Ақша
Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 15:51, реферат
Описание работы
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптаcуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншік иелігіне өтті.
Работа содержит 1 файл
Ақша.doc
— 983.17 Кб (Скачать)Кейнсиандық анализдегі пайыздық ставка стратегиялық ақшалы айнымалысы болып табылады. Ол несиенің сұранысы мен ұсынысының қиылысуынан пайда болады.
Кейнстің айтуы бойынша, әрбір депозит салушының пайыздық ставка туралы өзінің бір қалыпты немесе дұрыс ойы болады және оны биржада практикаланатын нақты ставкамен салыстырады. Егер нарықтық ставка болжағаннан әлдеқайда жоғары болса, онда ол нарықтық ставканың төмендейтінін, ал акциялардың курсының жоғарылайтынын болжап ақшаны шотта ұстағанша акцияларды сатып алған жөн деп ойлайды және керісінше. Егер де алыпсатарлар өздерінің болжамдарының дәлдігін нақтылағанда, олар
қолма-қол ақшалары мен акциялар арасында таңдау жасайтын еді. Дәл осылай Дж. Тобин кейнсиандық ақша сұранысының анализіне интерпретация жасады. Кейнс бағалы қағаздар портфелін диверсификациялауды болжамдардың нақты болмауы себебінен қарастырмаған еді. Тіпті экономикалық факторлар ақша мен облигациялардың арасында таңдауға толық жағдай жасаса да, ақшаға сұраныстың жалпы функциясы үздіксіз болатын еді, өйткені бір қалыпты пайыздық ставка туралы пікірлер әр түрлі болап табылады.
Монетаристтер, керісінше ақша массасын анықтайтын факторлардың кешенділігін талап етті, ол үшін олар экономикалық агенттердің кешенінің мінез құлығын біріңғайлайтын кең модельдер құрастырды. Бұл модельдерде ақша қорлары мен қысқа мерзімді пайыздық ставка бір уақытта ақша нарығында анықтылады. Онда ақшаның ұсынысы орталық банкінің іс-қылығына тәуелді (ақша нарығындағы операцияларды есепке алып отыру және осыдан шығатын ақша нарығындағы пайыздық ставканы есепке алу), сонымен қатар табысты макимум алуға тырысатын коммерциялық банкілердің реакциясынан және көпшіліктің кассалық қолма-қол ақшаға (несие билеттері, талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімдік депозиттер) беретін талғамына тәуелді. Мұндай пайыздық және жалпы табыс сияқты айнымалылардың ақшаның ұсынысына әсері банкілердің мінез-құлығын және клиенттерді талдауда білінеді.
Орталық банкінің ақша ұсынысын көбейтуге немесе азайтуға бағытталған әрбір іс-қимылы салдарынан, кейбір авторлардың айтуы бойынша пайыздық ставка өзгеруіне көпшіліктің ешбір реакциясы болмауы мүмкін. Дәл осылай Л.Э. Гремли мен С.Б. Чейз үшін бұл - бағалы қағаздарға қаржы салудың тиімділігінің нормасын көтеретін, экономикалық агенттердің мерзімдік депозиттерін бағалы қағаздарға ауыстыртқызатын ашық нарықтағы операцияларының әрбір саясаты. Бұл жағдайда банкілік талап еткенге дейінгі депозиттерінің үлесі мерзімдік депозиттеріне қарағанда өседі де, ал ақша массасы да өсіп кетеді.
Неокейнсиандық теорияға жауап ең алғашқы болып М. Фридменнің «Ақшаның сандық теориясын зерттеу» деген ұжымдық еңбегінде шыққан «Ақшаның сандық теориясы: жаңа үйлесім» мақала жарық көрді. Бұл мақала өз алдына фридмендік ілімінің манифесті болып табылады: онда автор ақшаға сұраныс пен ұсынысқа қатысты екі негізгі пікірге ие монетаристті бейнелейді:
- ақшаға сұраныс айнымылылардың шағын көлемінің тұрақты функциясы болып табылады;
- ақша ұсынысың функциясы ақшаға сұраныс функциясының аргументтерінен шінара өзгеше аргументтерді қосады.
Фридмен бойынша, ақшаның сандық теориясы ақшаға сұраныс теориясы болып табылады. Нақты түрде келтірілген ақшаға деген сұраныс экономикалық агенттердің жиынтық капиталына және бұл капиталдың әр түрлі бөліктерінің тиімділігіне тәуелді. Салымшының «жалпы теорияда»
иемденген тандауы қолма-қол ақшамен және қаржылық талаптармен шектелген, сонымен қатар бұл құндылықтарды құрайтын кешенге тарайды. Бүдан айтатынымыз қолма-қол ақшалардың нақты автономды өсімі құн реакциясынан немесе олардың сұранысының өзгеруіне осы әр түрлі активтердің қайтарымына тәуелді барлық игілік қатынасындағы категорияларына сұраныстың өсуіне әкеліп соқтырады.
Проценттік ставка талдаудан алынбайды, бірақ та ол екінші рольді ойнайды. М. Фридмен оны (сонымен қатар инфляция деңгейін) жиынтық табыспен бағаланатын ақшаға деген сұраныс пен нақты кассалық қома-қол ақшаға сұраныс арасындағы ауытқуларды түсіндіру үшін немесе Фридменнің айтуы бойынша ақша айналысы жылдамдығының қалдық элементтерін түсіндіру үшін қолданады. Фридменнің «Номиналды табыстың
монетаристтік теориясы» деген мақаласында жасаған кейнсиандық теорияның келбеті қандай да болсын иллюзия қалдырмауы керек. Оның ұсынған ақшаға деген сұраныс функциясы толығымен кейнсиандық пайымда түсіндірілген, өйткені ұғындырушы айнымалы ретінде ол ағымдағы табыс пен пайыздық ставканы қосады. Бірақ бұл пайыздық ставка ерекше сипатқа ие. Шынымененде, Фридмен оның болашақ пайыздық ставка туралы бірдей болжамдарменен анықталады деп есептейді. Сөйтіп ол пайыздық ставканың барлық деңгейіне минималды пайыздық ставка туралы кейнсиандық жорамалдарды таратады. Екінші жорамал туралы айтсақ, онда оны И. Фишер айтқан: күтілетін пайыздық ставка нақты ставка мен инфляцияның күтілетін пайызының үстіне қойылуы мүмкін. Сөйтіп оның анықтамасы бойнша егер де кутілетін инфляцияның пайызы номиналды тұрақты табыстың өсу деңгейлері арасындағы айырымына тең болса, онда бұдан шығатыны ақшаға деген сұраныс номиналды тұрақты табыстың өсу деңгейінің кемуші функциясы болып табылады.
Бұл жаңа функция ақша айналысы жылдамдығының циклдық өзгерісін оңай түсіндіруге мүмкіндік береді: яғни ақшаға деген сұраныстың шектеліп ұлғайюында немесе керісінше депрессия кезінде тұрақты табыстың өсуінің жылдамдық алуы. Бірақ ол инфляцияның ұзақ мерзімді болжамдарына тәуелді болатын және ақша-несие саясаты мен жалпы сұраныс өзгерісі арасында қозғалтқыш күш ролінде бола алмайтын кейбір пайыздық ставкаға қысқа мерзімдік икемсіздік әкеледі.
Ақшаға деген сұраныстың монетаристтік анализінен ақша массасы мен игілікке сұраныс өзгерісі арасында тікелей байланыс шығады, ал пайыздық ставка ақшаға деген сұраныстың тұрақты факторларының бірі болып табылады. Кейнстің талдаған ақша-несие саясатының тиімсіздігі негізгі пайыздық ставка роліндегі - алыпсатарлық мотивтен шығатын несиеге сұраныстан пайда болып тұрды. Басқаша айтқанда ақшаға деген сұраныстағы пайыздық ставканы мәнін төмендете отырып, Фридмен бұл функцияның тұрақсыздық қауіпін және пайыздық ставка бойынша ақшаға деген сұраныстың шексіз икемділігі қауіпін жояды.
Алайда ақша санының өзгерісі тұрақты табыстың өзгеруін түсіндіретін негізгі фактор болуы үшін, ақша ұсынысының ақшаға деген сұраныс өзгерісіне автоматты түрде елеуін болдырмау керек.
Ақшаның ұсынысына әсер ететін және ақшаға деген сұранысқа әсер етпейтін маңызды факторлар бар. Кей жағдайларда ақшаның ұсынысына әсер ететін техникалық шарттар бар, басқа. жағдайларда ақша-несие мекемелерінің және банкілік жүйенің мінез-құлығын анықтайтын саяси және психологиялық шарттар бар. Ақшаның шығарылуы қолма-қол ақшаларға деген сұранысының өзгеруіне елеуге ұмтылады деп есептейтін кейнсиандықтар, фридмендік теорияны «ақша ұсынысының эндогендік теориясы» деп белгіледі, ал өздерінің концепциясын «ақша ұсынысының эндогендік теориясы» деп белгіледі. Бұл сенімді айтылған сөздер айналыстағы ақша санының экономикалық дамудан тәуелсіз деп түсінеді, ал бұл дұрыс емес.
Айналыстағы ақша санын анықтайтын факторлардың бірі орталық банкінің шешуші іс-әрекеті болып табылады. Монетаристтердің анықтамасы бойынша айналыстағы ақша массасы үш фактордан тәуелді:
- орталық банкі шығарған ақшалардың саны (орталық банкінің банкноттары және «жоғары күші бар» ақшалар);
- банкілік резервтердің нормасы;
- қолма-қол ақшалардың банкілік депозиттерге қатынасы;
Банкілер мен жұртшылықтың мінез-құлығын бейнелейтін қатынастар салыстырмалы түрде тұрақты және баяу өзгереді деп есептеледі. Демек ақша массасы "жоғары тиімділігі бар" ақшаларға пропорционалды өзгереді, олардың өзгерісін орталық банк өзінің "ашық нарық саясатының" арқасында бақылап отырады.
Ақша ұсынысының фридмендік анализін басқа да экономисттер тереңдетіп дамытты. Алғашқы болып Ф. Кейген АҚШ-та ақша массасының үш анықтымасының тарихын зерттеді. Ол ақша массасының өзгерісі ұзақ мерзімде "жоғары тиімділігі бар" ақшалардың өзгерісімен басқарылатынын көрсетті. Дәл осылай экономикалық белсенділіктің күрделі тербелістері байқалатын циклдардың кезеңінде болады. Керісінше бұл тербелістер біртекті болғанда ақша массасының күрделі өзгерісі негізінен қоғамның кассалық қолма-қол ақшаларының өзгерісімен және банкілік резервтерінің мінез-құлығының өзгеруімен түсіндіріледі.
К. Бруннер және X. Мелцер деген монетаристтер ақша шығару процесінде алдымен банкілердің, сонан кейін қоғамның мінез-құлығын жасауға тырысты сонан соң бұл үшін ақша ұсынысының нақты функциясын қүрастырды. Бұл функциялар ақша ұсынысының кейнсиандық анализдерінен өзгеше, өйткені олар несие мультипликаторы концепциясына негізделген және орталық банкінің ақша өзгерісіндегі жетекші ролін дәлелдеуге ұмтылады.
Ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясаттың салыстырмалы тиімділігін талқылау әлі біткен жоқ. Хикс-Ханс моделінің концептуалды жоспары бұл проблема үшін жеткіліксіз болды. Сондықтан К. Бруннер мен X. Мелцер ықтимал ауыстырулар кешенін құрастырып оны жалпы модельменен ауыстыруды ұсынды: ақшалар, бағалы қағаздар немесе ақша еместік қаржы активтері мен нақты капитал арасында.
Болашақ дискуссиялар үшін ең қолайлы жоспар құрайтын бұл әрекет екі қысқаша пікір тудыртады. Бұл авторлар өзінің анализін "монетаристтік" сияқты көрсетеді. Шынында да Дж. Тобин сияқты кейнсиандықтардың жұмыстарына өте жақын болып табылады, анализде кейбір келісімдікке қамтамасыз етеді. Бірақ ақша-несие саясатының және бюджеттік саясатының салыстырмалы тиімділігінің қорытындылары әлі екі түрлі болып табылады. Ақша массасы мен мемлекеттік қарыздың өзгерісінің экономикалық белсенділік пен бағалардың жалпы деңгейіне әсері ақшалардың, облигациялардың және құндылықтардың мінез-құлығының өзара ауыспалдылығына біршама тәуелді болады. Бұдан монетаристтер мен кейнсиандықтардың арасындағы дау теориялыққа қарағанда эмпирикалық болып табылады.
Кейнсиандықтар бюджеттік саясаттың жалпы сұранысқа әсерін зерттейді және содан оның тиімділігін ақша-несие саясатының тиімділігімен салыстырады. Алйда, Лаффердің теорисы бойынша бюджеттік саясат, әсіресе салықтық саясат тек қана жалпы сұранысқа ғана әсер етпейді, сонымен қатар жалпы ұсынысқа әсер етеді. Американдық экономисттердің пікірі бойынша тым қатты салықтық қысым жұмыс істеуге, өндіруге, капиталды орналастыру мақсатымен үнемдеуге ұ-мтылысты төмендетеді. Бұл жағдайда стагфляциямен күресетің әдіс салық қысымын төмендету болуы мүмкін. Осы жаңа доктрина рейганомиканың негізіне салынған еді. Егер де салық салудың азайтылуы мемлекеттік шығындарды төмендетумен бірге қамсыздандырылмаса, онда нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің дефициті өсіп, пайыздық ставка өсіп, артынан жеке капиталдың "шектету эффектісі" мен экономикада бәсеңделген қозғалыс болады.Тек экспансиялық ақша-несие саясаты ғана пайыздық ставканың өсімін уақытша тоқтататын еді, бірақ бұл саясат инфляцияны тудыртып, теоретиктердің "жаңа бағдарламасын" іс жүзінде қарапайым неокейнсиандық экономиканы көтеру саясатына айналдыратын еді. Ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясатының тиімділігі туралы дау сыртқы экономикалық фактордың әсерінің күшейюімен байланысты жаңа мәнге ие болды: енді анализге тек валюталық бағамның өзгерісі ғана емес, сонымен қатар сауда балансының жалпы сүранысқа әсері де енеді. Сонымен қоса анализдің сыртқы нарыққа ашық экономикаға таралуы екі мектептің де хал-ахуалына өзгеріс енгізбейді.
Сөйтіп, даудың негізгі тақырыбы - ақша-несие саясаты ман бюджеттік саясатты салыстыру туралы айтатын болсақ, ең тиімдісі екі іс-әрекетті өзінде сәйкесендіретін болып табылады. Мемлекеттік қаржылардың ірі дефицитімен бірге жүретін шектеуші ақша-несие саясаты осы дефицитті қаржыландыру проблемасымен соқтығысуы мүмкін. Керісінше, экономика депрессия жағдайында болса ақшалы экспансия саясаты мемлекеттік бюджеттің үлғайюымен сәйкес келе алмайды. Сонымен қоса көп жағдайда экономиканың ішкі және сыртқы тепе-теңдікті талап еткені бір бағытқа ұмтылған, өйткені инфляция кезіндегі экономикаға сыртқы дефицит әрекеттенеді, және керісінше.
Екі мектептің арасындағы күрес айқындалмаған ақша-несие саясатының дамуына әкеліп соқтырды. Әрине ақша-несие саясаты экономикалық процесстерді реттейтін экономикалық саясаттың тек бір ғана инструменті болып табылмайды, бірақ та нарықтық экономиканың әлсіздігі кезінде нақты ақша-несие саясатының жоқ болуы үлкен жауапкершілікке әкеледі. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар екі мектептің ілімін қосып тиімді, бір-біріне демеу болатын ақша-несие саясатын қолдануы аса пайдалырақ болуы мүмкін.
1.3. Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Ақша-кредит саясатының құралдары. Ұлттық Банк инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгілері қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-
ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізді. Ақша базасының деңгейі жедел көрсеткіштердің бірі болып қалуда.
Ақша-несие саясатының құралдары туралы айтпас бұрын оның реттеу механизмдерін айта кеткен жөн. Орталық банкінің өзінің саясатында қолданатын құралдары тікелей және жанама деп бөліп көрсетуге болады. Тікелей дегеніміз орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін административті-нормативтік өкілеттігімен орындауы, ал жанама дегеніміз ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер ету болып табылады.
Ақша-несие реттеудің тікелей мен жанама құралдарының арасындағы айырмашылық екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұ-сынысқа әсер етеді.
Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерциялық банкілердің балансына қатысты қолданылады, ал жанама құралдар орталық банкі балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданылады.
Тікелей құралдар өтпелі кезеңде, ақша нарығының әлсіз кезеңінде қолданған тиімді болып табылады. Жанама құралдарды қолдану ақша қаражаттарының несие-қаржылық институттарынан қарыз капитаиының Ұ-йымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орталық банк жанама құ-ралдарды қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып банктердегі ликвидті қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық ақша нарықтарындағы пайыздық ставкаларды өзгертеді.