Қазақстанның қаржы жүйесіндегі мемлекеттің рөл

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:58, доклад

Описание работы

Барлық мемлекеттердің алдында тұратын жалпы мақсаты болып – тұрақты қаржылық жүйені қалыптастыру табылады, яғни бұл жүйе негізінде экономикалық және әлеуметтік даму мен өсуді қамтамасыз ету. Постсоветтік елдерде бастапқы жағдайлар бірдей болғанмен, жүргізілген банктік реформалардың тереңдігі мен қарқыны әртүрлі болды. Бұндай ерекшеліктер мен айырмашылықтарға макроэкономикалық жағдайлар, елдің экономикалық потенциалы, үкіметтің жүргізген саясаты негіз болды. Жаңа банктік жүйенің қалыптасуы қысқы мерзімде жүргізілді. Экономикалық ғылым дәлелдегендей, бұл процесс ешуақытта мемлекеттің араласпауынша тиімді болмайды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның қаржы жүйесіндегі мемлекеттің рөлі 6.doc

— 55.00 Кб (Скачать)

Қазақстанның  қаржы жүйесіндегі мемлекеттің  рөлі

 

Барлық мемлекеттердің алдында тұратын жалпы мақсаты болып – тұрақты қаржылық жүйені қалыптастыру табылады, яғни бұл жүйе негізінде экономикалық және әлеуметтік даму мен өсуді қамтамасыз ету. Постсоветтік елдерде бастапқы жағдайлар бірдей болғанмен, жүргізілген банктік реформалардың тереңдігі мен қарқыны әртүрлі болды. Бұндай ерекшеліктер мен айырмашылықтарға макроэкономикалық жағдайлар, елдің экономикалық потенциалы, үкіметтің жүргізген саясаты негіз болды. Жаңа банктік жүйенің қалыптасуы қысқы мерзімде жүргізілді. Экономикалық ғылым дәлелдегендей, бұл процесс ешуақытта мемлекеттің араласпауынша тиімді болмайды. Банк аясындағы мемлекеттік реттеу келесідей өзара байланысты мәселелерді шешуге бағытталады:

- сенімді, тұрақты, тиімді банк жүйесін қалыптастыру;

- салдарлы антимонопольді саясатты жүргізу, меншік құқығын қорғау және олардың заң алдында теңдікке жеткізу, несиелік ұйымдарға әділетті бәсеклестік жағдайларын жасау;

- ұлттық, жалпымемлекеттік мәселелерді шешуде коммерциялық банктерді жұмылдыруға бағытталған механизмді қалыптастыру, соның ішінде негізгі мәселелер болып – экономиканың құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру, территориялардың әлеуметтік-экономикалық деңгейлерін тегістеу, экологиялық мәселелер, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.

- жалпы банк инфрақұрылымын, төлем жүйесін, банктік қызметті жүзеге асыру үшін заңнамалық базаны қалыптастыру.

Мемлекеттің дағдарыс жағдайында араласуы және несиелік ұйымдардың қайта құруында қатысуы өте тиімді әрекет болып табылады.

Жалпы мемлекеттің араласуы екі  түрде жүреді: тікелей – банктер меншігінде қатысу арқылы, заңнама арқылы, тікелей мемлекеттік несиелік ұйымдарды басқару мен бақылау арқылы болады, екіншісі жанама – ол салықтар мен жинаулар, нормативтер мен лимиттер, лицензиялау мен және т.б. арқылы.

Мемлекеттік саясаттың банк аясындағы  ең маңызды бағыты ол банктік қызметті реттеу мен бақылау болып табылады. Арнайы әдебиеттерде банктік бақылаудың келесідей мақсаттарын ажыратады:

-   миноритарлы акционерлерді, салымшыларды нашар басқарудан қорғау;

- банктік жүйенің тұрақтылығын қолдау, «жүйелік тәуекелден» банк клиенттерін қорғау;

- салымшылардың сенімін және халықтың қаржы-несие жүйесіне жалпы түрде қаржылық мекемелерге деген сенімін қамтамасыз ету.

Коммерциялық банктерді бақылаудағы  қолданылатын шараларға: банк қызметін жүзеге асыруға құқық беретін  лицензияларды беру, жеке операцияларды  жүзеге асыруға лицензия беру, банктер  ұсынатын қаржылық есеп беруді талдау және тексеру, орын үстінде ревизия жүргізу, экономикалық нормативтердің жүйесін қалыптастыру, және олардың орындалуын бақылау. Соңғы он жылда банктік бақылау халықаралық сипатқа ие болды, ол банктік жүйенің, қызметтің интернационализациясымен байланысты болды.

Жалпы мемлекеттің банк қызметінің субъекті ретінде қарастыру қазіргі кездегі нарықтық жағдайда өте тиімді секілді, оған көптеген мысал келтіруге болады, мысалға Германияны алайық, бұл жерде мемлекеттің банк саласындағы үлесі 50% құрайды, және ол жеткілікті түрде банктік мәселелерді тиімді шешуде. Мемлекет әрине меншік иесі ретінде немесе жай бақылаушы ретінде бұл қызмет аясында қатыса алады. Қазіргі кезде Қазақстандағы банктік сектор жеке болып саналды, соның ішінде 15 банктер шетел қатысуымен жұмыс істеп келді. Жалпы банк активтері соңғы үш жыл ішінде 5,5 есе өсіп, 11,205 млрд. Теңгені құрады. 2008 жылдың 1 қаңтарына қазақстандық банктердің активтері ЖІӨ қатынасына жоғары үлесті, нақтырақ айтсақ, 87 % құрады. Банк активтерінің қарқында өсуінің негізі ретінде сыртқы қаржылық ресурстар құрады. Қазақстанда 10 ірі банктер елдің банк жүйесінің жалпы динамикасын құрап отыр (олардың үлесіне 94 % барлық банк активтері келеді). Бұл банктердің көбісі жоғары халықаралық рейтингке ие және оның алтауы халықаралық қаржы нарығында ірі қарыз алушылары болып саналады. 2007 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстанның банк секторының сыртқы қарызы млрд. Долларды құрады. 2007 жылдың тамызында Қазақстандағы алты жылдық үзіліссіз қарқынды банктік жүйенің өсуі өтімді қаражаттардың жетіспеушілігіне тап болды. 2008 жылда Қазақстандық банктердің әртүрлі бағалаулары бойынша 12,5-13 млрд. доллар төлеу қажет болды. Соған қарамастан, мемлекет заңнамалық негізде Ұлттық банк көмегімен монетарлық саясатты қайта қарастырып барлық жағдайлар жасауда. Қазіргі дағдарыс жағдайында экономиканы жандандыру үшін тікелей коммерциялық банктермен өзара қызметтік әріптестік іске асырылуда.

    Соңғы бүкіл дүниежүзінде болып келген экономикалық өзгерістер мен қиыншылықтар мемлекеттің ролін банк секторында қайта қарастыруды талап етті. Қазақстандағы ең ауқымды банктердің бірі БТА банкінің 78,14 %  және Альянс банкінің 76 % мемлекет сатып алды, егер де бұл акцияларды мемлекет сатып алмағанда, бүл банктер Ұлттық банктің төрағасы Г.Марченконың айтуы бойынша, жүргізілген 25%-дық девальвация нәтижесінде банкротқа ұшырауына әбден себеп болушы еді. Осындай мақсатпен банк акциялары, яғни аталған банктер мемлекет бақылауына алынды, жалпы айтып кеткендей бұл уақытша жасалып отырған шара, себебі әр кезде, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет банк секторын дағдарыстан аман сақтап қалу үшін жағдайлар жасап, жалпы қаржы жүйесін сақтауға тырысады. Мемлекет кез келген уақытта, экономиканың бұл дағдарыстан өрлеуге шыққан кезде банк капиталынан шыға алады, ол қайтадан нарықтағы соның ішінде қаржы нарығындағы жағдайларға байланысты.

Ұлттық экономиканың тиімділігі және банк жүйесінің даму перспективалары  ол мемлекеттік органдардың жеке және мемлекеттік мүдделердің үлестіру механизмін құра алумен байланысты, ондай  механизмді мемлекеттік-жеке әріптестік деп атауға болады. Бұл механизм екі жаққа да тиімді әрекет болып табылады.

Инвестициялық жобаларда  бірлескен қызмет бүкіл дүниежүзінде қолданыс табуда, ол көбінесе ғылымды  көп қажет ететін салада және капитал  сыйымдылығы ауқымды жобаларда  көрініс табуда. Жалпы Қазақстанның қаржы жүйесінің көрінісі мен оның болашаққа деген болжамдары қандай деген сұраққа жауап беру үшін келесі мәселелерді қарастырайық.

Қазақстан қаржы нарығының  соңғы айлардағы даму деңгейі  мен келешегі сарапшылар мен рынок  қатысушылары тарапынан талай рет бағасын алды. Қазіргі кезде республикамыздың қаржы нарығында қалыптасқан жағдайын, коммерциялық банктердің несие қоржыны сапасына қатысты мәселені және ағымдағы жылға қатысты қандай болжамдар болатынын, т.с.с. мәселелерді мамандардың пікіріне жүгініп, қарастыруға мүмкіндігіміз бар.

Тұрақсыздыққа қарамастан, қазақстандық  банктер өздерінің сыртқы және ішкі міндеттемелерін орындап келеді. Өткен жылы банктердің жиынтық активтері 31,7% артып, 2008 жылдың 1-қаңтарында 11683,4 млрд. теңгеге жетті. Банк активтерінің өсуіне негізінен клиенттерге берілген займ көлемінің  артуы (48%) ықпал етті. Ағымдағы жыл болжамдарына келсек, - олар көзге көрініп тұр. Несие беру қарқыны төмендеді, қорландыру құны артты, бұрынғыдай арзан және ұзақ мерзімге берілетін ақша жоқ. Жекелеген банктердің ашқарақтық саясаты ендігі жағында тұрақтылық-сабырлылық ұстанымымен ауысады.

Банктердің несие қоржыны  құрылымында 2008 жылдың қаңтар-ақпанында  стандартты және үмітсіз несиелер үлесі  артып, күмәнді несие үлесі кеміді. Бұл жерде біз үмітсіз несие үлесінің артуын (1,5%-дан 1,9%-ға дейін) рыноктағы тұрақсыздықпен, атап айтқанда, кепілдік мүлкінің (жылжымайтын мүлік) тартымдылығын жоюмен байланыстырамыз. Тұрғын үй нарығы да, құрылыс рыногы сияқты “күтіс” кезеңінде тұр (сауда-саттық жүрмейді, баға түсіп жатыр), халықтың аталған секторға қаржы құюға ықыласы жоқ екені анық.

сонымен бірге биылғы жылы несие қоржыны төмендейді деген болжам жоқ емес, бірақ қайтадан беріле бастаған несие сапасы жақсарады деген ойдамыз. Өйткені, көптеген банктер қарыз алушының төлем қабілетін анықтауға қойылатын талаптарды күшейтті, оның үстіне, несие беруде кепіл мүлкі бұрынғы басты ролінен айырылып қалды.

2008 жылы банктер қаржы  нарығының ішкі ресурстарына  жүгінуге, қаржы тарту үшін борышқолық  құнды қағаздарын шығаруға тура  келеді. Банк секторы белсенділігінің  төмендеуімен қатар, қоғамда пайлық  инвестициялық қорларға (ПИҚ) деген сұраныс арта түсуде. Пайлық қорлар саны ұжымдық инвестиция инвестиция құралдарының танымал бола түсуіне, рынокты әрі қарай инвестициялау мақсатында қаржы тартуды қалайтын жаңа инвестициялық компаниялардың пайда болуына байланысты артуда. Зейнетақы саласында да елең еткізер жаңалықтар күтілуде.

Сақтандыру саласында  міндетті сақтандыруға басымдық берілмек. Ерікті сақтандыру қарқыны ағымдағы жылы жа жоғары қалпында сақталады  деген болжамдар бар. Реттеу саясаты  жөнінде айтар болсақ,, жұмыстағы сабақтастық үрдісі сақталады. Қабылданған және қолға алынған шаралардың бәрі де қаржылық тұрақтылық пен қаржы қызметін тұтынушы құқықтарын қорғауға бағытталған.

ҚҚА-нің биылғы қызметі  соңғы кезде әлемдік қаржы  нарығында қалыптасқан ахуалға байланысты болмақ. Бірінші кезекте агенттік жұмысы қаржы жүйесіндегі қатерді жедел түрде анықтау әдістемелері мен құралдарын әзірлеуге және оған шара қолдануға бағытталады.

Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдар қызметін реттеу бығытында  ҚҚА жақын болашақта қаржы  жүйесіндегі қатерді жедел түрде анықтау әдістемелері мен құралдарын әзірлеуге, қаржы жүйесінің тұрақтылығы жөніндегі заң жобасын әзірлеу және оған шара қолдануға бағытталады. Бұған өзге, агенттік жұмысы шетелдік мемлекеттердің қадағалау орындарымен өзара қарым-қатынас аясын әрі қарай кеңейту, қаржылық ұйымдардың тәуекелін бағалауға және қаржы ұйымдары мен банктік конгломераттарды инспекциялау тәжірибесіне негізделген қадағалау жүйесін жетілдіру бағытында болмақ.

Қаржылық тұрақтылық мәселелері жөніндегі меморандумның  орындалу тиімділігін арттыру мақсатында арнайы топ құрылды. Ол “Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне қаржылық жүйе тұрақтылығы мәселелері туралы толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі” заңды әзірлеумен айналысалы. Заң жобасы шеңберінде банктер туралы заңға толықтырулар енгізу қарастырылған. Ол бойынша, белгіленген жағдайларда үкімет ұлттық басқарушы компанияны мемлекет иелігіне сатып алуға банктің орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің 10 және одан да көп пайызын сатып алу жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Банктің жарияланған (орналастырылмаған немесе сатып алынған) акциялары болмаған жағдайда немесе акциялар саны банктің қаржылық ахуалын жақсартуға жеткіліксіз болғанда, ел үкіметі жарияланған акция санын арттыру жөнінде шешім қабылдай алады.

Сонымен бірге осы  заңның 16-бабының 8-тармағына сәйкес, банктің жеке капиталының теріс  көлемі анықталған жағдайда құзырлы  орган үкіметпен келісе отырып, оның акционерлеріндегі акцияларды мәжбүрлі түрде сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы. Жаңа инвестор ол акцияларды банк капиталын ұлғайту үшін жұмсауға және оның дұрыс қызмет етуіне кепілдік берген жағдайда құзырлы орын оны кешіктірмей сатады.

Банктерде өтімділікке  қатысты уақытша қиындықтар туындаған  жағдайда монетарлық биліктің оған көмек  көрсету мүмкіндігі мен құралдары жеткілікті. Өзге инвесторлар болмаған жағдайда әлемдік банкдағдарысына төтеп беру тәжірибесіне сәйкес мемлекет меншік иесі ретінде банк жұмысына қатыса алады.

Шетелдік инвесторлардың республика қаржы нарығына деген қызығушылығы ылғи да өсу үстінде. Білетініміздей соңғы үш жылда бірқатар шетел банктері, соның ішінде ресейлік «Сбербанк» пен итальяндық юникредит тобы бірқатар екінші деңгейлі отандық банктерді сатып алған болатын. Бірқатар шетел банктері Қазақстанда өздерінің еншілес банктерін ашуға ниет білдіріп отыр. Бұл шетелдік инвесторлардың отандық қаржы жүйесіне деген сенімі мен Қазақстанның даму әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру перспективасын есепке алсақ, Қазақстандағы қаржы ұйымдарының шетелдік компанияларға жұтылуы әрі қарай да жалғаса бермек. Былайша айтқанда, шетелдік капиталдың рыноктағы үлесі арта түседі. Сонымен бірге, банк қызметі саласындағы бәсекелестік деңгейі де жоғарылайды.

Пруденциялық нормативтерді  қатаңдату 2009 жылы ипотекалық ұйымдар санын мүлдем қысқартып жібереді және ҚҚА-нің ипотекалық компанияларға қоятын талаптары комбанктерді реттеуден өзгешелеу болуы тиіс деген пікірге тоқталатын болсақ, жалпы жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділік пен несиелендіру көлемінің артуы банктер сияқты, ипотекалық компаниялардың да несие тәуеклдігі деңгейін жоғарылатады. Бұл көп жағдайда несие алушылар қатарын негізінен халықтың табысы төмен бөлігі құрайтынына байланысты және экономикалық өсім қарқыны баяулап қалған жағдайда халықтың нақты кірісі де төмендейді. Сол арқылы халықтың басым бөлігі ипотекалық ұйыдар мен банктер алдындағы міндеттемелеріне жауап беру қабілетінен айырылады. Ипотекалық несие нарығының қарыштап дамуы, жылжымайтын мүлік құрылысын қаржыландыру үй бағасының қымбаттауымен жүреді. Сөйтіп бағаның түсуіне орай банктер мен ипотекалық компаниялар үшін айтарлықтай қатер тудырады.

Осы тенденцияларды есепке ала отырып, ҚҚА жылжымайтын мүлікке  қатысты несиелендіру тәуекелдігін шектеу бойынша қосымша шараларды қолға алуды дұрыс деп тауып отыр. Агенттіктің іс-шаралары ипотекалық ұйымдардың ипотекалық және тұтынушылық несиелендіру саласындағы тәуекелдігін шектеуге бағытталған және ол аталған ұйымдар санын қысқартуды көздемейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

 

  1. С.А.Святов «О государственно-частном партнерстве в банковской системе Казахстана» ∕ ∕ АльПари экономический, № 3, 2008 г., стр.112
  2. А.М.Тавасиев Банковское дело. М., 2007 г., 19
  3. Данные Национального банка Казахстана на 1.06.2008
  4. Казкоммерц новости №1-2, январь-февраль, 2009-03-17

 

Информация о работе Қазақстанның қаржы жүйесіндегі мемлекеттің рөл