Қазақстан республикасының сыртқы экономикалық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясатың мәні, принциптері, мақсаттары көрсетілген. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен әлемдік экономикадағы орны көрсетілген. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты даму үшін белгілі бір ұсыныстар тізбегі жасалған. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары көрсетілген.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I бөлім. Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық негіздері
1.1. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары...............................................................................................................6
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат..........................................10
II бөлім. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
2.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономика құрылымындағы орны........................................................................................................................11
2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері..............................................................................................................15
2.3.Жаңа сыртқы экономикалық саясат және оны жүзеге асыруды жетілдіру жолдары..................................................................................................................19
Қорытынды............................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................

Работа содержит 1 файл

Сыртқы экономикалық саясатты.doc

— 231.50 Кб (Скачать)
  1. Отын-энергетикалық және стратегиялық ресурстарды сыртқы сатуға өктемдік енгізу;ТМД елдеріндегі өзара тауар алмасудың маңызды түрлеріне мемлекетаралық есеп-қисапты келісімді пайдалану;
  2. Сыртқы өнім жеткізу жеткізу бойынша үлес бөлу көлемін біртіндеп қысқарту және оны бірте-бірте тарифтік реттеумен ауыстыру;
  3. Сыртқы саудаға берілетін жеңілдіктер ауқымын азайта түсу;
  4. Экспорттық бағыттағы инвестициялық жобаларға жеңілдікпен несие беруді қоса, өнімдерді сыртқа шығаруды ынталандыру шараларын әзірлеу;
  5. Экспортқа шығарылатын және импорттық тауарлардың негізгі номенклатуралары бойынша әлемдік және ішкі бағалары деңгейіндегі елеулі айырмашылықты теңестіруге бағытталған тарифтік реттеу жүйесін әзірлеу;
  6. Сыртқы қарыз ерекшелігін ескере отырып,мемлекеттің сыртқы қарыздар кепілдігі рәсімі, осы аумақтағы мемлекеттік институттардың құқығы мен жауапкершілігі заңмен орнықтырылатын амал әзірленіп, іске қосылсын.

    Қорытынды 

     Сыртқы  экономикалық қызметте үлкен стратегиялық олқылықтар жіберілді. Сыртқы нарыққа жаппай үйлесімсіз шығу республиканың өте бағалы шикізат ресурстарын талан-таражға салуға әкеліп соқты. Әлемдік нарықтың ахуалын білмеу, көбнесе отандық кәсіпкерлердің өзара бәсекелесуі шикізатты арзан бағалар бойынша сатуға итермеледі. Валюталық ресурстардың едәуір бөлігі шет елде қалып жатыр және бүгінге дейін республикаға қайтарылған жоқ. Сыртқы экономикалық қызмет саласында ойластырылған мемлекеттік саясаттың жоқтығынан ел экономикасына қандай шығын келгенін дәл айту қиын. Сыртқы экономикалық қызметте стратегиялық қателіктер жіберілген. Үйлестірілмеген жаппай сыртқы нарыққа шығу республиканың құнды шикізаттарын ысырапқа ұшыратып, әлем нарығында қалыптасқан тұрақтылық жағдайына кері әсер етті, шикізат нарығын бұзып ондағы қалыптасқан баға деңгейін құлдыратып жіберді. Кәсіпкерлердің әлем нарығындағы конъюнктураны білмеуі және олардың өзара бәсекелестікке баруы шикізатты өте төмен бағамен сыртқа сатып өткізуге мәжбүр етті. Валюталық түсімдердің қомақты бөлігі шет елдерде қалып қалды және осы күнге дейін республикаға қайтарылған жоқ. Алдын-ала ойландырылмаған сыртқы экономикалық саясат елге қаншама зиян келтіргенін анықтаудың өзі қиын.

     Осындай кемшіліктерге қарамастан, Қазақстан  Республикасы қазіргі таңда өзінің сыртқы экономикалық саясатының басты  бағыттарын анықтап, оны нық орнатуға және одан да әрі дамуға қадамдар жасауды  бастаған. Еліміз он төрт жылда қаншама  өзгерістерге ұшырағаны бәрімізге мәлім. Жеткен жетістіктерде тоқтамай, алға өршіп-өрбуіміз қажет.

     Экономикалық  саясаттың пайда болуы алғашқы  мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды. 1929 – 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Экономикалық саясат жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 – 60-жылдардан бастап Экономикалық саясатта неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі Экономикалық саясат шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені “теңдестіруші” нарықтық тетіктердің әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің Экономикалық саясатның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді реттеумен шектелуге тиіс. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген Экономикалық саясатта көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде Экономикалық саясаттың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Экономикалық саясаты нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемлекеттік реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның Экономикалық саясат ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады. 
 
 

     Пайдаланылған әдебиеттер:

      Нормативтік – құқықтық актілер 

  1. Қазақстан Республикасы.  Конституция (1995) Қазақстан Республикасының Конституциясы : ресми мәтін. – А. : Заң әдебиеті, 2008.
  2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі. – А. : Жеті Жарғы, 2006.
  3. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі. – А. : Жеті Жарғы, 2006.
  4. Қазақстан Республикасы. Кодекс. ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексі. – А. : Жеті Жарғы, 2006.
  5. Қазақстан Республикасы. Кодекс. ҚР Қылмыстық  Кодексі. – А. : Жеті Жарғы, 2006.
  6. Кеден одағын қалыптастыру кезіндегі тарифтік реттеудің бірыңғай шаралары туралы Келісім. - А.: Егемен қазақстан, 1999.
  7. ҚР валюталық операцияларды жүргізу Ережелері. ҚР Ұлттық Банк Басқаруы Нұсқауымен бекітілген. – 2001. №115.
 

Негізгі әдебиет

  1. Богуславский, М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование: учеб. пособие /  М.М.  Богуславский. – М. : Бек, 1996.
  2. Диканова, Т.А. Борьба с таможенными преступлениями и отмыванием «грязных» денег: учеб. пособие / Т.А. Диканова, В.Е.  Осипов. -  М.:  ЮНИТИ, 2000.
  3. Назаренко, В.М. Таможенное обслуживание внешнеэкономической деятельности: учеб. пособие / В.М. Назаренко, К.С. Назаренко. – М.: Экзамен, 2001.
  4. ҚР кеден шекарасы арқылы өтетін немесе кеден бақылау аумағында орналасқан жеке тұлғаларды жеке тексеріс өткізу тәртібі туралы инструкция. - 2001. - № 54.
  5. Бахрах, Д.Н. Административная ответственность. М.1998
  6. Пархоменко, С.А. // Материалы республиканской научно-практической конференции «Правовое развитие Казахстана: опыт и проблемы». Понятие административной ответственности за правонарушения в сфере таможенного дела. - Караганда, 2002.
 

Қосымша әдебиеті

  1. Пархоменко, С.А. Понятие административной ответственности за правонарушения в сфере таможенного дела // Материалы республиканской научно-практической конференции. - Караганда, 2002.
  2. Карпец, Е.И. Международная преступность: оқу әдістемесі / Е.И.  Карпец, М. : Юристь, 1988.
  3. Козырин, А.Н. Таможенное право России: оқу құралы / А.Н. Козырин. - М.: Юристь, 1995.
  4. Бахрах, Д.Н. Административная ответственность: оқу әдістемесі / Д.Н. Бахрах. - М.: Юристь, 1998 .

Информация о работе Қазақстан республикасының сыртқы экономикалық қызметі