Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 22:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы
2.2 Мемлекеттік басқарудың нысандары
2.3 Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.
3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру
4 . Қ.Р-да ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
4.1. Қазақстан республикасындағы жергілікті басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері
4.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдірудегі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 236.00 Кб (Скачать)

- Мемлекеттiк басқарудың әрбiр  деңгейiнiң орындайтын функцияларына  қойылатын талаптарды егжей-тегжейлi  әзiрлеу. Өкiлеттiктердi беру жоспары, iске асыру барысында ашылатын мүмкіндiктердi пайдалану үшiн стратегиялық сипатқа ие болуға тиiс. Бұл жоспар орталық пен аймақтардың арасындағы қатынастардың серпiндi дамуын ескере отырып әзiрленуге тиiс.

- Басқару органдарының функциясы  айқын белгiленуге және ажыратылуға тиiс. Халықаралық тәжiрибенi және Қазақстанда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, негiзгi функцияларды тиiсiнше бекiту белгiленуi мүмкiн.

- Оларды билiк деңгейлерiнiң арасында  бөлудi заң жүзiнде бекемдеп, аталған  функцияларды нақтылау мен кеңейту  үшiн барлық деңгейдегi билiк өкiлдерiнiң қатысуымен мұқият функционалдық талдау жүргiзу қажет.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау:

Мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейiндегi жергiлiктi органдарға бюджет пен меншiктiң  айқын белгiленген өкiлеттiктерi берiлуге тиiс, өздерiне мемлекет берген функцияны атқаруға тиiс.

Жергiлiктi органдардың өз бюджеттерiне қатысты нақты өкiлеттiктерiн қамтамасыз ету, яғни басқарудың әрбiр деңгейi үшiн  кiрiстiң меншiктi көздерiн, оларды жұмсаудың бағыттарын дербес белгiлеу құқығын бекiту қажет. Жергiлiктi мәслихаттар жергiлiктi бюджеттi бекiтуге және оның атқарылуын нақты бақылауға тиiс (қараңыз. VIII бөлiм. Салық-бюджет саясаты).

Сондай-ақ, жергiлiктi басқару органдары  қызметкерлерiнiң даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын ұйымдастыру қажет.

Демократиялық мемлекеттiң iргетасы  ретiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды  енгiзу:

Мемлекеттiк басқаруды қайта  құрылымдау жөнiндегi мiндеттердiң күрделiлiгiн  ескере отырып реформаны "пилоттық" жобаларды iске асыру арқылы, кезең-кезеңiмен жүргiзу қажет.

Өзiн-өзi басқарудың жаңа принциптерiн  жекелеген ауылдық округтерде, қалаларда, аудандарда, бiр жыл iшiнде алдын  ала байқап көрген жөн және сонан  соң ғана оларды заңнамалық актiлерде  бекiткен жөн. Мұндай тактика сынақ кезеңi iшiнде жаңа жағдайдағы жұмыс тәжiрибесiн жинақтауға, заңнамалық нормаларды мұқият пысықтауға және бүкiл ел ауқымында iрi қателiктер мен кемшiлiктер жiбермеуге мүмкiндiк бередi.

Реформалаудың оң және терiс нәтижелерiн  зерделеу мен талдау оны келесi деңгейлерде одан әрi тарату үшiн бағдар болады.

Орталықсыздандырудың бiрiншi кезеңiнде  ауыл мен шағын қалалардағы, яғни қазiргi кезде билiктiң белгiлi бiр  жетiмсiздiгi орын алып, мұның өзi үлкен  келеңсiздiктерге әкелiп отырған  жерлерде проблемаларды шешу айрықша маңызды болып табылады.

Ауылдық округтер, қала тұрпаттас  поселкелер және аудандық маңызы бар  қалалар деңгейiнде әкiмдер сайлау жүргiзiлетiн болады.

Екiншi кезеңде төмен деңгейдегi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк деңгейiнде, яғни ауылдық округтер, қала тұрпаттас поселкелер мен аудандық маңызы бар қалалар деңгейiнде басқарудың толыққанды органдарын құру мүмкiндiктерiн қарастыру керек.

Орталықсыздандырудың бұл кезеңiнде  аудандық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк  басқару реформасы талап етiледi. Халыққа есептiлiгi мен бақылаулылығын күшейту мақсатында тиiстi өкiлдi органдармен - аудандық (қалалық) мәслихаттармен келiсе отырып белгiлi бiр мерзiмге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерiн қызметке тағайындау және орнынан алу тәртiбiн енгiзу қажет. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiн аудандық (қалалық) мәслихат депутаттарының қатарынан облыстық әкiмнiң тағайындау нұсқасы да болуы мүмкiн.

Yшiншi кезеңде облыстық маңызы  бар аудандар мен қалалар деңгейiнде  орталықсыздандыру принциптерiн  енгiзу қажет.

            Қазақстан Республикасы қазіргі кезде өзінің мемлекеттік дамуында жаңа бір сапалы деңгейге шықты. Мұндай жағдай мемлекеттік басқару мен билік жүйесіндегі түпкілікті қайта құруды талап етеді. Аталған билік жүйесі Қазақстандағы мемлекеттіктің қалыптасуына өз үлесін қосты.

Бірақ қазіргі кезде  мемлекеттік құрылымда  бұл жүйенің  қызметтері қоғамның және мемлекеттің  дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін  байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста  жергілікті мемлекеттік басқару  жүйесін атап көрсетуге болады. Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.

Мұның басты себептері  қолданыстағы заңдылықтардың, соның  ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.

Осыған байланысты республикадағы мемлекеттік құрылыстың жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылатын жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырып, жергілікті билік органдарын реформалау қажет.

Қазақстан Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және орталықсыздандырудың мемлекеттік  бағдарламасын жасау және қабылдау ұсынылады.

Жергілікті мемлекеттік басқару  жүйесін реформалауға бағытталған маңызды қадам Қазақстан Республикасының Үкіметінің  бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, сонымен қатар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкімдікті шектеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Бұл реформа билік  өкілеттіктерін вертикаль (тік) жүйесі бойынша бөлінуіне, яғни “республика(центр) – облыс – аудан – қалалық және ауылдық пунктер” жүйесін қалыптастыру және жергілікті жерлердегі қаржы - экономикалық базаның қалыптасуы жолымен мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған. Ол реформа жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар орталық билік органдарының арақатынасын жетілдіруге және дұрыс жұмыс істеуі үшін жаңа әкімшілік және экономикалық механизмдерді құруға негізделеді.

Жергілікті мемлекеттік  басқарудың бүкіл жүйесінде реформалау мәселелерін шешу, соның ішінде жергілікті өкілді органдар  - маслихаттар өкілеттіктерін кеңейту және күшейту және де жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру мәселелері бұл жағдайда жабық белгісіз перспективада қалып отыр. Бұл мәселені мемлекеттік аппараттағы мемлекеттік билік органдарының ұйымдастыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудағы бағыттарындағы бірліктің болмауы қиындатып жібереді.

Орталықсыздандыру процесінің сәтті дамуының және жергілікті өзән-өзі  басқару жүйесін қалыптастырудың басты факторы біздің еліміздің билігінің саяси еркіндігі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына соңғы жолдамасына байланысты мемлекеттік басқару жүйесі және, сонымен қатар, жергілікті деңгейде модернизация процессі бастама алды.

 

3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық  технология арқылы жетілдіру

Соңғы жылдары елімізде жаңа мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасу үстінде. Бұл құбылыстың негізгі ағымдарын анықтап, белгілі қорытындылар жасауға болады.

Қазіргі жағдайда радикалдық әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу үшін, сонымен бірге елімізде әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау үшін күшті мемлекеттік билік, әсіресе күшті атқарушы биліктің қажеттілігіне ешкімнің де күмәні жоқ деуге болады. Сондықтан бүгінгі жергілікті билік жүйесі — Президенттен бастап, поселкелік әкімге дейін жалғасқан атқару құрылымына негізделген күшті биліктің стратегиялық жүйесінің заңды да құрамды буыны ретінде саналады. Мұндай модель, тікелей мемлекеттік басқару деп аталады да ол қатаң орталықтандыру мен тиісті иерархияларға негізделеді.

Сөйтіп, дәл қазір жергілікті деңгейде әкімшіліктің өзімізге ғана тән басқару  жүйесі қалыптасып бітті деуге негіз  бар. Оның екі құрамының да өз тетіктері: біріншісінің — орталықтан тағайындалатын, әкімдер басқаратын атқарушы органдардың әкімшілік иерархиясы, ал екіншісінің халық сайлайтын әр деңгейдегі өкілділік органдар — мәслихаттар болып табылатындығы көпшілік қауымға белгілі.

Күшті атқарушы билік концепциясын радикалдық реформалардың негізгі  саяси құралы ретінде жүзеге асыру, негізінен әкімдердің басқаруы жергілікті билікті саяси-құқықтық, кадр, материалдық қаржы жағынан жергілікті жердегі өкілдік қана құқы бар органдармен салыстырғанда анағұрлым тиімді орындарға қоя білді. Нақты және шын мәнінде билік өкілеттіктері әкімдер және олардың аппараттарының қолына көшті. Әкімдер билігі дара басшылық принципіне негізделген, құрылымы жағынан өте қатал екені анық.

Осының нәтижесінде, атқарушы биліктің іс-қызметінде болымды (позитивтік) өзгерістер байқала бастады. Әкімдердің билік өкілеттіктері күшейгенінің арқасында бұрынғы жергілікті басқару құрылымының негізгі кемшіліктері (жауапкерсіздік, өкілдік және атқарушы органдардың қосөкіметтігі, депутаттардың тиісті түрде дәлелденбеген, популистік шешімдер қабылдауы) т. б. жойыла бастады. Саяси, экономикапық және саяси-әлеуметтік жағдайларды билікті әкімдердің тексеріп бақылап отыруына зор мүмкіншіліктер туды.

Күшті орталықтандырылған биліктің тағы бір ерекше жағын атап өту қажет. Мұндай биліктің елімізде саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтап және оны ньғайту жолындағы маңызы өте зор. ТМД-дағы қазіргі жағдай — атқарушы биліктің әлсіздігі — әртүрлі трайбалистік, этникалық, конфессиялық, мәдениеттік, ментальдық қауымдар арасында автономистік және сепаратистік тенденцияларға қажетті кедергі қоя алмайтынын дәлелдеп отыр. Сондықтан да Қазақстанның жаңа мемлекеттілігі қалыптасып келе жатқан дәуірде (және бұл дәуірдің ауыр, ұзаққа созылған дағдарысқа әкеліп соққан әлеуметтік-экономикалық саладағы түбегейлі өзгерістермен қабаттасқандығын ескерсек) мейлінше орталықтандырылған басқаруды әлсірету — өте қауіпті.

Жергілікгі басқару реформасы  өкілдік билікке молынан әсер етіп, едәуір өз ықпалын тигізді. Мәслихаттар  өкілеттіліктері, олардың әкімдермен қарым-қатынастары Республика Конституциясының 85-88-баптары және 10.12.1993 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы жергілікті өкілеттік және атқарушы органдары туралы» заңы бойынша реттеледі. Бұл құжаттарда былай, көрсетілген: жергілікті басқару жұмысы өкілдік және атқарушы органдар арқылы жүргізіледі, бұл органдар тиісті территорияларда барлық істерге жауапты. Яғни, мәслихаттар жергілікті басқару жұмысын әкімшіліктермен бірдей, солармен қатар пара-пар жүргізеді. Солармен қатар, аймақтарды дамытуға арналған бағдарламалардың орындалуына, Конституциялық заңдар, Президент және үкімет актілерінің жүзеге асырылуына жауапты. Конституцияда мәслихаттар өкілеттілігіне жататын мәселер де көрсетілген. Олар: территориялардың экономикалық-әлеуметтік даму бағдарламаларын бекіту, мәслихаттар міндетіне жататын мәселелер және мәслихаттар жұмысын ұйымдастыруға қатысты жергілікті атқарушы органдары басшыларының есептерін тыңдап қарау, республика заңдарына сәйкес, азаматтар құқы және олардың мүдделерін қамтамасыз ету саласында және басқа да шаралар қолдану жайында.

Мәслихаттар мен әкімдер арасындағы қарым-қатынастарда екі жақтың да дербестігі принцип ретінде белгіленген. Төменгі  мәслихаттың жоғарғы мәслихатқа міңдетті түрде бағыну принципі жойылған. Мәслихаттар өкілеттілігіне жататын  мәселелерге байланысты әкімдердің мәслихат алдында есепті екені Конституция деңгейінде қамтылған. Ал керекті жағдайда, мәслихаттардың әкімге сенімсіздік білдіруге, оны қызметтен босатуы туралы мәселе қоюға қақысы бар. Мәслихаттар да, әкімдер де бір-бірінің заңға қайшы келетін шешімдерін бұзуды (қажет болса сот арқылы) талап етуге құқы бар. Мәслихаттар өзінің жұмысын әртүрлі ұйымдастыру формалары (сессиялар, тұрақты комиссиялар т. б.) арқылы өткізеді. Сессиялар мен комиссияларда мәселелерді ашық түрде (халық алдында) талқылауға толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар атқарушы билік органдарына түрлі сұрақтар бере алады.

Жергілікті басқару туралы қазіргі  заңдардың концептуалдық негіздері  осындай.

Бірақ жергілікті басқару жүйесінің  жұмысын нақтылы талдап көрсек, сол  жүйенің іс-әрекеттерін оптимальді түрде жақсартуды көздеген реформалардың өз мақсаттарына әлі де жете алмағанын байқауға болады. Ол аз болса, тіпті реформалау процесі жергілікті билік саласында жанама да қолайсыз (негативтік) көріністерге жол ашты.

Бір жағынан реформалаудың мақсаты жергілікті атқарушы билік күшейе түсті. Бірақ негізінде бұл аясы тар мақсат еместі. Басты түбегейлі мақсат — атқарушы билікті күшейту, жергілікті жерде реформалардың ұтымды, үйлесімді түрде жүргізілуі еді.

Екінші жағынан, атқарушы биліктің күшеюі, әсіресе оның сайлаусыз тағайындалуы күтпеген саяси нәтижелерге әкеліп соқты. Атап айтқанда, кейбір жергілікті билік басындағылардың халықтан арасы алыстай түсті, дербестілігі үлғая түсті, тіптен олар халыққа бағыныштылық тұрсын, оның бақылауынан мүлде басын босатып алды. Мұндай келеңсіз жағдай жергілікті шенеуніктердің тек өздерінің жеке мүдделері мен артықшылықтарын сақтауға ғана қабілетті жабық корпоративтік топқа айналуына кеңінен жол ашты.

Іс жүзінде шексіз, орасан зор  билік әкім болған бір адамның  қолына шоғырланғанының нәтижесінде жергілікті тирания қалыптасуына мүмкіндік туды. Өкінішке орай, мұндай мүмкіншілікті тек теориялық деп санауға болмайды. Қазақстан бұқара ақпарат құралдары хабарларынан әртүрлі деңгейдегі әкімдердің тәжірибелері хақындағы, олардың шексіз мансапқорлығының халыққа тиген зардабы жөнінде көптеген мысалдарды кездестіруге болады. Сонымен қатар, халықтың қолында билікшілерге ықпал ететін нақты ешқандай мүмкіншілік жоқ десе де болады. Жергілікті басқарушылар басқарылатындардың келісімін тіпті қажет етпейді.

Әкімдер билігі қандай шексіз болса, мәслихаттар билік құрылымы ретінде  нақты билікке ие болудан дәл  сондай алшақ. Олардың статусы өте  төмен, өкілеттіктері қатты шектелген. «Қазақстан Республикасы жергілікті өкілдік  және атқарушы буындары туралы» Заңында мәслихаттардың өкілеттіктері жөнінде жазылған тезистер қайта бір қарауды қажет етеді. Бұл заңда ең негізгі, ең керекті нәрсе, яғни мәслихаттар шешімдерін жүзеге асыру үшін қолданылатын нақты және пәрменді құқықтық механизм жоқ.  Оған қоса шешімдерді орындаудан бас тартқандарға қолданылатын шаралар мүлдем көрсетілмеген. Мысалы, қаржы-бюджет мәселесін алайық. Бүкіл әлемде бюджетті бекіту, оның орындалуы, бақылау —  биліктің  өкілдік тармағының құқы болып саналады. Атқарушы биліктің міндеті — бюджетті іс жүзінде орындау. . Сырттан қарағанда дa солай сияқты.  Мәслихат облыстық бюджетті талқылап бекітеді. Қаржыны тиісті салаларға бөледі, бюджеттің орындалуын әр тоқсан не болмаса жарты жылда бір талқылаған болады.  Бірақ депутаттардың пікірлері мен ұсыныстары көбінесе еленбей қалады. Тіпті бюджет маслихатта бекітілмей қалса да, не болмаса оның орындалу барысы жөніндегі есеп сол маслихатта қаралмай қалса да - оның салдарынан ешнәрсе өзгермейді. Себебі мәслихаттардың қолында әкімдердің бюджет-қаржы салаларындағы әрекеттерін бақылайтын нақтылы бақылау мен реттеу тетіктері жоқтың қасы.

Информация о работе Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылу тарихы