Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 05:12, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шетелдік күрделі салымдардың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестциялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады.

Содержание

Кіріспе
І тарау Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың экономикалық сипаты
1.1. Күрделі салымдар және олардың түсінігі
1.2.Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдардың ерекшеліктері
1.3. Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалану мәселелері
ІІ тарау Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау
2.1. Ұйымға сипаттама, оның қызмет объектілері мен функциялары
2.2. Күрделі салымдарды қалыптастыру көздері
2.3. Күрделі салымдарына баға беру
ІІІ Қазақстан өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды басқару жолдары мен қазіргі жетістіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ҚР өнеркәсібіндегі күрделі салым.doc

— 178.00 Кб (Скачать)

                                                                                                     Қазақстанның инвестициясы қызықтыратын елдердің ішіндегі алдыңғы қатарды иемденуіне қарамастан шетел капиталының құйылуы әлі де жеткіліксіз.

      Инвестицияның өсуі республиканың 14 өңірінде байқалады. Ең көп  өсуі  Атырау (1,7есе), Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан (1,5есе) облыстарында болды. Өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Батыс Қазақстан (1,7 есе) мен Ақмола (5,1 есе) облысын да байқалады. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің меншік қаражаттары (57,8%) және шетел инвестициялары (26,2 %) негізгі капиталға қаражат салудың негізгі көздері болып табылады. Бюджет қаражаты 11,4% , қарыз қаражаты 4,6 % құрады. Мұнаймен табиғи газ өндіру  - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінен 364% жылжымайтын мүлікпен операциялар – 22,7% (геологиялық барлау мен инженерлік іздестіру есебінен),көлік және байланыс – 12,4%,өңдеу өнеркәсібі – 107% басым салалары болып табылады. Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің қомақты үлесі Атырау (74,5%), Қарағанды (7,7% ) және Ақтөбе (6,4%) облыстарында игеріледі.

      Кең тараған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын қоса пайдалы қазбалардың барлық түрлерін өндіруге барлығы – 4310,8 млн АҚШ  доллары (жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінің 81 % - ы), барлауға барлығы – 992,7 млн АҚШ доллары (19%) жұмсалды. Көмірсутегі шикізатын  және қатты пайдалы қазбаларды өндіруге жұмсалған инвестициялардың көлемі 4225,1 млн АҚШ долларын құрады. Соның ішінде: көміртегі шикізатын өндіруге – 3203,4 млн АҚШ доллары   қатты пайдалы қазбаларды өндіруге – 1021,7 млн АҚШ доллары (24%), көміртегі шикізаты мен қатты пайдалы қазбаларды зерттеуге геологиялық барлау жүмыстарына жұмсалған инвестициялар 990,4 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде көміртегі шикізатына  – 956,1 млн АҚШ доллары, қатты пайдалы қазбаларға  25,3 млн АҚШ доллары (  3%)

Жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестициялардың өңірлік бөлінісіндегі ең көп үлесі Атырау (44,2%), Қарағанды (9,4%), Маңғыстау (20,2%). Батыс Қазақстан (5,5%), және Ақтөбе (6,7%) облыстарында игеріліп жатыр. Осы облыстарда ең көп көлемге негізінен шетелдік инвестициялар есебінен қол жеткізілді. 2005 жылдың 1 жарты жылдығында  2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда минералдық шикізат кешеніне жұмсалған инвестициялар көлемі Батыс Қазақстан (27,9 %-ға төмендеген) және Жамбыл (6,1 %-ға төмендеген) облыстарынан басқа республиканың басқа өңірінде өсті. Инвестициялар көлемінің өсуі Солтүстік Қазақстан (4,8%), Ақмола (3есе), Оңтүстік Қазақстан (1,8 есе), Атырау және Қарағанды  (1,7есе), Алматы, Қызылорда және Маңғыстау  (1,6 есе) облыстарында байқалды.

Жер қойнауын пайдаланушылардың бюджетке түскен салықтары мен төлемдердің жалпы сомасы 2153 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде РОЯЛТИ ( өндіруден алынған салық) – 616,9 млн АҚШ доллары (жер қойнауын пайдаланушылар салықтары мен төлемдерінің жалпы сомасының 28,6 %-ы ). Салықтар мен төлемдердің жалпы сомасынан ел бюджетіне түскені 1741,7 млн АҚШ доллары (81%) – көмірсутегі шикізаты  бойынша, 397,5 млн АҚШ доллары  (18%)- қатты пайдалы қазбалар бойынша,  10,1 млн АҚШ доллары  1% дан аз-  кең тараған пайдалы қазбалар бойынша 4,5 млн АҚШ доллары – жер асты сулары  бойынша.

Тәуелсіздік алғаннан бергі республика экономикасына құйылған инвестиция мөлшері 1 млрд АҚШ доллары шамасына жетті. Соның ішінде барлық инвестицияның 40% мұнай газ комплексіне тиеді. Дегенмен, республиканың шетел инвестициясына деген қажеттілігі жылына 4-5 млрд АҚШ долларын құрайды.

Сонымен қатар, өндірістің капитал сыйымдылығын ескере отырып, көптеген халықаралық эксперттер Қазақстан жағдайындағы инвестицияның орташа көлемі жылына 10 млрд АҚШ долларын құрауы тиіс деп есептейді, ал кейбір бағалаулар бойынша 50 млрд АҚШ долларға жетуі мүмкін.

Нарықтық экономика өзінің көптеген жағымды белгілеріне қарамастан кәсіпкерлік пен инвестициялық қызметті сонымен қатар әрбір азаматтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын реттей алмайды. Ол табыстың әлеуметтік тұрғыда тең бөлінуін, құқық пен еңбекті, қоршаған ортаның қауіпсіздігін және қорғансыз бөліктерін қамтамасыз ете алмайды.

              Жеке бизнес жоғары пайда әкелмейтін, алайда мемлекет және қоғам үшін қажетті салаларға (көмір өндірісі, темір жол көлігі, жол салу, ауыл шаруашылығы т.б.) капитал салуға көптеп көңіл бөлмейді. Нарықтық экономика басқа да өзекті мәселелерді шеше алмайды. Міне осының барлығын мемлекет қамтамасыз етуі тиіс.

              Мемлекет сонымен қатар инвестициялық қызметті дамытудың басты ережесі болып табылатын заңның және ұлттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді және оны міндетке алады.

              Мемлекет экономиканы реттеуге бағытталған өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін инвестицияға әсер етудің әкімшілік әдістерін, соынмен қатар заң актілері мен қаулыларын инвестициялық саясатта қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау

2.1. Ұйымға сипаттама, оның қызмет объектілері мен функциялары

              1979 жылы Теңіз кенішінен мұнай табылды. Сол алғашқы бір тамшы мұнай уақыт өте келе, кен алаңын әлемдегі  алып мұнай  коллекторларының санатына қосқан еді. Тәуелсіздік алғаннан бері  Қазақстан экономикасына мойын бұрып, қызығушылықтары артқан  шетелдік инвесторлар ауызға көп  алынып жүрген осы кен алаңына алғашқы болып  қазықтарын қақты. Сөйтіп, 1993 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон»корпорациясының келісімі негізінде «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз алдына отау тікті. Бұл біріккен кәсіпорын серіктестігі болатын. Өйткені, бүгінде кеңге қанат жайған серіктестіктің құрамында «Шеврон Оверсиз Петролеум Инк.» -ның 50%, «ҚазМұнайГаз» 20%, «Эксон Мобил Қазақстан Венчурс Инк» компаниясының 25%, «Лукарко» БК-нің 5 % үлес акциялары бар. Жер қойнауындағы қара алтын тек ТШО -ның  ғана езуінен ақ май ағызып отырған жоқ, сонымен қатар, бұл Қазақстан экономикасының күре тамырларына қан жүгіртіп, жергілікті халықтың да ырысына айналды. Сонау халықтың қалтасын қаққан экономикалық- әлеуметтік тоқырау кезінде  басқа аймақтың зауыт- фабрикаларының есігене қара құлып  салынып, тепсе темір үзетін жігіттер ала сөмке  арқалап кеткенде, Теңіз кенішіне жақын маңайдағы  ел- жұрт жаңадан ашылған ТШО ЖШС-нен жұмыс тапты. Қазақстандағы үлкен мұнай компанияларының қатарына «Тенгиз-Шевройл» жатқызылады. Бұл компания көптеген  атақты компаниялармен бірелсіп жұмыстар атқарады, атап айтар болсақ олар «Казахойл», «Еххоn-Моbіl» компаниялары болып табылады. Олар қазіргі уақытта қазақстан мұнайын 20 млрд долларға жеткізді, олардың өндіретін өнімдерінің құны қазіргі таңда 290000 баррелге жеткізілді.

              «Тенгиз-Шевройл» компаниясы қазақстандық өнімдерді дайындау мен өткізу  қызметтерін атқарады.  Сонымен қатар бұл компания қызметтер көрсете отырып, бір жағынан мксималды түрде компанияның жұмысын арттыра беруде.

              «Тенгиз-Шевройл» осы уақытта мердігерлермен қатар жабдықтаушылармен бірге жұмыс жасау үстінде. Ол батыс елдерінің жоспарына орай жұмыстың қарқынын арттырып келеді. «Тенгиз-Шевройл» жергілікті компаниялардың бірегей болғандықтан, жұмыстарының барлығын жекелеген жағдайда жоба бойынша атқарады.

              Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар  2005 жылы жұмыстың ауқымын 22%  дейін орындады, бұл негізінен 2001 жылғы көрсеткіштен әлдеқайда асып түсті. 2005 жылы аталған компания  504 қазақстандық мердігерлерге жалпы сомасы 280 млн. АҚШ доллларын құрайтын тауарлар мен қатар қызметтерді дәлелдеп көрсете білді.

              Ал 2006 жылы Қазақстан экономикасына «Тенгиз-Шевройл» 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде өзінің үлесін қосты. Қазақстан экономикасының Зерттеу институты: «әрбір доллар, тікелей инвестиция Тенгиз-Шевройлдың  Қазақстан Республикасына қосқан үлесі» деген болатын. Тенгиз-Шевройл негізінен пайда шығарумен айналысады, сонымен қатар шығындар болған жағдайда ол өзін толықтай экономикада таныстыра алады.

Жабық қоғам «Тенгиз-Шевройл» өзінің инвестициялық капиталын дамыту мақсатында жұмыс жасап келеді, сонымен бірге оның капиталдары біздің экономикамыздың өзекті де өткір мәселелерінің біріне айналды.

Өнеркәсіп рентабельділігі 2 көрсеткіштермен мінезделеді: өнім өндіру шығын және өнімнің өзіндік құны. Ашық қоғамның рентабельділігі үш жыл ішінде 30 % кеміген. 1 тонна мұнайды өндіруге кететін шығын 32,6 % көбейді, мұнай бағасы 2006 жылдың соңында 2007 жылмен салыстырғанда 2 есеге кеміген.

Пайдалану шығындарына скважинаны бұрғылауға, электроэнергияға, жанармайға, су өндіруге, мұнайды газды тасыммалдау,а күнделікті жөндеу жұмыстарына, қызметкерлердің еңбек  ақыларына жұмсалатын шығындар жатады.

2006 жылы ашық қоғамның 1 тонна мұнайды өндіруге кететін шығыны 1306 теңге, яғни 17,9 АҚШ доллары болды. 2008 жылдың соңында бұл шығын 91,6% өсті де 1980 теңге немесе 26,4 АҚШ доллары болды. Бұған бірнеше себептер бар болатын.

2007 жылы кәсіпорынның ең алғашқы еңбек жылы болды, ұйымдастыру және мамандарды қызметке алу жұмыстарымен байланысты болды. 2007 жылы 1 тонна мұнай өндіруге 1858 теңге (24 млн АҚШ долары) жұмсалды. Компания өнімнің өзіндік құнын азайту үшін бірқатар жұмыстар жүргізді. 2007 жылы ашық қоғам өндірістік баға қызметіне, көлік қызметінен  бас тартты. Өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін және жұмыс сапасын жақсарту үшін скважиналардың және газ қызметін зерттейтін топ құрылды.

              «Тенгиз-Шевройл» компаниясы экономикаға капитал салымдарын тартуды көздеу үстінде, оның қазіргі таңдағы басты  мәселесінің бірі осы болып табылады. Экономикада капиталдың жетіспеушілігі кәсіпорындардың тікелей тәуекел активтерін дамытуға көптеп күш салады, сонымен қатар потенциалды тәуекел кәсіпкерліктің мақсатының басты секторы болуда.

              «Тенгиз-Шевройл» жұмыстарының қанатын құлашынан кең жайған кәсіпорын болып табылады, даму стратегиясы кәсіпкерліктің секторында қызметтерін ұлғайту үстінде, олар халыққа қызмет көрсету, әсіресе мұнай секторында. «Тенгиз-Шевройл» компаниясы бағалы қағаздар портфелінің басқарылу сипатын ашу үстінде, оларға қазіргі таңда экономикадағы қаржы құралдары қызмет етуде.

              Кәсіпорынның дамуы негізінен ірі инвесторлардың Қазақстан жеріне тартылуынан басталды, жас мемлекеттік өсіп өркендеуіне өзінің үлесін қосуға келген ірі шетелдік инвесторлар энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, экономиканың деңгейін көтеруге ат салыса бастады. 2004 жылдары  «Тенгиз-Шевройл» небары жылына 1 миллион тонна мұнай өндіретін еді. Барлық экономиканың қуатты дамуына өзінің үлесін қосатын ірі инвесторлардың тартылуы, технологиялық процестердің іске асырылуы, мұнай-газ өндіретін зауыттардың жұмыстарының жандануы арқылы аталған компания өскен үстіне өсе түсті. Екінші кешенді құрылыс линияларының аяқталуына орай «Тенгиз-Шевройл» жылына 6 миллион тонна мұнай өндіре бастады. 10 миллион доллардан  астам қаржы мұнайдың дайындалу жағдайына кетті, 2006 жылы өңделмеген шикі мұнайды транспорт арқылы байланыстыра бастады. Қазіргі таңда бұл компанияда екі құрылғы бар, әрқайсысы жылына 4 миллион мұнай өндіреді. Осы аталған құрылғылар әлемдегі 12 елге белгілі болды, осы арқылы ұжым жұмысшылары мен конструкторлары жұмыс жасай алады.

              Дәл қазіргі уақытта жұмыс жобасында «Тенгиз-Шевройлдағы» негізгі қуаттылықтарды маңызды кеңейту жобаларының жұмыстары жүргізілуде, жаңа қабатқа күкіртті мұнай газ зауыттары салынбақшы, олар Теніздің коллекторларымен қарастырылады.

              Тенгиз-Шевройл капиталды негізінен Қазақстанның инфрақұрылымдарын дамыту мақсатында салу үстінде, жергілікті кәсіпорындар мен оған бәсекеге  қабілетті өнімдері қатарластырылады.

              Бұл компания өзінің қоржындық портфелін жабдықтауда мыналарды ұсынады:

      Компания негізінен жергілікті тауар өндірушілерге қызмет көрсетеді, сонымен қатар тауардың сапасына бақылау жасайды, сертификатты халықаралық немесе аналитикалық стандартта береді;

      Компания Атырауда мердігерлердің жиналысында сөз сөйледі: Атырауға көмек ету мақсатын алдына қоя білді, батыс компанияларымен бірлесіп қазақстан базарындағы тауарларға қызмет көрсетуді алдына қойды;

      «Тенгиз-Шевройл» негізінен әлемдік масштабта қарқынды көтерілуде. Жұмыстың нәтижесі тап осы бағытта дұрыс болуда. Қазақстан тауарларының үлесі және қызметтерінің жалпысы көлеміне байланысты «Тенгиз-Шевройлда» болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің үлесі 2008 жылы 39%, ал жиынтығы 2009 жылы 44% пайызды көрсетті.

Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді. Бұл процеске қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық экономикалық механизм жоғары түпкі нәтижеге жұмылдырылмады. Республикада құрылысты өз күшімен елуден артық әртүрлі министрліктер жүргізді.

Республиканың әлеуметтік экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болды. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде  заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай-ақ республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет.

              Экономиканы  тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын  табу болып табылады. Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік ғылыми – техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна ретінде қажет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Күрделі салымдарды қалыптастыру көздері

Өзінің негізгі қызметімен қатар Компания әлеуметтік сипаттағы басым мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, халықаралық және қоғамдық мәні бар

                 Біріншіден, іріленген отандық кәсіпорынды шетелдік алпауыттармен бәсекелес бола­тындай деңгейге көтеру міндеті тұрды. Бұл әлем компаниялары көз тігіп отырған кеніштердегі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін молайтады. Осы орайда, Каспий теңізінен мұнай алу жобасына атсалысудың мүмкіндігі туатыны анық. Әсіресе, ресейліктермен бірлесе игерілетін “Құрманғазы” кен орнынан мұнай алуға қатысу үшін осылай күш біріктіру қажеттігі туындайды. Жалпы, Каспий теңізінен мұнай өндіруге салынатын инвестицияның көлемі орасан. Мұнай қоры бар болуы мүмкін дейтін кен алаңдары да көп. Осындай кен орнының бірі – Түпқарағанның бір өзінде 19 блогы бар.

2 Кесте. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы

Көрсеткіш атаулары

Беттің коды

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

1. Ақша қаражатының түсімі, барлығы соның ішінде:

 

040

 

209 970 150

 

62 991 045

 

188 973 136

        негізгі қорды сату

041

57 115 145

171 345 435

514 036 305

материалдық емес активтерді

          сату

042

 

 

 

  басқа ұзақ мерзімді активтерді

          сату

043

 

 

 

         қаржылық активтерді сату

044

152 855 005

458 565 015

137 569 505

фьюерсті және форвардты

         келісімшарттар, опциондар

    

         басқа түсімдер

045

 

 

046

 

 

 

2. Ақша қаражатын қағу, барлығы, соның ішінде:

 

050

 

622 316 430

 

129 892 929

 

386 678 788

           негізгі қорды сатып алу

051

410 178 742

123 053 623

369 160 869

материалдық емес активтерді

           сатып алу

052

1 759 931

5 279 793

15 839 379

басқа ұзақ мерзімді активтерді

          сатып алу  

053

 

 

 

қаржылық активтерді сатып алу

054

21 037 757

63 113 271

189 339 813

басқа ұйымдарға несиелер беру

055

 

 

 

фьюерсті және форвардты

келісімшарттар, опциондар мен

         своптар        

056

 

 

 

        басқа төлемдер

057

 

 

 

3. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы

 

060

 

-412346280

 

-66901884

 

-20070565

Информация о работе Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі күрделі салымдарды тиімді пайдалануды талдау