Акша

Автор: АЙНАГУЛЬ ОРЫСБАЕВА, 02 Ноября 2010 в 20:51, реферат

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез - келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір - бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Карл Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғарғы сатысында болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: " Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ".
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: " Ақшаның мәні мен пайда болуы". Осы рефератты жазу барысында мен ақшаның шығу тарихын, әсіресе Қазақстан ақшасының қалыптасу тарихын көп қарастырдым. Әрине қазіргі нарық экономикасы жүйесі саласында теңгенің тұрақтандыру мәселесін шешуге ат салысқым келді. Бұл мәселелерді қарастырғанда жалпы ақша түсінігіне, инфляцияға шолу жасап нақты қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенің нарықтағы рөлін зерттеу.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3
1. Ақшаның мәні мен пайда болуы....................................................4
2. Ақшаның атқаратын қызметтері..................................................7
3. Ақшаның түрлері............................................................................14
4. Ақша айналысы, оның маңызы, құрамы мен құрылысы......19
Қорытынды............................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................2

Работа содержит 1 файл

Ақшаның мәні мен пайда болуы каз.doc

— 94.50 Кб (Скачать)

      Егер  ақшаның айналыстағы массасы  тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

      Айта  кететін бір жәй, осы айналымның құралы ретінде істеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес.

      Ақша  төлем құралы ретінде. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ  ақша қозғалысы міндетті түрде тауар  қозғалысымен бір уақытта тоғысуы  тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

      Егер  тауар мен ақшаның қарама - қарсы  қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем  ақы түскенге дейін сатып алынған  немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарды.

      Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен  бірге қаржы - несие қатынастарына  да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:

      - тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

      - еңбек ақы төлеуге байланысты  міндеттемелер;

      - мемлекетке қатысты қаржылық  міндеттемелер;

      - банктік қарыз, мемлекеттік және  тұтыну несиесі бойынша борыштық  міндеттеме;

      - сақтандару міндеттемелері;

      - әкімшілік - сот сипатындағы міндеттемелер  және басқалары.

      Ақша  төлем құралы ретінде айналыс  құралынан өзара  айырмашылықтары  бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату - сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде  тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.

      Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуді идеалды ақшалар атқарады.

      Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына  байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма - қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма - қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналамының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер сомасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандайда бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және тағы басқа).

      Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айырылуымен байланысты.

      Капиталистік  қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты " таза қазына " формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі ол шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.

      Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді.Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.

      Несиелік  және қағаз ақшалар қазына жинау  құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ  та осы қызмет негізінде олар қорлану  қызметін жүзеге асырады.

      Ақша  айналыс саласынан уақытша шығып  қалғаннан кейін олар қорлана  бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта  айналысқа төлем немесе айналым  құралы ретінде түсе алады. Шынында  да бұл елдегі ақша айнасының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін. Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

      - кәсіпорындар мен ұйымдардың  есеп айрысу және депозиттік  шоттарындағы ақшалай қаражат  қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

      - банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

      Несиелік  механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін  қарыздар түрінде қайтадан айналыс  процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар  бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.

      Дүниежүзілік  ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы  дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда  болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халақаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

      Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел  валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға  балап бекітті.

      Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық  халықаралық есеп айырысулардың 80 % - зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген  аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.

      Бреттон - Вудстағы (1944 ж.) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық ортақ бірлігі "еуро" айналысқа щықты.

      Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса  қайталауда.

      3. Ақшаның түрлері

      Ақша  пайда болғаннан бері бірнеше  рет өзгеріске ұшырады. Бірақ бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайлармен, яғни қоғамдағы болған өзгерістерімен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның ( ақшаның ) маңызын әр түрлі тауарлар атқарған. Кейін өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын біртекті, оңай бөлшектеннетін, сақтағанда бұзылмайтын, тасымалдауға қоайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді.Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар.

      Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар, сондықтан  ол еш уақытта, тіпті инфляция кезінде  де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға  қанша керек екенін шамалай алады. Егер айналыстағы алтын ақша керек  мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.

      Дегенмен, алтын ақшаны падаланудың бірқатар қиындықтары бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығаумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі айналыстағы ақшаның кюбеюін керек етеді, ал лол үшін алтын шығарудыкөбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды.

      Қағаз ақша. Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамынан біртіндеп бөлінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.

      Ең  бірінші қағаз ақша XI ғасырда  Қытайда шықты. Содан кейін VII ғасырдың аяғында, XIX ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы <<ассигнация>> деп аталатын қағаз ақша шығарылды.

      Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды  және оны  Үкімет тек мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланыст қағаз  ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағдайда әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі. Дегенмен, бұндай жағдайды несиелік ақшаның көмегімен оқшандыруға болады.

      Несиелік  ақша (банк билеттері). Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцяларды жүзеге асыратын кез келген банктің қолында (Орталық, болмаса Қлттық банкіден басқа). Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вексельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде банктер қарыз алушылардың банкнотын (банк билеттерін) береді. Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек тауар өндірумен, оны өткізідің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғанда үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалыдық құндылықтар мен шаруашылық наты қозғалысына қарай беіріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымғда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді. Тек мұндай қолма - қол ақша беру мен несие берудің, сонымен қатар, қолма - қол ақшаның банкке түсуімен несиенің қайтарылуның байланыстары әрбір операциядан байқалмайды. Оны тек барлық операцияларды біртұтас жиынтық ретінде қарағанда ғана байқаймыз. Егер несие жоғарыда айтылған байланыссыз шаруашылықтардың нақты керегінен артық берілсе, бүкіл халық шаруашылығы бойынша несие көбейіп кетеді де, инфляциялық жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып соғады.

      Қолма - қол ақшасыз айналымдағы ақша.  Қолма - қол ақшасыз айналым дегеніміз, қолма - қол ақшаның орнына несие  операциялардың пайдалану, яғни ақшаны бір есеп шоттан екінші есеп шотқа аудару болып табылады. Ол үшін әр түрлі төлемқұжаттары мен құнды қағаздар пайдалынады. Сөйтіп, бұл айналым несиелік ақшаның пайда болуын қажет етеді.

      Бірақ қолма - қол ақшасыз айналымның қолма - қол ақшасыз есеп айырылысудан айырмашылығы бар. Олар:

      - Кейбір құнды қағаздар арқылы  жүргізілетін қолма - қол ақшасыз  айналым банктің қатысуынсыз  жүзеге асырылады.

      Мысалы, вексель және басқа да кейбір төлем  құжаттары тиісті жазу (индоссамент) мен ақша алушыға жіберіледі, бірақ  ақша аударылмайды. Сондықтан мұндай операциялар қолма - қол ақшасыз айналымға жатады.

      - Кейбір ақша алушылармен есептескенде, төлеушінің банктегі шотта жатқан  ақшасы жалпыға бірдей төлем  құралы ретінде шот иесінің  рқсатынсыз пайдаланылады.

      - Егер қолма - қол ақшасыз есеп  айырысуға қатысушылар алдағы уақытта ешқандай міндеттеме алмайтын болса, вексель арқылы жүзеге асырылатын, қолма - қал ақшасыз айналымға қатынасатын вексель беруші алдағы кезде сол вексельде көсетілген төлемді уақытында төлеуге міндеттеме алады.

      Өз  ретінде, қолма - қол ақшасыз есеп айырысу қолма - қол ақшаның айналымынан төмендегідей өзгешілігі бар:

      - қолма - қол ақшасыз есеп айырысуда  3 жақ қатынасады: сатушы, сатып алушы  және олардың есеп шоттарына  тиісті жазу жасайтын банк.

      - қолма - қол ақшасыз есеп айырысушылар  банкпен несиелік байланыста болады. Оған дәлел, есеп шоттары азды - көпті ақшасы бар. Міне, сол ақшалар банктердің шот иелерінің алдындағы міндеттемесі болып екенін дәлелдейді.

      Сонымен қатар, қолма - қол ақшасыз есеп айырысу  мен қолма - қол ақшамен есеп айырысудың біртұтастығы және өзара тығыз байланысты бар. Мысалы, есеп айырысудың екі нысанында да бір ғана ақша қатынасады (доллар, рубль, тенге т.б). Оның үстіне есеп айырысудың бір нысанындағы ақша екінші нысанына оп-оңай ауысады. Егер есеп шот иесі касса чегімен өз шотынан ақша алса, бұл ақшаның есеп айырысудың қолма - қол ақша әкеліп салса, көрініс керісінше болады. Есеп айырысудың екі нысанының біртұтастығының тағы бір дәлелі, екеуінің де несие негізінде пайда болды.

      Айнылымдағы ақша жиыны және ақшы базасы.  Нарық жағдаында қолма - қол ақшамен және қолма - қол ақшасыз айналым болды. Осыған байланысты айналымдағы ақша жиыны осы біртұтас айналымның көлемі болып табылады.

      Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2000 жылы 45,9 % - ға өсіп, 2001 жылдың басында 399,5 млрд. теңгеге жетті. Қазіргі жағдайда айналымдағы ақшы жиынын сипаттау үшін әр түрлі агрегаттар қолданылады:

Информация о работе Акша