Қаржы нарығын тұрақтандыруда «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ұлттық әл- ауқат қорының ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Нарықты экономика негізінде, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, елімізді дамыған елдер қатарына бір қадам болса да жақындататын маңызды құралдардың бірі – мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында құрылатын мемлекеттік холдингтер болып табылады.
Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдауда. 2002-2003 жылдары бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының құрылуы.............................5
1.2 Қор компанияларының қаржы-шаруашылық қызметі мен жобалары.......6
1.3 Холдинг құрамына кіретін топтардың қызметі..........................................10

2 ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ—АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ РОЛІ
2.1 Қордың экономиканы тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларының жүзеге асу барысы.............................................................15
2.2 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының ел экономикасын әртараптандырудың алғышарттары.....................................................................19

3 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ.........................22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР.....................................................................28

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығын тұрақтандыруда «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ұлттық әл- ауқат қорының ролі.doc

— 207.00 Кб (Скачать)


М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

 

1 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

1.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының құрылуы.............................5

1.2  Қор компанияларының қаржы-шаруашылық қызметі мен жобалары.......6

1.3   Холдинг құрамына кіретін топтардың қызметі..........................................10

 

2 ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ—АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ РОЛІ

2.1 Қордың экономиканы тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларының жүзеге асу барысы.............................................................15

2.2 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының ел экономикасын әртараптандырудың алғышарттары.....................................................................19

 

3 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ.........................22

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР.....................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Нарықты экономика негізінде, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, елімізді дамыған елдер қатарына бір қадам болса да жақындататын маңызды құралдардың бірі – мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында құрылатын мемлекеттік холдингтер болып табылады.

Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдауда. 2002-2003 жылдары бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.

Мұндай мемхолдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.

Біздің мемлекетімізде, мұндай мемхолдингтің бірі 2006 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Ол - ТМД кеңістігінде бірінші пайда болған «Самұрық» холдингі» АҚ болып табылады. «Самұрық» холдингі» АҚ-ның бірегейлігі-мемлекет экономикасының тұрақтылығын бағдарланған компанияның серпінді бизнесімен үйлестіруінен құралады.

"Бiздiң негiзгi мақсатымыз – ел экономикасын тұрақтандырып, оны әртараптандыра отырып, өз құрамындағы компаниялардың өсiмiн арттырып, олардың корпоративтi басқарылуын жоғарғы дәрежеге жеткiзу" дейдi "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылары. Бүгiнде шетелдiк инвестицияның көлемiн кеңейтетiн, инвестициялық жобалардың санын арттыратын, шикiзаттық емес секторды жандандыратын және отандық және шағын бизнестi көтеретiн нақ мезгiл туды. Ал, 2010-2014 жылдары инфрақұрылымдық және электр желiсi, химия, мұнай химиясы, металлургиялық инвестициялық жобаларға көптеп көңiл бөлiнбек. Жалпы, "Самұрық-Қазынаны" құру арқылы мемлекет жалпы құны 2-6 млрд.АҚШ доллары аралығындағы болашағы зор жобаларды қаржыландыруға мүмкiндiк алды. Оның үстiне Қазақстандағы инвестициялық ахуал кез келген шағын кәсiпкерлiктiң табанды түрде аянбай жұмыс iстеуiне, өнiм шығаруына сеп болып отыр. Елбасы "Самұрық-Қазына" Қорына экономиканы модернизация-лауға қатысты шаруалар атқару мақсатын жүктеген едi. Қор даму институттарының жұмысына Үкiмет бағдарламаларының жүзеге асырылуы тiкелей байланысты. Себебi, қазiргi күнi даму институттары, оның iшiнде Қазақстан Даму банкi индустриалды және инфрақұрылымдық жобалардың негiзгi қаржыландырушысы. Осыған байланысты компаниялардың басым бөлiгiнде шығындармен салыстырғанда, түсiмдер байқалуда. Демек, өткен жылғымен салыстырғанда, қаржылық жағдай едәуiр жақсарған.

"Самұрық-Қазына" Қазақстанда өткен инвестициялық саммиттер кезiнде инвесторлармен, шетелдiк компаниялармен тоғыз меморандумға қол қойды. Олар – шикiзаттағы мұнай мен газ саласын ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық машина жасау саласын және мұнай-химиясын дамытуға септiгiн тигiзедi. Сөйтiп, үдемелi индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру жолында мемлекеттiк бағдарлама жобасын жүзеге асыруға кiрiскен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ дағдарыс операторынан стратегиялық оператор қызметiне көшiп отыр. Ауқымды әрi стратегиялық маңызы зор жобаларға мұрындық болу экономикамыз үшiн аса тиiмдi. Әсiресе, бұл кезде орта және шағын кәсiпкерлiктiң қосалқы түрде дамитыны айтпаса да түсiнiктi. Демек, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қатысуымен жүзге асырылатын жобалар мен құйылатын инвестициялар экономикамызды сауықтыруға әжептәуiр әсер ететiнi айдан анық.

Курстық жұмыстың мақсаты:

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының қызметінің теориялық сипатын бере отырып, қазіргі кездегі экономиканы тұрақтандыруға бағытталған бағдарламаларының жүзеге асу барысын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының құрылуы мақсатын анықтау;

Қор компанияларының қаржы-шаруашылық қызметі мен жобаларына тоқталу;

-Холдинг құрамына кіретін топтардың қызметін анықтау;

-Қордың экономиканы тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларының жүзеге асу барысын қарастыру;

-«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының ел экономикасын әртараптандырудың алғышарттарына тоқталу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

 

1.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының құрылуы

 

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысы құрылды.

Мемлекеттік холдинг құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы Сингапурға сапарынан кейін ұсынды. Президент сапары барысында «Temasec» Сингапур холдингі қызметімен танысты, ол – индустрияландыру компаниясының шеңберінде 1960-шы жылдары жүзеге асырылған барлық мемлекеттік инвестицияларды басқару үшін Сингапур үкіметі 1974 жылы іргетасын қалаған дүниежүзіндегі мемхолдингтердің неғұрлым танымалдарының бірі. Бүгінгі таңда құны 60 млрд. доллар портфелді басқаратын «Temasec» компаниясы компаниялардың қолданыстағы портфелін оңтайландыруға, халықаралық компанияларды және өсуі ықтимал компанияларды қалыптастыруға тырыса отырып, белсенді рөл атқарады.

Мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру үшін біршама елдер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдады. 2002-2003 жылдары іле-шала бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.

«Самұрық» мемлекеттік холдингін құру жөніндегі жоспарды әзірлеуге «McKinsey» компаниясы тартылған болатын, ол – тәуелсіз шетелдік консалтиг компаниясы, мемлекеттік активтерді басқарумен айналысатын компанияларды құру жөнінде үкіметтерге арналған 6 жобаны іске асыруда практикалық тәжірибесі бар консалтрейтингтің әлемдік жетекшісі. Қазақстан тарапынан жобаға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ қатысты.

Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекеттік мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.

ТМД кеңістігінде бірінші пайда болған «Самұрық» холдингі» АҚ-ның бірегейлігі - мемлекет экономикасының тұрақтылығын бағдарланған компанияның серпінді бизнесімен үйлестіруінен құралады.

Осы мақсатта тәуелсіз директорлар институты құрылды, бухгалтерлік есептілік және аудиттің халықаралық стандарттары енгізілуде, озық тәжірибеге және үздік халықаралық стандарттарға сәйкес корпоративтік басқару үлгісі өзгереді.

«Белсенді акционер» ретінде әрекет жасай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, компанияның бюджеттерінің ашықтығын арттыру міндеттерін шешеді деп танылған «Самұрық» холдингі» АҚ компанияның жедел қызметіне араласпай, директорлар кеңесі арқылы компанияның қызметін басқарады.

 

1.2  Қор компанияларының қаржы-шаруашылық қызметі мен жобалары

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

ҚазМұнайГаз еншілес ұйымдарының пайда жөніндегі қорытынды нәтижесі 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 2 есеге дерлік өсті және 248 млрд. теңгені құрады. Өсімге өндіріс көлемдерін ұлғайту жөніндегі іс-шаралардың, қолайлы баға конъюнктурасының және өндірістік қызметтің негізгі бағыттары бойынша үлес шығындарын азайту мен өндірістік емес шығындарды қысқарту жөніндегі жүргізілген саясаттың негізінде қол жеткізілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

2006 жылдың қорытындылары бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бойынша 32 млрд. теңге деңгейінде қорытынды пайда күтілуде, бұл 2006 жылға арналып бастапқыда жоспарланған таза шығынның теріс нәтижесі – 38 млрд. теңгеден 70 млрд. теңгеге артық. Компания 2006 жылы ҚЕХС-ға сәйкес жолдар мен локомотивтерді күрделі жөндеу жөніндегі шығындарды 26 млрд. теңге мөлшерінде капиталдандырды. Қаржы көрсеткіштерін елеулі түрде жақсарту жөнінде қол жеткізілген нәтижелер өндіріс көлемдерін ұлғайтудың және шығыстардың өсу қарқынын ұстау жөніндегі шаралардың арқасында қамтамасыз етілді.

«Қазақтелеком» АҚ

Компанияның 2006 жылғы қорытынды пайдасы 34,4 млрд. теңгені құрады, 2005 жылғы деңгейге қарағандағы өсім өндіріс көлемдерін арттырудың және шығындар өсімін шектеудің арқасында 5%-ды құрады. Қаржы нәтижелерін жақсарту және телекоммуникациялық қызметтердің бәсекелі нарығындағы үлесті ұстау үшін Компания өндірістік қызмет бағыттарын әртараптандыру жөніндегі саясатты жүргізеді.

«KEGOC» АҚ

2006 жылдың қорытындылары бойынша қорытынды пайда 1 млрд. теңге деңгейінде күтілуде, бұл 2005 жылғы деңгейге қарағанда 23 млн. теңгеге елеулі өсім болып табылады. Көрсетілген өсімге негізінен электр энергиясын ішкі тұтыну көлемін ұлғайтудың және бағам айырмашылығының арқасында қол жеткізілді. Компания электр энергиясын нормативтік лимиттерден аспайтын деңгейде беру кезінде технологиялық шығындарға жұмсалатын шығындар деңгейін ұстауға ұмтылады.

«Қазпочта» АҚ

Компанияның 2006 жылғы қорытынды пайдасы 2005 жылғы деңгейден 14 %-ға өсті және 197 млн. теңгені құрады. Қаржы нәтижесінің өсімі көрсетілетін қызметтер көлемі артуының және ауылдық және облыстық бөлімшелердегі персоналдың жалақысын орташа республикалық деңгейге дейін ұлғайту қажеттілігіне қарамастан шығындар өсімін ұстау жөніндегі іс-шаралардың арқасында қамтамасыз етілді.

2.3 Даму институттарына мәлімделген жобалар:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да «Агрегаттар мен тораптар өндірісін құру» жобасы

2005 жылғы мамырда КАМАЗ автомобильдерін автожинау өндірісін ұйымдастыру мақсатында «КАМАЗ» ААҚ мен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «КАМАЗ-Инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды. 2006 жыл ішінде тауар өнімін өндіру көлемі 8 000 млн. теңгені құрады. Барлығы 1 621 бірлік өнім, оның ішінде: 101 бірлік автобус, 1 520 самосвал шығарылды.

Жоба шеңберінде өндірісті кезең-кезеңімен жергіліктендіру көзделеді. 2006 жылы КАМАЗ автомобильдері өндірісіндегі қазақстандық құрауыштың үлесі 12 %-ға жетті. 2010 жылға қарай – оның деңгейін 50 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда. «КАМАЗ автомобильдеріне арналған агрегаттар мен тораптар өндірісін құру» жобасы осы бағыттың дамуына айналады.

Жобаны іске асыру үшін қажетті инвестициялар 60 млн. долларды құрайды.

Жобаны 4 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр:

-Бірінші кезеңде жүктемесі 10 және 11,5 тонна орта және артқы біліктерге арналған ось аралық дифференциалы бар гипоидті редукторлар тұқымдастарын өндіру игерілетін болады (26 млн. доллар);

-Екінші кезеңде – бөлу қораптары тұқымдастарын (12 млн. доллар);

-Үшіншіде диапазонды гидравликалық берілістерді (ДГБ) өндіру игерілетін болады (15 млн. доллар);

-Төртіншіде – лебедкалар тұқымдастары (8 млн. доллар).

Көрсетілген өнім түрлерінің негізгі тұтынушысы «КАМАЗ» ААҚ болады, ол үшін жобаның мәні автомобильдердің жаңа тұқымдастарын игеру және қазақстандық кәсіпорындармен кооперациялық байланыстарды дамыту кезінде инвестициялық жүктемені азайтуда болады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 2011 жылға қарай кәсіпорынның қуаты жылына 57 млн. долларға жуық экспорттық өнім сомасына 33 500 дана агрегатты құрайды, бұл кезде 2015 жылға дейін мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 15 млн. долларды құрайды.

Информация о работе Қаржы нарығын тұрақтандыруда «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ұлттық әл- ауқат қорының ролі