Франчайзингтік бизнестің салалық жіктелуі
Курсовая работа, 10 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды:
Біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге – табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді,
Екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы,
Үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.
Содержание
Кіріспе
Франчайзингтік бизнестің теориялық мәселелері…………………….4
1.1 Франчайзингтің мәні және мазмұны……………………………….4
1.2 Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері……………………………………………………………8
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің жағдайы……11
Шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі заманғы беталыстары…………………………………………………………..11
Шағын кәсіпкерліктің дамуының салалық қимасы……………….14
Франчайзингтік бизнестің салалық жіктелуі…………………………..15
Франчайзигтің бизнестің Қазақстан нарығында алатын үлесі…15
Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері……………………………………………18
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Работа содержит 1 файл
Шағын кәсіпкерліктегі франчайзинг.docx
— 152.24 Кб (Скачать)Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады. Зерттеу тақырыбын жан-жақты ашу мақсатында қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Мейрамхана бизнесі кез келген елдің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және релаксация мен рекреация функцияларының шешімдерін қамтамасыз етеді. Кафе, мейрамханалардың және дәмханалар франчайзерлерінің орналасқан жерін қарастырсақ, олардың көбі қала орталықтарында және жанданған сауда орталықтарында орналасқан. Орналасу орнына байланысты мейрамханалардың көлемі мен интерьері де өзгереді.
7-графиктегі мәліметтер бойынша, қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік компаниялардың – 2,8 %-ы мейрамханалардың үлесінде. Бұл осы салада мейрамханалардың кеңінен таралуымен айқындалады. Ал 2,3%-ы кафелер мен барлардың және асханалардың - 2%-ы франчайзингтік екені анықталды.
7-график
– 2007 жылғы Қазақстан Республикасындағы
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы
франчайзингтік компаниялардың үлесі
Қазақстан
нарығындағы франчайзинг
3.2. Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері
Қазақстанның еңбекке жарамды тұрғындарын кәсіпкерлік саласына тартудың барынша пәрменді құралдарының бірі франчайзинг бола алады.
Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер (ноу-хау мен бренд құқығын иеленуші) мен оператор-компанияның (франчайзи)арасында шарттық қарым –қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы франчайзердің сауда белгісін, технологиясын, маркетингілік мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін және басқа да бейматериалдық активтерін пайдала отырып, оның стандарттар бойынша істі ұйымдастырып, жүргізеді. Франчайзингтің салалық құрылымы әдетте тұтынушылық сұранысқа сай келеді: жылдам тамақтану тораптары, мейрамханалар, қонақүйлер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бекеттері, парфюмерлік желілер, сұлулық салондар, іскерлік қызметтер көрсету және нарықтың басқа да бөліктері.
Халықаралық
Франчайзинг Қауымдастығы үшін PricewaterCoopers
компаниясы өткізген Franchise Business Outbook 2009
зерттеуіне сәйкес, франчайзингілік
компаниялардың сатылым көлемі 835$ млрд
асады. PwC компаниясы 2009 жылы франчайзинг
жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың
саны 1,2%-ға азайып, 855 мыңға жетеді деген
болжам жасайды. Франчайзингілік компаниялардың
айналымы о,5 %-ға (4,2$ млрд), ал жұмыс орындарының
саны 2.1%- ға (шамамен 200 мың қызметкер)
азаюы ықтимал. Жалпы даму серпінінің
теріс мәнді болғанына
Алайда
бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік
жүйесі дағдарыстық құбылыстардың
ықпалына ұшырау дәрежесі барынша төмен.
Сонымен қатар франчайзинг
Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік жүйесін Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі сатысында ерекше тартымды ететін бірнеше ерекшеліктер бар:
- Табысты бизнесті көбейіп тарату. Кәсіпкер өзінің бизнесін «нөлден» емес, бастапқыдағы «байқап көру мен қате жіберу әдісі бойынша» даму сатысынан өтіп кетіп, сыннан өткен салаларда бастауға мүмкіндік алады. Франчайзи дайын тұрған «қорапшадағы» бизнес-шешімді сатып алады, оған жолға қойылған әрі тиімді бизнес технологиялар, кепілді жеткізілім жүй
есі,
дайын маркетингілік
- Бизнес-тәуекелдерді пәрменді түрде азайту. Франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың ең сенімді жүйелерінің бірі болып табылады, бұл жүйедегі банкроттық нормасына едәуір төмен. АҚШ Сауда-Өнеркәсіп Палатасының статистикасына сәйкес соңғы бес жыл ішінде ашылған франчайзингілік кәсіпорындардың 97%-ы одан әрі қарай да табысты жұмысын жалғастырған, ал франчайзингілік емес кәсіпорындардың 62%- ы осы кезең ішінде жабылып қалған.
- «Біліктілік» шегінің аса жоғары болмауы. Франшизаның болуы тіпті бизнестің тиісті саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі болмаса да, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы шағын бизнестің де ең басты проблемасы-кәсіпкерлердің қажетті экономикалық және құқықтық білімі болмауының мәселесі шешіледі.
- «Кіру билетінің» қолайлы бағасы. Тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған салалардағы франшизаның құны 50$ мың кем болуы және 300$ мың дейін жетуі мүмкін.
Бұл орайда франчайзингті дамыту экономиканы дағдарыстан шығарып, оны сауықтыру бойынша міндеттердің кең ауқымын шешеді:
- Елге іс жүзінде қазіргі заманғы озық технологиялар және бизнес жүргізудің әлемдегі ең үздік тәжірибесі әкелінеді.
- Шағын бизнестің инновациялық және технологиялы кәсіпорындарын одан әрі дамыту үшін алғышарттар жасалып, бизнес-орта қалыптастырылады.
- Шағын және ірі бизнестің тиімді түрде өзара әрекеттесуі мен ынтымақтасуы үшін алғышарттар жасалады.
- Шағын бизнестің айқындығы арта түседі.
- Аймақтық тұрғыдан қамту кеңейеді.
- Халықты жұмыспен қамту мәселесі ішінара шешіледі.
- Халықтың және бизнестің қолы жете алатын тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарады.
Қазіргі
кезде франчайзингілік
Қазақстанда франчайзингті дамытудың негізгі қиындықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- Ірі бизнес пен шағын бизнес кәсіпкерліктің арасында байланыстың болмауы. Ірі компаниялар франчайзингі жүйесін емес, аймақтық дамудың филиалдық түрін артық көреді.
- Бизнесті ұйымдастырудың осы схемасының артықшылықтары туралы шағын бизнестің хабардарлығының жеткіліксіздігі.
- Шағын бизнестің айқын еместігі, ал франчайзингтің негізінде қаржылық есептілік пен роялтиді есептеу ережелерінің айқындығы жатады.
- Мемлекеттік жеңілдіктердің, банктік несиелердің және басқа да қаржыландыру көздерінің болмауы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан
Франчайзинг қауымдастығының
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
- Б.Кисиков «Франчайзинг в Казахстане»
- www.stat.kz
- www.google.kz
- www.wikipedia.kz
- «Даму» жылдық есебі, 2009 жыл
- «Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы» заң, 2002 жыл
- www.damu.kz
- Манап А.С «Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту»