Ауылдың гүлденуі жастардың қолында!
Реферат, 27 Января 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Ұлтымыздың қайнар бұлағындай болған, салт-дәстүрін бұзбай келген қазыналы өлке бұл- ауыл. Ауыл-талай тарландарды түлеткен киелі мекен. Қазақтың қаһарманы да, жезтаңдай әншісі мен күйшісі, айтулы қаламгері, теңдессіз спортшысы, дарынды өнерпазы да ең алғаш осы ауылдан топшысын қатайтқан.Бірақ, дарынды, біртуар азаматтарын қоғамның әр саласына лек-легімен ұшырған қазіргі қазақ ауылдарының халі қалай?
Работа содержит 1 файл
макала ауыл ляззат.doc
— 29.00 Кб (Скачать)Ауылдың гүлденуі жастардың қолында!
Ұлтымыздың қайнар бұлағындай болған, салт-дәстүрін бұзбай келген қазыналы өлке бұл- ауыл. Ауыл-талай тарландарды түлеткен киелі мекен. Қазақтың қаһарманы да, жезтаңдай әншісі мен күйшісі, айтулы қаламгері, теңдессіз спортшысы, дарынды өнерпазы да ең алғаш осы ауылдан топшысын қатайтқан.Бірақ, дарынды, біртуар азаматтарын қоғамның әр саласына лек-легімен ұшырған қазіргі қазақ ауылдарының халі қалай?
Ия, рас, қазіргі таңда жастардың жартысынан көбі қалаға қарай ағылуда. Кейбіреулері « екі қолға бір жұмыс табылар» деген оймен базар мен вокзал жанын айналшықтап жүр... Ал оларды ауылдың жағдайы алаңдатпасы анық.
Менің білуімше бұрынғыға қарағанда ауылдың қазіргі көрінісі тым жүдеу. Оны жандандыратын кімдер? Әрине Жастар. Осы орайда ауыл-аймақтың ажарын ашып, көркін кіргіземін деген жасқа «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жарқын жол ашып тұр. Жасыратыны жоқ қазіргі ЖОО-нын бітірген жас мамандардың көбісі қалада қалғысы келеді. Қызығы мен шыжығы қарбаласқан қала өмірін тастап ауылға барғысы келмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Ауылды елді мекендерге еңбек етуге және тұруға келген денсаулық сақтау,білім беру, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт саласының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетулердің мөлшері мен ережелерін бекіту туралы» қаулысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келген жас мамандарға мемлекет тарапынан мол қолдау көрсетілетіні жайлы айтылған. Бұл белгілі. Тек жастардың өзіндік ынтасы болса болғаны. Ауылдан барған жас маман тек кадр мәселесінің ғана шешілуіне ықпал етіп қоймай, ондағы өзге де салаларға серпін береді.Қашанда жаңалыққа жаны құмар жастар ауыл өмірінің гүлденуіне ат салысып, белсенділік таныта білсе көптің алғысын алары сөзсіз.
Ойлап қарасам жас мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тигізер ықпалы мол. Біріншіден, мол тәжіребие жинақтайды.Мейлі, түбінде қалада тұрақтағысы келген жастар оқу бітіре салысымен бір мекемеге немесе ұйымға жұмысқа тұрып алып, тәжіребиесіздігінің арқасынан көптің сенімінен шығып қалғанша әуелі ауылға келіп, тым болмаса 3-4 жыл тәжіребие жинақтап, аталмыш жұмысына білікті маман ретінде барады. Екіншіден, Ауыл өмірін гүлдендіреді. Ақ көңіл ауыл адамдарының алғысына бөленеді. Үшіншіден, қаладағыдай емес, ауылда ауылшаруашылық өнімдері арзан, өздеріне экономика, қаржы үнемділігі жағынан да тиімді. Төртіншіден, қазақ тілін үйренуде ауыл-таптырмас мектеп. Болашақ ұрпағының туған тілін құрметтейтін саналы азамат, патриот болып өсуіне де ауылдың алар орны ерекше.
Бас қосайық,атсалысып, гүлдендіріп ауылды.
Қане
жастар қуантайық, қазақ деген қауымды.
Бекпенбетова Ляззат «Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығының 3 курс студенті