Экономикалық талдау
Реферат, 19 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Экономикалық талдау пәні болып- шаруашылық қызмет нәтижесінің пайда болу себептері, өзгерісі, экономикалық құбылыстар мен процестердің себеп-салдарлық байланыстары болып табылады. Талдау барлық шаруашылық процестер олардың өзара байланыстылығында, тәуелділігінде.
Работа содержит 1 файл
Экономикалық талдау реферат Мырзалиева Қ 302 ЕжА.docx
— 27.94 Кб (Скачать)Экономикалық талдау пәні болып- шаруашылық қызмет нәтижесінің пайда болу себептері, өзгерісі, экономикалық құбылыстар мен процестердің себеп-салдарлық байланыстары болып табылады. Талдау барлық шаруашылық процестер олардың өзара байланыстылығында, тәуелділігінде.
Талдау процестерінде тек шаруашылық қызметке әсер ететін негізгі факторлар ашылып және сипатталып қоймай, сондай-ақ олардың әрекет ету дәржесі өлшенеді.
Талдау объектісі-жоспарда, ағымдағы есепте, есептілікте, басқа ақпарат көздерінде сипатталатын кәсіпорындар мен бірлестіктерде, ішкі бөлімшелерде жүзеге асырылатын кеңейтілген ұдайы өндірістің әлеуметтік-экономикалық процестері болып табылады.
Экономикалық талдау қаржы-шаруашылық қызметтің 3 басты жағын зерттейді:
- Технологиялық-өндірістік процестерде табиғатпен адамдардың байланысын көрсетеді (ауыл-шаруашылығы өнімін өсіру,мал бағу, т.б)
- Ұйымдастырушылық-экономикалық- адамдар арасындағы қатынасты сипаттайды ( еңбекті ұйымдастыру, техниканы сипаттайды, т.б.)
- Қаржылық- кәсіпорын мен жекелеген кәсіпорындар арасында, ұйым мен жеке тұлға арасындағы қатынастарды сипаттайды.
Экономикалық талдаудың мазмұны-оптималды басқару шешімдерін қабылдау, олардың орындалу деңгейін бағалау, әлсіз жақтары мен ішкі шаруашылық резервтерін анықтау мақсаты мен зерттелетін субъектілердің қызметі туралы экономикалық ақпараттарды терең және жан-жақты зерттеу табылады.
Талдау жүргізудің
негізгі мақсаты-шаруашылық субъектілердің
қызмет ету тиімділігін арттыру
және мұндай арттырудың резервтерін
іздеу. Бұл мақсатқа жету үшін келесі
міндеттер алдыға қойылады:
- Экономикалық заңдылықтардың әрекет ету сипатын зерттеу, экономикалық құбылыстармен процестердің заңдылықтары мен тенденцияларын орнату;
- Бизнес-жоспардың және нормативтердің ғылыми-экономикалық негізделуін арттыру;
- Бекітілген жоспарлардың орындалуын және өнімнің сапасы, саны, құрылымы бойынша нормативтердің сақталуын зерттеу;
- Озат тәжірибені зерттеу нәтижесінде өндіріс тиімділігін арттыру, резервтерін іздеу;
- Материялдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін анықтау;
- Шаруашылық нәтижесін болжау;
- Коммерциялық тәуекелділікті зерттеу;
- Маркетингтік шараларды салыстырмалы зерттеу;
- Оптималды басқару шешімдерін басқару үшін аналитикалық материялдарды дайындау.
Талдаудың мазмұнды жағы келесі элементтерді :
- Талдаудың нақты міндеттерін қою;
- Себеп-салдарлық байланысты анықтау;
- Көрсеткіштерді және оларды бағалау әдістерін анықтау;
- Нәтижелерге әсер ететін факторды айқындау,бағалау,ең маңыздыларын іріктеу ;
- Жағымсыз факторлар әсерін жою жолдарын өңдеу және жағдайды,факторды ынталандыру.
Экономикалық
талдаудың түрлері келесі белгілер
бойынша жіктеледі:
1. Салалық белгі бойынша:
- Салалық ( нақты саланың экономикасын зерттеу )
- Сала аралық ( барлық сала үшін талдаудың жалпы әдістемесін өңдеу)
2. Уақыт белгісі бойынша:
- Алдын-ала (перспективті)-шаркашылық операцияларды жүзеге асыруға дейін жүргізу болашаққа деген болжамдар жасалады. Мысалы: пайда мөлшері, сату көлемі, өзіндік құн, еңбек өнімділігі.
- Кейінгі (ретраспективті)-шаруашылық операциялар жүргізілгеннен кейін орындалады. Бұл талдау негізгі мақсаты-өткен кезеңнің кемшіліктерін айқындап оларды есепті кезеңде жою. Бұл талдау екіге бөлінеді:
- Оперативті (шаруашылық операциялар жасалғаннан кейін немесе ситуация өзгергенде бірден жүргізіледі)
- Қорытынды талдау (есепті уақыт кезеңіне жүргізіледі)
3. Кеңістік белгі бойынша:
- Ішкі шаруашылық талдау-тек зерттелетін кәсіпорын және оның бөлімшелерінің қызметін зерттейді.
- Шаруашылық аралық талдау-екі немесе бірнеше кәсіпорындардың қызметі салыстырылады.
4. Басқару субьектісі бойынша:
- Технико- экономикалық талдау
- Қаржы – экономикалық талдау
- аудиторлық
- Әлеуметтік - экономикалық
- маркетингтік
- Экономика- статистикалық
- Экономика- құқықтық
- Экономика- экологиялық
5. Обьектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:
- Салыстырмалы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептік көрсеткіштер ағымдағы жыл жоспарының көрсеткіштерімен, өткен жыл мәліметтерімен, озат кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырылады.
- Факторлық- нәтижелік көрсеткіштердің өсімі мен деңгейіне әсер ететін факторлар шамасын айқындауға бағытталады.
- Диагностикалық ( экспресс талдау) – типтес белгілерінің негізінде экономикалық үрдістердің қалыпты жұмыс барысындағы бұзушылыққа сипатын анықтау тәсілі
- Маржиналдық- экономикалық процестерді зерттеуге шекті шамаларды ( қатыстырмалы өсімшелерді) пайдалануға негізделген талдау.
- Экономика- математикалық- экономикалық есепті шешудің ең оптималды нұсқасы таңдалынады, қолда бар ресурстарды толығымен пайдалану есебінен өндіріс тиімділігін арттыру резервтері айқындалады,
- Стохастикалық ( дисперсионды, корреляциялық) - кәсіпорынның шаруашылық қызметінде зерттелетін құбылыстар мен процестер арасындағы стохастикалық ( толық емес ықтималды) тәуекелдіктерді зерттеу үшін қолданады.
- Функционалды- құндық талдау- резервтерді айқындау тәсілі.
6. Талдау субьектісі бойынша:
- ішкі ( басқару талдауы);
- сыртқы ( қаржылық талдау).
Басқару және қаржылық талдаудың айырмашылығы
- Ақпарат пайдаланушылар
- Ақпарат көздері
- Өлшем бірлігі
- Талдау обьектісі
- Талдау нәтижелеріне қол жетерлік
- Талдау жүргізу кезеңділігі
| белгілер | Басқару талдау | Қаржылық талдау |
| Кәсіпорын және оның бөлімшелерінің басшылары | Кәсіпорын басшылары, банктер, салық органдар, инвесторлар, кредиторлар және т.б. | |
| Барлық көздер (есептік нормативтік, салалық, есептілік мәліметтері) | Қаржылық есептілік нысандары, 5 нысан | |
| Барлық өлшемдер: заттай, еңбек, ақшалай | ақшалай | |
| Кәсіпорын және оның бөлімшелері | Кәсіпорын біртұтас жүйе ретінде алынады | |
| Коммерциялық құпия | Барлығына қол жетерлік | |
| Қажетіне қарай және іштей пайдалануға | Айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық |