Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың мәселелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 14:29, реферат

Описание работы

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл — валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, едцің экономикалық агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары.

Содержание

І. Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың мәселелері

1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы----------------------------------------------------------------------------------3
1.2 Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі-------------------6
1.3 Сыртқы экономикалық байланысты жетілдіру-----------------------------8
1.4 Сыртқы экономикалық байланысты реттеудің нысандары мен әдістері----------------------------------------------------------------------------------------9
Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------12

Работа содержит 1 файл

Сырткы экономика.doc

— 72.00 Кб (Скачать)

    Реттеменің жанама немесе экономикалык, әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта багамы, дүниежузілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық міндеттемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.

    Импорт  кезінде (шетелдік импортер үшін) шетел  валютасы бағамының жергілікіі валютаға салыстырмалы төмендеуі жергілікті рынокте мүмкіндіктердің кеңейгендігін  білдіреді (2-нұсқа) және керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне байланысты рыноктің түқыруына үрындырады (3-нұсқа).

    Отандық импортерлер үшін бағамдардың ауытқулары шетел тауарларын сатып алу жөніндегі  мүмкіңціктердің өзгеруін білдіреді.

    Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, ол, өз кезегінде, қаржы құралдары — экспорт мен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарларды, қызметтерді өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.

       Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едәуір құлдырауы мен қанағаттанғысыз сұраным тудырған инфляция кезінде сыртқы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын макроэкономикалық үйлесімдер мен қағидаттар бұзылады әрі бұрмаланады. Бұл тұтынушыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, өскелең импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, ұлттық валютаның тұрлаулы валютаға қарағанда бірден құнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы ұйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылықтар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан әрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырған импортты да шектеуге мәжбүр етеді, өйткені оны төлеуге ақшасы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде ұзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.

    Салықтар  сыртқы экономикалық қатынастардың  маңызды реттеуіші болып табылады; бл жерде әңгіме жалпымемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы — бірлескен кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықтар, кеден баждары (экспорт пен импорт-қа салынатын салықтар) жөнінде болып отыр. Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифті реттеу тізіледі.

    Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаттарының (яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқылы өту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа құралдарын) белгілейді.

    Кеден тарифі ішкі рыноктегі шетелдік бәсекені реттейді. Кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кеден аумағына әкелінетін және бұл аумақ шегінен әкетілетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.

Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден  органдары алатын, заңнамада белгіленген  және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін  кеден төлемдерінің басты түрлерінің бірі кеден баждары — ұлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кеден тарифінде қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет алатын салықтар. Отандық практикада баж салығының адвалорлық, ай-рықшалықты және құрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адвалорлық — салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен, айрықшалықты — белгіленген мөлшерде салық салынатын тауарлардың немесе заттардың өлшеміне, ал құрамдастырылған мөлшерлемелер — салық салудың екі түрінің ұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер.  

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Дүйсенов  Б. «Нарықтық  қатынастарды  қалыптастырудағы жекешелендіру». Саясат № 8/2004 ж., 68 б.
  2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің

          өзекті мәселелері»,   Алматы  – 2002 ж.,  216 б.

  1. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000, 226 б.
  2. Мамыров Макроэкономика//Алматы, 2003

Информация о работе Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың мәселелер