Қор Биржа

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2012 в 18:45, реферат

Описание работы

Қор биржалары. Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді.

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы аткаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:
• қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаз-

Работа содержит 1 файл

Қор биржалары.docx

— 22.45 Кб (Скачать)

Қор биржалары. Экономикадағы  түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді.

 

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы аткаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:

• қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаз-

дарды сату жолымен уақытша  бос ақшалай қаражат-

тарды жұмылдыру және шоғырландыру;

- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын

несиелеу және қаржыландыру;

• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғыр-

ландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін ба-

ғаларды белгілеу және жалған капиталды қалып-

тастыру.

Қор биржасы қаржы ресурстарын  жинақтау, шоғырлан-дыру және қайта  бөлу процесін ұйымдастырушы экономи-каның  басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өн-дірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономика-лык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.

Қор биржасы өз қызметінде мынадай кағидаларға сүйенеді:

- қаншалықты биржадағы  мәмілелердің ауызша

жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатын-

дыктан да брокерлер мен  клиенттер арасындағы жеке

сенімнің болуы;

• сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы дел-

далдарының қызметінің кор  биржасының

әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.

Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген мүм-кіндік; бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.

Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: бола-шақ клиенттер  және ең бастысы, акционерлер торабын  құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды калай құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар (брокерлер мен дилерлер) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын (биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б.) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру қажет.

Қор нарығы сауда-саттықтың  өсуі және жасалатын мер-зімді мәмілелердің санының ұлғаюнан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан болатын. Қаржы операцияларының объектісіне қарыздық қолхат – вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Антверпен ресми түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда-сатгық жасалған. Кейіннен жетекшілік ролі Амстердамға ауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай-ақ биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.

Биржалардың бастапқы кезендегі  қалыптасуы мемлекеттіқ қарыздың өсуімен  байланысты болды, яғни қазыналық вексельдер мен облигацияларға жұмсалған капиталдарды кез келген уақытта ақшаға айналдыруға  мүмкін еді. Алғашқы акционерлік  қоғамдардың (Нидерлаңды және ағылшын  ост-үнді компаниялары) пайда болуьша байланысты акциялар биржа айналымының басты объектісіне айналды. Саудагерлерді, қарыз иелерін, банкирлерді, өңеркәсіпшілерді біріктіретін серіктестіктер-дің пайда болуы теңіздік экспедициялар және Жаңа Жарықтың елдеріне баратын сауда керуендерімен байланыста болды. Қосқан пайлары арнайы құжат акциялар арқылы құжатталды. Акциялар жалпы капиталға үлес қос-қандығын куәландырып, пайданың бір бөлігін алуға құқық берді.

Бұл компаниялардың алған  жоғары пайдалары, олардың акцияларына  деген бағаның бірден өсуіне және биржалық сауда-саттықтың ұлғаюына жол берді. Осы уақыттарда XVIII ғасырдың бірінші бөлігіне және келесі жылдары қор биржалары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ-та құрыла бастаған. Биржалар саны тез өсіп және олардың арасында өзара тығыз байланыстар орнықты. Сондықтан да капитализмңің қалыптасу кезеңінде қор биржасы белгілі бір дәрежедегі капиталды жинақтаудың маңызды факторына айналып, ол кейіннен қаржы-экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылды.

Еркін бәсеке нарығындағы  жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып  өтіп, қор биржасы және несиелеу сфералары арқылы ірі ақшалай қаражаттардың саладан салаға құйылуын қамтамасыз етті. Бұл кезең ұйымдастырылмағаң «жабайы» нарықтың уақытымен сипатталады. Бұл тұста, шаруашылық қызметті ретгеуші заңдылықтар мен органдар болмағандықтан да көптеген мәмілелер тіркеуге алынбаған.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы  жаппай акционерлік қоғамдардың  құрылуы мен бағалы қағаздар  шығарудың ұлғаюы қор биржасының  маңызын арттыра түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың интенсивті түрдегі жинақталуы бағалы қағаздарға деген едәуір сұранысты анықтап, ңәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең бастысы жеке компаниялар мен кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары айналысқа түсті.

Әсіресе бағалы қағаздар нарығы АҚЩ-та кеңінен дамы-ды. Егер де, Еуропада бос ақша қаражаттарын банктегі шот-тарда сақтауды, сақтандыру полңсі және жылжымайтын мүлікке салуды дұрыс санаса, ал Америкада көптеген кәсіп-керлер өз капиталдарын қаржылай активтерге инвестиция-лады. Сондықтан да АҚЩ-тың қор нарығында қаржылай операцияларды жүзеге асырудың қазіргі механизмі қалып-тасып, ол бүгінгі уақытта біршама ұйымдастырылған және демократиялық бағалы қағазадар нарығының біріне жатады.

Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне  байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы (ағылшын-саксон типтес) және топтық құқықтық сипаттағы (еуропалық континенттік типтес) қор биржалары.

Жеке құқықтық сипаттағы  кор биржасына классикалық мысал  ретінде әлемдегі Лондон қор биржасын және сондай / қағидамен жұмыс жасап отырған Нью-Иорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға болады. Олар жеке компа-ния түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, бірлестіктер, аралас кәсіпорындарға айналған. Мұндай тип-тегі қор биржаның мүшелерінің саны қатаң шектеледі. Оған орын үшін ірі ақша сомасын төлей алатын қарапайым тұлғалар мен компаниялар мүше бола алады. Нью-Иорк қор биржасындағы орын үшін төлем ақының мөлшері бірнеше ондаған мыңдарадан жүздеген мын долларларға дейін ауытқып отырады. Қор биржасына биржалық комитет немесе басқарма жетекшілік етеді. Мұндай биржалар қызметіне үкімет тарапынан қойылатын бақылау өте аз және олар біршама дербес және бағалы қағаздар айналысын реттеуде тәуелсіз. Қазақстан кор биржалары ұйымдас-тырылу кұрылымы жағынан биржаның осы тобына жатады.

Топтық құқықтық сипаттағы  биржалар мемлекеттік мекемелер  болып саналады. Олардың қызметтерін  үкімет органдары бағалы қағаздар айналысын реттеуші арнайы ко-миссиялармен бірлесе отырып, бақылау жасайды. Мысалға, Париж қор биржасы экономика министрі мен биржа опера-циялары жөніндегі комиссияның бірлескен түрдегі қадаға-лауында болса, ал Германияның биржаларын жергілікті үкі-мет органдары бақылауға алса, Италия биржаларын Қаржы минстрлігі мен компаниялар және биржа ісі жөніндегі Ұлттық комиссия реттейді. Биржалық жұмыскерлер мен қор операциялары бойынша мамандарды, сол органдар тағайындайды және олардың мемлекеттік қызметкер деген мәртебесі болады.

Бірақ соңғы жылдары ағылшын, американ және еуро-палық континенттік қор биржалары типтерінің арасындағы айырмашылықтарды білдірмеу ағымы байқалуда. Бір жағы-нан, биржаның өзі іштей өзін-өзі реттеу негізінде қызмет етсе, екінші жағынан ақша-несие және қаржы

 

механизмінің казіргі  құрылымына оңай көнетіндей ету мақсатында бағалы кағаздар нарығына мемлекеттік бақылау және реттеу арта түсуде.

Әрбір елде бір ғана емес, қор биржаларының толық жүйесі бар. Ұлттық биржалық жүйеде жекелеген биржа-лардың роліне байланысты моно жүйелік және поли-центристік қор биржалары бар елдерді топтастыруға болады.

Бірінші типтегі жүйеде елдің қаржы орталығында ор-наласқан бір ғана биржа қызмет етіп, қалғандарының аймақтық маңызы болады (АҚШ, Италия, Франция, Жапония). Мысалға, Милан және Париж қор биржаларында бағалы қағаздар ұлттық айналымының 95%-ға жуығы шоғырланса, ал Нью-Иорк және Токио биржаларында бұл көрсеткіш 84% және 80% құрайды. Қазақстандағы ұйымдастырылған қор биржасының дамуы осы биржалық жүйе төңірегінде жүргізілуде.

Полицентрлік қор биржасының жүйелері Германияда, Австрияда, Канадада, Швецияда қызмет етуде. Аймақтық қор биржалар қызметі жергілікті компаниялардың бағалы қағаздарына қызмет көрсетуге бағытталғандықтан да белгілі бір аудан төңірегінен шықпайды. Бірақ та бұл жерде провинциалдық биржалардың бірігу ағымының орын алуын айта кеткен жөн. Полицентрлік бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру құрылымына біршама аймақтық құрылым-дары бар Ресей биржалық жүйесі бет түзеп келеді.

Биржаны өзін-өзі реттеудің әрекет етіп отырған әдісіне – листинг жатады. Биржа ісіндегі листинг – бұл биржалық тізімге бағалы қағаздар эмитенттерінің бірқатарын қосуды білдіреді. Биржаны ұйымдастыру шартына байланысты бағалауға жіберілетін бағалы қағаздар тізіміне біршама ірі және рентабельді акционерлік қоғамдар ғана түсуге тиіс. Биржа листингіне енгізілу, эмитент-компанияның тұрақтылығы туралы куәландырылады, себебі биржа ондағы айналатын тауарлардың жоғары санын растайды. Листингтің құрамдас бөліктерін атап өтейік. Эмитент-компаниялардың бағалы қағаздары, оларды толық талдаудан кейін, биржада бағалауға жіберілетін бағалы қағаздар тізіміне қосылады. Талдау эмитенттің берген мәліметтері негізінде жасалады. Ондай мәліметтерге:

эмиссиялау проспектісі, компания акивтерінің жағдайы туралы ақпарат, компанияның бухгалтерлік есебі, тәуелсіз аудиторлармен куәландырылған пайда және зиян туралы есебі жатады. Барлық ақпараттар кешенінің аналитикалық өндеуі мыналарды қамтиды: жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси болжаулар, жаңа заңдарды және нормативтік актілерді, олардың компанияның қаржылық жағдайына тигізер ықпалын оқып-білу. Биржалық мәмілелер нәтижесінде қалыптасатын, бағам (баға) негізінде биржа бағалы қағаздарды бағалайды.

Ең ақырында, инвесторлар  осындай зерттеу негізінде дайындалған  ұсыныстарды қолдарына алады. Сөйтіп, листинг – биржаның қасиетті міндеттемесі ретінде, оның басты міндеті потенциалды инвесторлардың қаражат жұмсауына дұрыс бағыт беру және олардың мүдделерін қорғау болып саналады. Экономикалық жағдай, акционерлік қоғамдардың рейтингі және ең бастысы биржалық баға белгілеу парағы (биржалық бюллетень, ағымдағы бағамдары көрсетілген бағаланған бағалы қағаздар тізімі) инвесторлардың шешім қабылдауына негіз болып, қызмет етеді. Баға белгілеу парағы -елдегі, аймақтағы, әлемдік шаруашылықтағы қор нарығындағы ауа райының өзгерісін көрсететін өзіндік барометрді білдіреді.

Бағалы қағаздары бағалауға жіберілген акционерлік қоғамдардың экономикалық жағдайын биржа қатаң бақылап, қажет кезде (олардың экономикалық жағдайы нашарлап немесе борыштық тұрақсыздыққа ұшыраса) делистинг процедурасын қолдануы, яғни тізімнен алып тастауы мүмкін.

Листинг процедурасы ТМД  елдерінің қор биржаларының іс-тәжірибелеріне біртіндеп енгізілуде. Қазір ең бастысы, кәсіпорындарды жаппай акционерлеу алдында бағалы қағаздар нарығындағы қаржы дағдарысының тәуекелін төмендетіп, қаражат жұмсаудын сенімділгін кепілдендіру арқылы инвесторлардың сенімдеріне кіру қажет болып отыр.

Сондықтан, листинг ережесін енгізу, оны сақтау және бағаланатын  бағалы қағаздар санын көбейтуге  тырыспау -бұл бағалы қағаздар нарығы енді ғана қалыптаскан тұста ең өзекті мәселеге айналуда.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайы-мен  байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл жалпы нарықтар сияқты экономика-ның жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артық-шылыктары жарамсыз болып қалады.

Барлық қиын жағдайда да қор  нарығының инвестиция-лық процестегі ролі арта түсуде. Бүл ең бастысы күрделі калитал жұмсалымын каржыландыруға арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақүры-лымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.

Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.

Осындай және басқа да факторлар кор нарығын инвес-тициялауға арналған каражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болаша-ғы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адам-дарды окыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэко-номикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың үзақ мерзімді саясаты болуы керек.

Мұндай әрекет ету бағадарламасының мемлекеттік дең-гейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық мүддесі, оның құрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне сондықтан да, жанадан құрылыған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатынасу-шыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардын және т.б. үзақ мерзімді мүдделерін камтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор.

Информация о работе Қор Биржа