кб (Скачать)


Әлемдік рынок жайлы жалпы түсінік

       Рынок- әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі. Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар. Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын сауда - саттықты білдіреді. Екіншіден, рынок - бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. 
Рынок меншіктің тауар - ақша байланыстары мен қаржы - несие жүйесінің түрлі - түсті нысандарын пайдалануға негізделген экономиканың әрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктық қатынастарға жатады:
      екі субъект арасындағы өзара байланыс рыноктық негізде іске       

          асырылатын кәсіпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының

           жалға берілуімен байланысты қатынастар;
     шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
     еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері 
     белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар; 
    тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді қамтитын 
            рыноктық инфрақұрылымдардың қызмет ету процесі. 
       Рынок белгілі бір жағдайларда қызмет етеді.
Рыноктық қалыптасу жағдайын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы жағдайларын енгізумен байланысты. Оларға мыналар жатады:
     » меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру (жеке, кооперативті, 
           акционерлік, мемлекеттік)
     » мемлекеттік реттеуіштерді сақтаған жағдайлардағы өндірісті               

           демократизациялау. Бұл кезде рыноктық экономиканың өзі шексіз           

           даму қабілеті бар өзін - өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек.
     » тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндіріс факторлары және қаржы
           рыногы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін рынокты инфрақұрылым
           құру.
       Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды дайындау және шаруашылықты жүргізу рыноктық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі жатады. Біріншіден ресурстарды ұрлаумен тиімсіз пайдалануға жол бермейтін меншік пен шаруашылықты жүргізудің көп өырлы нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнінде анық шаралар қажет. Екіншіден, экономикадағы басым салаларды құрылымдық қайта құру арқылы тапшылықты игеру. Үшіншіден, экономиканы шетелдік капитал тарту және аралас кәсіпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру.
       Рынок мәні оның қызметтерінде өте толық көрінеді.
Ең маңызды қызметтеріне жататындар:

      делдалдық (рынок сатушылар мен сатып алушыларды біріктіреді);

      баға белгіленімі (сұраныс пен ұсыныс негізінде рынокта тауардың бағасы қалыптасады);

      реттеуші (пайдасы аз емес капитал саласынан одан да көп пайдасы бар салаға ығысады);

      ынталандырушы (сұранысы бар тауар өндіретін тауар өндіруші ынталандырады);

      сауықтандырушы (экономиканы тиімсіз және керек емес шаруашылық қызметінен «тазартады»).

Рынокта белгілі бір басымдылық пен кемшіліктер болады.

 

Рыноктың басымдылығы

Рыноктың кемшіліктері

1)     ресурстарды тиімді бөлу;

2)     тіпті шектелген ақпараты бар кезіндегі оның жақсы қызмет ету мүмкіндігі;

3)     өзгерісті жағдайда жоғары бейімділігі мен жағымдылығы;

4)     ғылыми – техникалық нәтижелерді оңтайлы пайдалану;

5)     тұтынушы мен кәсіпкерлердің іс – қимылы және таңдау еркіндігі;

6)     тауар мен қызметтердің сапасын көтеру, әр түрлі тұтынуды қанағаттандыру қабілеті.

1)     өндірілмеген ресурстардың сақталуын қамтамасыз етпеуі;

2)     қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктері жоқ;

3)     жалпы адамдық ресурстарды пайдалануды реттей алмайды;

4)     ұжымдық пайдалану қызметі мен өндіріс тауарларын ынталандырмайды;

5)     еңбек құқығы мен табысқа кепілдеме бермейді;

6)     ғылымдағы фундаменталды зерттеуді қамтамасыз етпейді;

 

       Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді: 


     → маржиналдық (шекті) талдау;
     → балама талдау шығындары;
     → экономикалық рационалдылық.

 

       Маржиналдық талдау принципі негізінде рыноктық субъектілер мінез- құлқы құрылады, оған орташа емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді. Рыноктың тауарларға толуы, нарықтық бағалардың өзгеруі нәтижесінде рыноктың экономиканың бір қалыптан екіншісіне қтуі бір қалыпты жүреді. Бұл жаңа шекті субъектінің сұраныс немесе ұсыныс түрінде рыноктық экономикаға әсер етпеуәнен болып отыр. Жетілген рынок жағдайында, үлкен және тұрақты сұраныс пен шаруашылықты жүргізуші субъектілердің шексіз саны болған кезде осылардың әрқайсысы шексіз шағын үлес салмағына ие болады.
Маржиналды жол рыноктық кеңістіктің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкіндігін болдырмайды, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе-тең жағдайды ұстап отырады.
       Балама талдау шығындарының принципі. Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсілдерінен немесе кәсіпкерлер қызметіне байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрінде болады. Рыноктық экономиканы құру жіберіп алынған мүмкіндіктер тізімі ішінен аз бірақ кепілді табыс беретін ең нашар вариант таңдап алуына негізделеді. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді қолда бар ресурстарды тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
       Экономикалық рационалдық принципі пайда мен шығындарды салыстыруға негізделеді. Рационалды таңдау кепілді табысты пайданың ең төменгі бөлігі көлемінде қамтамасыз ететін шекті болып табылатын өзгермелі вариаттардың бірінде іске асырылады. Рационалдық критерий табысқа деген құқықпен анықталады. Капиталды шектеулі пайдалану кезінде фирмалар пайданы жоғарлатуға тырысса тұтынушылар өз гілігін барынша жақсартуға ұмтылады. 
       Көрсетілген принциптер негізінде рыноктық экономиканы құру бір жағынан сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама- қарсы күштерді, екінші жағынан нарықтық бағаларды пайдалануға негізделетін рыноктық механизмнің орталық проблемасы болып табылатын тепе-тең жағдайға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

       Рынок – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық рынокты былай жіктеуге болады: ішкі (ұлттық) рынок, халықаралық, әлемдік рынок.Әлемдік рынок жеке елдің ішкі рыногымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта рыноктар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында дүниежүзілік нарық қалыптасуда.

       Әлемдік рынок (World market) — жекелеген елдердің бір-бірімен сауда-экономикалық қатынастар арқылы байланысы бар ұлттық нарықтардың жиынтығы немесе халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу арқылы өзара байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар - ақша қатынастарының жүйесі. Әлемдік рыноктың бірнеше түрі бар. Олар төменде көрсетілген:

       а) Капиталдың әлемдік рынокгы — капиталдың экспорты мен импорты бойынша жүйелі де тұрақты операциялармен байланысты халықаралық айырбас саласы. Ондай операциялардың объектісіне кәсіпкерлік және несиелік капитал, субъектілеріне жекеленген кәсіпкерлер, қаржы және банк ұйымдары, ұлтаралық компаниялар жатады. Капиталдың әлемдік рынокгында қор биржасы ұйымдастырушылық-экономикалық рөл атқарып, капиталдың елдер арасында ауысуына, өндірістердің қаржыландырылуына жағдай жасайды.

       ә) Машиналар мен құрал-жабдықтардың әлемдік рынокгы — машинажасау өнеркәсібінің өнімін сату мен сатып алу жөніндегі жүйелі де тұрақты халықаралық сауда. Ол тауар нарығының көптігімен ерекшеленеді және бәсекелестіктің, әсіресе, бағаның әрі олар туралы экономикалақ, коммерциялық ақпараттың қалыптасуына әсер етеді.

       б) Әлемдік рынок субъектілері — экспорт және импортпен айналысатын фирмалар. Әлемдік рыноктың бұл түріне сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы үлкен ықпал жасайды.

       в) Жұмысшы күшінің әлемдік рыногы — жұмыс күшін сату және сатып алу бойынша жүйелі де тұрақты қызмет көрсететін халықаралық экономикалық байланыс жүйесі. Бұл нарық еңбек ресурстарының ауысуын, әлемдік ауқымда олардың еңбекке деген мүмкіндіктерін арттырады. Бірақ халықаралық жұмыс күшінің миграциясы көп жағдайда оларды ауыстыруға байланысты ұлттық шектеулермен, әлеуметтік, экономикалык, мәдени, тарихи нысандарымен қатар айқындалады.

       г) Технологиялық әлемдік рынок — технология шешімдерді (лицензиялар, “ноу-хау”, жобалар мен құнды құжаттар) сату және сатып алу операцияларын жүргізетін халықаралық сауда саласы. Ол қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің рөліне байланысты әлемдік айырбастың басты секторына айналып отыр. Технологиялық нарық ғылым жетістіктерін өндіріске енгізуші, ғылыми-зерттеу және инжинирингтік фирмалар қызметінің нақты ұйымдастырушылық нәтижелерімен көрінуде, ал олардың субъектілері әр түрлі елдердің озық фирмалары, халықаралық және ұлтаралық компаниялар болып табылады.

      д) Шикізат және отынның әлемдік рынокгы — әр түрлі тауарлар бойынша сату және сатып алу операцияларын жасайтын халықаралық сауда орталықтары немесе жүйесі. Оның негізгі ұйымдастырушылық формасы — тауар биржасы. Шикізат пен отынның көп бөлігі сол арқылы сатылады.

       е) Қызмет көрсетудің әлемдік рынокгы — халықаралық тауар айырбасының ерекше жүйесі. Ол орнықты да жүйелі түрде өндірістік және тұтыну тауарларын сату және сатып алу операцияларын жүргізумен сипатталады. Бүгінде дүние жүзі сауда үлесінде қызмет көрсету айырбасы 44% көлемінде. Олардың негізгі объектілеріне ақпараттық және бағдарламалық жұмыстар, инжиниринг, консалтинг сияқты қызмет көрсету ұйымдары жатады.

       Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түріне әлемдік сауда -  саттық жатады, ал ол өз кезегінде әлемдік рыноктың бір бөлігі. Әлемдік рынок кең ауқымды түсінік. Оның құрамына: тауарлар рыногы, еңбек рыногы, бағалы қағаздар рыногы, қаржы рыногы және т. б. кіреді.

       Әлемдік рынок XVI – XVII ғасырларда пайда болды деп жорамалданады. XIX – XX ғасырлар аралығында ол толық қалыптасып, жүйелендірілді. Әлемдік рынок — бірін – бірі алмастырушы және бірдей тауар өндірушілер арасында өткір бәсеке құбылысы орын алатын алаң. Сонымен қатар экспорттаушы және импорттаушы елдердің кездесу орны. Бұл рынок түрі жоғары деңгейде монополияландырылған. Сондықтан бұнда жаңа бәсекелестер рынокқа кірерде көптеген кедергілерге тап болады.

       Тауарлы шаруашылықтың дамуының алғашқы кезеңіне қарапайым ішкі рыноктың пайда болуын жатқызуға болады. Бұнда тауар айналымы қолма – қол сауда – саттық нәтижесінде жүзеге асырылды. Яғни сатып алынған тауар құны дәл сол мезетте төленіп, тауар тұтынушының жеке меншігіне берілді. Бұл рынок түрі ежелгі Греция, классикалық дәуірдегі Қытай, Египет, Вавилон және Эфиопия елдерінде тәжірибеден өткен болатын. Оған тарихи жазбалар дәлел бола алады.

       Тауар деген сөздің өзіне түсініктеме бере кететін болсақ,      тауар- нарықтағы ең маңызды  элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Қазақстанда «тауар» ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ «мүлік»  «жақсылық» мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі  өкілдері «тауар»  ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәнге ие.

       Рынок пайда болғаннан кейін, көп ұзамай ол өзінің атқаратын қызметі, құрамы, қамтитын аумағы, тұтынушылар саны, дәрежесіне қарай мамандандырыла бастады. Бөлшектеме және көтерме сауда сату түрлеріне ажыратылған ұлттық тауарлар рыногы қалыптасты, еңбек рыногы,  қаржы рыногы және ең бастысы шетелдік тұтынушыларға негізделген рыноктың жаңа түрлері дүниеге келген болатын. Еңбек рыногының ішінде құл сату түрі жиі кездесті. Бұл рыноктың түрін тек жергелекті шонжарлар ғана емес, сонымен қатар Афина, Рим, Лион секілді батыс еуропа елдерінің ақсүйектері тұтынды.

       XVI ғасыр мен XVIII ғасырдың ортасына дейінгі аралықты мануфактура ауқымды тауар өндірісі үшін көптеген жағдайлар жасады. Ол еңбек бөлінісіне негізделді. Бұндай тауар өндірісі салдарынан қалалық базарлар мен жәрмеңкелер тар бола бастады. Бірте – бірте олар кеңейіп аудандық, мемлекеттік, мемлекетаралық, соңында әлемдік аумақты қамтитын дәрежеге жетті. Шет елдік рыноктармен қарым – қатынас қызметін атқаратын халықаралық рыноктың негізгі Еуропа, таяу шығыс елдерінде қаланды. Өндіріс ұлттық рынокпен тығыз байланыста болды. Ұлы географиялық ашылулар өзімен бірге тауар сұранысының белсенділігін арттырды және Еуропада капитализмнің дамуының негізгі факторына әсерін тигізді.

       Шағын кәсіпкерлер нарықтық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмады және сұраныс қысымының салдарынан XIX ғасырдың бірінші жартысында ірі индустриалды зауыт – фабрикалар пайда болды. Олардың өнімдері ішкі рынокты толығымен қамтып, артылып қалғандықтан біртіндеп әлемдік сұраныстарды қанағаттандыра бастады. Нәтижесінде мемлекетаралық сауда орталықтары ұлғайып, бірегей әлемдік рынок пайда болды. Ол XIX – XX ғасырлар аралығында толығымен қалыптасып, жүйелендірілді. Бұл құбылыс жетекші елдердің тауар өндірісінің жоғарғы деңгейіне қол жеткізген кезеңімен түсіндіріледі. Сонымен рыноктың эволюциялық даму схемасы мынадай: «ішкі рынок – ұлттық рынок – халықаралық рынок - әлемдік рынок». Төменде әр рынок түріне түсініктеме берілген:

      Ішкі нарық – елдің ішінде, оның шегінде әрекет ететін нарық, мемлекеттің шекарасы шеңберінде шектелген тауар айырбасы

      Ұлттық рынок – белгілі бір бөлігі шетелдік тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген ішкі рынок

      Халықаралық рынок – шетелдік рыноктармен байланыс жасайтын ұлттық рыноктың бөлшегі

      Әлемдік рынок – жекелеген елдердің бір – бірімен сауда – экономикалық қатынастар арқылы байланысы бар ұлттық нарықтардың жиынтығы немесе халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу арқылы өзара байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар – ақша қатынастарының жүйесі

       Әлемдік рынок халықаралық еңбек бөлінісінің бағыттарының барлығын қамтиды. Сонымен қатар ол мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді. Әлемдік рынок тауар стандарттарын анықтайды және өндірістік шығындар, ұлттық экономикалық бағдарламаларға әсер етеді. Әлемдік рыноктың халықаралық рынокқа қарағанда өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар төменде көрсетілген:

      ресурстардың мобильділігі, тауарлар мен қызмет көрсету халықаралық рынокке қарағанда әлемдік рынокта едәуір аз

Информация о работе Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері