Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:12, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы жергілікті басқарудың құқықтық негіздерін ұсыну табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің теориясы 5
1.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері 5
1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелері 9
ІІ. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы 12
2.1 Қазақстандағы жергілікті өзінөзі басқарудың Конституциялық негіздері 12
2.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуы 16
2.3 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемалар 19
ІІІ. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басақаруды жетілдіру жолдары 23
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары 23
3.2 Жергілікті өзіг-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдары 27
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 33

Работа содержит 1 файл

Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері.doc

— 228.00 Кб (Скачать)

    -   аймақты мамандандыру және ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру;

    -   агроөнеркэсіп кешені салаларын техникалық және технологиялық модернизациялауды қамтамасыз ету;

    -   кластерлік басымдылықтар негізінде интеграцияланған өндірісті қалыптастыру;

    -   азық-түлік өнімі нарығын реттеудің жаңа механимздерін енгізу;

    -   ауыл шаруашылығы өнімін дайындау және көтерме бағамен сату жүйесін дамыту;

    - қаржылық, сақтандыру инфрақұрылымдарын, ақпараттық-инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамыту арқылы агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;

    -   агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын дамыту және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру [3].

    2008 жыл ішінде Үкіметтің 2008 жылға  заң жобалары бойынша жұмыс  жоспарын іске асыруда Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бірлесіп «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» және «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

          Қазақстан Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін  енгізу бойынша халықаралық және жергілікті сарапшылармен кездесулер өткізілді, сонымен қатар,  семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

          2007 жылдың мамыр  айында Қазақстанда өзін-өзі басқаруға  қатысты Конституцияға өзгерістер  енгізілген. Біріншіден,  қоғамдық  және мемлекеттік институттардың  қосылуына жол берілмейтіндігі  туралы норма алынып тасталды.

          Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей  жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар  және халық топтары жинақы тұратын  аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асырылады.

          Мемлекет басшысы  ағымдағы жылдың 1 қазанында  жұмыс  істеп тұрған жергілікті өкілетті органдар-мәслихаттардың тиісті мемлекеттік өкілеттіктерінің базасында жергілікті өзін-өзі басқарудың осы заманғы жүйесін құру  мүмкіндігі туралы пікір айтқан болатын.

          Бұдан басқа, заң  жобасында мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буыны  ретінде рөлі мен функцияларын айқын  бекіту қажеттігі атап көрсетілді.

          Айтылғандарды ескере отырып заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей, сондай-ақ мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асыру көзделген.

          Заң жобасына сәйкес жергілікті өзін- өзі басқару облыс, аудан, қала, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін кенттер және ауылдар шегінде жүзеге асырылады. 

    1.2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі  басқарудың мәселелері

 

    Жергілікті  жерлерде, әкімшілік-аумақтық бірліктерде  мемлекеттік басқаруда жергілікті атқарушы органдар: облыс, аудан, қала, ауыл, село поселкі әкімдері; жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, бөлімдері, комиссиялары үлкен роль атқарады. Конституция жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіретіндігін, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақтардың даму мүддесі мен сұраныстарына үйлестіре жүргізуді камтамасыз ететіндігін белгіледі.

    Облыстардың, республикалық дәрежедегі қалалардың және астананың әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынысымен Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерін соған катысты жоғары тұрған әкімдер қызметке тағайындап, қызметтен босатады.

    Әкімдер Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылады. Республика Президенті өз қалауымен әкімдерді қызметінен босатуға құқылы. Облыс, республикалық дәрежедегі қала және астана әкімдерінің өкілеттігі республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен күнінен бастап тоқтатылады.

    Жергілікті  әкімшіліктің қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін әкімнін аппараты құрылады. Аппарат әкімге бағынады [4].

    Аппараттың  штатын, еңбек ақы төлеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайын республика үкіметі белгілеген лимит және бөлінген қаржы шегінде әкім бекітеді. Қызмет аппаратының құрылымы тиісті әкімшіліктің атқаратын жұмысының көлемі мен сипатына байланысты болады. Ауылдық және селолық әкімдердің іс-жүргізушіден және есепші-кассирден тұратын аппараты болады. Ол әкімшілік ісін жүргізеді, құжаттардың сақталуына жауап береді, азаматтардың анықтамаларын ресімдейді, әскерге міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың алғашқы есебін қамтамасыз етеді және басқа жұмыстар атқарады. Облыстарда, аудандарда, қалаларда аппарат жалпы бөлімнен, ұйымдастыру-нұсқау бөлімінен, жергілікті әкімшілік хатшылығынан, кадр бөлімінен, заң бөлімінен (бюросынан) немесе заң кеңесінісінен және басқаларынан тұрады.

    Облыстық  әкімшіліктері бөлімдерінің, басқармаларының  және баска бөлімшелері мен қызметтерінің тізбесін республика Үкіметі жобалап әзірлейді және бекітеді. Аудандық, калалық, қаладағы аудандық әкімшіліктердің бөлімдерінің, басқармала-рының және басқа да бөлімшелері мен қызметтерінің тізбесін жоғары түрған әкім әзірлейді. Жергілікті әкімшіліктердің штатын, енбек ақы төлеу және материалдық-ехникалық жағынан камтамасыз ету жағдайын (республика бюджетінен қаржылан-дырылатыннан өзге) республика үкіметі белгілеген лимит және бөлінген қаржы шегінде жергілікті әкімдер белгілеп, өзгертеді.

    Облыстық, аудандық, калалық мәслихаттар депутаттардың  жалпы санының үштен екісінің жабык көпшілік дауыс беруімен жергілікті әкімшілік органының басшысына  сенімсіздік білдіруіне және осы  мәселе бойынша дәлелденген шешім  қабылдайтын және ол туралы тиісті мәслихатты хабардар ететін тиісті әкім алдына оны қызметінен босату туралы мәселе коюға құқылы.

    Елімізде  мемлекеттік басқару жүйесіне көптеген жаңа механизмдер енгізілу үстінде. Бұл құбылыстың негізгі ағымдарын анықтап, белгілі қорытындылар жасауға мүмкіндігіміз бар екендігі талас тудырмайды. Дәл қазір жергілікті басқару жүйесі қалыптасып бітті деуге де негіз бар. Жергілікті басқару мәселесі  күн тәртібіне нық қойылып, оны жетілдіру жолдары жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануда.

    Таяуда  қабылданған 2007-2024 жылдарда Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының басты мақсаты өмір сүрудің сапасын арттыру және ұзақ мерзімді болашакта елдің бәсеке қабілетін қамтамасыз ету негізі ретінде Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілерінің тепе-тендігіне қол жеткізу болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді бағдарламасының «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудін іргетасы ретінде одан әрі  жаңарту мен әртараптандыру» тарауында қарастырылған мәселелердің ішінде 2015 жылға дейінгі аумақтың даму стратегиясы әзірлеу көзделген. Осыған сәйкес Үкімет отырысында аталмыш стратегияның жобасыәэзірленіп, бірауыздан қабылданды.

    Стратегия өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастырудың экономикалық әлеуетті және халықты орналастыруды ұтымды ауқымдылықта ұйымдастырудың негізінде елдің тұрақты дамуын және халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Құжат аумақтарда кластерлерді қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып, инфрақұрылымдық қамтамасыз етудегі елдің аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиісті мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастырудың немесе түзетудің негізіне айналады. Орта және ұзақ мерзімді кезеңде минералды шикізат ресурстарын игеру және өндіруші өнеркәсіпті дамыту елдің экономикалық даму қарқынын белгілеп береді [5].

    Ел  өңірлерінің бәсекеге қабілетін арттыру міндеттерін шешу мақсатында ұлттық, өңірлік және әлемдік экономикалық жүйеге жаңа - желілік аумақтық-экономикалық ұйымының моделіне негізделетін болады. Ол кластерлік ұстанымды пайдалана отырып, ресурстарды жұмылдыруға негізделетін икемді маманданумен және инновацияларға қабілеттілігімен сипатталады. Аумақтық дамудың институттық жүйесін күшейту, бюджеттік қаржыландыру тетіктерін жетілдіру көзделіп отыр. Олар конституциялық және басқа да заңнамалық актілермен кепілді берілген мемлекеттік сектордың  қызметкерлеріне барлық өңір тұрғындарының бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта 2008 жылдан бастап жалпы сипаттағы ресми трансферттердің мөлшерін айқындаудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылады.

    Аумақтық  дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету экономикалық белсенділіктің өсуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасауға және инновациялық, көлік-коммуникация, әлеуметтік, тұрмыстык саланы әрі туристік-рекреациялық инфрақұрылымдар кешенін үйлестіре дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жоғарыда  аталған мәселелердің республиканың барлық аумағында толықтай жүзеге асуы үшін жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүктелетін жауапкершіліктердің көбейіп, өкілеттіліктерінін де артатыны, нәтижесінде жергілікті баскару мәселесінің өзектілігі арта түсетіндігі белгілі. 

 

     ІІ. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы

     2.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың Конституциялық негіздері

 

     Үкіметтің 2008 жылға заң жобалары бойынша  жұмыс жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бірлесіп «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» және «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

     Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі  басқару мәселелерін енгізу бойынша  халықаралық және жергілікті сарапшылармен  кездесулер өткізілді, сонымен қатар,  семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

     2007 жылдың мамыр айында Қазақстанда  өзін-өзі басқаруға қатысты Конституцияға  өзгерістер енгізілген

     Біріншіден,  қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына жол берілмейтіндігі туралы норма алынып тасталды.

     Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқаруды халық  тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары  жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа  да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асырылады.

     Мемлекет  басшысы ағымдағы жылдың 1 қазанында  жұмыс істеп тұрған жергілікті өкілетті органдар-мәслихаттардың тиісті мемлекеттік  өкілеттіктерінің базасында жергілікті өзін-өзі басқарудың осы заманғы  жүйесін құру  мүмкіндігі туралы пікір айтқан болатын.

     Бұдан басқа, заң жобасында мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі  буыны ретінде рөлі мен функцияларын айқын бекіту қажеттігі атап көрсетілді.

     Айтылғандарды ескере отырып заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей, сондай-ақ мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асыру көзделген.

     Заң жобасына сәйкес жергілікті өзін- өзі  басқару облыс, аудан, қала, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін кенттер және ауылдар шегінде жүзеге асырылады [6].

     Әкімге  мемлекеттік басқару функциясымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарудың  атқару органдарының функцияларын жүзеге асыру ұсынылып отыр.

     Сондай-ақ заң   жобасында мәслихаттардың Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша  өкілеттіктерін іске асыру тәртібі  көзделген.

     Ағымдағы  жылдың 11 қарашасында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің отырысында  «Қазақстан Республикасында  мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлданды.

     Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1066 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді [7].

     Экономикалық  реформа және өңірлік даму комитетінің  хатшысы, аталған заң жобасы бойынша  жұмыс тобының жетекшісі, депутат  Мұрат Әбеновтың айтуынша, "Қоғамды әрі қарай демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу айрықша маңызды болып қала бермек. Оның үстіне әлемдегі нарықтық қатынастардың дамуы мен ақпарат және басқару саласында орын алған революциялар белгілі бір субьектілер қызметіне орталықтандырылған мемлекеттік ықпал ету мүмкіндігін мейлінше қысқартуда. Өздеріңізге белгілі, ұтымды ұйымдастырылған өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмендеуіне және тұрғындардың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Әлемдегі қаржы және азық-түлік дағдарысы жағдайында өмір сүру жағдайын жақсартуда тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару әлеуетін пайдалану тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде ұсынылуда".

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы