Акциздің құрылу негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:22, реферат

Описание работы

Акциз салығын төлеушілер мыналар:
1.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
2.Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;
3.Қазақстан Реепубликасының аумағында бензиннің (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;

Работа содержит 1 файл

Акциз салык.docx

— 45.89 Кб (Скачать)

Акциздеуге жататын  тауарларды

· спирттың барлық түрі

· алкогольді өнімдер

· табак өнімдері жəне құрамында  табагі бар өзге де өнімдер

· бензин (авиациялық бензиннен  басқасы)

· дизельді отын

· жеңіл автокөліктер (арнайы мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын

автокөліктерден басқалары)

· шикі мұнай

· газ конденсаты

Акциздеуге жататын  іс-əрекеттер

· ойын бизнесі

· лотереяларды ұйымдастыру  мен өткізу

2) Акциз салынатын  нысандар нелер?

Акциз төлеушінің жасаған жəне (немесе) алған жəне (немесе) құйған акциз алынатын

тауарлармен жүргізген операциялары: акциз алынатын тауарларды берушілік

(давалдық) негізінде сатуға немесе қайта өңдеуге жіберуі, жарғылық капиталға үлес

қосу, табиғи төлем жағдайында акциз алынатын тауарларды қолдану, тауар

өндірушінің өзінің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын акциз алынатын

тауарларды түсіру, тауар  өндірушінің өз өндіріс мұқтаждықтары үшін өндірген жасаған

жəне (немесе) алған жəне (немесе) құйғанен акциз алынатын тауарларды қолдануы,

бензинді (авиациялық бензиннен  басқасын) жəне дизельді отынды көтерме бағамен

сату, тəркіленген жəне (немесе) иесіз, мұра негізінде мемлекетке өткен  жəне

қайтарымсыз мемлекет меншігіне  берілген акциздеуге жататын тауарларды сату, ойын

бизнесі саласында жұмыс жүргізу, лотерея ұйымдастыру мен өткізу, акциздеуге

жататын тауарларды, акцизды  маркаларды бүлдіру, жоғалту.__

3) Акциз мөлшерінің салықтық базасы қалай анықталады?

· Нақты акциз мөлшерлемесі (табиғи шамада) – салық базасы табиғи шамадағы

өндірілген, сатылған акциздеуге жататын тауарлар көлемі ретінде анықталатын

акциздеуге жататын тауарларға қолданады.

· Акциздардың адвалорлық мөлшерлемесі (%-да) - салық базасы өндірілген,

сатылған акциздеуге жататын  тауарлар құны ретінде анықталады. Бұл

акциздеуге жататын тауарлар құрамына акциздар жəне қосымша құн

салықтары қосылмаған, тауар  өндіруші осы тауарларды сол бағамен  жеткізіп

беретін, құнымен анықталады.

Акциз соммасын есептеу бекітілген акциз мөлшерлемесін салық базасына қолдану

арқылы жүргізіледі. Акциз  мөлшерлемесін Қазақстан Республикасы үкіметі бекітіеді.

5) Акциздарды төлеу  мерзімі қандай?

· Акциздеуге жататын тауарлар үшін - салық кезеңінің алғашқы  он күні ішінде

жасалған операциялар  бойынша айдың он үшінші жұлдызында; салық кезеңінің

екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші

жұлдызында; салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар

бойынша есеп беру айынан кейін  келетін айдың үшінші жұлдызында.

· Берушілік (Давалдық) шикізаттан жəне материалдардан жасалған акциздеуге

жататын тауарлар үшін - өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші

нұсқаған тұлғаға берген күні.

· Қазақстан Республикасының  территориясында алынған шикі өңделмеген

мұнайды, газ кондетсатын  өндірістік қайта өңдеуге беру барысында – оны беру

барысында.

· Импортталған тауарлар үшін – Қазақстан Республикасы кеден  заңы кеден

төлемдерін өтеу үшін анықтаған  күні.

· Маркировкаға жататын импортталған акциздеуге жататын тауарлар үшін –

акцизды маркаларды алған күнге дейін немесе алған күні.


Информация о работе Акциздің құрылу негізі