Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің даму заңдылықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 12:46, курсовая работа

Описание работы

Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізгі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек,жалпы адамзаттық көзқарасапен
бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды.

Содержание

Кіріспе
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
1.2 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ
ДАМУЫ
2.1 Қазақстандық экономикалық ойлау жүйесінің даму
ерекшеліктері руханилық кағыдасы ретінде
2.2Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің даму
заңдылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Айнура курсовой.docx

— 81.98 Кб (Скачать)

К.Маркс, Ф.Энгельс

Өндіріс аясының  зерттелуі.Еңбек барлық тауар құндылықтарының  негізі мен өлшемі.Экономиканы реттейтін  заңдардың барлығы объективті болып  келеді.Қоғамның барлық тойтарының табыс  көздерін анықтау

Классикалық саяси экономия У.Петти,А.Смит,Д.Рикардо

ппп                                                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сонымен бірге ХХ ғасырдың екіншіжартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған  елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық ркволюцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге  болады. Себебі социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрыш отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан теңкерісі экономикалық жағышан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.

     Қазақ халқының кешпелі тұрмыс  салты, экономикалық укладтары  жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік  мәдениет пен ғылымнан шектеліп  қалды.

     Қазан төңкерісінің қазақ жеріне  тарауына байланысты озат елдің  пролетариатының көмегімен капитализмге  соқпай, социализмге өту теориясы  қолданылды. Ұрандарында бәрі де  адам үшін, адамның игілігі үшін  деген сөз жазылған социализмнің  әкімшілік жүйесі кеңес халқын  дүниежүзілік 

ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егмен ел болғысы ке-летіні табиғи талап деп қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта «сауда сақал сипағанша» деген мақал бар, сондықтан халықаралық сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерттеудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудң маңызы арта бермек. Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок иеориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-

валюта, басқа да қалыптасқан қазіргі  заманғы рыноктық инфрақұрылымның  заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.

     Қазіргі экономикалық ғылым ерекше  дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың  себептері көп, оның негізін  экономика, саясат, идеология т.  б. қоғамдық емір сала-сында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейкесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым

адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын  зерттейді. Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.

     Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті,  адамдар арасында әлеуметтік-  экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық  емірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдық қатынастардың негізі –

өндірістік  қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда  тікелей өндіріс, айырбас, белу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс  қатынастарын дамытып, жетілдіру аса  маңызды. Қазіргі

кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған  мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік- экономикалық қатынастарды зерттеу. 

1.2 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері 

      Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған «диагноз» қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін эконо-микада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегөніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен үштасады.

       Ғылымда экономикалық процестер  мен жүйелерді зерттеу үшін 

математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл  бөлген бағыттың негізін қалаушылар - М. Вальрас, В. Паретто, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А.Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім – математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі «Жаттығу теориясы» және «Экономикалық мінез-қүлық» деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары «Жаттығу теориясы» тұрғысынан зерттелген.

      Саяси экономия ғылымы. Бұл ұғымды  түңғыш рет ғылымға енгізген  меркантелст Антуан Монкретьен  (1575 - 1631). Саяси экономияның ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оның себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктың кең еркендеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сайкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің көптеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623 - 1687) Адам Смит (1723 - 1790), Давид Рикардо 

(1772 - 1823), Франсуа Кенэ (1694 - 1774) және А. Тюрго (1727 - 1781) есімдері өз заманындағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми қағидалары әлемдік экономикалық теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII  ғасырдың соңы, ХІХ ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақстан әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Шоқан Уәлиханов (1835 - 1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқандар Адам Смиттің және т. б экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне өз көзқарастарын жазды.

     Экономикалық ой-пікірдің көне заманнан-ақ бастап тарихы қысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмандықтан аса көрнекті   есімдер ғана аталып, олардың қағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан Ресейдің езінде де саяси экономия ғылымы XVII

ғасырдың  бірінші ширегінен – І Петр дәуірінен басталады. Саяси экономия

тарихын зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан тұңғыш   орыс экономисі        И.Т Посошков болса, біздің топшылауымыз бойынша қазақ елінде ондай адамдар  – Шоқан мен Абай.

     Бұрын Ресейге қараған барлық  аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда  заманында аты шыққан, кейін ұмытылған  есімдер де аз емес.Қазақ халқының  қазір есімдері жаңғыртылып жазба  мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет  басқаруға қатысқан қайраткерлердің

Экономикалық  ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.

        Маркстік емес деген саяси  экономияда ХІХ ғасырдың соңы  ХХ ғасырдың басында бірнеше  экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бір бөлігі соңғы уақытта  елеулі дамып, кеңінен таныла  бастады. Соларда ХІХ ғасырдың  екінші жартысында шекті пайдалылық  пан шекті өнімділік немесе  маржинализм французша (marginal-шекті) теориясы тұжырымдалады. Маржинализм теориясы – шарушылық қатынастарға тартылған жеке субъектіні (адамды) психология тұрғысынан экономикалық талдау. Осы мек-

тептің  өкілдері – Менгер (1840 - 1921), Э. Бем-Баверк (1851 - 1914), В.    Визер (1851 - 1926). Ал «неоклассика-лық» деп аталган экономикалқ теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың   (1842 - 1924) шығармаларында тұжырымдалады. Оның басты еңбегі «Эко-

номика  ғылымының принциптері» 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚШ-та Дж. Кларк   (1847 - 1938) шекті өнімділік және өндіріс факторлары кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғүрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп ХІХ – ХХ ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бүл мектебін қайраткерлері рыноктық экономиканы сұраныс пен ұсыныстын, негізінде тепе-теңдікке жетуге қабілетті жүйе ретінде қарайды. Дж. Кейнстің (1883 - 1945) - жылы  жарық керген  «Жұмыспен  қамту,  процент   және

ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде бірқатар пратикалық ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канның инвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.

     Экономикалық өсу моделін жасау  үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк ұсынған акселарация принципин  қолданды. Экономикалық өсудің кейнстық  үлгісі Р. Харрорд, А. Хансен, Д. Хикс және П. Самуэльсон  еңбектерінде ілгері дамытылды.  Осыған орай экономикалық тұжырымдама  Василий Леонтьев (1906) еңбектерінде жоғары бағаланды. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың – «Экономикалық өсу сатылары», Р. Аронның – «Біртұтас индустриалды қоғам» және Д. Беллпостың – «Индустриалдық қоғам» атты еңбектерінде қарастырылды.

       Батыстағы қазіргі экономикалық  ой-пікірдің  белгілі өкілі –                    Дж. Гэлбрейт (1908ж.). Оның орыс тіліне аударылған «Жаңа индустриалды қоғам» (М.,1969), «Экономикалық теориялар және қоғамның мақсаты» (М.,

1976) және  «Капитализм, социализм, қатар  емір сүру» атты кітаптары  (М,.

1988), бұрынғы  кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп  жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы  реттеу мәселелерін елеулі дамытумен  бірге, Маркстен бөлек жаңа  саяси экономия жасауға, адамзат  дамуының әлемдік проблемаларын  қарауға талаптанған.

     ХХ гасырдың  20-жылдарында бұрынғы Кеңес Одағының Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым – экономистер             Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасынан рынокқа көшіру мәселелерінің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық тоерияға қосқан үлестері өз алдына зерртеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл экономистердің теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір талабы дер едік. 
 
 

ІІ.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ ПІКІРЛЕРДІҢ 

ДАМУЫ

2.1 Қазақстандық экономикалық ойлау жүйесінің даму ерекшеліктері руханилық қағидасы ретінде

  Адамзат  қоғамының жалпы даму заңдылықтарына  сәйкес қазақ халқының да қалыптасып, ұлт болып дамуына ықпал еткен  тарихи кезеңдері мен әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық факторлары бар. Халықтың тарихын, тағдырын түп негізін тану үшін ауыздан ауызға таралып келген бізге дейін құнын жоймай жеткен халықтың фольклор. А.М.Горький кезінде: «фольклор – ол сол еңбекші халықтың әлеуметтік тарихын білдіреді» деген.          Жалпы, халық ауыз әдебиеті, шешендік өнер, мақал-мәтел және т.б. қазақ халқының бойына біткен табиғи қасиет екенін шығыстық зерттеуші ғалымдар да байқап білген. Мысалы, академик В.В.Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племен» деген еңбегінде қазақ ауыз әдебиетінің шығу тегіне тоқтала келе: «қазақтар нақтылы сөйлеуді бар өнердің алды деп білді және бұл тек осы ұлтқа тән қасиет пе деп ойлайсың, сондықтанда олардың әдебиеті дамудың жоғарғы сатысына жемкен» (41,167-б.) десе, зерттеуші А.Янушкевич: «Қазқатардың ойлау қабілеттілігінің кереметтігіне менің барған сайын көзім жетті. Сөз деген ағып тұр. Өзіне жоғарыдан менсінбей қарайтын халықтар арасынан бұл көшпелілердің де құрметті орын алатын кезі келді»(42, 159-б) деген.

Информация о работе Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің даму заңдылықтары