Өтпелі экономика үрдісінің мәні мен кезеңдерін

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 22:20, реферат

Описание работы

Әлемде өркениеттің дамуы жылдарында шаруашылық жүйелерін реформалаудың мол тәжірибесі жинақталды. Батыс экономистері Э.Уилс, Д.Гордон және басқаларының пікірінше, оның себебі халықаралық іскерлік белсенділігі циклының төмендеу сатысына енуінде жатыр. Мұның өзі халықаралық коңюктураның өзгеруіне барабар қарекет жасауды талап етеді.

Работа содержит 1 файл

экономика үрдісінің мәні мен ке.doc

— 53.00 Кб (Скачать)

     Өтпелі  экономика үрдісінің мәні мен  кезеңдерін

     Әлемде  өркениеттің дамуы жылдарында шаруашылық жүйелерін реформалаудың мол  тәжірибесі жинақталды. Батыс экономистері Э.Уилс, Д.Гордон және басқаларының пікірінше, оның себебі халықаралық іскерлік белсенділігі циклының төмендеу сатысына енуінде жатыр. Мұның өзі халықаралық коңюктураның өзгеруіне барабар қарекет жасауды талап етеді. Олардың пайымдауынша, экономикалық реформаның тереңдігі мен оның мақсаты ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға кірігу дәрежесіне, жинақталып қалған макро және микроэкономикалық ұдайы өндіріс проблемаларын тиімді шешу қажеттілігіне, тұтас алғанда отандық экономиканың және оның жекелеген секторларының жай-күйіне тікелей байланысты.

     Шаруашылық  жүйелерін реформалау практикасына орай Халықаралық валюта қоры мен Батыстың басқа да қаржы ұйымдары шаралардың қоржынын жасап, оларды дамушы елдерге ұсынған. Бұлардың арасында: елдегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерді тікелей басқарудағы мемлекеттің рөлін шектеу, рыноктық тетіктер пайдасына директивалық әдістерден бас тарту; бағалар мен жалақыны ырықтандыру; сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру; экономиканың мемлекеттік емес секторын дамыту және мемлекеттік меншікті жекешелендіру үшін жағдайлар туғызу; мемлекеттік бюджет тапшылығын мейлінше азайту; елде жүйелі институттық өзгерістерді жүзеге асыру; қаржы саласының тиімділігін  арттыру; инфляцияға қарсы қатаң күрес жүргізу және басқалары бар.

     Бастапқы  әлеуметтік-экономикалық жағдай мен  институттық ерекшеліктерге қарай  бірінші кезеңнің өзінде макроэкономикалық  тұрақтылыққа жету үшін қаржы институттарының жәрдемімен экономикалық реформалар жүргізудің жеке ұлттық бағдарламалары әзірленіп, іске асырылды. Алайда, талдау көрсеткендей, реформаларға мұндай көзқарас  тұтас алғанда ойдағыдай болып  шықпады.  Әдетте, макроэкономикалық тұрақтылық, егер болғанның өзінде едәуір кеш көрініс тапты. Қазақстан да бұдан сырт қалған жоқ.  Халықаралық қаржы ұйымдарының қатаң талаптарына бағыну, стандартты дағдарысқа қарсы шараларды қарадүрсін қолдана салу бұрынғы кеңестік елдер үшін онша қолайлы болмады.

     Біріншіден, экономикалық жүйенің кеңестік түрін  нарықтық түріне өзгерту шын мәнісінде  қоғамдық даму моделін эволюциялық  жолмен ауыстыру  болып табылатыны ескерілмеді.

     Екіншіден, шаруашылық жүргізуді жаңғыртудың кезеңдік кестесі де және өтпелі экономика теориясының  өзі де жасалмады. Оның міндетін дәстүрлі нарықтық шаралармен, жай ғана қайталаумен шешу мүмкін емес еді.

     Үшіншіден, белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортада қалыптасқан едәуір  жоғары біліми деңгейі бар дәстүрлі әлеуметтік ықпалдастықпен байланысты қоғамның нарықтық қатынастарға әлеуметтік жағынан икемделу қажеттілігіне назар аударылмады.

     Осынау  үш фактордың пайымдауынша, өтпелі кезеңнің экономикасы жалпыға бірдей, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерді ескеретін өзінің экономикалық теориясына сүйенуге, оның экономикалық дағдарыстың әлеуметтік ауыртпалықтарын жеңілдетуге қабілетті және кейіннен қоғам дамуының стратегиялық мақсатына жету үшін тірек болатын өзінің әрекет ету тетіктері болуға тиіс. Яғни, өтпелі экономика – ұзақ мерзімді әрі күрделі кезең, шаруашылық пен қоғамды жаңғыртудан бастап, экономикалық моделді іске асыруға және жаңа қоғамдық-саяси құрылғыны енгізуге дейінгі кезең. Оның барысында кезең-кезеңімен әрі күрделілігіне қарай түптеп келгенде экономикалық жағынан өсуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарды кіріктірудің алуан мақсаттағы міндеті шешіледі.

     Әртүрлі экономикалық мектептер реформалаудың  әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Көп ретте бұлар біріне бірі қарама-қайшы және қолдағы экономикалық әлеуеттің айырмашылығы мен ерекшеліктерін және қоғамның рухани ортасын ескерусіз қалдырады. Жоспарлы-әкімшіл кеңестік тұрпаттағы экономиканы нарықтық экономикаға реформалау үрдісінің өтпелі кезеңнің заңдылықтарына бағынатын өзінің ішкі даму қисыны болады. Осынау объективті заңдылықтарды елемеу, сайып келгенде, ұтымды экономикалық саясатты іске асыруға бөгет жасайды, сондай-ақ әлеуметтік нормалар жүйесінде  ауытқушылықтар (құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлық, дағдылы құндылықтардан бас тарту, адамгершіліктің құлдырауы және т.б.) белең алады.

     Өтпелі  экономика үрдісінің мәні мен  кезеңдерін қарастыра келіп, оның басталуы мен сол кезеңнің ерекшеліктерін дәл айқындаған жөн.

     Санаулы айлар ішінде-ақ ұнамды өзгерістер болып жатты. Шұғыл түрде тәртіп жақсарып, еңбек өнімділігі артты, кәсіби шеберлікті арттыратын әртүрлі үйірмелер мен курстар жұмыс істеді, жапондық кәсіпорындардың үлгісі бойынша жобаларды, жұмыс істейтін нысандар мен шикізаттың, құрастырушы, қолданушы технологиялардың сапасы мен беру мерзімдерін және басқаларын сараптаудан бастап бүкіл өндірістік үрдісті бақылау жөніндегі комиссиялар құрылды. Яғни, дамушы экономиканы мемлекеттік реттеу резервтерін іске қосу жолымен шаруашылық жүргізуді біршама ырықтандыру әдістеріне сай келетін жаңа жағдайға көшірудің алғышарттары жасалды.

     1990 жылы республикааралық айналымға  жалпы ұлттық өнімнің 20%-ға  жуығы түсті, ал Еуропалық Одақ елдерінде 14%  ғана болатын. Таза материалдық өнім үлесі Қазақстанда – 39,9%, Тәжікстанда – 41,8%, Өзбекстанда – 43,2%, Қырғызстанда – 50,2%, Түркіменстанда 50,7% еді.  Ресейде бұл көрсеткіш төмен – 18% болды. Бірақ соның өзінде ол Еуропадағыдан асыңқы еді. Әрине, осындай тереңінен ықпалдасқан және көлемді экономикалық кеңістікті автономдық құрамдарға бөлу оның дәрменсіздігіне әкеп соқты.

     Қазақстан мен жаңа Орталық Азия мемлекеттері қайта ықпалдасу үрдістерінен тысқары  қалды. Сонымен, түбегейлі экономикалық қайта құрудың бірінші кезеңі (1982-1991 жылдар) Кеңес Одағының құлауымен, әлеуметтік-психологиялық күйзеліспен, тереңдеген саяси және экономикалық дағдарыстармен, азаматтық соғыстың ықтималдығымен тәмамдалды.

     Өтпелі  экономиканың бірінші кезеңінің  соңы мен екінші кезеңінің бас  шені Қазақстанда, әлбетте бүкіл  бұрынғы кеңестік кеңістіктегі сияқты, нақ күйзелісті жағдаймен сипатталады. 12 мемлекеттің үшеуі ғана 1991 жылғы желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісімге қол қойды. Ал экономикасы тұтас тізбекте әлі қалыптаспаған тоғыз мемлекет жалпы одақтық шаруашылық жүйесінде төңіректеп бұл үрдістен тысқары қалды.

     Реформалаудың екінші кезеңі Қазақстан егемендігі жариялануы және шамамен өзінің ұлттық валютасын енгізуге дейінгі  кезеңді (1991-1993 ж.) қамтиды.

     Келесі  кезеңде (ІІІ) – “аялдамалармен бірге  қозғалыс”  ретінде сипатталатын транзитивті кезеңде (1994-1998 жылдар) дербес макроэкономикалық саясатты қалыптастыру басталды.

     ІV шешуші кезең немесе экономика ғылымы пайымдайтындай, табалдырықты кезең (1998-2000 жылдар).

     Оңтүстік-Шығыс  Азия елдеріндегі, Ресейдегі қаржы  дағдарысы Қазақстанға да соқпай кеткен жоқ. Бірақ 1996 жылдан бастап қатаң монетарлық саясат жүргізу, бюджет тапшылығын төмен ұстау, жеке секторды дамыту және ең бастысы – егемендік алғаннан кейін шын мәнісінде алғаш рет мемлекеттің реттеушілік рөлінің көрініс табуы арқасында республика макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізе алды. Экономиканың нақты секторының  қарыштап қарекет етуі үшін алғышарттар жасалды. Төлемдер жасамау проблемасы шешілді, салықтардың түсуі – индикативтік жоспар шегінде, ауыл шаруашылығында күйзелісті жағдайдан шығу белең алды, отын-энергетикалық кешен, басқа да шикізат салалары дами түсті, кәсіпкерлік кызметті, соның ішінде шетел инвесторларының қызметін реттеуші заңнамалық және нормативтік-құқықтық база жетілдіріле бастады. Нақты жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны тұрақталды. 2000 жылға дейін Қазақстан өтпелі экономиканы құрайтын проблемалардың үлкен бөлігін шеше алды. 
 
 

     Республиканың 2000-2005 жылдардағы даму кезеңі транзиттік ретінде сипатталады. Еліміз ұзаққа созылған жүйелі дағдарыстан нарықтық реформалардың онжылдығына қарай  тұрақты даму жолына шықты. Бірақ бұл жетістіктер оңайлықпен келмеді. Ішкі жалпы өнімнің көлемі 39 %-ға жуық,  өнеркәсіп өндірісі 50%-ға төмендеді. Химия және жеңіл өнеркәсібі, мәшине жасау, құрылыс материалдары индустриясы іс жүзінде құлдырап кетті. Ғылым өз әлеуетінен айрылды. Әлеуметтік сала: медицина, білім беру, мәдениет күрделі жағдайға тап болды. Жұмыссыздық деңгейі жоғары.  10% шылқыған байлар мен 10% кедейлер арасындағы кірістер айырмасы 11 еседен асады, яғни әлемдік индекстер ұсынылымынан 3-4 есе көп.

     Экономиканы орнықты ұстау, қоғамдық-саяси үрдістерді тұрақтандыру, әлеуметтік саланы қайтадан жандандыру мынадай шараларды жүзеге асырғанда ғана мүмкін. Бұлар: мемлекеттік реттеу мен бақылауды жандандыру; пәрменді институттық қайта құру; сыбайлас жемқорлықпен және басқа да қылмыстармен белсене күресу; энергетикада жоспарлы бағдарламаларды орындау; жұмыс істейтін қуаттарды оңалту, өз энергия ресурстарын айналымға жедел енгізу, экспортқа шығарылатындарын жасау есебінен тапшылықты жою, саланы жаңғырту және техникалық жағынан қайта жарақтандыру. Тек осы шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын еді.

     Мұнай шығару және өңдеу салаларындағы  стратегиялық бағыт – мұнай шығарудың ілгерілеу әдісін енгізу, мұнай қайтарымын ұлғайту, көлік арналарын тұрғызу және басқалары.

     Қара  металлургия саласында: металл сыйымдылығын азайту мен экспорттық әлеуетті ұлғайту; түсті металлургияны дамыту тиімділігі жоғары осы заманғы саланы құру. Көлік-коммуникация саласында халықаралық қызмет көрсету базасы кеңейтілуі керек. Ауыл шаруашылығы күйзеліс жайдан шығуға, бәсекелесуге қабілетті астық өнімдерін бірсыдырғы арттыруға, шикізатты ұқсатуға бағдарланады. Әлеуметтік саланы қалпына келтіруге көптеген инвестициялар талап етіледі.

     Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында белгіленген осынау міндеттер кейбіреулерге қол жетпестей болып көрінгені бар. Жолдау жарияланғаннан кейін қайсыбір басшылардың бет әлпетінен сенімсіздік реңі байқалды, ал бұрынғы кейбір басшылар қатарына қосылған оппозиция Президент тапсырмаларын “өткір” сынға алды.

     Алайда  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004 жылғы және 2005 жылдың қаңтарындағы қорытындылары Мемлекет басшысы болжамының дұрыстығын дәлелдейді. Нақты ішкі жалпы өнімнің өсуі 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4 % болды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 %-ға өсіп, қолданыстағы бағалармен 47,5 млрд. теңге болды. Кен өнеркәсібінде – 12,8 %, өңдеу өнеркәсібінде – 4,8%,  электр қуатын, газ және су өндіру мен бөлуде — 8,6 %, ауыл шаруашылығында 3,5 %  ұлғайды. Бөлшек тауар айналымы 2005 жылғы қаңтарда 92,5 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтардағыдан 9,9 % көп.

     Негізгі  капиталға салынған инвестициялар көлемі 2005 жылғы қаңтарда 97,1 млрд. теңгеге тең болды, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіндегіден 61 %-ға жоғары.

     2005 жылғы 1 қаңтарда елде 209884 шаруашылық жүргізуші субъектілер тіркелді, оның ішінде адам саны 50-ге дейінгісі 196952 субъект, іс-қимыл жасайтын заңды тұлғалар – 157843.

     Халықтың  нақты ақшалай табыстары 2004 жылғы  желтоқсанда 2003 жылмен салыстырғанда 12,8%, жалақы –18,5%-ға ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылғы қаңтарда экономика жағынан белсенді халық санының 8,6%-ын құрады.

     Осынау  жетістік экономиканы орнықты дамытуға бетбұрыс ненің есебінен болды деген сұрақ тудыруы табиғи нәрсе.  Хабары бар адамдар үшін бұл  Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” деп аталатын стратегиясын іске асырудың заңды нәтижесі болып табылатыны  айқын. Онда отын-энергетика ресурстары негізгі басымдылық деп, ал шетелдік инвестицияларды молынан тарту есебінен мүнай-газ секторын күрт дамыту – Қазақстан Республикасы экономикалық дамуының  басты қозғаушы күші деп жарияланған-ды.

     Сол деректерге орай 2005 жылдан бастап Қазақстан  экономикасын халық нақты сезінетін болды, яғни, еліміз өтпелі кезеңнің соңғы белесі деп аталатын кезеңге шықты деп қорытынды жасауға болады. Ол Қазақстанның әлеуметтік реформалар жағына шұғыл бетбұрыс жасауымен және әлеуметтік реформа ретінде шаруашылық қатынастарының нарықтық моделін белгілеумен сипатталады.

     Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында атап көрсетілгендей, “Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз”. Осынау мақсатқа жету үшін алдыңғылардың қатарында, мысалы инновациялық экономиканы жасау және шикізаттық емес секторды дамыту міндеті, яғни, экономиканың нақты секторын құрылымдық жағынан қайта құру тілге тиек етілді.

     Құрылымдық  қайта құруды жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде технополистер құру көзделеді. Бұлар ғылымның, білімнің және өндірістің, фирмалар, инновациялық компаниялар, жоғары оқу орындары, консультациялық кәсіпорындар тоғысуының ұйымдастыру нысаны, қазіргі нарықтық жүйенің аса маңызды  буыны. Мұндай тетік жасау “Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2010 жылға  дейінгі  стратегиясы” деп аталатын ұлттық бағдарламада көзделген. Индустриялық-инновациялық бағдарламаға енетін басқа да мәнді де ықпалды тетіктерге кластерлер жатады. Кластерлер – тасқынды әдіспен бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, жоғары технологияларды, яғни ғылым жасаған және практикада сыннан өткен бүкіл бірегей жетістік пайдаланылатын шаруашылық жүргізудің жоғары индустриялық нысандары. Әлбетте, көптеген жаңалықтар, ең алдымен, Қазақстанның таяудағы жылдары Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуына орай бағытталған. Ал біздің ырықтанған рыноктарды кеңінен аша қалған жағдайда қазақстандық кәсіпорындар өнімдерінің тіпті ішкі рынокта да бәсекеге қабілетсіз екені айқын болады. Еліміз екінші жүйелі дағдарысқа ұшырауы ықтимал. Әрине, бұған жол беруге болмайды. Ел Президентінің Швецияға сапарына орай мемлекеттік басқару органдары онда мемлекеттің экономикалық әртүрлі құрылымдық өзгерістерге белсене қатысатынына назар аударды. Бұл дұрыс. Өйткені, экономиканың бәсекеге қабілетті болуына ден қоя отырып, мемлекет сонымен бірге инфрақұрылымды дамыту жөнінде өзіне міндеттеме алады. Онсыз кез келген жеке күрделі қаржы  тиімді болмайды.

Информация о работе Өтпелі экономика үрдісінің мәні мен кезеңдерін