Қазақстан Республикасының қаржы жуйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 13:06, реферат

Описание работы

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әр түрлі ынталандырғанда жүзеге асады. 

Бақылау қызметі қаржының бөлгіштік қызметінен туындайды. Бұл функцияның арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтайды және де кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі. Қаржы жүйесі мен салық қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығын бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынандай түрлері бар: қаржылық  шаруашылық бақылау, қаржылық - бюджеттік бақылау және несиелік - банктік бақылау.

Қаржылық-шаруашылық бақылау фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған. Қаржылық-бюджеттік бақылау кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін және де бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың орындалуына қарай берілуін бақылайды.

Несиелік-банктік бақылау фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету) жүйесі арқылы жүргізіледі.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады. 

Қаржы теориясының негізгі мәселесі болып қаржының баға, еңбекақы, несие тәрізді экономикалық категориялармен байланысы және осы категориялардың бөлу процесінде қандай тізбек болуы танылады.

1. Баға – бөлу үрдісінде бірінші түсіп, ондағы бастапқы пропорцияларды анықтайды. Бағаның құнның жанында ауытқуы қаржының қызмет ету орнын белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдық бөліктері кіреді. Олар кейін бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар ретінде өзінің экономикалық нысандарына ие болады.

Экономикалық үрдістердің қатаң орталықтандырылған жүйесінде құнның амортизациялық аударымдары, еңбекақы, материалдық және тағы басқа шығындар, табыс тәрізді бөліктері белгіленеді, ал нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс факторлармен анықталады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды.

Қаражат шаруашылық жүргізуші субъектілерде жинақталса, онда салық көлемі өседі, не қоғамдық өнім өседі, яғни ресурстардың босауына әкеліп соғады, бұл пайда нормасы жоғары деңгейдегі салаларға ауысатын ресурстардың босауына әкеледі. Қаржы бағада берілген пропоцияларды нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағалық бөлуден айырмашылығы – бағалық бөлудің объектісі болып жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігі ғана танылады. Қаржы жалпы қоғамдық өнімнің құнының барлығын бөледі. Қаржылық бөлу бағалық бөлуге қарағанда екінші ретті болып келеді. Бағалық бөлу былай қарағанда байқаусыз, ол түсімдердің жалпы көлемінде көрінбейді, ал қаржылық бөлу анық көрінеді. Бағалық бөлумен, ал қаржылық бөлу және қайта бөлумен сипатталады.

2. Еңбекақы. Бағадан кейін қаржылық бөлу процесінде еңбекақы қызмет ете бастайды.

Қаржы, еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері қорлардың қалыптасуына жағдай жасайды. Осы категориялар ұдайы өндіріс үрдісін бір-бірімен байланыстыра ынталандырып және еңбек күшінің ұдайы өндірісінің алғы шарттарын айқындай түседі.

Қаржы мен еңбекақының әр түрлі әрекеті:

1.      қаржылық бөлудің шегі еңбекақыға қарағанда кеңірек, өйткені еңбекақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысады;

2.      қаржы құнның бір жақты қозғалысына қатысады, ал еңбекақы оған қарсылас еңбектің құны мен оны ақшалай өтеу қозғалысына қатысады.

Еңбекақы арқылы толығымен V және жартылай m бөлінеді. Қаржы арқылы әр түрлі қалыптасады, ал еңбекақы арқылы сый және еңбекақы қорлары қалыптасады. Олар еңбекті төлеу қорын құрайды.

Еңбекақы – салық төлеудің негізгі көзі болып табылады. Еңбекақының көзі болып қаржы ресурстары танылады, ал еңбекақы қорын үнемдеген жағдайда, оның өзі қаржы ресурстарының көзі болып табылады.

3. Несие. Банк ресурстарын қайта бөлу кезінде қалыптасады, яғни несие алдын ала бөлінген құнды қайта бөледі. Несие ресурстары өзіндік қаражаттар мен олардың тұтынылуындағы сәйкессіздіктің бар болуы нәтижесінде пайда болады. Несие қаржы ресурстарын толтырады және ұдайы өндірістің кеңеюіне әсерін тигізеді.

Несиенің ерекшелігі – олар қайтару шарты негізінде белгілі бір мерзімге бірлесе, қаржы ресурстары белгілі бір мақсаттарға жету үшін өтемақысыз және қайтарымсыз түрде беріледі. Несие арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылықтары арасында қаржы ресурстары қайта бөлінеді. Несие ресурстарының қаржылық ресурстарға салынуы және алынуы үздіксіз болады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары банк шоттарында шоғырланады және несие беру үшін олар ссудалық қорлардың көзі болып табылады. Қаржы және несие арасында ұқсастық белгілер өте көп, бірақ негізгісі болып осы категориялардың өндіріс қорлары мен ұдайы өндіріс процесінің айналымында кең пайдалануы табылады.       

 

 

 

 

 

ҚАРЖЫ   ЖҮЙЕСІНІҢ   ҚҰРЫЛЫМЫ  НЕМЕСЕ  2008 - 2010

            ЖЫЛДАРДАҒЫ  ҚЫЗМЕТІН  ТАЛДАУ

 

Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны

      ретінде

 

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын зерттеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі.

Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Қаржы жүйесін қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарына қатысушылар) нысаны бойынша төмендегідей жіктейді:

         мемлекет қаржысы

         шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

         халық қаржысы (үй шаруашылығы). (ҚОСЫМША Б)

Енді осылардың әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып өтемін.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.

Экономикалық мәні жағынан мемлекет қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараттары мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық және басқа қызметтердіі атқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржылардың құрамына мыналар кіреді:

     мемлекеттік бюджет;

     бюджеттен тыс қорлар;

     мемлекеттік несие.

Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған елдің орталықтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория.

Бюджет Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет мемлекетттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері мен міндеттерін қаржылармен қамтамасыз ету үшін, ақша қаражаттар қорларының шоғырлануы және нәтижелі жұмсау нысанын ұсынады. Сондықтан бюджет процесінің өзі мемлекеттік макроэкономикалық саясаттың мақсатына жетуге бағытталған.

Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз – мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.

Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі ретінде көрініс тауып отыр. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді. Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қармағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығындарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды.

Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.

Экономикалық қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.

Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің мәні бойынша мемелекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмсалатын қаржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.

Оның негізгі қалыптасу көздері мыналар:

         арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар 

         бюджеттен берілетін субсидиялар

         қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары 

         заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарнамалары  [5.346-б]

Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттар шығындалуының бағыты қорлардың тағайындалуымен, нақты экономикалық жағдайлармен және өткізілетін бағдарламалардың мазмұнымен түсіндіріледі. Қаражаттың бір бөлігі құрылтайшылық қызметке жұмсалады, сондай-ақ бағалы қағаздарға салынады. Бюджеттен тыс қорлар ақша қаражаттардың қолданылуы көбіне олардың қалыптасу уақытымен сәйкес келмейтіндіктен, инвестициядан түскен кіріс тиісті қордың шығынын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындықтан инвестор және қаржылық нарықтың қатысушысы ретінде көріне алады.

1990 жылдардан бастап Қазақстанда әр түрлі мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеді. Бірақ 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын өткізуге байланысты қорлардың қаражаттары мемлекеттік бюджетке жинақталды.

Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамтамасыз ету қоры, жол қоры, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жұмыс жасады. Сонымен бюджеттен тыс қорлар Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті құзыретті органдардың бюджет қармағына жатпайтын ақша қорлары нысанында қалыптасып, қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттар.

Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығындарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын несие қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен анықталады. Мемлекеттік несие мынандай түрлерге жіктеледі: ішкі, сыртқы  (халықаралық) және  шартты. 

Ішкі несиеде үкімет, жергілікті билік органдары, кәсіпорындар, ұйымдар және халық арасында жан-жақты мемлекеттік-несиелік қатынастар туындайды займ алушы ретінде және несие беруші ретінде.

Халықаралық несиеде бір жағынан үкімет, жергілікті билік органдары, екінші жағынан шетел үкіметі, банктері, компаниялары және де халықаралық қаржы банк ұйымдары қатынасады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жуйесі