Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 09:37, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытулдың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негізді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығару қажет етеді. Әлбетте мұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейіңгі Ресей империясы мен Кеңес мемлакетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.

Содержание

Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері...................3
2. Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық
Негіздері.............................................................................................................8
3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы................................11
4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу.....................................................................14
5. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы.................................................23
Әдебиет..................................................................................................................29

Работа содержит 1 файл

Бағалы Қағаздар Нарығы (Курстық Жұмыс).doc

— 149.50 Кб (Скачать)

     9. Басқа да заңдар және нормативтік - құқықтық актілер. Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық Комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің жарлықтары жатады. Мыс, «Валютаны реттеу туралы» заң бойынша Ұлттық Комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалды.

     Жоғарыда  айтылған құкықтық негіздерге сай брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумаларымен және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан мәмілелерге қатысуда. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандану куәлігін алды. Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою) кездесе бастады.

     Алайда, бұл кезде бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы кағаздар нарығының құкықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайтын еді. Нарықтық инфрақұрылымы да қалыптасу шағында болатын. Дегенмен айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикада пайда болған бағалы кағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіншілік туындады.

     Бұдан кейінгі жылдары нарықтың инфрақұрылымын жетілдіруге, нарық субъектілерінің қызметін реттеуге бағытталған жаңа заңнамалар кабылданып, бұрынғьшарға бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. 

     3. Қазақстанда бағалы  қағаздар нарығының  пайда болуы

     1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.

     1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

     1997 жьілы жүргізілген тендердің  нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Ортлық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.

     Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы  қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқынмен өсуінің негізгі факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік коғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 - 1999 ж.ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толык қүкылы жүйені бағалы кағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі - жергілікті жерлерде ¥лттық комиссияның аймактық белімшелерінің болмауынан.

     1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес Үлттық комиссия Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін және лицензиялайтын, сондай-ақ мемлекеттік жэне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау тэртібін анықтайтын мемлекеттік орган болып саналады.

     2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қаржы нарығын  мемлекетгік реттеудің бірыңғай  жүйесін ұйымдастыру бойынша  іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыкка сэйкес бағалы қағаздар жөніндегі Үлттык комиссия таратылып, онын барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Үлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.

     Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы  барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары  туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының кұқықтық инфрақүрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару жэне айналысқа түсіру тэртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу катынастарының құрылымы мен тэртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа зандар қабылданды. Олар:

     • 2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру қызметі туралы»;

     •    2003    жылғы    13    мамырдағы   «Акционерлік   қоғамдар туралы»;

     •    2003   жылғы   2   шілдедегі    «Бағалы   қағаздар   нарығы туралы»;

     •    2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды мемлекеттік  реттеу жэне кадағалау туралы»;

     •    2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындагы  кредиттік бюролар жэне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»;

     •    2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы». 2003   жылдың   13   мамырында  қабылданған   «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа заңның бұрынғы 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы» қолданыста болған заңнан өзгешелігі төмендегідей:

     1.  Акционерлік қоғамды «ашық», «жабық»  деп типке бөлу жойылған.

     2.  Жарғылық капиталының минимальды  мөлшері анағұрлым өсірілген.

     3. Акцияларды мемлекеттік тіркеусіз салықтық инвестициялық номер беру жолымен нарыкка шығару жойылған.

     4.  Жарияланған акцияларды шығаруды  мемлекеттік тіркеуден өткізу 1 рет  жүргізіледі.

     5. Акцияларды   жабық   тәсілмен    орналастыруга    шектеу қойылған.

     6. Дивидендтерді төлеу мерзімін  өткізіп алганы үшін айыппұл  төлеу енгізілген;

     7. Соттың   шешімі   бойынша   акцияны   өтеу   процедурасы  енгізілген.

     8.  Бұрын мемлекеттік қызметте болған адамдарды қоғамның басшы органдарына сайлауға шектеу қойылган.

     9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар (акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.

     10. Аффилиирленген жақтар туралы  тарау енгізілген ( бүрынғы заңда  ол туралы тек түсінік берілген  болатын).

     11.«Орналастыру  бағасы»,  «ірі  акционер»,  «төлем  агенті» деген ұғымдар енгізілген.

     12. Тек қана тәуелсіз тіркеушілердің акция ұстаушы реестрін жүргізуі бойынша шектеу қойылған.

     13. Халықтық акционерлік коғам екенін білдіретін белгілердің саны азайған. Н.Құрылтайшы   жиналысына   қойылатын   талаптар   пайда болған.

     Қорыта  айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін  қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл  ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына  тиісті өзгерістер енгізуге міндетті» және 2 тармағында «Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген. 

     4. Бағалы қағаздар  нарығын реттеу

     Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

     Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей  немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:

     •    мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін  мемлекеттік органдар шұғылданады;

     •    нарықтың өзін-өзі реттеуі,  немесе  бағалы  қағаздар  нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі.   Жалпы   мемлекеттің   немесе   нарыктын   кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;

     •    қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.

     Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы  кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.

     Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

     Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

     •    бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде  заң шығаратын өкілетті органдардың  жұмысы;

     •    осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;

     •    бағалы  кағаздар  нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы қағаздар нарыгына     қатысушыларға     лицензия     беру,     бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар.

     Жанама  араласу тетіктеріне мыналар жатады:

     •    несие үшін процент мөлшерін өзгерту  арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;

     •    мемлекеттің салық саясаты;

     •    депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

     •    қарыз капиталы нарығына мемлекеттің  араласуы (қазы-нашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді   бағалы   қағаздарды,   мемлекеттік   органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;

     •    мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы   мен   алтын   операцияларын,   экспорт   шараларын  ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу);

     •    мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.) іс-шаралары.

     Бағалы  қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік  органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы министрлігінде қаралады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және дамуы