Ғарышкері қазақтың

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 07:51, доклад

Описание работы

Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы Қазақстан жерінде орналасқан. Бұл жерден космосқа Жердің тұңғыш жасанды спутнигі, тұңғыш ғарышкер - Юрий Гагарин ғарышқа аттанды ол адамзат дамуының ғарыштық дәуіріне жол ашты.
Енді, Ресей-Қазақстан арасындағы тығыз байланысы арқылы, ғарыш айлағы жаңа жобалардың куәгеріне айналды – Қазақстанның «Бәйтерек» ғарыштық кешені құрылысы салынды, «КазСат» байланыс спутнигі ұшырылды.

Работа содержит 1 файл

баяндама гарышкер.docx

— 14.02 Кб (Скачать)

Тақырыбы:  «Ғарышкері қазақтың»

Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы Қазақстан жерінде орналасқан. Бұл жерден космосқа Жердің тұңғыш жасанды спутнигі, тұңғыш ғарышкер - Юрий Гагарин   ғарышқа аттанды ол адамзат дамуының ғарыштық дәуіріне жол ашты.

Енді, Ресей-Қазақстан арасындағы тығыз байланысы арқылы, ғарыш айлағы жаңа жобалардың куәгеріне айналды – Қазақстанның «Бәйтерек» ғарыштық кешені құрылысы салынды, «КазСат» байланыс спутнигі ұшырылды.

Байқоңырдағы дәстүрлі мерекелік  іс-шаралар әлемдегі бірінші ғарышкер Юрий Гагарин мен ғарыштық жүйелердің бас конструкторы Сергей Королевтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен ашылады.

Бүгін кешке Байқоңырдағы "Сатурн" киноконцерт залында  Космонавтика күніне арналған салтанатты жиын мен концерт өтеді, оған ғарыш  айлағының ардагерлері мен Ресей  және Қазақстанның ғарыш саласының  өкілдері шақырылған.

Байқоңыр ғарыш айлағы "зымыраншылардың" айтуынша, қызу жұмыс істейтін, яғни, олардың тілімен  айтқанда "ең ұшырғыш" айлақтың бірі ретінде қалып отыр", - деді "Южный" ғарыштық орталығының бас маманы Олег Урусов. Оның айтуынша, егер былтыр "24 ғарыштық ұшырылым сәтті жүзеге асырылса, биыл 30-дан кем емес ғарыштық ұшырылым межеленген".

Өткен жылдың күзінде "Южный" ғарыштық орталығының құрылуымен Байқоңыр ғарыш айлағындағы конверсия  аяқталды. Сарапшылардың пікірінше, "Южный" ғарыштық орталығының  құрылуы Байқоңырды және онда жүзеге асыралып жатқан сынақтар мен ұшырылымдарды  басқаруды жақсартуға, ғарыш айлағының  құрылымын оңтайландыруға және онда бірін-бірі қайталаушы тармақтарды  жоюға мүмкіндік береді.

"Өткен жылғыдай биыл  да пилотты бағдарлама бойынша  10 ұшырылым жоспарланған: төрт "Союз-ФГ" зымыраны "Союз ТМА" пилотты  корабльдерімен және алты "Союз-У"  зымыраны "Прогресс" жүк корабльдерімен  ұшырылады", -деп хабарлайды "Южный"  ғарыштық орталығындағылар. Бірінші  тоқсанда Байқоңырдан бес ғарыштық  зымыран ұшырылды, бұл - осы кезеңде  дүниежүзінде іске асырылған  ұшырылымдардың тең жартысына  тең. Екінші тоқсанда тағы да  сегіз ғарыштық ұшырылым жоспарланып  отыр.

12-сәуір "Ғарышкерлер"  күні. Биыл құпиясы мол ғарыш  әлеміне адам баласының алғаш  сапар жасағанына 50 жыл толады. Тұңғыш  ғарышкер Юрий Александрович  Гагарин осыдан 50 жыл бұрын, яғни 1961 жылы 12 сәуірде Ғарышқа алғаш  ұшқан болатын. Сонымен бірге  Қазақ даласынан  "Мен Қазақпын" деп ғарыш әлемін дүр сілкіндіріп  алғаш аспанға көтерілген қазақ  батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Аубакировтыңда  ұшқанына 20 жыл толады. Осы мерей  той қарсаңында мектебімізде  көптеген іс-шаралар өтуде. 

Юрий Алексеевич Гагарин 1934 жылы 9-наурызда қарапайым колхозшылардың отбасында дүниеге келген. Оның 1961 жылғы 12-сәуірдегі  алғашқы адам болып ғарышқа сапар шегуі (ғарышта 108 минут болды) оны батыр дәрежесіне жеткізді. Ол атақ оған лайықты еді. Неге? Себебі, ол ғарышқа ұшқанға  дейін ғарышқа бес рет сынақ  сапарлар жасалған болатын. Бірақ олардың  барлығы бірдей сәтті аяқталмады. Осындай нәтижелерге қарағанда  Юридің жасаған тәуекелі өлім мен  өмір арасында болатын. Бұл жайында  ұшқыш-ғарышкер В. Шаталов былай  дейді:

«Перед полетом Гагарина было произведено пять пробных запусков. Они показали, что космос не прощает  малейшей неточности: первый корабль, выполнив программу, не послушался команды  на спуск, перешел на новую орбиту и в дальнейшем прекратил существование. Второй запуск был удачным. Но в конце 1960 года на третьем запуске корабля  типа «Восток» опять неудача: аппарат  сгорел при возвращении… Юрий шел  на риск, ценою которого могла стать  жизнь…»

Юриге жүктелген тарсырма қаншалықты қиын болса да, ол өзінің әзілқойлылығын еш ұмытпаған жан  болған. Ол өзінің жанындағы замандастарынан  физиологиялық жағынан оқ бойы озық тұратын. Өте қарапайым жан болған. Атағы жер жарып тұрса да, өзінің ескі таныстарын ешқашан ұмыт қалдырмаған.

Юриге ғарыштық сапардың алдында  дәрігерлер «Стратосфера для тебя —  не предел!» деген екен. Өйткені  ол оған дейін ұшқыш-сынақшы болып  жүрген еді. Ал ол ұшатын ұшақтар көп  болса 16 шақырымдық биіктікке дейін  ғана көтерілетін.

1968 жылдың 28-наурызында Юрий  Гагарин 34 жасқа толған шағында  реактивті ұшақты сынақтан өткізу  кезінде (ұшу кезінде) қаза  тапты.

Информация о работе Ғарышкері қазақтың