АҚШ экономикасы
Контрольная работа, 14 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды.