Қазақстан Республикасының импорты

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 18:33, реферат

Описание работы

в данной работе представлена информация про импорт Республики Казахстан

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстан экономикасы
2 Қазақстан импортының экономикадағы ролі
3 Қазақстан импортының статистикасы

Работа содержит 1 файл

ҚР импорты.doc

— 203.50 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 
 

Кіріспе  
1 Қазақстан экономикасы  
2 Қазақстан импортының экономикадағы  ролі  
3 Қазақстан импортының статистикасы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 Қазақстан экономикасы

 

     Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика  құрылған.

     2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

     Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі  көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану  болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда  көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша  бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.

     Еуропа  елдері Қазақстан экспорты көлемінің  негізгі бөлігін алады. Қазақстан  ірі отын-энергетикалық өңір болып  табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушыларШвейцарияИталияПольшаГермания болып табылады.

     Еуропа  елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай  өнеркәсібі болып табылады.

     1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты  көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің  орташа жылдық өсімі 9,1 % болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

     Қазақстанның  қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

     2006 жылы Қазақстанның халықаралық  қорлары Ұлттық қордың қаржысын  қоса алғанда ағымдағы бағамен  29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.

     Республика  экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына  жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

     2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.

 

     2 Қазақстан импортының экономикадағы ролі

 

     Тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарында сыртқы сауда  географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

     Республикадағы  саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.

     Қазақстан экспорты тек шикізаттық бағытқа қалыптасқан деген қасаң пікір қазіргі заманның ойдан шығарылған аңызы дер едім. Мысалы, Қазақстанның астық нарығындағы үлкен ойыншы екендігін барлығы да біледі. Бірақ астықтың еліміздің ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің негізгі экспорттық өнімі болудан қалып бара жатқандығын ешкім біле бермейді. Міне, Қазақстанның ұн экспорты, жоғары өңдеу деңгейін көрсететін өнім жөнінен әлемдегі алдыңғы қатарлы орындарға шығып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Ал ұн өндіру саласының жеке сала ретінде мемлекет тарапынан ешқандай да жәрдем алмай-ақ, өздігінше дамыған. Дегенмен де қатардағы азаматтың санасында «Қазақстан - астық - экспорт» деген секілді біржақты ұғым сіңіп қалған.  
Мамандардың есебі бойынша, Қазақстанның ет экспорттау мүмкіндіктері астық экспортынан еш қалыспайды, тіпті айтарлықтай деңгейде одан асып та түседі. Ал отандық нарық пен шекаралас жатқан мемлекеттердің нарығының көлемін болжайтын болсақ, ол шынында да, өте көлемді. Мысал үшін бізбен көршілес жатқан Ресейді алайық, ол жыл сайын 3,5 миллиард АҚШ долларына 1,5 миллион тонна етті алыс шетелдерден импорттайды.  
Сондықтан біз ауыл шаруашылығының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланатын болсақ, онда біріншіден - елдің экспорттық мүмкіндіктерін арттыра аламыз, екіншіден - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Серпінді даму жағына келетін болсақ, әлемдік дағдарысқа қарамай, біз сапалық көрсеткіштерімізді сақтап қала алдық.

     2008 жылы экспорттың жалпы көлемі 71 млрд доллар құраса, оның 20 миллиарды өңделген тауарларға тиесілі болды. 2009 жылы жалпы сома 43 млрд болса, оның ішінде шикізаттық емес тауарлардың сомасы - 12 млрд доллар. Бірақ экспорт көлемі төмендегенімен, оның құрылымы өзгерген жоқ, өңделген тауарларға бұрынғысынша экспорттың 28-30 пайыздан келеді.

     Бүгінде біз өз өнімдерімізді әлемнің 108 еліне жөнелтіп жатырмыз. Бірақ бұл шегіне жетуден әлі алыс. Біздің алдымызда күрделі міндет тұр, ол - 2014 жылға қарай экспорттағы шикізаттық емес тауардың көлемін 40 пайызға арттыру. Біз қазақстандық экспорттың ауқымын кеңейтіп, оның шекарасын ұлғайтып қана қоймай, сонымен бірге әралуандығын да арттыруымыз қажет. 

 
 
Жылы Жалпы ішкі өнім АҚШ долларының айырбас  бағамы Инфляция  индексі 
(2000=100)
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 
(АҚШ деңгейінің % үлесі)
1995 78,014,200 61.11 Tenges 64 3.81
2000 102,599,902 142.26 Tenges 100 3.53
2005 147,453,000 132.88 Tenges 140 9.01

      
Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің  ішінде бірінші болып Moody’s Investors Service, 
Standard & Poor’s и Fitch Rating’s Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.

     2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating’s  рейтингтік агенттігі Қазақстан  Республикасының инвестициялық  рейтингін шетел валютасындағы  ұзақ мерзімді облигациялар бойынша  «ВВВ» деңгейіне дейін және  ұлттық валютадағы ұзық мерзімді  облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша «Ғ3» деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер «тұрақты» екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.

     Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік  банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі  көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.

     2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.

 

     3 Қазақстан импортының статистикасы

 

     Қазақстан Республикасы Статистика агенттінің ақпараттары бойынша төменде бірнеше импорт бойынша мәліметтер келтірілген.

 

Сурет 1 - 2011г. импортының тауар құрылымы

 
 
 
 
 
 

Сурет 2 - 1995-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының экспорт мен импорты

 
 
Тауар тобының атауы Экспорт, млн. АҚШ доллары Экспорт, қорытындыға, %-бен
барлығы, соның ішінде елдеріне барлығы, соның ішінде елдеріне
ТМД әлемнің басқа  елдеріне ТМД әлемнің басқа елдеріне
Барлығы,

соның ішінде:

65 817 739,9 9 510 042,8 56 307 697,1 100,0 100,0 100,0
Мал және

Өсімдіктер

 өнімдері,

дайын азық-түлік 

тауарлары

976 635,9 717 640,9 258 995,0 1,5 7,5 0,5
Минералдық

 өнімдер,  соның ішінде

52 508 270,2 6 123 655,6 46 384 614,6 79,8 64,4 82,4
Отын-энергетикалық 

тауарлар

48 845 756,7 4 056 449,6 44 789 307,1 74,2 42,7 79,5
Химиялық  өнім

 және  олармен 

байланысты  өнеркәсіп салалары

(каучуктерді  және пластмассаларды қосқанда)

2 211 440,4 518 780,9 1 692 659,5 3,4 5,5 3,0
Былғары шикізаттар,

 аңтерісі  және одан жасаған бұйымдар

29 393,5 3 704,4 25 689,1 0,0 0,0 0,0
Ағаш,

орман материалдары

және  целлюлозды-қағаз бұйымдары

57 153,2 25 449,5 31 703,7 0,1 0,3 0,1
Тоқыма  және

тоқымалар

бұйымдары

82 553,7 41 024,9 41 528,8 0,1 0,4 0,1
Аяқ киім, бас киім бұйымдары және галантереялық  тауарлар 25 328,7 25 276,0 52,7 0,0 0,3 0,0
Құрылыс

материалдары

27 845,1 26 122,6 1 722,5 0,0 0,3 0,0
Металлдар және олардан жасалған бұйымдар 8 120 671,1 1 670 519,9 6 450 151,2 12,3 17,6 11,5
Машиналар, жабдық, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар 493 849,2 341 706,0 152 143,2 0,8 3,6 0,3
Өзге  тауарлар 1 284 598,9 16 162,1 1 268 436,9 2,0 0,2 2,3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 

Сыртқы  сауда айналымы* 

млн. АҚШ  доллары                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

  қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан
Сыртқы  сауда айналымы                        
2008 7 482,9 7 409,2 7 983,0 8 717,9 10 003,2 10 544,0 10 938,1 11 060,3 10 033,0 9 507,9 7 530,4 7 862,6
2009 4 373,5 4 735,7 4 892,7 5 239,6 5 421,0 5 706,1 6 246,5 6 475,1 6 807,8 6 690,3 6 396,2 8 620,0
2010 5 730,4 5 903,6 7 201,3 7 138,7 8 529,3 8 078,9 7 387,1 7 058,0 7 989,8 7 401,0 7 420,4 10 142,6
2011 5 738,2 8 792,1 8 743,6 11 541,2 10 949,0 13 823,5 8 645,8 12 535,2 12 214,2      
соның ішінде:                        
экспорт                        
2008 5 180,1 5 109,7 5 490,7 5 735,1 6 496,5 7 034,9 6 975,4 7 570,4 6 526,4 6 255,0 4 575,6 4 233,7
2009 2 562,8 2 743,2 2 710,3 2 788,9 3 095,4 3 272,4 3 830,4 4 177,4 4 185,9 4 289,3 3 951,7 5 588,0
2010 4 255,7 4 240,3 4 969,7 4 829,2 5 907,5 5 389,7 4 798,9 4 272,5 5 254,7 4 460,3 4 246,1 6 918,9
2011 3 768,1 6 661,7 6 318,2 8 535,3 7 318,2 9 868,8 5 272,3 9 166,0 8 919,3      
импорт                        
2008 2 302,8 2 299,5 2 492,3 2 982,8 3 506,7 3 509,1 3 962,7 3 489,9 3 506,6 3 252,9 2 954,8 3 628,9
2009 1 810,7 1 992,5 2 182,4 2 450,7 2 325,6 2 433,6 2 416,1 2 297,8 2 621,9 2 400,9 2 444,5 3 032,0
2010 1 474,8 1 663,2 2 231,6 2 309,5 2 621,8 2 689,3 2 588,1 2 785,8 2 735,2 2 940,8 3 174,4 3 223,7
2011 1 970,1 2 130,4 2 425,4 3 005,9 3 630,8 3 954,7 3 373,5 3 369,2 3 294,9       

Информация о работе Қазақстан Республикасының импорты