Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:34, лекция

Описание работы

Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.

Содержание

Кіріспе
І.Ақша нарығының теориялық негіздері
1.1Ақша туралы түсінік
1.2 Қ.Р. ақшаға сұраныс және ерекшеліктері
ІІ.Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты
2.1Ақша – несие саясатының түрлері, құралы, мақсаты
2.2Несие операциялары. Ақша нарығының операциялары
2.3Ақша – несие саясатының механизмі
2.4 Қ.Р-ғы ақша-несие саясаты
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

диля.docx

— 53.25 Кб (Скачать)

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен үсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттың) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлың вексельдерді қайта есептеуді қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу ақылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі —Ұлттық  банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы орреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік алдыңпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Күндізгі заемдар  бойынша сыйақы мөлшерлемелері —  Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы еңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда аймдар бойынша қолданылады. 

Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2000 ж. бастап, мерзімдер бойынша күн сайын  белгіленеді.

Ен төменгі резервтік  талаптар.

Ақшалай нарықтағы  тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге  берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша  төлемсіздікті төмендетуде, сол  сияқты банктің салым иелері мен  акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялың банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, ком-мерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдың нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы  ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

АКШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама  жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне  байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік  банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық  мөлшері федералды резервтік  банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялың банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялың банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.

Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың  пруденциалдық нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік  талаптарды орындау барысында банктерге  мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтер  бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төлейді.

Ашық нарықтағы  операциялар.

Ашық нарықтағы  операциялар — бұл Ұлттық банктің  айналыстағы ақша массасынын, көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттін бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялың банктердің өтімділігін  және несиелік жұмыстарды реттеудің  ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттық банк нарықта  бағалы қағаздарды сату арқылы оны  сатып алушылардың резервтік  шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар.Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Казіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек ңана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумғында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеудей бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жузеге асырылады. 

Қорытынды.

   Алтын валюта  резервінің азаюы немесе жұмсалуы  мынадай жолдармен іске асырылады:

• ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталың

нарықта валютаны сату;

• өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін теңгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттық және басқа да өкіліттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және Ұлттың банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға

қызмет көрсету  үшін;

• басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;

• Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару;

• құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру.

Ұлттың банк ақша-несие  саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттың банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттың банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, аңпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты  қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

Ақша-кредит саясаты мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

- инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру; -теңге бағамын қайта бағалауға жол бермейтін валюталық саясат жүргізу;

- банк жүйесі мен сақтандыру нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

- банктердің ресурстық базасының одан әрі өсуіне және экономиканың нақты секторын кредиттеуді кеңейтуге жәрдемдесу;

-төлем жүйесінің  орнықтылығын және одан әрі дамұын қамтамасыз ету 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.2002 жылы 3 маусымдағы  Ұлттық банк Басқармасының №  213 қаулысымен бекітілген «Екінші  деңгейдегі банктерге арналған  пруденциялық нормативтер туралы»  ереже-Актілер жинағы,2008,18құжат.

2.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.-Егемен Қазақстан, 2007,5шілде.

3."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-2009-2010жж-Ақиқат2009,N5.

4.Ақша,несие,банктер.-Алматы,2010.

5.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 2009.

6.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 2009.

7.Банковское дело: стратегическое руководство / Под  ред

8.Валюта түсінігі.-"Банки Казахстана", 2008-ж., N6.

9.Екінші деңгейдегі  банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2009,N6.

10.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2010ж, 6. 

11."Коммерциялық  банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2009ж.

12.Қазақстандағы  депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2010,N

Информация о работе Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясаты