Экономиканы ақша-несиелік реттеу
Курсовая работа, 08 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сондықтан нарыққа өту кезінде, Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде ақша-несие саясат жүргізуі керек. Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі. Ал нарықтық экономиканың негізгі талабы бұл экономиканың еркіндігі және мемлекеттің экономикаға тек қана жанама реттеу әрекеттерімен ғана араласуы болып табылады.
Содержание
КІРІСПЕ ............................................................................................................4
1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................................6
1.1 Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері .......................................6
1.2 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі
құралдары ..........................................................................................................9
2. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ...............................................................14
2.1 Ақша-несиелік реттеудің қазіргі жағдайы............................................ .14
2.2 Ақша-несие саясатын талдау .................................................................17
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТАҒЫ ДАМУ СИПАТЫ............................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................
Работа содержит 1 файл
экономиканы акша несиелік реттеу дайын.docx
— 116.05 Кб (Скачать)Ұлттық ақша-несие саясатының негізгі мақсаты болып табылатын ұлттық валютанының тұрақтылығы болса, ал сол валютамыз теңге толық қанды даму барысында. Бұл ұлттық валютаны кең көлемде қаржы секторында реформалауды 1993 жылы 15 қарашада енгізілгеннен бастап іске асты. Бұл салада әлемдік стандарттарға қол жеткізу Қазақстанның қаржы жүйесінің жоғары деңгейге жеткендігін көрсетеді. ТМД елдері бойынша қаржы жүйеміз неғұрлым рыноктық талаптарға сай дамыған, мемлекеттік араласудан өзара арылып шыққан жүйелердің бірі болып табылады.
1-кесте. 2011-2013 жылдарға арналған ақша-несиелік реттеу көрсеткіштері.
| Көрсеткіштер | 2011 | 2012 | 2013 |
| Инфляция (ТБИ) орташа, % | 6,0-8,0 | 6,0-8,0 | 6,0-8,0 |
| Қайта қаржыландыру пайызы, % | 6,0 | 6,0 | 6,0 |
| Ақша базасы, млрд теңге | 2563 | 2673 | 2821 |
| өзгерістер, % | -8,7 | 4,3 | 5,5 |
| Ақша массасы млрд теңге | 7910 | 8220 | 8652 |
| өзгерістер. % | -9,6 | 3,9 | 5,2 |
| Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері, млрд теңге | 6917 | 7198 | 7572 |
| өзгерістер. % | -9,8 | 4,1 | 5,2 |
| Экономикаға беретін банктік несиелер,млрд теңге | 7489 | 7564 | 7715 |
| өзгерістер. % | 0,0 | 1,0 | 2,0 |
| Экономиканы монетизациялау деңгейі,% | 44,8 | 44,5 | 44,0 |
Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банк [7]
Бүгінгі таңдағы ақша-несие саясатының негізгі мәселесі белгіленген инфляция мөлшерінің тұрақты деңгейін сақтау және елдегі қазіргі болып жатқан қаржылық, несие беру бойынша туындап отырған мәселелерді реттеу болып табылады.
Экономиканың тиімді дамуы үшін инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру және инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін қамтамасыз етуде инфляцияны таргеттеудің ақша-несие саясатындағы орны ерекше. Инфляция таргеттеу саясаты арқылы экономика дамуында алдағы жылдарға негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инфляцияның деңгейін жылдар бойынша белгілейді. Бұл саясатты жүзеге асыруды және толық қадағалап отыруды Ұлттық Банк өзінің басты міндетіне айналдырады. Инфляцияны таргеттеу принципіне өту кезінде келесі негізгі қызметтер мен шаралар қолданыс табады:
- Бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама рыноктарының дамуына ықпал ету;
- Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелін кеңейту;
- Қаржы нарығының реттеуші құралы болып қайта қаржыландыру пайыз ресми мөлшерлемесін және Ұлттық Банктің қысқа ноталарының өтімділігін реттеуші «РЕПО» операцияларын дамыту көзделген;
- Ұлттық ақша бірлігінің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету арқылы экономикада қызмет етуші тұлғаларға тиімді орта қалыптастыру және алдын ала көрсеткіштер арқылы олардың өз қызметтерін жоспарлауға жағдай жасау. [4, 56 бет]
Ұлттық Банк бұл инфляцияның межелеген мөлшерден асып кетуіне байланысты оны реттеуде қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі рет өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2007 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының қайта қаржыландырудың пайыз қойылымын 7%-дан 7,5%-ға өсіру, ал екінші рет пайыз қойылымын өсіру 1 шілдеде 8%-ға өсіру негізінде қолға алынды. [3, 3 бет]
Ақпан айында жүргізілген теңгенің девальвациясынан кейін инфляцияны ұстап тұру табысты жүзеге асырылуда және біз қазіргі уақытта жүргізіліп отырған ақша-несиелік саясаттың курсын орынды деп санаймыз. Төмен сұраныс жағдайында инфляция жыл соңына қарай 9 пайыз деңгейінде болып, кейін 2010 жыл бойы бірте-бірте төмендейді деп болжайды.
Инфляцияның етек алуы тиімсіз экономикалық құбылыс ретінде экономиканың басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерімен байланыста болады. Оның әлеуметтік саладағы ең маңыздысы жұмыссыздық көрсеткіші. Яғни, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен болса, жалпы жалақылар өсуі себебінен айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляцияның өсуіне алып келеді. Бұл экономикалық теория біздің елімізде көрініс табуда.
Инфляция жылдық көрсетуде 2011 жылғы сәуірде 8,4% (2011 жылғы наурызда – 8,6%) болды, айлық өсу өткен айдағы 0,5% деңгейінде қалды. Тұтастай алғанда инфляцияның өсуі азық-түлік тауарларының қымбаттауына себепші болды, олардың бағасы 2010ж. сәуірде 12,6%-ға өсті.
1 сурет
– 2010-2011 жылдар аралығындағы инфляцияның
деңгейi.[7]
Инфляцияны
төмендету үшін шектеулі ақша-кредит
саясатын жүргізумен қатар, әсіресе, жиынтық
сұранысты дамытудың, өсуін шектеудің
бюджеті бөлігінде, бюджет саясатын
қатаңдандыру, сондай-ақ отандық өндірушілер
тарапынан тауарлар мен көрсетілетін
қызметтер ұсыныстарын
Сонымен
қатар инфляцияның етек алуы тиімсіз
экономикалық құбылыс ретінде экономиканың
басқа да макроэкономикалық
| 2011 жылғы қаңтарда қауіпсіздіктің 5,6%-ға дейін өсуінен кейін соңғы үш айда жұмыссыздықтың өсуі 5,5% деңгейінде тұрақтандырылды. Сәуірде жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің барынша жоғары қарқыны жұмыссыздар санының өсуімен салыстырғанда жұмыссыздықтың өткен айдағы деңгейде сақталуына себепші болды. |
- сурет – Елiмiздегi 2010-2011 жылдар аралығындағы жұмыссыздық деңгейi.[7]
- Ақша-кредиттiк реттеу операциялары мен құралдарын жетiлдiру;
- ақша-кредиттiк реттеу және қаржы секторын талдау әдiстерiн одан әрi жетiлдiру қажеттiлiгi;
- Ұлттық Банктiң инфляциялық таргеттеу қағидаттарына негiзделген ақша-кредит саясатына режимiне көшу дайындығын жалғастыру;
- Ұлттық Банктiң операциялары бойынша ставкалардың реттеу рөлiн арттыру;
- Үкiметпен бағалардың тұрақтылығын қолдау мәселелерi жөнiнде тығыз үйлесiм.
- ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
- Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Ақшаның құнсыздануын төменді деңгейде ұстап, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық банкі ақша несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңның 8 – бабына сәйкес Қазақстанның Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасы көлемін реттеу жолымен бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстанның Ұлттық банкі эмиссиясын жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік бағалы қағаз болып табылады және олар бойынша жауаптылықты Қазақстанның Ұлттық банкі көтереді.
- Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2003. – 432 бет.
- Балабанов И. Т., «Банки и банковское дело», Санкт-Петербург – 2001;
- Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №12, - 2006 г. 2-4 стр.
- Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 56-61 стр.
- Баян Көшенова, Оқу құралы Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
- “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
- http://www.nationalbank.kz/
- http://www.kz-today.kz
- http://www. kt.kz
- Мақыш С.Б.,Оқу құралы. «Ақша айналысы және несие», Алматы: ИздатМаркет,2004. – 248 бет
- http://www.kaz.stat.kz
- Ақша,несие,банктер:Оқулық /Ғ.С.Сейітқасымов – Алматы:Экономика, 2001 ж. – 466 бет.
3
сурет – Еліміздегі 2010-2011 жылдар
аралығындағы халықтың Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес. Инфляцияға қарсы саясаттың басты элементі - қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы экономикасын тұрақтандыру, залалды және шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен емес, интенсификация негізінде және өндірістің тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі. Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды, оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар басымдылықпен дамуы қажет. Сырткы саудамен айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан жөн. Ақша-несие саясаты тек қана инфляция деңгейін реттеп қана қоймай, айналыстағы ақша массасын реттеп отырады. Ал бұл өз кезегінде ЖІӨ динамикасына елеулі әсер етеді.
| |||||